Оқытылатын көркем шығармалар тізімі: 1. Абай Құнанбаев «Сегіз аяқ», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері; Он жетінші қарасөз, Отыз екінші қарасөз, «Масғұт» поэмасы;
2. М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе;
3. А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесі;
4. Т.Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгіме;
5. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі;
6. Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы;
7. Ж.Бөдеш «Жалғыз» поэмасы.
Бағдарламада «оқу мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленеді. Бірінші сан сыныпты;
Екінші сан бөлімді;
Үшінші сан бөлімшені;
Төртінші сан бөлімшедегі оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді.
Мысалы, 10.2.1.4. кодында «10» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.
Оқу мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша берілген: 1) түсіну және жауап беру: