Ќазаќстан республикасыныњ



бет10/28
Дата07.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#20042
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Дәрістің тақырыбы: Теориялық зерттеулер

Дәріс жоспары:



  1. Теориялық зерттеудің бағыты және әдістері.

  2. Теориялық әдістерді зерттеуде қолдану.

  3. Математикалық, аналитикалық және ықтимал-статистикалық әдістер.

Теориялық зерттеулердің мақсаты - зерттеу объектісімен қоршаған ортаның арасындағы байланысты көрсету және тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін талдау мен түсіндіру, жалпы заңдылықтарды тауып, оларды қалыптау.

Теориялық зерттеулердің бағыттары – зерттеу әдістерінің нәтижелерін қорытындылау, оларды өңдеу арқылы жалпы заңдарды табу, зерттеу нәтижелерін ұқсас объектілер үшін қолдану, тәжірибелік зерттеулердің сенімділігін арттыру.



Теориялық зерттеу диссертацияны жазудың міндетті бөлігі болып табылады. Аталған маңызды бөлімдегі зерттеу көлемі мен тереңдігі сәйкесінше ғылыми мамандықпен анықталады, сонымен қатар ізденушінің мүмкіндігі мен оның қабілетіне байланысты. Теоретикалық зерттеу аксиомаларға, заңдарға, принциптерге, теоремаларға жәнеде логикалық құрылымға негізделеді. Олардың мәне жаңа бір зерттеу нәтижесін алмас бұрын сол тақырыптағы өткен білімдерге талдау жасай келе логикалық үйлесімді жаңа нәтиже алу.
Теоретикалық зерттеудің басты мақсаты келесі тапырмаларды шешу болып табылады:

  • зерттелетін заттың физикалық табиғатын, құбылысты және процесстерді оқу;

  • жалпы және жеке сипаттамасына негіздей принциптік моделін орнату;

  • зерттелетін заттың мүмкін болатын эквивалентті моделін салыстыру;

  • функционерлеген заттың мүмкін болатын эквивалентін салыстыру;

  • зерттелетін заттың внвлиз, синтез және оптимизация параметрін шешу.

Теоретикалық зерттеуде жалпы қабылданған, барлығына ортақ әдістермен қатар, арнайы әдістер де қолданады. Жалпыға қабылданған әдістер келесілер:

  • салыстыру – берілген заттың біртекті қасиетін басқалармен сәйкестендіру (сапалық және сандық);

  • талдау– жалпы затты ойша немесе физикалық тұрғыдан жеке оны құрап тұрған элементтерге бөлу;

  • синтез – жеке құрап тұрған элементтерді ойша немесе физикалық тұрғыдан қосу;

  • жалпылау – бірнеше топтағы обьектілерге олардың сыны мен қасиетін орналастыру;

  • индукция – жеке жағдайдан жалпы қортынды жасау;

  • дедукция – жалпы жағдайдан жеке сипатты қортынды жасау;

  • ой эксперименті –  материалдық іске асуы мүмкін емес үлгілердің комбинациясы;

  • идеализация – затты, оның шын іске асу шартын есепке алмай ойша іске астыру.

  • формализация – операция арқылы заттың құрылымы мен өтетін процесстердің заңдылығын анықтауға көмектесетін жалпыланған белгілі моделдерді құру.

  • моделдеу –зерттелетін заттың орнын ауыстыратын моделді құру және меңгеру жәнеде соңынан алынған ақпаратты түпнұсқаға көшіру.

Бүгінгі таңда осындай тапсырмаларды орындауға қолданылып жүрген идентификациялық әдіс келесі сатылардан кезектен өтеді:

  • зерттеудің затын мазмұнды суреттеу, жүйе ретінде;

  • жалпыланған априорлық ақпарат;

  • мақсатты талдау және жасау және зерттеу тапсырмаларын анықтау;

  • жүйенің декомпозициясы;

  • зерттелетін заттың схемасын жасау;

  • математикалық моделді жасау;

  • математикалық моделді моделдеуші алгоритмге түрлендіру.

Тәжірибеде кезігетін есептерді математикалық тәсілдермен шешу үшін мақсатты математикалық жолмен өрнектеу, яғни оның математикалық үлгісін жасау қажет. Есепті математикалық өрнектеу сандар, геометриялық өрнектер, функциялар, теңдеулер жүйесі түрінде болады. Математикалық үлгілеудің бірінші сатысында есептің бағытын анықтау, зерттеудің мақсаты мен объектісін және критерийлерін белгілеу жасалады.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Физикалық модель дегеніміз не?

2. Жүйені зерттеу процедурасы қандай сатылардан тұрады?
№ 9 дәріс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет