9.4. Мемлекеттік күрылыс
1918 жылы 12 мамырда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің
қаулысымен үлттар жөніндегі Халық Комиссариатында Қырғыз
(Қазақ) бөлімі қүрылды. 1919 жылы 10 шілдеде РКФСР ХКК
шешімімен
Қырғыз
(Қазақ)
өлкесін
басқау
жөніндегі
Революциялық комитет қүрылды. В.И.Ленин қол қойған декретте
Қазревком өлкені жоғарғы әскери-азаматтық басқару органы
делінген. Қазақ өлкесін басқарушы жоғарғы орган Қазревкомның
қызметі ауқымды әрі жан-жақты болды. Ол өлкені интервенттер
мен ақ гвардияшылардан
азат етуде Қызыл Әскерге
көмек
беруге, мемлекетті басқарушы органдардың қызметін нығайтуға,
азат етілген аудандардың жүмысын жаңғыртуға, өнеркәсіп пен
көлік қатынасын қалпына келтіруге, мәдениетті дамытуға баса
назар аударды.
Оның негізгі қызметі қазақ еңбекшілерін
мемлекеттік қүрылысқа тарту және Қазақстанда Кеңестердің
Қүрылтай съезін шақыруға дайындық жүмысын жүргізу болатын.
Қазақстанды басқару алғашқы кеңестік комиссар С.С.Пест-
ковскийге жүктелді. Сонымен қатар, Ревком қүрамына С.Мең-
дешев, Ә.Жангелдин, А.Байтүрсынов, В.Лукашев, Б.Қаратаев
тәрізді белгілі қоғам қайраткерлері енді. Ревкомның қарамағына
Астрахань губерниясы жэне Орал, Торғай, Ақмола мен Семей
облыстары кірді. Іс жүзінде Ақмола мен Семей облыстары 1921
жылдың бірінші жартысына дейін Сібір ревкомының қарауында
болып келген еді. 1920 жылы 9 наурызда ревком «Алаш Орда»
үкіметін тарату жөнінде шешім қабылдады. Қазревкомның
органы ретінде «Үшқын» («Искра») газеті шықты, тек Ақтөбе
уезінің өзінде
300 жаңа мектеп ашылды, өлкенің бірқатар
қалаларында мүғалімдер даярлайтын мектептер жүмыс істеді.
2 2 9
Қазревкомның
басты міндеті өлкенің автономия алуына
байланысты дайындық жүмысын жүргізу еді. 1920 жылы 26
тамызда В.И.Ленин мен М.И.Калинин «Автономиялық Қырғыз
(Қазақ)) Кеңестік Социалистік Республикасын қүру туралы»
БОАК пен РКФСР ХКК декретіне қол қойды.
БОАК (Бүкіл
одақтық Атқару Комитеті) мен РКФСР ХКК декретінің бірінші
тармағында:
«Автономиялык
Қырғыз
(Қазақ)
Кеңестік
С оциалист Республикасы РКФСР-дің бөлігі ретінде қүрылсын»
деп жазылды. Республиканың
аумағы 2 миллион шаршы
шақырымды қүрады, халқының саны 5 миллионға жуық болды,
оған Семей, Ақмола, Торғай және Орал облыстары, Маңғыстау
уезі, Закаспий облысындағы Красноводск уезінің 4-ші және 5-ші
Адай болыстары, Астрахань губерниясының Синеморье облысы,
Бөкей ордасы (Бөкей даласы) және қазақтар мекендейтін 1-ші
және 2-ші Приморье окугіне жататын бүрынғы қазыналық салық
төленетін жерлерінің аумағы қарады. 1920 жылы 22 қыркүйекте
БОАК өзінің жаңа декретімен Қазақ АКСР қүрамына Орынбор
губерниясын енгізіп,
Орынбор қаласын оның астанасы етті.
Жетісу және Сырдария облыстары Түркістан
Кеңестік
Федеративтік Республикасының қүрамына жатты, бүл аталған
республика 1918 жылы 30 сәуірде Ташкентте өткен Түркістан
Кеңестерінің Ү съезінде қүрылған болатын. Оның қүрамында
Түркістан болды, ал Хиуа мен Бүхара енген жоқ. Декретте
Түркістан
республикасы ның қүрамындағы
қырғыз (қазақ)
территориясының республика қүрамына кіруі сол түрғындардың
өз тілегі бойынша шешіліп отыр делінген.
4-12 қазанда, Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің
Қүрылтай съезі өтті. Съезд жоғарғы өкімет органдарын
республиканың
Орталық
Атқару
Комитеті
мен
Халык
Комиссарлары Кеңесін сайлады. ҚазАКСР Орталық Атқару
Комитетінің төрағасы болып С.М.Меңдешев, ал ҚазАКСР Халық
Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болып В.А. Радус-Зенькович
сайланды. Съезд Қазақ АКСР еңбекшілері қүқықтарының
Декларациясын
қабылдап,
ҚазАКСР-дің
қүрылуы
конституциялық түрде жарияланды, мемлекеттік билік пен
мемлекеттік басқарудың орган дары, жер саясаты, азаматтардың
негізгі қүқықтары мен міндеттері, сайлау жүйесі мен оның
принциптері, сот жүйесін үйымдастыру және оның қызметі
айқындалды.
Қазақтың
кеңестік
үлттық
мемлекеттігін
жариялаудың саяси мөні оте зор.
2 3 0
Қазақ халқы бүл актіні ғасырлар бойы аңсаған арманы мен
отаршылдыққа қарсы үзаққа созылған күресінің жеңісі деп біліп,
үлттық қайта өрлеу жолына жасалған алғашқы қадам ретінде
қабылдады.
1922 жылы 30 желтоқсанда Мөскеуде өткен Кеңестердің
Бүкілодақтық бірінші съезі Кеңестік Социалистік Республикалар
Одағын жариялады.
Алғашқыда ол төрт республиканы, атап
айтқанда, РКФСР, УКСР, БКСР, ЗКФСР (Грузия, Әзірбайжан,
Армения) қамтыды, Қазақстан РКФСР қүрамында болды.
1921 жылы қаңтарда Қазақ АКСР ХКК «Қырғыз (қазақ) және
орыс тілдерін қолдану төртібі туралы» декрет қабылдады. Декрет
Қазақ АКСР заңдарын, губерниялық үйымдардың нормативтік
актілерін казак және орыс тілдерінде жариялаудың қажеттігін
сол мекеменің
істі қай тілде жүргізетіндігіне байланысты
қарастырды.
1923 жылы 22 қарашада
Қазақстанның ОАК
(Орталық Атқару Комитеті) «Іс қағаздарын қырғыз (казак)
тілінде жүргізу туралы» декрет қабылдады.
1921 жылы Қазақстанның солтүстігі мен батысында, Батыс
Сібірді межелеп бөлу жүргізілді, Орта Азйяның үлттық-аумағын
межелеп бөлу және казак жерлеріне қосуға үлкен дайындық
жүмыстары жүргізілді.
1924 жылы 27 қазанда
КСРО ОАК
сессиясында Өзбек КСР-ын оның қүрамына Тәжік АКСР-ы;
Түркімен КСР-ын күру; Қара-Қырғыз автономиялық облысын
РКФСР қүрамына енгізу; Қазақ АКСР, оның қүрамына
Қарақалпақ автономиялық облысын енгізу туралы шешім
қабылданды. Үлттық-аумақтық межелеу нәтижесінде Сырдария
облысына қарайтын Қазалы, Акмешіт, Түркістан, Шымкент
уездері және Әулиеата уезінің үлкен бөлігі, Ташкент уезінің бір
бөлігі және Мырзашөл уездері, Самарканд облысына кіретін
Жизақ уезінің алты көшпенді болыстары Қазақстанға қарайтын
болды. Жетісу облысында
Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал
уездері, Пішпек уезінің Георгиевск, Шу, Қара Қоныс болыстары
қарады.
Қазақстан аумағы 1920 жылы 2 млн. шаршы
шақырымнан 1925 жылы 2,8 млн. шаршы шақырымға кеңейді,
республика өзінің аумағы жағынан КСРО-да екінші орын алды.
Егер межелеп бөлуге дейін Қазақстанның мемлекеттік шекарасы
(Қытаймен Зайсан көлі ауданында) аз ғана аумақты алып жатса,
енді шекара 2200 шақырымға дейін созылды. ҚазАКСР-ына
оңтүстік аумақты қосқаннан кейін оның халқының саны 4,8 млн.
адамнан (1920 ж.) 6,5 млн. адамға (1925 ж.) өсті. 1926 жылғы
2 3 1
халық санағы бойынша қазақтар Қазақстан түрғындарының 61,3
% қүрады. 1925 жылы 9 ақпанда Қазақ АКСР ОАК астананы
Орынбордан Ақмешітке
көшірді. 1925 жылы 15-19 сәуірде
республиканың жаңа астанасында Қазақстан Кеңестерінің Ү съезі
өтті. Онда халқымыздың байырғы атауы - қазақ атауы қалпына
келтіріліп, Қырғыз АКСР-ы Қазақ АКСР етіп өзгертілді. Съезд
республика астанасы Ақмешіттің атын Қызылорда деп өзгертті.
1928 жылы аудандарға бөлу қайта қаралды. Республика
басқарудың бес сатылы жүйесінен (ауыл-село-болыс-уезд-
губерния-орталық) төрт сатылы (ауыл- село- аудан- округ-
орталық) басқару жүйесіне көшті. Республика бір автономиялық
облысқа, 13 округке және 192 ауданға бөлінді. 1929 жылы Қазақ
АКСР астанасы Қызылордадан Алматыға көшірілді.
1936
жылы 5 желтоқсанда КСРО Кеңестерінің YII1 Төтенше
съезі кеңес мемлекетінің
жаңа Негізгі Заңы
КСРО
Конституциясын
қабылдады.
Қазақ
АКСР-ы
одақтас
республикаға айналды. 1937 жылы қабылданған
Қазақ КСР
Конституциясы бүкіл елімізде, сондай-ақ біздің республикада
социализмнің
негізі қаланды, өндіріс қүрал-жабдықтарына
қоғамдық меншік пен шаруашылықты басқаруда жоспарлы
жүйесі қалыптасты, адамды адамның қанауы жойылып, тең
қүқықтық қатынастар қалыптасты. Халықтар ынтымақтастығы
орнады,
экономика мен мәдениетті көтеру жүзеге асты деп
мәлімдеді. Бір жағынан қарағанда, мүның бөріне үлт-азаттық
күрес дем берді десек, екінші жағынан ол халықтың әділдікке,
ізгілікті қоғамға деген сенімі деп білеміз.
Экономика мен мәдениеттегі жетістіктерге оңайлықпен қол
жеткен жоқ. Әміршілдік жүйе қалыптасты. Мал-мүлкінен
айырылған көшпенділер мен жартылай көшпенділер өнеркәсіп
орталықтарының маңына шоғырланып, отырықшы түрмыс-
салтына ауысуға мәжбүр болды, онда жүмысшыларды азды-көпті
азық-түлікпен
қамтамасыз
етті.
Өнеркөсіп жүмыстарынан
төжірибесі жоқ қазақтар амалсыз қара жүмысшы болып, өртүрлі
ауыр жүмыстарды істеді.
Достарыңызбен бөлісу: |