Қазақстан тарихы билет жауаптары Дариға 1


Үйсіндердің саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті



бет4/57
Дата02.03.2023
өлшемі430,63 Kb.
#71351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
тарих

9. Үйсіндердің саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті.
Үйсіндер туралы ежелгі қытай жазбаларында б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. Олар «ат жақты, аққұбаша, сары шашты»болып бейнеленеді. Табиғаты былай суреттелген: «Жерлері тегіс ,шөптесін, жаңбырлы әрі суық келеді. Тауларында қылқан жапырақты ағаш көп өседі». Қытай тарихшысы Сыма Цянь үйсіндердің шығу тегі туралы мынадай мәлімет жазып қалдырған: «Үйсіндердің басшысын гуньмо деп атайды. Оның әкесі сюннудың батыс шекарларындағы шағын патшалықты билеген. Сюнну оның әкесіне шабуыл жасаған кезде гуньмо туған, әкесі оны далаға тастап кеткен. Тұмсығымен ет тістеген қарғалар оның үстінде айналып ұшып жүрді, ал қасқырлар оны емізген. Шаньюй (сюннулардың билеушісі) бұған таңғалып, мұны ғажайып нәрсе санап, оны тәрбиелеп өсірді».Олар өзімен көрші жатқан Қытай сияқты ірі елдермен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қарым-қатынасын жасаған. Б.з.б.138 жылы ғұндарға қарсы одақ жасау жөнінде «Батыс өңірге» келген Қытай елшісі әрі саяхатшы Чжань Цянь: «Қазір үйсіндер күшті елге айналыпты » деп жазады. Деректерден үйсіндердің көршілерімен қарым-қатынасы туралы да білуге болады: «Алғашқыда олар ғұндарға тәуелді болғанымен, кейін күшейген соң олардың қол астында болуды қаламады. Сөйтіп шығысында ғұндармен, батысында қаңлымен, олңтүстігінде әртүрлі тұрақты иеліктермен араласып тұрды». Деректерде «Үйсіндердің үлкен гуньмосы Чигу қаласында тұрады, халқы 630 мың адам, әскері 188 800 жауынгерден құралған » деп жазылған.Үйсіндер мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген тайпалар. «Усунго», «Синго» көшпелі мемлекет деген ұғымдарды білдірген. Үйсіндер басшысын «гуньмо» (күнби) деп атаған. Гуньмолардың жасағы отыз мың атты әскерден тұрған. Оған «бек»деп аталған жеке тайпа көсемдері мен ұсақ рубасылары бағынды.Үйсін қоғамы біркелкі болмаған. Тайпа мен ру басшылары, байлар, жауынгерлер мен абыздар және қатардағы қарапайым бұқара халық малшылармен егіншілерден тұрды.Мал шаруашылығымен және егіншілікпен шұғылданған үйсіндер қоғамында әлеуметтік және мүліктік жіктелу орнығып ,теңсіздік қалыптасты. Мал жеке меншікке қарады. Байлар өз жылқыларын өзге жылқылардан айыру үшін, әр отбасы өз табынына ерекшелік белгі – ентаңба басып, ен салған. Әскери қолбасшылар, ірі байлар алтыннан, қоладан жасалған таңба ұстаған, дәрежесі төмендердің тастан, сазбалшықтан жасалған таңбалары болған. Бай үйсіндер 4-5 мың жылқыдан иемденді. Кейбір ауқатты бай үйсіндер құл еңбегін де пайдаланған. Құлдар негізінен соғыс кезінде тұтқынға түскен адамдардан құралды. Құлдардың еңбегі көбінесе үй шаруашылығында пайдаланылды.Дәулетті адамдардың киімдері көбіне жібектен, не басқадай қымбат матадан тігілді. Ал қарапайым адамдар арзанқол матадан не қой терісінен тігілген киімдер киді. Үйсіндерде жеке меншік малға ғана емес, жер-суға да қараған. Байлар: «менің жайылымыма ешкім мал жаймасын» деп жеріне басқаны жолатпайтын. Жеке меншіктің шыққанын, мүлік теңсіздігінің пайда болғанын үйсіндерді жерлеген зираттардан да білуге болады. Мәселен, үлкен обалар бай адамдар жерленген. Олардың қасына қажетті деген бағалы қару-жарақтары мен ыдыстары қойылған. Ал қатардағы малшылар мен егіншілердің зираттары мүлде қарапайым болған. Қабірге өлген адамның тұтынған заттары салынған.
10. Ғұндар: саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті. «Халықтардың ұлы қоныс аударуы». Біздің заманымызға дейінгі 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азия жерін мекендеген тайпалық бірлестік ғұндар деп аталды. Олар көшпелі, жауынгер халық болған. Ғұндардың кезінде патриархалды-рулық қарымқатынастық белгілері өте күшті болды. Ғұндар ішінара 24 руға бөлінген және әр рудың басында ағамандар тұрған. Сол уақытта ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Сонымен бірге, ғұндар әскери тұтқындардан тұратын құлдар ұстаған. Бір қызығы, ғұндар ер азаматтардың барлығын қатардағы жауынгер деп саналған. Жазба деректерде ғұндар билеушісінің шаньюй деп аталғаны көрсетілген. Елді шаньюй билесе, олардан кейін түменбасылар тұрған. Ғұн мемлекеті б.з.д. III ғасырда көшпенді ғұн тайпаларын біріктірген Мөде хан кезінде Еуразиядағы ең мықты мемлекет болды. Тарихи деректерде, б.з.д 209 жылы Мөде хан әкесін өлтіріп, таққа өзі отырған делінеді. Мөде хан билікке келгелі ғұндар қатты күшейіп, аумағын кеңейте бастайды. Жазба деректерге сүйенсек, ғұндар біздің заманымызға дейін 188 жылы қытай императоры Гао-Диды бағындырып, содан хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұруға мәжбүр болған. Тарихта жауынгер халық ретінде аты қалған ғұндар бұдан басқа юечжи, ловфань, байянь, үйсін тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алып, үстемдік еткен. Қытаймен ғұндар арасындағы соғыс 300 жылға созылды. Б.з.д ІІІ ғасырда Қытай мемлекеті ғұндардан қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын сала бастады. Сол замандарда ғұндардың әскер басы 300-400 мыңға жететін. Олар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерді иелік етіп, мемлекет құрған. Алайда, ғұндардың билеушісі Мөде қайтыс болғаннан кейін елде өзара қақтығыс орын ала бастайды. Содан біздің заманымызға дейін 47 жылы Хулагу билігі кезінде ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлініп кетеді. Оңтүстік ғұндар Қытайға бодан болуға көнсе, солтүстік ғұндар орталық азия тайпаларымен одақтасып батысқа қоныс аударып, өз тәуелсіздіктерін сақтап қалады. Дегенмен, Қытай үнемі қысым көрсете бергендіктен, ғұндар Тянь-Шань тауынан асып өтіп, қаңлы жеріне қоныстанады. Осылайша, кезінде ұзанғайыр жерді мекендеген ғұндар Орта Азия мен Қазақстанға алғаш рет қоныс аударып келеді. Ал, біздің заманымыздың 1 ғасырында ғұндардың екінші рет қоныс аударуы болды. 93 жылы қытайлардан қысым көрген солтүстік ғұндар өз жерінен ығыстырылып, тағы да батысқа қарай көшуге мәжбүр болады. Осылайша, ғұндар қазақ жері арқылы батысқа жылжиды. Ал олардың Қазақстан аумағына келуіне байланысты қаңлы тайпалары түркі тілін үйрене бастайды. Ғұндар жалпы көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан тайпа. Олар әсіресе жылқы өсіріп, қой ұстаған. Оның ішінде асыл тұқымды жылқыларды қолда өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген. Сонымен бірге,ғұндар аң аулап, отрықшылықпен айналысып, егін еккен. Ғұндар дәнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Ғұндар жауынгер ғана емес, сондай-ақ керемет қолөнер шебері болған. Оларда қолөнер мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде дамыған. Соның арқасында көшпелі халық зергерлік өнердегі полихром стилін дүниеге әкеледі. Ғұндар өмір сүрген заманда сауда қатынасы мен қолөнер жақсы дамыды. Олар металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан бұйымдар жасап, қөлөнермен айналысқан. Сондай-ақ, ғұндар ат үсті ойындарының негізін салған тайпа ретінде тарихта қалды. Жауынгер тайпаның халқы көктәңіріне табынып, ата-бабасының рухына сиынған. Тіпті, өздерінің дәстүрлі құқық жүйесін де қалыптастырған. Ғұндар қоғамында мал мен жерді жеке меншік ретінде пайдалану, алымсалық, жазу-сызудың пайда болауы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды. Б.з. 1 мыңжылдығының басында ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына тарады. Тарихтағы “Ұлы қоныс аудару” Орталық Азияның саяси картасына, этникалық құрамына өзгерістер әкелді. Қытайдың ығыстыруымен ғүндар Алтай, Сарыарқа арқылы Батыс Қазақстанға жылжыды. Олар жолшыбай көптеген тайпалардың орын ауыстыруына әсер етті. Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа карай жылжуы б.з.д. II ғасырдан басталып, б.з. IV ғасырына дейін созылған. Бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді. Тарихта бұл құбылысты Халықтардың ұлы қоныс аударуы деп атайды. Бұл оқиға әсіресе Қазақстанға үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақ, юэчжи, үйсін, каңлы сиякты тайпалардың шығыстан батысқа карай орын ауыстыруына әкелді. Ғұндар Еділден өтіп, алдарына сармат-аландарды сала отырып, Еуропаға енді. Енді азиялық ғұндар Еуропалық жазбаларда гұндар деп атала бастады. Олар Доннан Дунайға дейінгі ежелгі готтарды Дунайдың арғы жағына ығыстырды. Кейін готтар (герман тайпалары), остготтар (шығыс готтар) да ғұндармен одақтасуға мәжбүр болды. Ғұндар Керчь бұғазы арқылы өтіп, Босфор патшалығын талқандады. Бүкіл Қара теңіз жағалауынан Днестрге дейін аралық ғұндардың қол астына көшті. 376 жылы ғұндар Рим империясы шекарасына тақап келді. V ғасырдың 30-жылдарында ғұн басшысы Румыния және Венгр жерінде мемлекет басына келгеннен бастап мемлекет күшейіп, әлемге әйгілі болды. Ғұндар патшасы Аттила Еуропада Ғұн мемлекетін құрып, елді кеңейту мақсатында Рим империясына қарсы күресті. Рим империясы әскерлерімен 250 мың Аттила әскерлері арасында Шалон қаласы түбінде шайқас болды. Ол Рим империясының кейбір аудандарын басып алды. VI ғасырда Еуропада Аттила бейнесі кескінделген алтын, күміс ақшалар шығарылған. Батыс готтар ғүндармен бірігіп Ежелгі Рим империясына үлкен қауіп төндірді. Сонымен қатар халықтардың ұлы қоныс аударуы жергілікті тайпалардың антропологиялык түр-келбетінің өзгеруіне әсер етті. Халықтардың араласу (метисация) үрдісі ерте темір дәуірінен басталғандығын аңғаруға болады.


11. Қаңлылардың саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті. Қытайдың «Цянь Ханшу» атты тарихи деректерінде Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты, оның шекарасы, басқа да маңызды мәселелері туралы айтылған.«Жу патшасының тарихы» деген шығарманың «Қаңлы» бөлімінде былай делінген: «Қаңлы елінің алтын, күміс, асыл заттар, хош иісті майлар, кілемдер, қымбат аң терілері шығады. Көп елдермен сауда жасасқан едәуір қалалары да болған». Бірқатар тарихшы ғалымдар Қаңлы мемлекетінде жазу болған дейді. Оған дәлел ретінде Қытайдан барған елшілердің Қаңлы ханының сарайында жазылған Заң жарғыларын көргенін келтіреді. Өкінішке қарай, ол жарғылар сақталмаған. Бірақ соңғы жылдары археологтар қыш тақталарға жазылған қаңлы жазуларын табуда.Қытай деректері бойынша, қаңлы тайпалар одағының 120 мың түтіні (отбасы) немесе шамамен 600 мың адамы, 120 мыңға дейін жауынгерлері болған. Ежелгі Қытай хроникасы олардың екі астанасы- жазғы және қысқы астанасы болғанын жазады.Ежелгі Иранның бағзы заманда жазылған «Авеста» деп аталатын қасиетті кітабында «Вэсаканың ержүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғары тұрған Канха қамалының алдында құрбандық берді» деп жазылыпты. «Кангүй» , «канха» сөздері қазақтың Ұлы жүз тайпалық бірлестіктерінің бірі Қаңлы атауына ұқсас. Үнді халқының эпосы «Махабхарата» қолжазбаларының мәліметтерінде де қаңлы атауы аталады. «Қаңлы» сөзі «қарулы, жақсы, жайсаң ұлықтар» мағынасын білдіреді. Қаңлылардың саяси тарихы жөнінде жазба материалдары аз. Б.з.б. 46-36 жылдары қаңлылардың Қытаймен соғысқан ғұндарға көмектескенін ғалымдар анықтап отыр.Қаңлылар б.з.б. ІІІб.з.-дың V ғасыры аралығында өмір сүрген.Қазақстанның оңтүстігінде егіншілікке қолайлы жерлерде ертедегі тұрғындар отырықшы тіршілік еткен. Табиғат жағдайының қолайлылығына байланысты мұнан екі мың жыл бұрын қаңлыларда егін, мал, қолөнер, аңшылық, сауда-саттық сияқты кәсіптер жақсы дамыды. Шаруашылығы мен тұрмысы: Қалалардың айналасын, өзендердің жағаларын мекен еткен қаңлылар егіншілікпен айналысты. Арал өңірінде, Ташкент алқабында отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады. Сырдария аңғарларындағы егіншіліктің басым бөлігі тары, арпа, бидай сияқты дәнді дақылдар болды. Сонымен бірге қауын, қарбыз секілді бақша дақылдары, алма, жүзім, өрік сияқты жемістер өсірілді. Суды Сырдарияның салаларынан, әсіресе Қуаңдария мен Жаңадариядан алды. Егіншіліктің кең қанат жаюы арықтардың, дамбылардың, су қоймасы мен тоғандардың пайда болуына алып келді. Тары, бидай, арпа, күріш, бұршақтан бай өнім жинаған. Сырдария Арыс Бадам өзендерінің орталық өңірлерінде мақта өсіруменде айналысқан.Егіс алқаптарын суландыру үшін, көптеген су қоймалары мен тоғандар салды. Шыршық өзенінің оң жағалауында ұзындығы 20 шақырым келетін Зах тоғанын қазды. Ал сол жағалауынан Ханарық арығы тартылды.Тәлімі егіншілік түрі басым болған. Жиған асықтарын іші күйдірілген ұраларда, сондай-ақ жерге көмілген үлкен қыш ыдыстарда сақтады.Қаңлылардың маңызды шаруашылығының бірі мал өсіру болған. Олар жылқы, қой, сиыр, ешкі, сияқты үй малдарын өсірді. Малдарын жаздық жайылымдарға шығарған. Жайлауы Орталық Қазақстан далаларына дейін жеткен. Қыс кезіндегі қыстаулар үшін ең алдымен өзен маңындағы жерлерді таңдады, өйткені оның жағасындағы қалың қамыс пен бұталар мал мен адамды дауылдан, қардан, бораннан сақтады, малға азық болды.Қаңлылар қаз, үйрек, бірқазан сияқты құстарды аулаумен де шұғылданған. Олар балық аулауды да кәсіп еткен. Балықты сүңгімен түйреп, басқа да әртүрлі құралдармен аулаған.Қаңлы әйелдері арасында қолөнердің жүн өңдеу кәсібі жақсы дамыған. Олар жүннен киіз басып, игерілген жіптен киім, түрлі төсеніштер тоқыған. Қолөнершілер жасаған бұйымдарын мал шаруашылығы өнімдеріне және астыққа айрбастады. Бұл ішкі сауданың дамуына және көрші тайпалармен қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал етті.Қаңлылар жерінде металл өндірісі, әсіресе темір ұсталығы, қола құю, зергерлік ісі дамыған.
12. «Түрік» этнонимі. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы. Түрік» этнонимі алғаш рет қытай жылнамаларында 542 жылдары аталады. Қытай жылнамалары түркілерді ғұндардың ұрпағы деп атаған. Түркі жазуының құпиясын ашқан даниялық ғалым Вильгельм Томсон қытайша «тукю» деп аталған халық «түріктер» екендігін дәлелдеді. Ғылымда «түрік» атауы туралы пікірлер көп. Академик А.Канонов – «ту- кюе» (түркіт) сөзін — дулыға (дулыға сияқты таудың етегін мекендеген, ол тау – Алтай тауы) деп аударылады дейді. Француз ғалымдары Клапрот, Ремюза бойынша – «ту-кюе» (тақия) – бас киім деп аталады. Қытайтанушы Бичурин ,Шмидт – «ту-кюе» сөзін монғолдың –дудига сөзімен байланыстырып — дулыға деп аударған, бірақ олар, қытай деректеріндегі «ту-кюе» түркілер емес монғолдар деп есептеді. Н.Аристов – «ту-кюе» (терк-түріктің өз сөзі,атау содан шыққан)-дулыға деген мағына береді, керісінше ,қытайша аты ту-кюе деген тұжырымға келеді.Бастапқы кезде түрік деген сөз түркітілдес көшпелілердің ішіндегі басқарушы ақсүйек ру өкілдеріне ғана қатысты болды. Кейін түрік деген атау саяси мәнге ие болып, олардың қол астында болған өзге де тайпалар да атала бастады. Түріктер 552 жылы Солтүстік Моңғолия жерінде Түрік каганатын құрды. Оның алғашқы билеушісі Бумын қаған еді. Мұқан қаған тұсында бүкіл Ішкі Азия, Оңтүстік Сібір жері, Оңтүстік-батыс Маньчжуриядағы қидандар, қарақытайлар, Тува жері мен Енисей қырғыздары бағындырылды. Иштеми (Естеми) қаған тұсында түріктер батысқа қарай жылжып, Жоңғария жерін, Қазақстанның, Орталық Азияның шығыс аймақтарын бағындыра бастады. VI ғасырдың екінші жартысына қарай түріктер бүкіл Қазақстан жерін, Орталық Азияның біраз бөлігін бағындырып, Қара теңіз жағалауына дейін жетті. Билік басында ақсүйек ашына (ашина) руы тұрды. Бұл — «киелі қасқыр» деген сөз. Қағандар мемлекеттің басты билеушісі болды. Түріктердің туы бөрілі байрақ болуымен қатар олардың қорғаушыоң қағарлары да «бөрі» аталған. Оның алғашқы қағандары Түмен (Бумын), Мұқан, Естеми, Қара-Еске қағандар еді. Ал Батыс түрік қағанатының билеушілері Тон Жабғу қаған (618—630), Жеғуй қаған (610—618) кезінде қағанат саяси-әкімшілік жағынан дамудың ең жоғары дәрежесіне көтерілді. Қытай жазбаларында айтылғандай Бүмын (Тұмын) қағанның кіші інісі Мұқан қаған 552—554 жылдары Түрік қағанатының негізгі дұшпанының бірі жужандарды (аварларды) бағындырып, Орталық Азия билеушісіне айналады. Түрік қағанының тағы бір інісі Иштеми (Естеми) (552— 582 жж.) батысқа жылжып, Жетісу мен Қазақстанның далалық аймақтары және Сырдария, Арал теңізіне дейін жетті. Сасанидтік Иранмен одақтаса жүріп, эфталиттерді бағындырып, Византиямен сауда-экономикалық байланыстар (Земарх елшілігі) орнатады. Түрік қағанаты Қазақстан жеріндегі алғашқы ортағасырлық мемлекет болды. Батыс түрік қағанаты (603—704). Сонымен580 жылға дейін Түрік қағанаты дамуының шарықтау шегіне жетті. 581 жылы Қытайда Суй әулеті билікке келіп, жаңа басқыншылық соғыстар мүмкін болмай қалды. Өзгерген саяси жағдайда, 20 жылға созылған түрік билеушілерінің арасындағы өзара соғыстар нәтижесінде 582—603 жылдары Түрік мемлекетінде ыдырау үдерісі жүрді. Түрік қағанаты 603 жылы Шығыс (Моңғолия), Батыс (Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі) болып екіге бөлінді. Батыс Түрік қағанаты ежелгі үйсін мемлекетінің жерінде құрылды. Батыс қағанаттың орталығы Шу аңғарындағы Суяб (Жетісу) қаласы болды. Аумағы: Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жер, Алтай,Сібір, Әмудария, Еділ, Жайық өзенінің төменгі ағысы аралықтарын қамтыған. Құрамына Шығыс Түркістан, Самарқанд, Кеш, Бұқара сияқты отырықшыегінші аймақтар да енді. Батыс Түрік қағанатының Шығыс Түрік қағанатынан айырмашылығы екіншісінің халқы, негізінен, көшпелі, жартылай көшпелі болатын. Ал Батыс Түрік қағанатының көпшілік халқы отырықшы, егін егумен, қолөнер, саудамен айналысты. Сондықтан әлеуметтік құрылымы күрделі, Шығыс Түрік қағанатымен салыстырғанда қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамығандығымен ерекшеленеді. Мысалы, Батыс Түрік қағанатында мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі қағаннан бастап ру-тайпа басшыларына дейін 28 дәрежелі лауазым иелері болған. Түрік қағанатында қағаннан кейін екінші адам ұлық болды. Үшінші билік қаған руының үстем тап өкілдері қолында болды. Олар: Шад, одан кейінгілеріне Тегін, Елтебер деген лауазымдар берілді. Бұл лауазымдар мұрагерлікпен беріліп отырды. Сондай-ақ мұнда Ұлы Жібек жолы бойындағы қала мәдениеті жақсы дамыды. Қазіргі Моңғолия жерінде көк түріктердің 220 қаласының орны бар көрінеді. Араб географтары кимектердің белгілі 16 қаласы, қарлұқтардың 25 қаласы бар деп жазды. Шығыс Түрік қағанатының жұрты көк түрік, ал Батыс Түрік қағанатының жұрты «он оқ бұдын» — «он оқ елі» аталды. Батыс Түрік қағанаты өзіне жаңа жерлер мен жаңа елдерді жаулап алып жатты. Олар 588 жылы Еділ бойын, Орал тауының бергі бетіндегі елдерді, Орталың Азияның біраз бөлігін өздеріне бағындырып алды. Алайда «он оқ бұдын» елінің оң қанаты (5 нушиби) мен сол қанаты (5 дулу) арасындағы 16 жылға созылған билік үшін күрес қағандықтың іргесін шайқалтты. Бұған 657 жылы Жетісуда өз үстемдігін орнатуға ұмтылған Қытай экспансиясы қосылды. Тақ әулетіне қарсы соғыс бірнеше жылға созылды. 657 жылы түрік әскерлері Ертіс бойында жеңіліп, қағанның өзі Шаш өлкесіне бой тасалады. Қарамағындағы ұлыстар ыдырап кетті. Осы кезден бастап өз дамуында күшейіп алған Тақ әулеті Шығыс және Батыс Түрік қағанаты жерлерін толығымен өз ықпалында ұстап тұруға ұмтылды. Империяның қол астындағы халықтарды ұстап тұру үшін түрік ақсүйектерін өз жағына тартып, сенімді өкіл ретінде басқақ, тұтық лауазымдарын үлестірді. Тақ империясы тарапынан тұрғызылған балбал тастарда түрлі лауазымы бар түрік тайпаларының көсемдерінің есімдері қашап жазылған.

13сурак
Қазақстан аумағында 603 жылы Батыс Түрік қағанаты құрылды. Батыс Түрік қағанатының орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты. Ол Жамбыл облысында Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты.


Он тайпа бес нушеби және бес дулу тайпаларына бөлінді. Шегу мен Тон қағандар тұсында қағанаттың саяси билігі күшейді. Шегу қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін, батыстағы шекараны Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді. Тон қаған Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрған. Халқының құрамы алуан түрлі тайпалардан тұратын қағандықта 630 жылдан бастап билік үшін талас басталды. Нушеби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс 634 жылы билікті иеленді. Ешбар Елтеріс елді басқаруды қайта құрып, “он-оқ бұдун” жүйесін енгізді. Қағанның он түменнен тұратын әскери жасағы болды. Дулу мен нушеби арасындағы 640-657 жылдардағы тартыс қағандықты мүлде әлсіретті. Осыны пайдаланған Қытай әскері 659 жылы Жетісуға басып кірді.
Батыс Түрік қағанатының басқару жүйесінде қаған – жоғарғы билеуші және әскербасы болып саналды. Жоғарғы лауазымды қаған руынан шыққан ақсүйектер иеленді. Оларға ябғу, шад, елтебер атақтары берілді. Ал сот істерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі бектер болған. Қарапайым халықты “қара бұдундар” деп атаған. Түрік қоғамында “тат” сөзі құл деген мағынаны білдіреді.

Қағанаттағы негізгі шаруашылық – маусымды жайылымға негізделген жартылай мал шаруашылығы болды. Қалалардың дамуында соғдылықтардың рөлі басым болған. 7 ғасырдың бас кезінде түріктер жаппай отырықшылана бастады.


Ал Шығыс Түрік қағанаты 682-744 жылдары өмір сүрді. Құтлық (Елтеріс), Қапаған қағандар тұсында қағанат қуатты мемлекетке айналды. Аумағы – Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір. Даңқты қолбасшы Тоныкөк түркі халқының жауынгерлік даңқын асқақтатты. 741 жылы Білге қағаннан кейін қағанат әлсіреп, ыдырай бастады


14сурак
Қытай басқыншыларына қарсы түріктердің өз тәуелсіздіктері жолындағы толастамаған күресі жеңіспен аяқталды. 704 жылы түркеш тайпасының көсемі Үшелік Батыс Түрік қағанатын қалпына келтіріп, Түркеш мемлекетінің негізін қалады. Түркеш – Батыс Түрік қағанатының сол қанатындағы дулу тайпалық бірлестігінің ішіндегі төртінші тайпа. Қағанаттың негізгі жер аумағы – Жетісу болды. Жалпы қағанат аумағы Орта Азияның оңтүстік –шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. Орталығы- Шу аңғарындағы Суяб қаласы.707 жылы Үшеліктің қайтыс болуымен билік басына оның мұрагері Сақал (Саға) келді. Егер Үшелік билік басына келгенде жүз қырық мың әскері болса, Сақал тұсында оның саны үш жүз мың адамға жетеді. Сақал билігі тұсында ішкі талас–тартыс күшейді. 710 жылы ағасы Сақалдың берген жер үлесіне көңілі толмаған Чжен (Жану) өкпелеп, Шығыс Түрікке қашып барып шағымданды. Ағасына қарсы көмек сұрады. Шығыс Түрік қағаны Қапаған жиырма мың атты әскерді батысқа аттандырды. Әскер басына кіші ұлы Инелді, оған кеңесші басшы етіп Тоныкөкті тағайындады. Сақал қолға түсті. 711 жылы Қапаған қаған сатқын Чженге «Сен өзіңнің туған ағаңмен отаса алмағанда, маған қайтіп опа қыласың?», — деп екі ағайынды өлтіріледі.Түркештердің қалған әскерін әскери қолбасшы Сұлық бастап Сырдария арқылы оңтүстікке жылжиды. 712-713 жылдары Елтеріс қаған балалары Білге мен Күлтегін және Тоныкөк бастаған Шығыс Түрік әскері өз жеңістерін әрі жалғастыру мақсатында Сұлықтың соңынан ерді. Шығыс Түрік әскерінің ары қарай жылжуын оңтүстіктен Орта Азияға жылжып келе жатқан арабтар тоқтатты. 714 жылы Шығыс Түрік әскері кейін шегінуге мәжбүр болды. Сұлық та өз әскерімен Жетісуға қайтты.Сұлық- қара түркеш өкілі. 717 жылы Сұлық өзін қаған деп жариялап, Түркеш мемлекетін қалпына келтірді. Қағанат орталығын Талас (Тараз) қаласына көшіреді. Ол ең алдымен Шығыстағы қауіпті сейілтуге тырысты. Ол мұнда өзінің үш қауіпті жауымен некеге отырды. Ашын руының қызына үйленіп, өз билігін заңдастырды. Өз ұлын Шығыс Түрік қағаны Білге қағанның қызына үйлендірді. Тибет патшасының қызын әйелдікке алды. «Көне Таңнама» Сұлықтың ерекше құрметке ие болғандығын мәлімдейді: «Сүлік әділ, ұқыпты адам еді, әр жолғы соғыс олжаларын қолбасылар мен жауынгерлерге, жамағатқа тұтас таратып, қол астындағы қауымның ықыласына бөленді. Жұрттың бәрі оған аянбай қызмет етті».717 жылы түркеш билеушісі Қытаймен достық байланыс орнатты. Егер Түркеш билеушісіне батыстан төнген араб қауіпіне қарсы одақтас қажет болса, Тан империясы өзіне ерікті одақтастарды жақындата отырып, солардың көмегімен Тибетті талқандап, шығыстан әскер қозғамай-ақ, арабтарды қууды көздеді. Осы оқиғаға байланысты болса керек кейбір араб құжаттарында Сұлық «Қытай императорының туысқаны» ретінде көрсетіледі. Осы уақыттан бастап Түркештер арабтармен белсенді күреске көшті. Ендігі басты жау батыстан төнген қауіп- арабтар еді. Түркеш көсемі Самарқанд, Бұқара тұрғындарымен күш біріктіріп, бұл қалаларды арабтардан босатады. 737 жылы қарлұқтармен бірлесіп Тоқарстандағы арабтарды талқандайды. Сұлық қаған шайқастарға өзі қатынасып, онда үнемі жеңіске жетіп отыруынан болса керек, ол «Сүзеген» деген лақап атқа ие болды.Арабтар да түркештерді өз жағына тартуға тырысты. Халиф Хишам Сұлыққа өз өкілін жіберіп мұсылман дінін қабылдауды ұсынды. Елшілерді Сұлық қаған салтанатты түрде қарсы алып, сый–сияпат көрсетті. Олардың Ислам діні туралы айтқан мәліметтерін жақсылап тыңдап, ұғынысқан қаған, келген елшілер тобын ренжітпей, риза етіп қайтарады. Қаған мұсылмандықты қабылдау туралы ұсынысқа сыпайы түрде былай деп жауап береді (атқа мінген, қолында қылыш, найзалы, сауытты жауынгерлерін көрсете тұрып): “Мыналардың ешқайсысы да етікші, не тігінші, не емші емес! Жауынгерлік олардың күнкөріс кәсібі. Ендеше, олар мұсылман болып, Исламның шарттарын орындаса қайтіп …
15сурак

Жазба деректерде қарлұқтар біздің заманымыздың V ғасырындағы тирек тайпаларының құрамында кездеседі. Қытай деректерінде қарлұқтардың бұлақ руы Алтай тауының баурайын мекендейтіні хабарланады. Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жерлері Алтай тауынан Балқаш көліне дейінгі аралық болды. Ибн әл-Факих (Х ғасыр) «Олар (қарлұқтар) – көне түркілер» деп жазды.VII ғасырдың соңынан бастап қарлұқтар Шығыс Түркі қағанатының ықпалында болды. Күлтегін жазуындағы қарлұқтарды қырып, басып алдық деген хабар қарлұқтардың Шығыс Түркі қағанатының құрамында да болғанын білдіреді. Шамасы осы жеңілістен кейін қарлұқтардың және бір толқыны Жетісуға қарай жылжиды.


Бірікен ұйғыр және қарлұқ күштері шығыс түркілердің билігін құлатты.Орталық Азияда жаңа мемлекет – Ұйғыр қағанаты (744-840) құрылды. Ұйғыр тайпаларының билеушісі қаған, қарлұқтар көсемі жабғу лауазымын алды. Қарлұқтар ұйғырларға бағынды. Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы ұйғырлардың қарсылығына әкеліп, олар бұл күресте жеңілді. Жеңіліске ұшыраған қарлұқтар ұйғыр жазбаларында айтылғандай, «Ит жылы (746) батысқа қарай Он оқ еліне қашты».ОсылайшаVIII ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстан жеріне қарлұқ тайпалары келді.


Жетісуда қарлұқтар оғыз тайпаларының қарсылығына кезікті. VIII ғасырдың ортасында қарлұқтар оғыздарды Жетісудан Сырдарияның төмені ағысына қарай ығыстырды.


Түргеш қағанатының әлсіреген жағдайын пайдаланып, 756 жылы билікті қолдарына алып, өздерінің мемлекетін құрды. Жетісу аумағында өздерінің саяси үстемдігін орнатты. Қағанаттың орталығы Суяб қаласы болды.VIII-X ғасырларда қарлұқтар Алтай тауынан Сырдарияның орталық ағысына дейінгі аумағына қоныстанды. X ғасырда араб дерегінде «Қарлұқтар жерін батыстан шығысқа дейін жүріп өту үшін 30 күн қажет болған» деп келтіріледі.


Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның көптеген тайпалары қарлұқтарға бағынды. Қарлұқ қағанатында басқарудың әскери-әкімшілік жүйесі орнықты. Мемлекет басында жабғу болғанымен, олардың билігі әлсіз еді. Тайпа ақсүйектерінің мұрагерлік басымдықтары болды. Бұл орталық билікті нығайтпады, керісінше әлсіреттіүҚарлұқ бірлестігі көптеген ру-тайпалық топтардан тұрды. Халықтың негізгі бөлігін қатардағы қауым мүшелері, ал ең төменгі құқығы жоқ топты құлдар құрады.


Көшпелі тайпаларды басқарушы ақсүйек қауымы тек жайылымға ғана емес, қалаларға да иелік етті. Деректерге сәйкес қарлұқтар еліндегі 25 қала мен қоныстың көпшілігі Ұлы Жібек жолы бойында орналасты.


840 жылы Енисей қырғыздары қарлұқтардың қолдауымен Ұйғыр қағанатын құлатты. Қарлұқ жабғуы Ұйғыр қағанатын бағындырып, қаған лауазымын иеленді.


Арабтар үшін Жетісудың стратегиялық, сауда-экономикалық мәні зор қалаларының маңызы ерекше болды. Сондықтан олар Жетісу өңіріне жиі-жиі жорық жасаумен болды. IX ғасыр соңында арабтар Таразды және оның маңындағы қалаларды басып алып, тұрғындарын исламға қаратты. Арабтарға қарсы күресте Орта Азияның Тоқарстан жеріндегі қарлұқтар мен Түркеш қағаны Сұлудың бірге соғысқаны белгілі.Қытай тарапынан теперіш көріп келе жатқан түркештер мен қарлұқтар түпкі мақсаттары жағынан жақын одақтастар еді. Олар Шаш ханымен туыстық қатынасы бар қара түргештер арқылы арабтармен жақындасады. Бұғанға дейін түркештерге бірнеше жеңісті жорықтар жасап, Жетісу мен Мауренахрға ене бастаған Тан империясы араб халифаты иелігіне тікелей қауіп төндірді.


Сонымен 751 жылы арабтар мен қарлұқтар бірігіп, Талас өзенінің бойында қытайларға қатты соққы берді. Жетісу мен Орталық Азия қытайлардан азат етілді. Қарлұқ қағанатына үлкен қауіп Қашғар жағынан төнді. 940 жылы Қашғар түркілері Баласағұн қаласын басып алды. Осылайша 200 жылдай өмір сүрген Қарлұқ қағанатының тарихы аяқталды




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет