ҚазАКСР-нің қҧрылуы. Қазақстан жерін ақгвардияшылардан
босатуға сай, Кеңес ҿкіметі де қайта қалпына келтіріледі. 1919 ж. 10
шілдесінде РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің жарлығы бойынша
Қазақ ҿлкесін басқару жҿніндегі
Революциялақ Комитет құрылды. Оның бірінші қҧрамына: С.Пестковский (тҿраға), А.Байтҧрсынов,
В.Лукашев, Ҽ.Жангелдин, М.Тҧнғашин, С.Меңдешов, Б.Қаратаев кіреді.
Ҽртҥрлі уақытта Қазақ ревкомының мҥшесі болып, Ҽ.Ҽйтиев,
С.Арғыншиев, А.Авдеев, Ғ.Ҽлібеков, Б.Қаралдин еңбек етті.
Казревком «Ҿлкені жоғары ҽскери-азаматтық басқаруды» ҿз
қолына жинақтайды, қазақ халқының мемлекеттігін қҧру мақсатында
ҿлке Кеңестерінің Қҧрылтайлық съезін шақыруға жағдай жасау оның
басты міндеті болды. Азамат соғысының қиын да кҥрделі жағдайы
Казревкомның тҿтенше жағдайда жҧмыс істеуін талап етеді. Казревком
қызметінің ҽскери-азаматтық сипатын осы соғыс анықтап берді.
Казревкомның басқа бір аса маңызды міндеті – қазақтың байырғы
жерін бір қолға жинау, яғни, болашақ қазақ кеңес мемлекетінің
территориялық тҧтастығын қамтамасыз ету болып табылды. Казревком
1919 ж. шілдесінен 1920 ж. қазанын қосқанда 15 ай бойы жҧмыс істейді
Ҿзі пайда болған кҥннен бастап, Казревком қазақ халқының кеңестік
автономиясын жария ету жҿніндегі қыруар кҿп ҽзірлік жҧмыстарын
жҥзеге асырды.
1920 ж. 17 тамызында РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Қазақ
Республикасы жҿніндегі Декреттің жобасын қарап қолдады.
1920 ж. 26 тамызында РКФСР Бҥкілресейлік Орталық Атқару
Комитеті мен Халық комиссарлары кеңесі М.И.Калинин мен В.И.Ленин
қол қойған, РКФСР қҧрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын
«Қырғыз (қазақ) кеңестік Автономиялық социалистік республикасын
қҧру туралы» Декрет қабылданды. С.Меңдешов тҿрағасы болған
Орталық Атқару Комитеті жҽне В.Радус-Зенькович тҿрағасы болған
Халық Комиссарлары Кеңесі сайланды.