Ќазаќстан республикасыныњ


Приборлар, құрал-жабдықтар және реактивтер



бет20/28
Дата07.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#20042
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
Байланысты:
Научное и проектное исслед лекции.docx

Приборлар, құрал-жабдықтар және реактивтер.

  1. Муфель пеші, құрғатқыш шкаф, ыстық құм, центрифуга, плитка.

  2. Фарфор ыдыс, 100 мл қатты тығынды шыны сауыт, сүзгі қағаз, воронка, пробирка.

  3. НСI концентрациясы, 10 % НСI, метилоранж, күкіртті натрий, 10 % күкіртті натрий, күкірт қышқылы мен азот қышқылының қоспасы, натрийдің қанық сірке қышқылды қышқылы, 1 % калий дихроматы.

Қалайы мөлшерін анықтау

Жұмыстың орындалу тәртібі. Қаңылтыр беттен диагональ бойынша мөлшері 50х50 мм 5 тілік қиып алады. Қалайыны сутегінің қатысуымен сілтімен еріту арқылы кетіреді.

Тіліктерді кезек-кезек бензинмен, спиртпен немесе эфирмен жуады, құрғатады, салқындатады және аналитикалық өлшеуішпен өлшейді. Бұдан кейін бір-бірден фарфор ыдысқа 10 % натриймен қайнағанша қыздырады, сосын бұған бір-бір тамшыдан 3 % сутегі тотығын қосады (20г қаңылтырға 20 мл) немесе натрий тотығын (20 г қаңылтырға 1г). Қалайы еріген кезде қалайы қышқылының тұздары пайда болады.

Sn+2H2O+2NaOH=Na2SnO3+3H2O

Қыздыруды асқын тотықтың ыдырауы кезінде пайда болған оттегі көпіршігі пайда болғанға дейін жалғастырады. Бұл мезгілге дейін қалайы ерімесе, оған тағы аздаған асқын тотық қосып қайта қыздырады. Барлық қалайы еріген соң тіліктерді сумен, спиртпен, эфирмен жуады, сүзгі қағазбен құрғатады, сосын аналитикалық таразыда төрт сандық дәлдікпен өлшейді.

Приборлар, құрал-жабдықтар және реактивтер.


  1. Аналитикалық таразы, қыздырғыштар, 50х50 мөлшерді қаңылтыр тіліктер.

  2. Фарфор ыдыстар, пипеткалар, сүзгі қағаздар.

  3. Бензин, спирт, эфир, 10 % NaOH, 3 % H2O2

Қаңылтырдың кеуектілігін (пористости) анықтау


Жұмыс тәртібі. Мөлшері 2 см2 2 тіліктің әрқайсысын жылы сумен, спиртпен, эфирмен жуады. Сосын 1 минутқа 5 % күкірт қышқылына салады. Осы кезде қалайымен қапталмаған темір ериді.

Fe+H2SO4=FeSO4+H2

Тіліктерді жақсылап сумен жуады. Петри ыдыстарына салып, құрамында 7,5г желатин, 2,5г глицерин және 1 г көкшілтемір (железосинеродистый) калий бар 100 мл су және жылы ерітінді (25-30оС) құяды. Темір айқындалған жерлерде турнбул көгі пайда болады. Тіліктердің беткі қабатында қабық пайда болғаннан кейін, 1см2 жердің бетіндегі көк нүктелердің санын есептейді.
Приборлар, құрал-жабдықтар және реактивтер.


  1. 10 см2 тіліктер, Петри сауыты.

  2. Спирт, эфир, 5% күкірт қышқылы, желатин, глицерин, теміркөкшіл калий.

Ас тұзын анықтау

1. Әрқайсысы 3 г. қалбырдың етін (фарш) өлшеп, сыйымдылығы 200-50 мл. ыдысқа салып, аналитикалық таразыда өлшейді, үстіне пипеткадан 100 мл дистилденген су құяды.

2. Суы бар стаканға өлшемді (навеска) басында рәзіңкесі бар шыны түтіктермен 15 минут бойы, әр 5 минут сайын араластырады. Тұндыруға қойған ерітіндіден 15-20 мл алып, индикатор ретінде хром қышқылды калий қосып, 0,05М азот қышқылды күміспен титрлайды.

3. Тұздың проценттік мөлшерін төмендегі формула арқылы есептейді:



;

мұндағы: К=0,98

а - 0,05М азот қышқылды күмістің мөлшері;

в - титрға кеткен ерітіндінің мөлшері, мл;

с - өлшем (навеска);

0,0029 - титр.


Бақылау сұрақтары

  1. Шикізатқа, етке, майға, субөнімдерді, өсімдік шикізатына қойылатын талаптар.

  2. Дайын өнімге қойылатын талаптар.

  3. Қалбыр ыдыстарына қойылатын талаптар.

  4. Өндіріс процестерін бақылау.

а) шикізатты бақылау және қабылдау

ә) бөлу, етті сүйектен ажырату, талшықтау

б) субөнімдерді дайындау

в) пысытқылау

г) қуыру

ғ) ыдыстарға салып, ауызын бекіту

д) стерилизациялау

е) сұрыптау және буып-түю

ж) қалбырлардың өндірілуін бақылау


  1. Қаңылтыр қалбырлардағы белгілер мен жазуларды оқи білу

5 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Еттің және ет өнімдерінің жастығын анықтау.

Еттің бұзылуының тараған түрі - шіруі, ол шіріткіш организмдердің әсерінен болады. Еттің шірігіштігі – жас еттің өзгеру дәрежесімен анықталады. Мұндай жағдайда белок ыдырайды және етте ыдырау процесі анықталады. Осының нәтижесінде еттің сыртында сілекейлі зат пайда болады, түсі өзгереді, иісі шығады, етттің құрамы өзгереді. Өндірісте еттің жастығын органолептикалық жолмен тексереді. Келісімсіз жағдайда химиялық зерттеу арқылы шешіледі.

Еттің жастығына органолептикалық баға беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет