Қазақстан тарихы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет23/98
Дата25.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#127340
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   98
Байланысты:
file185

Бақылау сҧрақтары
1. Тайпалық одақтардың қҧрылу себептеріне тоқталыңыз. 
2. Сақ қоғамының ерекшелігін атаңыз. 
3. Ҥйсіндер мен қаңлы мемлекеттерінің тҧрмысы мен қоғамдық
қҧрылысына сипаттама беріңіз. 
4. Ғҧндардың ҽлемдік ҿркениеттегі орны. 


42 
Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан тарихы. 5 –томдық. Т. 1, А. 1996. 
2. Қазақстан тарихы. Очерк. А., 1993. 
3. Ж.О. Артықбаев. Қазақстан тарихы (оқулық-хрестоматия) 
Астана, 2000. 
4. С. Жолдасбайҧлы. Ежелгі жҽне орта ғасырлардағы Қазақстан. 
А.,1995. 
5. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. А., 2008. 
6. М.Б. Мҧхамедов, Б. Сырымбетҧлы. Қазақстан тарихы. А., 2007. 
7. Л.Н. Гумилев. Хҧндар. А., 1998. 
8. К.А. Акишев. Курган Иссык. А-А., 1978. 
9. Б. Жандарбеков. Саки. А., 1998. 
Дәріс 3. Қазақстан тарихындағы тҥрік дәуірі(VІ-ХІІІ ғғ.)
 
Дәрістің мақсаты – 
Ҽлемдік тарихта ҿзіндік орны бар, Еуразияның 
тарихында елеулі із қалдырған тҥркі дҥниесіне жан-жақты тоқталып, 
тҥрік мемлекеттерініің ҿзара ортақ байланысын анықтау. 
Тҥйінді сӛздер – 
қаған, қағанат, Жібек жолы, тҽңіршілдік, қалалық ҿмір, 
Кҥлтегін ескерткіші, ихта, Дешті Қыпшақ. 
Тҥркілер дҥниесіне жалпы сипаттама. 
Біздің заманымыздың VІ 
ғасырынан бастап монғол шапқыншылығына дейінгі кезең отандық 
тарихта «тҥркі дҽуірі» немесе ерте орта ғасырлар деп аталады. Тҥрік 
тайпаларының ерте феодалдық мемлекеттері қағанаттар болды. Жоғарғы 
билеушілерінің титулы жабғы (ябғы, каған, гурхан) болған. Бҧл кезең 
біріншіден, Қазақстан тарихындағы кҥрделі ҿзгерістермен ерекшеленеді. 
Осы кезеңде ҽлемнің басқа аймақтарындағы сияқты Қазақстан 
территориясында да феодалдану процесі жҥрді. Екіншіден, жергілікті 
халықтың этникалық тегінің қалыптасуы тездей тҥсті. Ҥшіншіден, 
кҿшпелі шаруашылықпен бірге қала мҽдениеті де дамыды, кҿшпелілер 
ҿркениеті одан ҽрі жетілдірілді. Тҿртіншіден, аталған уақытта Қазақстан 
аумағында тҥркі тілдес бірнеше мемлекет ҿмір сҥрді. Олардың ҧқсас 
шаруашылығы мен мҽдениетімен бірге бірін-бірі толықтыра тҥскен 
ҿзіндік ерекшеліктері де болды. Олар: 
Тҥрік қағандығы (V ғ. ортасынан-603 жылға дейін) – Шығыс 
Кореядан бастап Қара теңізге дейінгі жерлерді қамтыды; Батыс тҥрік 
қағандығы (603-704) – Шығыс Тҥркістан мен қазіргі Қазақстан аумағы 
жҽне Орта Азияның бір бҿлігі; Тҥргеш қағандығы (704-766) – бірыңғай 
Қазақстан аумағын қамтыған тҧңғыш мемлекет; Қарлҧқ мемлекеті (766-
940), Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғ. басы) – Сырдария бойы, Арал маңы, 
Батыс Қазақстан; Қимақ мемлекеті (ІХ-ХІ ғ. басы) – Ертістен Еділге 


43 
дейінгі аумақ; Қарахан мемлекеті (942-1210) – Жетісу, Оңтҥстік 
Қазақстан жҽне Орта Азияның бір бҿлігі; Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. басы-
1220) – Алтайдан Дунайға дейінгі аумақ. 
VІ ғасырдан бастап Еуразияның тарихи сахнасына шыққан тҥркі 
тілдес тайпалар мен халықтар бірте-бірте шығыстан батысқа қарай 
ағылып жаңа мемлекеттердің пайда болуына жҽне Еуразияның саяси 
картасын ҿзгертуге ықпалын тигізді. Шығыстағы якуттардан бастап 
Қара теңіз жағалауындағы Қырым татарларына дейінгі халықтар тобы 
қҧрылды. 
Тҥркі тайпаларының алғашқы легі Қазақстан мен Орта Азияның 
кҿп бҿлігін мекендеп қалса, кейінгі тобы Иран мен Закавказьеге, Қара 
теңіз жағалауына, ХІ ғасырда оғыздар мен тҥрікмендер Кіші Азияға 
қоныс аударды. Осылайша қазіргі тҥркі тілдес мемлекеттердің негізі 
қаланды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет