2-
саудагер:
Қызық демекші, Сарыөзекте маңыраған түйе баққан түйешіні айтсайшы!
Өзі жас, бірақ мәңгүрт. Санасы жас баланың санасындай. Не сұрасаң да
«иә», «жоқ» деп жауап береді.
3-
саудагер:
Иә, бірақ қанша жерден ақымақ болғанымен, ол өз ісіне өте мұқият.
Әлгі керуеннің жанындағы қалың түйелерді бір өзі күзеткен жоқ па еді?! Сол
кезде оған « ал біз жолға шыққалы жатырмыз. Кімге сәлем айтайық? Жора-
жолдастарың, сұлу қыздарың бар шығар, олар қай жақта?» деп сұраған едім.
2-
саудагер:
« Ай маған қарайды, мен Айға қараймын.» Екеуміз бір-бірімізді
естімейміз. Айда біреу отыр.» деп айтқан жоқ па еді?!
Ауылдың бәйбішесі:
Сол жуан-жуандардың салмаған сойқаны жоқ. Адамды ақыл-есінен
адастыру нағыз азап қой!
( Бәрі бұл сөзге келісіп, басын изейді.)
Керуен басы:
Ал, біз жүрелік. Жол ұзақ.
Бәйбіше:
-
Ендеше, шырағым, дастарханға бата бер.
Керуен басы:Пейіліңе қонақ жай,
Бата бердім, қолың жай.
Таза болсын жүрегің,
Қабыл болсын тілегің.
46
( Барлығы «әумин» деп айтады.)
Бәйбіше:
-
Айтқаның келсін. Жорытқанда жолдарың болсын. Біздің ауыл осы,
келіп тұрыңдар. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |