80
КСРО-да 3.968 мың қазақ болса, 1959 ж. кісі саны 3.622 мыңға ҽрең
жетті.
Қазақ халқының басына тарихтан этнос ретінде жойылып кету
қатері тҿнгенде, оның азамат ҧлдары бас кҿтере бастады. Голощекиннің
жҥгенсіздігі жҿнінде Т.Рысқҧлов халықтар кҿсемінің атына екі рет хат
жолдады. Сол тарихи кезеңдегі хал-ахуал мына хаттан айқындала тҥседі.
«Қазақстанмен кҿршілес ҿлкелерге кҿшіп барғандардың жерлерінен
шамамен алынған соңғы деректер бойынша қазір Орта Волгада – 40
мың, Қарақалпақстанда – 20 мың, Батыс Сібірде – 50 мың,
Қырғызстанда – 10 мың, Орта Азияда – 10 мың қазақ бар. Кҿшіп
кетушілер тіпті Тҽжікстан, Солтҥстік ҿлке жҽне басқа да алыс жерлерге
барған. Байлар бастаған халықтың бір бҿлігі Батыс Қытайға кҿшіп
кеткен...». Бҧл жай кҿшу емес, едҽуір дҽрежеде аш адамдардың тамақ
іздеп босуы еді. Яғни қазақ халқы жаппай босқыншылыққа ҧшырады.
Елдегі ашаршылық пен халықтың кҥйзелісін нақты деректер келтіре
отырып, Голощекинге хат жолдаған Ғ.Мҥсірепов, М.Ғатауллин,
М.Дҽулетқалиев, К.Қуанышев, Е.Алтынбеков сияқты азаматтар ҧзақ
жылдар бойы қуғындалды. Кеңестік тоталитарлық жҥйенің ҿктем
саясаты мен зорлық-зомбылығы 20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың
бас кезінде халық наразылығын туғызды.
1929-1931 жж. Қазақстанда
80 мыңдай адам қатысқан 372 халық наразылығы мен кӛтерілістері
болды.
Бас кҿтерген халыққа аяусыз жазалау шарасы жҥргізілді. 1929-
1931 жылдары кҿтерілістерге қатысқаны ҥшін 5551 адам сотталып, оның
855-і атылды. Жалпы алғанда, кҥштеп ҧжымдастыру кезінде 100 мыңнан
астам адам жазаланды.
Достарыңызбен бөлісу: