3. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының аумағын карта бойынша анықтаңыз.
Жауаптары:
1. 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы ереженің» қабылдануы, оның мәні мен мақсаты.
Сібір қазақтары туралы Жарғы. Бұл реформаның тарихи алғышарттары Қазақстандағы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында қалыптасқан әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты. Қазақтардың 1773-1775 жылдары Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы, батыр Сырым Датұлының көтерілісі Қазақстандағы хандық билеу жүйесінін әлсірей бастағанын көрсетті. Халық арасында ыкпалы кеміген қазақ хандары патша өкіметінің билеп-төстеу саясатына ойдағыдай қарсылық ұйымдастыра алмады.1781 жылы Орта жүз ханы Абылайдың дүние салуына байланысты такка отырғызылған оның үлкен үлы Уәлидің қатыгездігі халықтың наразылығын туғызды. 1815 жылы патша үкіметі оған қосарлап екінші ханды - Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейін Орта жүзге хан тағайындалмады. Бұл жағдай Орта жүздегі билеу жүйесінің жаңа тәртібін қажет етті. Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанскийдің декабристермен жасырын байланыста болған Г. С. Батеньковтың мәлімет-кеңестеріне сүйене отырып дайындалған "Жарғының" басты мақсаты -Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тәртіпті әлсірету еді. Орта жүз әкімшілік жағынан ауыл, болыс, округ болып белінді. Ауыл - 50-70 шаңырақтан, болыс - 10-12 ауылдан, округ - 15-20 болыстан құралды.Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Тобыл, Том жөне Омбы облыстарымен бірге Сібір қазақтарының облысы да кірді. Орталығы Тобыл, ал 1839 жылы Омбы болды. Жарғы бойынша батыс шекарасы Орынбор даласына, оңтүстігі Шу өзеніне дейін созылған Сібір қазақтарының округі сыртқы және ішкі округтерге жіктелді. Бұлар - Қарқаралы, Көкшетау (1824 ж.), Баянауыл (1826 ж.), Аягөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Үшбұлақ (1833 ж.), Аманқарагай (1834 ж.), кейінгі 40-50-жылдарда құрылған Көкпекті, Құсмүрын, Алатау округтері(1856ж.) еді.Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Сөз жүзінде округті билеу аға сұлтанның қолына берілсе де, патша өкіметінің іс шешуде көпшілік пікір алысу жүйесін енгізуі, сол аға сұлтандардың рөлін әлсіретіп, оларды сырттай бақылап отыруға мүмкіндік жасады. Аға сүлтанды тек сүлтандар ғана сайлады, оларға ресейлік майор әскери шені, ал он жылдан кейін дворяндық атақ берілді. Өз өкілдерін -Шыңғыс әулеті тұкымдарын аға сүлтандыққа өткізуге тырысқан ақсүйектер арасында өзара қақтығыс, алдау, параға сатып алу үйреншікті құбылысқа айналып кетті.Аға сұлтандар үш жылға сайланды. Болыс сайлау мерзімі өмірлік болды. Болыстық билік мұрагерлікпен берілді. Егер болыс сұлтанның мұрагері болмаса, оның орнын інісі немесе облыстық басқарма бекіткен туысы басатын. Болыстық сұлтандар Ресейдің әкімшілік сатысы бойынша 12-класқа жататын шенеуніктерге теңелді.Ауыл старшындары да аға сұлтан секілді үш жыл сайын сайланатын. Болыстық сұлтандарға бағындырылған болыстық старшындар құқықтары жөнінен Ресейдегі селолық старосталармен теңестірілді."Жарғы" бойынша сот істері үшке бөлінді: қылмыстық істер, талап ету, болыстық баскармаға шағым айту. Қылмыстык істер империя заңдары негізінде округтік приказда каралды. Істі алдын ала тексеруге қазақ биімен қатар бір орыс шенеунігі қатыстырылды. Қазақтардың талап етуі бойынша қаралатын істер жергілікті ескі заң бойынша шешілетін. Округтік приказ шешімдерді қайта қарауға құқылы болды.Кейін Сібір қазақтарын билеу Шекаралық басқармаға жүктелді. Оның төрағасын тағайындау үшін арнайы жарлық шығарылатын. Шекаралық басқарма Батыс Сібір губернаторына бағындырылды, оның төрағасы шетелдермен келіссөз жүргізу құқығына ие болды. 1822 жылғы "Жарғы" Ресей мен Қазақстан арасында сауда байланыстарын кеңейтуге мүмкіндіктер тудырды Жалпы алғанда, 1822 жылғы "Жарғы" Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында терең із қалдырды. Бұл реформаның өлке тарихындағы орны екі түрғыда бағаланды: біріншіден, Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп, өзара рулық кырқыстарға біршама тыйым салды, бай өлкені шаруашылық жағынан игеруге колайлы алғышарт жасады; екіншіден, патшалы Ресейдің отаршыл саясатын кеңейте түсуге жол ашқаны тез арада байқалып қалды.