1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал жоне
Торғай облыстарын басқару туралы Ереже» қабылданды. Осы
Ереже бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернатор-
лықтарын
біріктіріп, орталығы Омбы қаласы болған Дала
генерал-губернаторлығы қүрылды.
Оның күрамына
Ақмола,
Семей, Орал, Торғай, 1897 жылға дейін Жетісу облыстары кірді.
1890 жылы «Каспийдің жағалауы ауданын басқару туралы
уақытша Ереже» қабылданып,
оның қүрамына Маңғыстау,
Красноводск, Ашхабад, Теджен, Мерв уездері енді.
Генерал-губернатор бүл өлкеде шексіз билік жүргізді. Оның
баскару аппаратына
канцелярия,
облыстық әскери губерна-
торлар кірді. Уездерді баскару
уезд бастықтарының қолына
жинақталды. Оның өз көмекшісі мен канцеляриясы болды.
Верный, Орал, Петропавл және Семей тәрізді ірі қалаларда
дербес қалалық полиция басқармалары болса, Ақмола, Көкше-
тау,
Павлодар, Жаркент, Қостанай тәрізді уездік қалаларда
приставтар қүрылды. Ереженің негізгі мақсаты барлық жер
корын мемлекет меншігіне айналдыру болатын, мүның озі тек
мал бағып күнін әрең көріп отырған малшы қазақтардың түрмыс
халін одан орі нашарлатып жіберді. Түтін басына салынатын
алым-салық 4
сомға дейін осіп, барлық алым-салық пен
борыштардың жалпы молшері жылына әр түтінге орта есеппен 10
сомға дейін жетті.
1867-1868 жж. сот пен әкімшілік жүмысындағы озгерістер мен
қайта қүрулар тәжірибе ретінде енгізілген болса, енді ол 1886-
1891 жж. актілер негізінде заң жүзінде іске асырылды. 1891
жылы сот істері Ереженің 17 баптан түратын екінші боліміне
енгізілді. Ол империялық соттың үлгісімен жасалды. Жалпы
империялық сот жүйесі Түркістан
және Дала олкелерін баскару
туралы ережеге сәйкес еді. Ол империялық, аудандық соттар мен
ең жоғарғы сот сатысы - үкіметтік сенаттан түрды. Империялық
соттар барлық қылмыстық, азаматтық істерді қарады. Оның
қүзыретіне жергілікті түрғындардың тарапынан жасалған кауіпті
қылмыстық істер, атап айтқанда, қазынаның мүлкі мен
кірістеріне
задал келтіру, қашқындарды жасыру. адам олтіру.
қарақшылық, тонау және т.б. қылмыстарды қарау жатты.
Империялық соттар қазақтар мен жергілікті жердің түрғындары
ретінде саналмайтын адамдар арасындағы дау-шағымдарға
байланысты азаматтық істерді қарады. Жаңа Ереже билер сотын
жойып, халық соты деген жалпы атауы бар
жаңа қүқықтык
1 6 8
жүйені
енгізді. Осыған байланысты Ереженің 210-бабында:
«Жергілікті түрғындар мен көшпенділердің ескіден келе жатқан
салт-дәстүрлеріне байланысты кейбір қылмыстық істер халық
соттарында қаралады»
деп айтылғанымен, олар өз бетінше
империялық сот жүйесінен асып кете алмады. Жалпы XIX
ғасырдың аяғында Қазақстан жерінде сот пен полиция билігі
күшейе түсті.
Достарыңызбен бөлісу: