Қазақстан тарихы оқулық


ҚАЗАҚСТАННЫ Ң ЕЖЕЛГІ ТАРИХЫ



Pdf көрінісі
бет2/77
Дата09.10.2024
өлшемі7,71 Mb.
#147352
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Байланысты:
Кадыркулова Г. Казакхстан тарихы

ҚАЗАҚСТАННЫ Ң ЕЖЕЛГІ ТАРИХЫ
1.1. Ежелгі тас дәуірі
Тас дәуірі - адамзат тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі. 
Бүл кезеңде адамның, оның бейімі мен мінез-қүлкының, күн 
көріс тіршілігінің қалыптасуы 
жүзеге асты. Тас дәуірі 2,5 
миллион жыл бүрын басталып, біздің заманымызға дейінгі III 
мыңжылдықта аякталады. Тас ғасыры коне 
палеолит орта -
мезолит, жаңа - неолит болып болінеді. 
Коне 
тас ғасыры 
палеолит' ғылымда үш доуірге боліп қарайды: ертедегі
палеолит-ольдувэй, шелль, ашель (б.з.д. 2,5 млн. - 140 
Мың.
жылдар арасы); орта палеолит - кейінгі ашель және мустьер 
(б.з.д. 140-40 мың. жылдар арасы); кейінгі палеолит - ориньяк, 
солютре және мадлен (б.з.д. 40-12 мың. жылдар).
Ең ежелгі адамның 
сүйегі 
1959-1963 жылдары Шығыс 
Африкада Танзанияның солтүстігіндегі, Эяси колінің солтүстік- 
шығысына карай 
36 
шақырым 
қашықтыктағы 
Ольдувэй 
шатқалынан табылған. Оны Homo habilis - Епті адам деп атады. 
Екі аяғымен жүретін адамның бойының биіктігі 122-140 см. 
болған. Оның миының колемі Табайэсу бойынша 675-680 текше 
см. Аяқ сүйектерінің негізгі күрылысы казіргі адам сүйектеріне 
үқсас. Епті адам қазіргі адамдай болмағанымен тік жүре алатын 
тіршілік иесі болғаны анық. Бүл доуір осыдан 2,5 миллион 800 
мың жыл бүрынғы кезеңді қамтиды. Епті адам 
ертедегі тас 
ғасыры дәуіріндегі ең карапайым мәдениетқе жататын 
үсак 
жүмыр тасты қолданған. Оның еңбек қүралы 
жан-жағы 
үшталып, жүзі қайралған түрпайы тастар болған.
Адамның келесі даму сатысы Homo erectus деп аталады - бүл 
1,6 миллион жылдан 200 мың жылға дейінгі дәуірде омір сүрген 
адамдар. 
1891 
жылы голландиялық ғалым Е.Дюбуа Ява 
аралындағы Тринил маңында сол дәуірдің бастапқы кезеңіне 
жататын геологиялық шөгінділердің ішінен адам мен маймылдың 
ортақ белгілері бар бас сүйектің қаңқасын, екі күрек тісті және 
жамбас сүйектерді тапқан болатын, оны кейін 
ғылыми 
әдебиеттерде питекантроп деп атады. Олардың миының колемі 
860 текше см. болса, жекелеген бас сүйектерінде 775-тен 975 
текше 
см. 
дейін 
ауытқу 
байқалды. 
Ява 
аралында
5


питекантроптардың сүйектерінің маңынан 
тас қүралдары 
табылмады. Оның себебі бүл питекантроптардың қоныстарын 
кезінде лава көшкіндерінің ағызып әкетуіне байланысты болса 
керек. Олардың 
ішіндегі мейілінше белгілі орі айқын түрі 
синантроптар немесе қытайдың питекантроптары Homo erektus 
(Тік жүретін адам). Синантроптың қаңқалары Қытайдың солтүс- 
тігіндегі Пекиннен 50 шақырымдай оңтүстік-батыс жағында 
орналасқан Чжоу-коу-дянь қонысынан табылды. Олар үлкен 
үңгірде түрған, ол үңгірді ондаған, тіпті жүздеген мыңжылдықтар 
бойы мекендегені анық; шөгіндінің 50 метр қалыңдықта 
жиналуының озі оған тек осындай үзақ 
уақыт керектігін 
дәлелдесе керек. Шөгінділерде синантроптардың қолданған 
түрпайы түрдегі еңбек қүралдары коптеп кездесті. Мүндай еңбек 
күралдарын синантроптар кварцтан, сондай-ақ әктен, күмтастан, 
кейде 
кремний жынысынан жасаған. Кварц сынған кезде 
кремний, обсидиан немесе кварцит торізді тік қырлы жүзі бар 
сынықтарға болінбейді. Бірақ ол оте морт сынғыш, ол сәл жарық 
болса, тез сынады. Демек оны оңдеу оңай деген сөз. Алғашқы 
қауым адамының дамуында оттың ролі зор болды. Чжоу-коу- 
дяньдағы ошақ орнында күлдің, комірдің, күйдірілген тастардың 
қалдықтары табылды. Тіпті бір жерлерде тогілген күлдің 
қалыңдығы 6 метрге дейін жетеді, демек бүл жерде от 
сондірілмей үзақуақыт бойы жағылған.
Қазақстан аумағында озірге ежелгі адамның қаңқасы табы- 
ла қойған жоқ. Бірақ 
Қазақстанның оңтүстік аймағында 
палеогеографиялық жағдай 
ежелгі адамның омір сүруі үшін 
қолайлы болғаны анық. Онтүстік Қазакстанда табылған коне 
заманның тас күралдары Оңтүстік-Шығыс Азия мен Африканың 
шелль-ашель кезеңіндегі түрпайы қүралдарына үқсайды; коне 
жануарлар Чжоу-коу-дянь үңгіріндегі синантроп қалдықтарына 
келіңкірейді.
Ежелгі адамның қоныстануына Қазақстан аумағындағы Қара- 
тау жоталары қолайлы болған. Шелль-ашель кезеңіне жататын 
заттар Қаратаудың Шабақты, Тоңірқазған, Боріқазған, Ақкол-1. 
Қазанғап жайлауларынан табылды. Қазақстанның ежелгі түрғын- 
дары питекантроп пен синантроптың бір доуірде, тік жүретін 
адамның 
тиісті 
эволюциялық 
даму 
сатысында 
болған. 
Қаратаудың алғашқы қауым адамдары от жағуды білді, ірі жоне 
үсақ жануарларды аулаумен, сондай-ақ жабайы осімдіктер мен 
жеміс-жидектерді терумен айналысқан.
6


Археологиялық материалдар Қазакстанның орталық жоне 
шығыс аудандарының аумағын ашель-мустьер дәуірінде ежелгі 
адамдар мекендегенін дәлелдейді. Оған Обалысай, Мүзбел 1, 
Қосмола, Қүдайкол коныстары жатады.
Солтүстік Балқаш оңірінің 
қоныстарындағы жер бетінен 
табылған тас қүралдары ашель дәуірінен бастап 
кейінгі 
палеолитке дейінгі тас ғасырының әртүрлі кезеңдерін қамтиды. 
120 мың жыл бүрын тас-қүралдарды оңдеудің жаңа палеолиттік 
мустьер 
мәдениеті пайда болды. Бүл дәуірдің ескерткіштері 
қазіргі кезде Қазақстанның барлық аудандарында кездесіп отыр. 
Мустьер дәуірі Орталық Азияда осыдан 40 мың жыл бүрын 
аяқталғаны белгілі. Кейінгі палеолиттің дәуірі адамның қазіргі 
түрі - Homo sapiens пайда болуымен байланысты. Сол кезден 
бастап гоминидтердің (ежелгі адамдардың) зволюциясында 
шешуші кезең басталып, нағыз адамзат тарихына түпкілікті оту 
жолы жүзеге асты. Оларға тән белгілер 1868 жылы Франциядағы 
Кро-Маньон үңгірінен табылған бес қаңқаны зерттеу негізінде 
анықталды. Кроманьон адамының сүйектері Еуразияның басқа 
да географиялық аймақтарында кездесті. Кейінгі палеолитке оту 
техникадағы, 
шаруашылық 
нысандарындағы, 
омір 
сүру 
салтындағы, қоғамдық қатынастар мен идеологиядағы оте 
маңызды озгерістермен айқындалды. Сондай-ақ адамның дене 
бітімі де өзгерді.
Кейінгі палеолитте мустьерлік кезеңнің жалпақ, салмакты, 
доңгелек пішінді кесек тас қүралдары (нуклеус) енді жақсы 
қырланып, мүкият жонылды. Олар бүрынғы жалпақ шақпақ 
тастар секілді емес, кремнийден дүрыс қырланған, түзу орі жүқа 
откір қүралдар жасалатын болды. Оның кобі ешқандай қайта 
өңдеусіз (ретушь) кесуге және қыруға 
пайдаланылды. Тасты 
қашаумен бірге тап осы кезде сол кезеңнің неғүрлым жетілген 
жаңа техникалық тәсілі - қыспа ретушь кеңінен тарады. Қыспа 
ретушті XIX ғасырда тас қүралдарын пайдалануды түрмыста 
сақтап қалған тайпалар кеңінен қолданды. Эскимостарда, солтүс- 
тік американың үндістерінде оның үлгілері кездеседі. Содан 
кейін сүйек пен тас тесетін бүрғы пайда болды. Соның негізінде 
енді бір орыннан. яғни ротациялық айналу принципін қолдану 
аркылы ашылатын қақпа, білектер жасалды, бүл орайда ең басты 
жетістік деп доңгелектің ойлап табылуын айтуға болады. Егер от 
болмаса қазіргі техника мен мәдениеттің болуы мүмкін емес еді. 
Сүйек пен мүйізді техникалық тәсілмен өңдеу алдымен ағаш
7


қүралдарын жасауға қолданылғаны анық. Кейінгі палеолмтте 
ағаш оңдеу техникасы да жетіліп, ағаштан жасалған бүйымдар 
түрмысқа кеңінен ене бастады.
Кейінгі палеолит мәдениетінің бір белгісіне түрақты баспана- 
лар салуды жатқызуға болады. Бүл орайда шағын лашықтар 
(хижиналар) түрғызу кең тарады, әдетте мүндай баспаналар 
дөңгелек немесе сопақша етіп салынған, көлденеңінен есепте- 
генде ені 6 метрге жеткен, ал ортасына ошақ орналасқан. Кейінгі 
палеолитте шағын лашықтармен қатар коп ошақты үзын үйлер 
салынған. Күнкорістің қиындығына байланысты, түрмысқа 
қажетті қарапайым керек-жарақтар мен киімдердің пайда 
болуына орай осындай түрақтар мен баспаналар салуға тура 
келді. Ол кездегі адамдар ыдыс-аяк ретінде кейде жануарлар мен 
адамдардың бас сүйектерін қолданған. Жай тостағандар мен 
астаулар ағаштан жасалған.
Ерте 
палеолиттен 
кейінгі 
палеолитке 
оту 
кезінде 
палеонтроптан адамның қазіргі дене бітімі - неонтропқа ауысу 
процесі жүрді. Ол енді тік жүре алатын болды, қазіргі адамдар 
секілді қолдарын сілтеген бағытына доп тигізді. Түтастай 
алғанда, кейінгі палеолиттік адамдар Homo sapiens (Ақыл-есті 
адам) түріне жатады және олардың дене бітімі жағынан қазіргі 
адамдардан айырмашылығы жоқ десе болады.
Кейінгі адамзат тарихының ондаған мыңжылдықтар кезінен 
осы заманға дейінгі аралықта адамның дене бітімі ешқандай 
елеулі өзгерістерге үшырай қойған жоқ. 
Еңбектің жаңа 
дағдылары, жаңа мәдениет, жаңа рефлекстер пайда болғанымен 
адамның сүйектері, дене қүрылысы, олардың өзара үйлесімділігі 
озгеріссіз қалды деуге болады. Антропологтар тек грацилиза- 
цияның әсеріне байланысты, яғни адам денесінің, оның ішінде 
бас сүйектің сәл ғана кішірейгенін дәлелдеді.
Қазіргі адамның дене бітімінің қалыптасу уақыты адамзаттың 
әртүрлі нәсілдерге бөліну кезеңіне сәйкес келеді, мүның озі 
қазіргі замандағы нәсілдердің арғы тегімен тікелей байланысты. 
Адамдардың нәсілдері бір-бірінен сырт пішіндері арқылы 
ажыратылғанымен, адамның қоғамдағы орны мен тыныс- 
тіршілігі бірдей болды. Адамдар носіліне қарай терісінің, шашы- 
ның, козінің түстеріне, пішініне, сондай-ақ бас сүйектерінің 
кескін-келбетіне, бет сүйектерінің 
жалпақтығына және т.б. 
ерекшелігіне қарамастан барлық адамдар қоршаған табиғатты 
игеруге, техниканың, мәдениеттің, қоғамдық қатынастардың ең
8


күрделі деген нысандарын жасауға келгенде бірдей дәрежеде 
қабілетті келеді. Адамзаттың барлық нәсілдері Homo sapiens - бір 
текке және бірдей даму сатысына жатады. Қазіргі кездегі бірде- 
бір нәсілді дамымай қалған деп айтуға болмайды.
Кейінгі палеолитте адамдар Қазақстанның барлық аумағында 
қоныстанған. Орталық Қазақстандағы - Батпақ-7, Семізбүғы, 
Ангренсор-2, Қарабас-3; Шығыс Қазақстандағы - Қанай, 
Новоникольск; Оңтүстік Қазақстандағы -Ашысай, Үсіктас, 
Соркөл тәрізді кейінгі палеолиттік түрақтар зерттелді.
1.2. Орта және жаңа тас ғасырындағы Қазакстан. Энеолит
Ежелгі тас ғасыры - палеолит пен жаңа тас ғасыры - неолит 
арасындағы өтпелі дәуір орта тас ғасыры - мезолит деп аталады. 
Ол біздің заманымызға дейінгі XII-V мыңжылдықтар кезеңін 
қамтиды.
Еуразияның үлкен бөлігінде мезолит екі дәуірге - азиль және 
тарденуаз (Францияда табылған түрақтың атымен аталады) 
бөлінеді. Мезолит түрақтарында үсақ шақпақ тас 
микролиттер 
кездеседі, соған қарап оның кең таралғанын көреміз. Әрі өзінің 
көлемі шағын, дәлірек айтсақ, тіпті 1 сантиметрге жетер-жетпес, 
ал 2 сантиметрден үлкені сирек кездеседі. Бүлар кремний 
жынысының кесектерінен қыспа әдісі арқылы бөлініп алынған. 
Микролиттердің пішіні кейде қатаң геометриялық (үшбүрышты, 
ромб, трапеция, сегмент) сипатымен ерекшеленеді.
Садақ пен жебені ойлап табуға байланысты аң аулау үрдісі 
күшейіп, соның нәтижесінде 
шаруашылықтың жаңа түрлері 
пайда болды. Садақ пен жебені қолдану аң аулау кезінде үлкен 
олжаға кенелтті. Сол кезде адамдар жаралы жануарларды немесе 
оның төлдерін тірідей үстап, оны бағып, өздеріне қажетті азық- 
түлік қорын жасаған. Сөйтіп, жануарларды қолға үйрету кезеңі 
басталды. Адамның бірінші қолға үйреткен хайуанаты ит болды. 
Мезолиттік түрақтар өзендер мен көлдердің жағалауларына 
орналасты. Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық сағаларынан табылған 
түрақтар оған дәлел. Ал Маңғыстауда (Қызылсу) белгілі 
мезолиттік түрақтар бар.
Солтүстік Қазақстанда неолиттік мәдениет атбасарлық және 
маханжар болып екіге бөлінеді. Атбасар мәдениетінің түрғын- 
дары Есіл жағалауындағы далалық өңірде және Қазақтың үсақ 
шоқыларының солтүстік-батыс бөлігінде қоныстанып, негізінен
9


аң 
аулаумен 
айналыскан. 
Бүл 
моденпеттің 
тиянакты 
зерттелгендері Виноградов-2, Тельман түрақтары. Маханжар 
мәдениетінің ескерткіштері Торғай мен Тобылдың алқаптарында 
шоғырланған. Бүл Маханжар, Дүзбай, Алкау түрақтары. Батыс 
Қазақстандағы неолит кезеңі оюклин және тюлуз модениет- 
терімен белгілі. Б.з. дейінгі VI-V ғасырларға жататын оюклин 
ескерткіштері Маңғыстауды қоныстанған аңшылар мен термеші- 
лерден қалған. Б.з. дейінгі V мыңжылдықта бүл модениет кезбе 
аңшылардың тюлуз мәдениетімен алмасты. Батыс Қазақстанның 
неолит түрғындары қыш жасау жоне тоқыма істерін кереметтей 
меңгерген.
Неолит дәуірі б.з. дейінгі V-III мыңжылдықтардың арасын 
қамтиды.Бүл 
кезең 
тастарды 
қасиеттеріне 
карай 
тиімді 
пайдаланудың нағыз өркендеген кезі еді. Еңбек күралдарын 
жасаудың тосілдері жетілдірілді. Ретушь техникасын қолданумен 
бірге тас өңдеудің жаңа технологиялық тосілдері дүниеге келді: 
ыспалау, бүрғылау, аралау, ор текті тастарды пайдалану. тастан 
балта жасау, кетпен, дән үккіш, баспалдақ, келі, келсап жоне т.б. 
Қазақстанда 
сол кезеңнің 600-ден астам археологиялык 
ескерткіштері мәлім. Оңтүстік Қазақстан жері орта азиялық 
кельтеминарлық мәдениеттің солтүстіктегі шеткі аймағы болды. 
Кельтеминарлар дөңгелек түбі бар және қызыл бояумен боялған 
кыштан ыдыстар жасауды меңгерді. Ыдыстың жоғарғы болігіне 
кобінесе бедер мен орнектер салынды. Бүл моденпет мүрасы 
Қаратаудағы Қараүңгірден табылған археологиялык материалдар 
негізінде зерттелді.
Қазақстан аумағында бүлақ бойына орналасқан түрақтар 
мейілінше кеңінен таралғанымен озен суы бара бермейтін шолейт 
және жартылай шолейт аймактарда да кездеседі. 
Бүлак 
бойындағы түрактар кобінесе аңшылардың уакытша, маусымдык 
конысы үшін салынды. Қазақстанның шолейт даласындағы 
неолиттік ескерткіштердің бір ерекшелігі олардың басым 
болігінің 
түрактары ашык, жер бетінде орналаскандығында. 
Барлык түрактардан да жергілікті материалдан жасалған жебе 
мен 
найзаның 
үштары, 
балталар, 
бүрғылар, 
пышактар, 
кырғыштар табылды. Белгілі бір каруды дайындау үшін оған 
лайыкты тас түрлерінің іріктелгені байкалады. Шикізат түрінің 
коптігі оны оңдеу мен жетілдіруде 
ортүрлі 
техникалык 
тосілдерді дамытуға мүмкіндік жасады.
10


Бүл доуірде егін шаруашылығы мен мал шаруашылығының 
пайда болуына орай табиғаттың дайын онімдерін теру мен аң 
аулау сияқты күнкөріс біртіндеп диқаншылыққа ауысты. 
Шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуы адамзат коғамы- 
ның дамуына орасан зор ықпал етті, адамның еңбек ету саласы 
кеңіп, оның мінез-қүлқы сапалық озгерістерге үшырады. 
Қазақстанның ежелгі түрғындары мата тоқу мен тау-кен ісінің 
негізін қалай бастады.
Әлеуметтік түрғыдан алғанда, неолит дәуірінде рулық 
қауымдық қатынас болды, оған 
үжымдық еңбек пен ондіріс 
қүралдарына ортақ меншік тән еді. Сонымен қатар бүл кезеңде 
қоғамның үйым түрлері дамып, тайпалар жоне тайпалық 
бірлестіктер қүрылды. Тайпалар туысқандык жағынан бірігетін 
жоне шаруашылықтың бір түрімен айналысатын бірнеше рулык 
кауымдардан қүралды.
Б.з. дейінгі III мыңжылдықта адамдар металды, оның ішінде 
мысты (энеолит) қолдана бастады. Солтүстік Қазақстанда бүл 
кезеңде мыс дәуірінің мәдениет ескерткіштері - Ботай, Қызыл 
Жар, Бестамақ, Түзды кол және т.б. пайда болды.
Ботай және т.б. қоныстардың материал дары на талдау жасай 
келіп, мыс (энеолит) дәуірінің материалдык жоне материалдық 
емес қырларының сипаттамасын былайша бөліп қарауға болады:
1) ондіруші шаруашылык нысандарына жоне үй косіпшілігін 
дамытуға негізделген белгілі бір дәрежедегі отырықшылық. Үй 
қүрылысында төбесі ағашпен жабылған жартылай жерден 
қазылған көп бүрышты немесе шеңберлі қүрылыстар салудың 
басым болуы;
2) қайтыс болған адамды қоныстың шетінде және зиратта 
жерлеу, сондай-ақ жалғыз жерлеу. Бас сүйекті трепанациялау 
және олгеннен кейін масканы дайындау дәстүрі кездеседі. 
Антропологиялық түрі - ежелгі еуропеоид;
3) 
археологиялық 
инвентарьдың 
ерекшелігі 
мынадай: 
кремнийден қүралдар жасау, негізгі түрлері - найзалардың, 
жебелердің үштары, 
үлкен 
пышақтар, 
қайқы 
пышақтар, 
кырғыштар. Сүйектен жасалған қарулар мен қүрал-саймандар -
мүқалтқыш, тескіш, тас үккіш, бүрғы, пышақ, қалып, гарпун, 
садақтың үштары. Керамикадан жасалған бүйымдар бүйірлі, 
мойыны ашық болды. 
Оның сыртына 
түтастай орнектер 
салынды немесеиіректермен сызықтармен ошекейленді.


4) 
жылқы шаруашылығы өркендеуіне байланысты адамдар ат 
үстайтын болды. Мүндай ерекшелікті қазіргі кезде Еуразия 
аймағындағы энеолит және 
әуелгі қола 
мәдениеті ретінде 
белгілі Ботай қоныстарының ескерткіштері дәлелдеп отыр. 
Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениетіне Оңтүстік Оралдың 
суртанды 
мәдениеті, 
Поволжьенің 
Хвалынск 
мәдениеті, 
Алтайдың Афанасьев мәдениегі мен Шығыс Қазақстанның Усть- 
нарым мәдениеті біртабан жақын келеді. Осындай өзара 
үқсастықтар Еуразияның далалық алқаптарындағы тайпалардың 
мәдени және этникалық бірлікте болғанын көрсетеді.
1.3. Қазакстан аумағындағы кола дәуірі
Б.з. дейінгі II мыңжылдықтың орта шенінде еуразия далала- 
рында қоланы пайдалану жүзеге аса бастады. Ертедегі адамдар 
мысқа қалайыны, мысқа мырышты, мысқа қорғасынды қосу 
арқылы металдан жасалатын бүйым алынды. Бүл бүйым қола 
бүйымдары. Соңғы жылдары Қазақстанда қола ескерткіштері 
кең ауқымды зерттелуде, оның қай кезеңде болғаны мен 
хронологиясы жасалуда, қола мәдениетінің тарихи бірлігі мен 
даму мәселелері ойдағыдай шешімін табуда. 
1913 жылы 
Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы түбіндегі Андронов селосын- 
да обаны қазу кезінде қола заттар табылып, ол Андронов 
мәдениеті деп аталған болатын. Қола дәуіріне жататын 
Қазақстанның археологиялық ескерткіштері Андронов мәдение- 
тіне жатады. Оның таралған аймағы Оңтүстік Сібірдің, 
Қазақстанның, Орал мен Орта Азияның 
бүкіл 
аудандарын 
қамтиды. Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі 
Қазақстан аумағында орналасқан.
Тарихи-мәдени түрғыдан қарағанда, Андронов мәдениеті 
қола дөуірінің ертедегі (б.з.д. XV11I-XVI ғғ.), орта ( б.з.д. XV-X1I 
ғғ.) және кейінгі (б.з.д. ХП-VI 11 ғғ. бас кезі) кезеңдеріне сәйкес 
келеді. Орталық Қазақстанның қола дәуірі Нүра, Атасу және 
Беғазы болып үшке бөлінеді. Қола дәуірі түрғындары негізгі 
кәсібі мал шаруашылығымен айналысып, әсіресе ірі қараны көп 
үстап, оны шүрайлы жайылымдарда баққан. Егер мал үстаудың 
бастапқы кезеңінде табында ірі қара көп болса, ал қола дөуірі 
дамыған 
кезеңде 
жылқыны 
шаруашылықтың 
әр 
түріне 
пайдаланып, тек жүк тартуға ғана емес, мінетін колік ретінде де


қолдана бастады. Орталық Қазақстан даласында жабайы түйелер 
қолға үйретіліп, ал огіздер жүк тасуға пайдаланылған.
Қола дәуірінде 
мал шаруашылығы экстенсивті дамыды. 
Көшіп-қонудың арқасында жаңа жайылымдарды игеру мен оның 
аумағын кеңейте түсу Қазақстанның далалық жерлерінде мал 
шаруашылығын дамытып, жылқы, қой түліктерін өсіруге 
қолайлы жағдай туғызды. Қазақстан аумағында мал шаруа- 
шылығымен қатар кетпенмен жер өңдеу шаруашылығы болды. 
Усть-Нарым (Шығыс Қазакстан) конысынан табылған кремний- 
ден жасалған орақ егін шаруашылығының болғанын дәлелдеді. 
Егін жинау барысында 
алғашкыда әр түрлі қола және мыс 
орақтар пайдаланылса, кейіннен коладан жасалған шалғы 
қолданылды. Негізінен алғанда, бидай, қара бидай және тары 
өсірілді. Егін шаруашылығы өзінің сипаты жағынан қарапайым, 
мал шаруашылығына қарағанда қосалқы рол атқарды, дегенмен 
ол азық-түліктің негізгі көздері болып есептелді. Шаруашылық 
жүргізудің жоғарыда айтқан түрлерімен қатар тау-кен ісі мен 
металлургия да маңызды рөлге ие болды. Ежелгі кезде мыс 
(Жезқазған, Зырян, Қаршыға, Жалтыр, Ащылы, Үра-Төбе, 
Күшікбай), қалайы (Атасу, Қалба таулары және Нарым 
жоталары) және алтын (Степняк, Қазаншүңқыр, Балажал, Ақжал, 
Дайбай, Майкөпшегей, Ағабек) өндірілуі бүл аймақтардың көне 
металлургияның орталықтарының бірі болғанын дәлелдейді. 
Шамамен алғанда, Жезқазған ауданында қорытылған мыс 100 
мың тоннаға дейін жеткен. Ал Успенск кенішінде - 200 мың 
тонна, Имантау кен орнында 48 мьщ тонна болған. Қазақстанның 
қола дәуіріндегі кешенді шаруашылық түтастай алғанда, тиісті 
табиғи-климаттық жағдайларға орай 
салыстырмалы түрде 
жоғары дәрежеде дамыған.
Қоғамдық өмірді үйымдастыруда 
айтарлықтай өзгерістер 
болды. Шаруашылық түрінің өзгеруі қоғамдық үйымдастыруға 
да өзіндік жаңалықтар әкелмей қойған жоқ. Аналық-рулық 
қатынастар аталық-рулық қатынастарға ауысты. Қазақстанда 
патриархат тез қарқынмен дамыды, бірінші кезекте ол жаңадан 
пайда болған экономикалық бірлікті - жеке отбасылары мен 
отбасылық-неке қатынастарын басқарды. Көп некелілік орнына 
енді бір неке немесе бір адаммен түрмыс қүру салты пайда 
болды. Аталық отбасылық қауымның бастапқы кезеңі ерлердің 
төрт-бес жанүялары бойынша қүрылып, аумағы 200 шаршы метр
13


болатын үлкен түрғын-жайларда бірге түрды. Әрбір аталык- 
рулық елді-мекендерде осындай бірнеше түрғын-жайлар болды.
Кейінгі қола доуірі тайпаларының шаруашылык дамуы мен 
мал басының күрт осуі жерлеу одет-ғүрпына да осер етті. Сол 
кездегі адамдардың зираттарында үй жануарларының сүйектері 
коп кездеседі. Қүрбандыққа шалынған малдардың сүйектері 
тастан 
жасалған 
жәшіктерге 
салынатын 
болған. 
Мүлік 
теңсіздігінің күшеюіне байланысты тайпа басшылары мен 
косемдері озгелерден ерекшелене бастады
бүған аталған 
до\ ірдің соңғы кезінде түрғызылган Беғазы-ДондібаГі мазары мсн 
Тегіскен кесенесі мысал бола алады.
Қола доуірінде эгалитарлы қоғам ыдырап, дін қалыптасты. 
оған қызмет ететін абыздар болатын. Патриархальды қоғамға 
жоне тайпалык күрылымға оту кезеңі діннің пайда болуына, ата- 
бабаларының оруағына сыйынуға жол ашып берді. Сонымен бір 
мезгілде егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын қорғайтын 
күдайлардың бейнелеріне табыну коса жүрді. Қола дәуірінде 
адамдар отка табынды, ол кезде мойітті отка жағу ғүрпы кең 
таралды. Күйген сүйектердің қалдыктары қола доуірінің 
әр 
кезеңіне жататын кабірлерде кездеседі. Ертедегі адамдар от 
денені жын-шайтаннан тазартады жоне олген адамды поле- 
жаладан корғайды деп түсінген.
Қола доуірінің кейінгі кезеңінде шаруашылык жүргізчдің 
жаңа түрі - кошпелі мал шаруашылығының дамуына орай айға. 
жүлдызға табыну кең тарады, кошпенділер түнде кошіп келе 
жатканда ай мен жүлдызға қарап бағыт-бағдарды аныктайтын 
болған. Қола доуірінде тайпа. ру косемдерінің немесе бай 
отбасыларының иеленген малдары мен ондіріс күралдарына 
тиісуге тыйым салынған дәстүр болған.
Ежелгі тайпалардың 
талғамы мен мәденпетінің кандай 
болғанын олардың жасаған әшекейлері мен онер туындыларына 
карап білуге болады. Қүрбандық шалатын жөне үрандар айтатын 
тас жартастарда жазулар жазылып, ғажайып суреттер салынған 
(Таңбалы тас, Сынтас жоне т.б.). Онда доңгелектер, садак аткан 
батырлар, дәстүр бойынша шеңбер жасап билеген бишілер 
бейнеленген, ал солардың бәрінің үстінен «күнбасты қүдай» 
карап түр. Бүл адамның озі мен табиғат күштері туралы 
ойлануына жоне дүниеге діни козкарастың пайда болчына алып 
келді.
14




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет