көбейіп кетті. Бүл ереже негізінде коныс аударушылардың
бүрынғы артықшылықтары шектелді. Мысалы, жан басына
шаққанда (ер адамға) жер енді 10 десятинадан болінді, қоныс
аударушылар салық пен міндеттіліктен үш жылға босатылып,
одан кейінгі жылдары бүл жеңілдік екі есе қысқартылды. 1886
жылы Түркістан олкесіне қоныс аударғандарды орналастыру
мәселелеріне қатысты ереже шықты.
1885 жылғы, яғни Жетісу облысына қоныс аударуға ресми
түрде тыйым салғанға дейін онда ерлер мен әйел адамдарды
қосып есептегенде 35569 түрғыны бар 63 шаруа поселкелері
болды. Оның ішінде Верный уезінде -12, Қапалда 4, Лепсіде
17, Пішпекте -18, Пржевальскіде - 12 шаруа қоныстары салынды.
Н.Леденевтың
есептеуі
бойынша
Жетісудағы
казак
станицаларының саны 1856 жылдың 1 қаңтарынан 1900
жылға
дейін өзгерген жоқ, ал осы 29 станицада халықтың саны 26194-
тен 28791 адамға ғана ості, демек халықтың өсімі ерлер мен
әйелдерді коса алғанда 2597 адамға ғана көбейген.
Сырдария
облысына
Ресейдің
еуропалық
болігінен
қоныстанушылардың келуі
XIX ғасырдың
70-ші
жылдары
басталды. Алғашқыда 1874 жылдан 1882 жылға дейін облыста 6
шаруа елді мекені қүрылса, ал 1884 жылдан 1890 жылға дейін
14, ал 1891-1892 жылдары -17 жаңа поселке
салынды. Осы
жылдар ішінде Сырдария облысында барлығы 37 елді мекен бой
котерді.
Қазақстанда қоныстану
қозғалысын
үйымдасқан түрде
жүргізіп, орыс шаруаларының оз бетімен келуін реттеу үшін 1889
жылы
13 шілдеде Ресей үкіметі «Ауыл түрғындары мен
мещандардың мемлекеттік меншікке кіретін жерлерде коныстан>
тортібі туралы» арнайы ереже қабылдады. Бүл Ереже бойынша
қоныстану мен кошіп-қону арнайы рүқсат беретін органдардың
қүзырында болды. Жетісу, Ақмола,
Семей облыстарының кошіп-
қонатын аудандары белгіленді. 1891-1892 жж. бүл ереже Торғай
мен Орал облыстарында пайдаланылды.
1891 жылы Трансібір теміржолын салу туралы патшаның
жарлығы шыққаннан кейін қүрылған Сібір теміржол Комитетінің
қоныс аудару саясатында атқарған ролі зор еді. Бүл теміржол
Қазақстанның Ақмола, Омбы, Петропавл,
Кокшетау уездері
арқылы 178 шақырымға созылды. Осы аймақтан 2,5 млн.
десятина жер межеленіп, оған 160 мың қоныс аударүшыларды
орналастыру козделді.
170
1897 жылғы санак мәліметтеріне сүйенсек, XIX ғасырдың
аяғында Қазақстанда халық санының осуі, жас молшері мен
жынысы, этникалык жағынан коп озгерістерге үшырағаны
байқалады. Дала олкесінде «орыс қоныс аударушылардың» үлесі
20, жергілікті түрғындардың, яғни қазақтардың үлесі 77, «озге
қоныс тебушілер» мөлшері 3 пайызды қүрады. Қазақстан
бойынша, түтастай алғанда, XIX
ғасырдың аяғында орыс қоныс
аударушылары
саны
11%,
жергілікті
түрғындар
85,7%,
қалғандары 2,4 % болды.
Достарыңызбен бөлісу: