Қазақстан тарихы кафедрасы


-тақырып. Қазақстан территориясындағы ежелгі мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет73/98
Дата25.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#127340
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   98
 
2-тақырып. Қазақстан территориясындағы ежелгі мемлекеттік 
бірлестіктер 
 
Сабақтың мақсаты – 
Кҿшпелілер ҽлеміне сипаттама беру, тайпалық 
одақтардың қҧрылу себептерін ашып кҿрсету жҽне ежелгі мемлекеттік 
бірлестіктердің саяси тарихы мен қоғамдық қҧрылысынадағы 
ерекшеліктеріне тоқталу. 
 
1. Сақтар-Қазақстандағы ерте кҿшпелілер. 
2. Ҥйсін мемлекеті: этникалық тарихы. 
3. Қаңлы мемлекеті: ҽлеуметтік-саяси дамуының ерекшеліктері. 


111 
4. Хунну ерте таптық бірлестігі. Ҽлемдік тарихтағы хуннулардың рҿлі. 
Әдебиеттер
1. Қазақстан тарихы. 5 –томдық. Т. 1, А. 1996. 
2. Қазақстан тарихы. Очерк. А., 1993. 
3. Ж.О.Артықбаев. Қазақстан тарихы (оқулық-хрестоматия).
Астана, 2000. 
4. С.Жолдасбайҧлы. Ежелгі жҽне орта ғасырлардағы Қазақстан. 
А.,1995. 
5. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. А., 2008. 
6. Мҧхамедов М.Б., Б. Сырымбетҧлы. Қазақстан тарихы. А., 2007. 
7. Л.Н. Гумилев. Хҧндар. А., 1998. 
8. К.А. Акишев. Курган Иссык. А-А., 1978. 
9. Б. Жандарбеков. Саки. А., 1998. 
Семинар сабағына дайындалу ҥшін әдістемелік нҧсқаулар 
Тақырыптың 
біріншіі сұрағына
жауап беруді жазба жҽне заттай 
ескерткіштерді сипаттаудан бастаған жҿн, солардың негізінде біз ерте 
темір дҽуіріндегі Қазақстан тҧрғындары туралы мҽлімет аламыз. 
Сақ қоғамының ескерткіштерінде Орталық Қазақстандағы Тасмола 
мҽдениетін, Оңтҥстік Сібірдің Майэмир жҽне Тағар мҽдениеттерін, 
Алтайдағы Бесшатыр жҽне Пазырық қорғандарын, Зайсан кҿлі 
маңындағы жҽне Оңтҥстік Алтайдағы Шілікті қорғандарын ерекше атап 
ҿткен жҿн.
Жазба деректердің ішінен ерте грек, иран жҽне қытай деректерін 
талдау қажет, мҧнда сақ тайпалары туралы кҿптеген мағлҧматтар 
берілген. 
Сабаққа дайындалу барысында «мемлекет», «ҽскери демократия» деген 
ҧғымдарға мҽн беру керек. Сақ дҽуіріндегі қоғамның қҧрылымын 
кҿрсетіп, сақтардың саяси тарихы мен ҽлеуметтік-қоғамдық ҧйымына 
тоқталған жҿн.
Саяси жағдайларға сипаттама бере отырып, б.э.д. XI-IVғғ. 
Ахеменид державасымен қатынастарына жҽне б.э.д. IV-III ғғ. Александр 
Македонскийдің шығысқа жасаған жорықтарына тоқталу қажет.
 
Екінші сұрақ 
бойынша ҥйсіндердің этникалық тарихын сипаттаудан 
бастаған 
жҿн. 
Ҥйсіндердің 
шығу 
тегі 
туралы 
ғылыми 
тҧжырымдамалардың қарама-қайшылықты екендігін атап кҿрсеткен 
маңызды. Ҥйсіндер қоғамындағы саяси-ҽлеуметтік қатынастарға тоқтала 
келе, мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, қарапайым 
бюрократтық аппарат, қҧқықтық нормалардың қалыптасуы таптық 
қоғамға ҿтуге мҥмкіндік жасағанын айта кету қажет. Археологиялық 
материалдар мен жазба деректерге сҥйене отырып, қала мҽдениеті мен 
сауда-қолҿнердің дамуына кҿіңіл аударамыз. Сонымен қатар ҥйсіндің 


112 
материалдық жҽне рухани мҽдениетінен дерек беретін материалдарға 
сҥйенеміз. 
Үшіншіі сұраққа
жауапты қаңлылардың территориясын, шекаралық 
қатынастарын анықтаудан бастаңыздар. Қаңлылардың ғҧндар мен 
ҥйсіндермен қатынасын сипаттап, Қытаймен, Орта жҽне Алдыңғы Азия 
елдерімен саяси, экономикалық, мҽдени байланыстарын кҿрсету керек. 
Мемлекеттің географиялық орналасуы жҽне Ҧлы Жібек жолының негізгі 
магистральдарын бақылауы мемлекеттің тек аймақтағы ролін ғана
айқындаған жоқ, сонымен бірге саяси-ҽлеуметтік қатынастардың даму 
деңгейіне ҽсер еткені анық. Тайпалардың шаруашылығы жайлы 
айтқанда, қаңлыларда кҿшпелі мал шаруашылығы мен жер ҿңдеу 
болғандығын айту қажет. 
Тӛртінші сұраққа
жауапты ең алдымен сюнну (хунну) 
державасының қалыптасу тарихымен танысудан бастау керек. Олардың 
алғашқы мекендеген жерлерін, халық санын, шаруашылық ҿмірін, 
тайпаның саяси қҧрылымын білу қажет. Ғҧн империясының қҧрылуы 
Орталық Азияның саяси процестеріне, кейін Еуразияның барлық 
аймағына ҥлкен ҽсер етті. Ғҧн қоғамындағы мҥліктік жҽне ҽлеуметтік
теңсіздік белгілерін анықтай отырып, олардың тарихтағы алатын ролін 
ерекше атап кҿрсетіңіздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет