2. КСРО-ның ыдырауына әсер еткен негізгі себептерді атаңыз және Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жариялауының тарихи маңызын анықтаңыз.
КСРО-ның ыдырау себептері.1990 жылдьң жазына қарайғы кезеңдегі саяси оқиғалар тағы сол КСРО-ның тағдырына қатысты өрбіді. Егеменді республикалар енді одақтық шарт қабылдау меселесіне келіп тірелді. Алайда шарттың жобасы Одақтың кейбір басшыларына өрескел қателік болып көрінді.Олар республикалар өкілдерінің шартқа қол қоюға жиналуына үш күн қалғанда мемлекеттік төңкеріс әрекетін жасады. Тарихта тамыз бүлігі деп аталған бұл акцияны ұйымдастырушылар өздерін "Кеңес басшылығы" деп атап, КСРО- ны қайта қалпына келтіруді мақсат eтіп қойғандарын мәлімдеді. Тамыз бүлігі күндері саяси оқиғалардың өpбуі.Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет (ТЖМК) дегеннің мемлекеттік төңкеріс жасауға бағытталған қадамы КСРО-ның басқа өңірлері сияқты,Қазақстанда да үлкен абыржушылық туғызды. 1991 жылы 19 тамызда Президент Н.Назарбаев республикалық теледидар арқылы Қазақстан халқына арнап сөз сөйледі.20 тамыз күні Н.Назарбаев жаңа мәлімдеме жасап:”Төтенше жағдай жариялау елдің негізгі заңына сәйкес емес,сондықтан да үш адамнан тұратын басшылықтың жарлықтары мен басқа құжаттарының заңды күші жоқ,сонымен қатар олар республикалардың мемдекеттік егемендік туралы декларацияларын аяққа басу болып табылады”,-деп жариялады.Тек жоғарғы шенді әскерилер мен партияның басындағы топтар ғана қолдаған,халық бұқарасы тарапынан қарсылыққа кезіккен ТЖМК 1991 жылғы 21 тамызда толық жеңіліс тапқан болатын.Бұл оқиға 70 жылдан астам өмір сүрген кеңес үкіметінің біржола құлауын тездетті.1991 жылы 20 тамызда қол қойылуға келісілген жаңа одақтық шарттың енді қажеті болмай қалды. Жекелеген республикалардың басшылары орталықтан аулақтау үрдісін күшейтіп,шын мәніндегі егемендік жолында батыл қадамдар жасай бастады.КСРО-ның ыдырауы. 1991 жылдың желтоқсаны ipi саяси оқиғаларға толы болды. Олардың ең бастысы - КСРО-ның ыдырауы еді. Желтоқсанның 8-күні Минскіде бас қосқан үш славян мемлекеттерінің басшылары өзара келісіп, 1922 жылғы КСРО-ны кұру туралы шарттың өз күшін жойғанын жариялады."Біз, — деп көрсетілген ол кұжатта,— Беларусь, Ресей, Украина 1922 жылғы Одақтық шартқа қол қоюшы, яғни КСР Одағының кұрылтайшылары болған мемлекеттер ретінде КСР Одағының халықаралық құқық субъектісі ретінде және геосаяси ақиқат тұрғысында өзінің өмip сүруін тоқтатқанын мелімдейміз”. Қол қоюшылар дайындаған бұл құжатта КСРО заңдарының күшін жойғандығы, одақтық органдардың жұмысын тоқтататындығы да атап көрсетілді.Сонымен қатар, аталған үш мемлекеттің басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Одағының (ТМО) кұрылғандығы туралы мәлімдеді.1991 жылғы 13 желтоксан күні Ашхабадта Орта Азия республикалары мен Қазақстанның жетекшілері бас косты. Олар Минскіде қабылданған шешімдерді жақтайтындықтарын білдірді.Осылайша, дүние жүзіндегі аса ipi отаршыл империялардың соңғысы — Кеңес Одағы кұлады.Соның нәтижесінде Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Эстония мемлекеттері ғасырлар бойы аңсаған азаттыққа қол жеткізді.
Қазақстанда қалыптасқан саяси ахуал. 1991 жылдың желтоқсанына дейін бұрынғы КСРО-ның қарамағында болған республикалардың бәpi мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған болатын. Қазақстанның саясатшылары бұл үрдістердің баянды дамуының соңын тосты. Оның әлеуметтік-экономикалық, саяси және демографиялық cебептepi болды. Қазақ елі - Ресей кұрамында ең ұзақ уақыт болған ел.Қазақ халқы Кеңес үкіметі қалыптастырып қалыптастырып кеткен демографиялық саясат салдарынан өз жерінде ұлттық азшылыққа ұшараған болатын. Сондықтан республика тәуелсіздігі төңірегідегі айтыстар әлі де қызу журіп жатты.
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы.1991 жылдың соңына қарай Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауға болатын қолайлы жағдай қалыптасты. Дүниежүзіндегі және бұрынғы КСРО-дағы саяси ахуал — 1991 жылғы тамыз бүлігі және оны ұйымдастырушылардың жеңілуі, КСРО-ның өмір сүруін тоқтатуы, Тәуелсіз Мемлекеттер Одағының кұрылуы, одақтас республикалардың жеке мемлекет болып бөлініп шығуы Қазақстанның да тәуелсіздігін жариялауын тездетті.1991 жылы желтоқсанның 16-сында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы" қабылданды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.