Қазақстан тарихы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет22/98
Дата25.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#127340
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   98
Қаңлылар
. Ҥйсіндерден батысқа қарай Талас, Сырдария ҿзені мен 
Қаратау маңында жҽне Орталық Қазақстанда б.з.б. ІІІ ғасырлардан 
бастап қаңлы тайпалары мекендеді. Қытай деректерінде бҧл жерлер 
«Кангюйлер елі» деп аталады. Б.з.б. ІІ ғасырда Қытай императоры Чжан 
Цзяньды батыс елдеріне сауда елшілігіне жібереді. Ол ҿзі болған жерлер 
туралы қҧнды мҽліметтер қалдырады. Ҥйсіндермен қатар, олардың 
батысында тҧрған қаңлылар туралы да мҽліметтер жазады. Қытай 
елшісінің мҽліметтеріне қарағанда қаңлылар елінде 600 мың адам, 120 
мың ҽскер болған. Астанасы ретінде Битянь қаласы аталады. Қаңлылар 
Ҧлы Жібек жолының Сырдария бойымен жҥретін бҿлігіндегі бағытын ҿз 
бақылауында ҧстап тҧруға ҧмтылды. Сонымен қатар Қытай, Рим, Кавказ 
жҽне Оңтҥстік елдерімен сауда, экономикалық жҽне саяси байланыстар 
жасады.
Қаңлы халқының этникалық сипаты жҿніндегі мҽселе кҥрделі де 
қиын. Қаңлылардың қай тілде сҿйлегені жҿнінде де бірыңғай пікір жоқ. 
А.М.Бернштамның пікірінше, қаңлылар тҥркі тілді халық болған. Басқа 
зерттеушілер қаңлылар Солтҥстік Иранның мал ҿсіруші тайпалары 
қатарына жатады, олар б.з.б. бірінші мыңжылдығы ортасында Сырдария 
бойына тҥркі тайпаларының қоныс аударуына байланысты ҿзінің 
этникалық бейнесі мен тілін ҿзгерткен деп болжам жасайды. 


41 
Ғҧн мемлекеті.
Б.з.б. бір мыңжылдықтың екінші жартысынан 
бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның 
кҿшпелі тайпаларының рҿлі ҿсті. Солардың бірі ғҧндар еді. Ғҧн 
тайпаларының аты тарихта олардың жауынгерлік даңқымен, 
қаталдығымен жҽне халықтардың ҧлы қоныс аударуының басталуына 
негіз болған кҿшпенділігімен мҽлім. 
Б.з.б ІV-ІІІ ғасырларда Қытайдың солтҥстігіндегі кҿшпелі 
тайпалардың топтасуы нҽтижесінде екі тайпалық бірлестік сунну жҽне 
дунху тайпалары қалыптасты. Мҧндағы сунну тайпалары ҿз 
заманындағы тарихи оқиғаларға белсене қатысып, кҿршілес елдердің 
тарихына ықпал жасады.
Суннулар (хунну немесе ғҧндар) б.з.б. ІІІ ғасырда едҽуір кҥшейді. 
Ғҧндардың жаңа жорықтарынан қауіптенген қытайлар Ҧлы қытай 
қамалын салады. 
Мемлекеттің басында шаньюй отырды. Б.з.б. 209 жылы 
ғҧндардың билеушісі болып Мҿде сайланды. Ғҧндарды қҧдіретті елге 
айналдыру мақсатында Мҿде бірқатар реформалар жасады. Б.з.б. 206 
жылы Мҿде Қытайға шабуыл жасады. Ғҧндармен болған шайқастарда 
сҽтсіздіктерге ҧшыраған Қытай империясы Мҿдемен «тыныштық жҽне 
туыстық туралы» шарт жасасты. Қытай империясы ғҧндарға жыл сайын 
кҿп 
мҿлшерде 
салық 
тҿлеп 
тҧруға 
міндеттенді.
Байкалдан Тибетке жҽне Шығыс Тҥркістаннан Хуанхэ ҿзенінің орта 
ағысына дейін созылып жатқан жердің бҽрі ғҧндардың қол 
астына қарады. 
Б.з.б. 47 жылы ғҧн мемлекеті ішкі ала ауыздықтың нҽтижесінде — 
оңтҥстік жҽне солтҥстік болып екіге бҿлінді. Оңтҥстіктегі ғҧндар 
Қытайдың Хань империясына бағынады. Ал солтҥстіктегі ғҧндар 
ҿздерінің тҽуелсіздігін сақтап, солтҥстік Монголияда жҽне Шығыс 
Тҥркістанның солтҥстік аймақтарында кҿшіп-қонып жҥрді. Бҧлардың 
бір бҿлігі Тянь – Шаньнан ҿтіп, қаңлы тайпаларының шығыс жағына
қоныстанады. Мҧның ҿзі ғҧндардың Қазақстан мен Орта Азия жеріне 
тҧңғыш рет жаппай ҿтуі еді.
Ғҧндардың Қазақстан жеріне екінші рет қоныс аударуы б.з. 93 
жылы басталды. Қытай ҽскерлерінің ығыстыруымен ғҧндар батысқа 
қарай жылжиды. Кейінірек ғҧндар Арал теңізі мен Каспий маңына 
шығып, аландарға шабуыл жасайды. V ғасырда олар Рим империясына 
қауіп тҿндіріп, оның қҧлауына ҿз септігін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет