Қазақстан тарихы оқулық


Акпан буржазиялык-демократнялық революциясынан



Pdf көрінісі
бет43/77
Дата09.10.2024
өлшемі7,71 Mb.
#147352
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   77
Байланысты:
Кадыркулова Г. Казакхстан тарихы

8.5. Акпан буржазиялык-демократнялық революциясынан
кейінгі Қазақстан
1917 жылы 27 ақпанда Ресейдегі 
буржуазиялық-демокра- 
тиялык 
революция 
нәтижесінде 
монархия 
қүлатылды. 
Монархияның қүлауы Қазақстандағы саяси жағдайды түбірімен 
озгертті. Қазақ халқы бүл оқиғаны қуанышпен қарсы алып, саяси 
омірге белсене араласа бастады. Қазақтар патша өкіметінің 
қүлауын қолдап, оны көп ғасырға созылған күрестің нәтижесі 
мен 1916 жылғы үлт-азаттық қозғалыстың алдына қойған 
мақсаттарын қанағаттандыру нәтижесі ретінде қабылдады. Бүл 
хабарды қазақтың үлттық зиялылары аса зор қуанышпен қарсы 
алды. Минск майдан штабының Қырғыз болімінің жетекшісі 
Ә.Бөкейханов телеграфпен мынадай хабар жолдады: «Ресей 
халықтары үшін Туысқандық, Теңдік және Бостандық күні туды. 
Жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтарға бірігу керек. Жаңа тәртіпті 
нығайтуға орай біз басқа халықтармен туысқандық қарым- 
катынасты күшейтуіміз керек. Қүрылтай жиналысына қатысты 
сайлауға дайындық жүргізілуі тиіс. Бірлік пен әділдік үшін 
күресіңіздер». Үкіметтің өзгергені туралы хабарды алған соң, 
Уақытша 
өкімет 
пен 
Мемлекеттік 
Думаның 
мүсылман 
фракциясына 1917 жылы 5 наурызда жазған бағдарламасында 
қазақтар мен қырғыздардың уәкілеттік өкілдері ретінде алыстағы 
қытайға тағдырдың айдауымен барған «орыс» мүсылмандары, 
шексіз қуанышқа бөлендік» деп жазды.
Уақытша үкімет империялық үлттық саясаттың зардаптарын 
жоюда нақты шаралар жасады. 1917 жылы ол дініне, сеніміне 
немесе үлтына байланысты Ресей азаматтарының қүқықтарын 
шектеуді жойды. Отаршылдық әкімшілік шенеуніктерін биліктен 
аластату жүмысы басталды. Наурызда Орал облысының вице- 
губернаторы, Батыс Сібірдің генерал-губернаторы, Торғай
2 0 9


облысының губернаторы, Оралдағы, Омбыдағы, Петропавлдағы, 
Орынбордағы бірқатар уездерінің бастықтары мен жандармдары 
түтқынға алынды. 30 наурызда Түркістан генерал-губернаторы 
лауазымынан алынып, түтқындалды. Осындай әрекеттер Жетісу 
және Семей облыстарының бірқатар уездеріндегі отаршылдық 
әкімшілік басшыларына да жасалды.
1917 
жылы 7 сөуірде Түркістан комитетін қүру туралы 
Уақытша үкіметтің қаулысы шықты. Қазақ үлттық зиялыла- 
рының өкілдері Уақытша үкіметтің шешімімен әртүрлі кезеңде 
мынадай лауазымдарға ие болды: Ә.Бөкейханов - Уақытша 
үкіметтің Торғай облыстық комиссары, Ү.Ғаббасов Семей 
облыстық жергілікті басқару басқармасының мүшесі, М.Дулатов 
Торғай облыстық жергілікті басқару басқармасының мүшесі 
және Торғай облыстық комиссарының көмекшісі, М.Тынышпаев 
- Уақытша үкіметтің Жетісудағы облыстық комиссары, сонымен 
қатар Азаматтық атқару комитеті, 
коалициялық комитет 
қүрылып, болыстарда, ауылдарда, селоларда жөне станицаларда -
болыстық, 
ауылдық, 
селолық 
және 
станицалық 
атқару 
комитеттері үйымдастырылды. Алғаш рет өлкені басқару 
органының қүрамына саяси көзқарастарына байланысты эсер- 
кадет блогына жақын қазақ зиялыларының өкілдері енгізілді. 
Осылайша, Қазақстанның саяси оміріне алаш қозғалысының 
қайраткерлері белсене араласа бастады.
1917 
жылы 7 наурызда Уақытша үкімет 1916 жылғы 
көтеріліске қатысқандарға рақымшылық жасау туралы жарлык 
шығарды. 1917 жылы 8 қыркүйекте Жетісу облысының орыстары 
мен жергілікті халқына көмек көрсету мақсатымен 11 миллион 
150 сом қазынадан қаржы белу туралы шешім қабылданды. Осы 
қаржының 5 миллион сомы жергілікті түрғындарға, 6 миллион 
150 сомы орыстарға бөлінді. Әрбір шаңырақ басына 100 сомнан 
берілді. Ақпан революциясынан кейін патша өкіметі қазақтарға 
қатысты геноцид саясатын тоқтатты. Бүл орайда Уақытша үкімет 
1917 жылы 24 сөуірде тыл жүмысына алынған жүмысшы- 
қазақтарды қайтару туралы шешім қабылдады. Уақытша 
үкіметтің бүл өрекетін XX ғасыр тарихында үлттық келісім мен 
ынтымақ саясатын жүргізуге бағытталған алғашқы өрекеті деп 
бағалауға болады.
Патша өкіметінің қүлауы мен революциялық қозғалыстың 
дамуы нөтижесінде қазақ қоғамының өртүрлі тап өкілдері 
саясатқа бет бүрды, саяси, көсіби жөне жастар үйымдары қүрыла
2 1 0


бастады. Олардың көпшілігі конфессионалдық сипатта болса да 
негізінен Түркістан мен Қазақстан халықтарының жалпы үлттық 
мүдделерін 
көздеді. 
Бүлар 
«Верный 
қаласы 
мүсылман 
жүмысшыларының біріккен одағы», Жаркенттегі «Жүмысшы 
одағы», Түркістан өлкесіне қарайтын Қазақстанның оңтүстік 
облыстарында қүрылған «Мүсылман еңбекшілерінің одағы». 
Қазақстанның бірқатар жерлерінде демократиялық бағыттағы 
қазақ зиялыларының өкілдері, оқушы жастар мен ауыл 
мүғалімдері, «Омбы оқушы жастарының демократиялық Одағы», 
Ақмолада «Жас қазақ», Спаский зауытында «Жас жүрек», 
Петропавлда «Талап», Семейде «Жанар», Әулиеата облысын- 
дағы 
Мерке ауылында Түрар Рысқүлов басқарған «Қазақ 
жастарының революциялық одағы» және тағы басқа жастар 
үйымдары 
мен 
үйірмелері 
қүрылды. 
Қазақ 
жастары 
үйымдарының басым бөлігі алғашқы кезде өздерінің алдына тек 
мәдени-ағарту міндеттерін ғана қойған еді, енді біртіндеп саяси 
талаптарға көше бастады, бірі большевизм мен социалист 
революция туының астына жиналса, екіншісі буржуазиялық- 
демократиялық Ресей қүрамында қазақ үлттық автономиясын 
қүру идеясын жақтаған «Алаш» партиясы қоластына бірікті.
Алғашқы Кеңестер 1917 жылы наурызда пайда бола бастады. 
Жүмысшы және солдаттарға қарағанда шаруа депутаттарының 
Кеңесі 
кейінірек, яғни 1917 жылдың мамыр және маусым 
айларында қүрыла бастады. Кеңестердің көпшілігін алғашқы 
кезде 
эсерлер мен меньшевиктердің үсақ буржуазиялық 
партиясы өкілдері басқарды. Қазақстандағы қос өкіметтің 
орталық аудандарға Караганда өзіндік ерекшеліктері болды, бүл 
өлкенің отар ретінде әлеуметтік-экономикалық және саяси даму 
деңгейіне, оның көпүлттығы мен халқының қүрамы негізінен 
үсақ буржуазия өкілдерінен шыққандығына байланысты еді. 
Осындай жағдайда, Қазақстандағы аграрлық, үлттық, мемле- 
кеттік күрылыс 
проблемаларын шешу мақсатында үлттық- 
демократиялық қозғалыстың басшылары 
облыстық съездер 
өткізе бастады. 2-8 сәуірде Орынборда Торғай облыстық съезі 
өтіп, 
оған 300 адам қатысты. 
19-22 сәуірде Оралда 
Орал 
облыстық съезі болды, оған 800 адам жиналды. Мүндай съездер 
Ақмолада, Семейде, Верныйда өткізілді. Бүкілқазақтық съезд 
шақыруға дайындық жүмысы жүрді.
Ақпан революциясынан кейін қоғамдық және 
баска да 
комитеттердің үлгісі бойынша «Қазақ» газетінің 
жөне 
үлт
2 1 1


зиялыларының бастауымен қазақтың облыстық, уездік және 
болыстық комитеттері қүрыла бастады. Олар лайықты орталык- 
тарда қүрылды: 1917.жылы 10 наурызда - Оралда (торағасы 
Ғ.Әлібеков); 11 наурызда - Семейде (төрағасы Р.Марсеков) және 
Омбыда (төрағасы Е.Итбаев); наурыздын аяғында - Верныйда 
(төрағасы И.Жайнақов) және т.б. Қазақ комитетінің алдында 
маңызды 
саяси, әлеуметтік-экономикалық және 
мәдени 
талаптарды анықтау үшін бүқара халықтың күшін біріктіріп, 
нығайта отырып, шешу мәселесі қойылды және олар қазақ 
халқын 
демократиялык, 
федеративтік 
Ресей 
қүрамындағы 
үлттық автономия қүру күресіне жүмылдыруға күш салды.
Тап осындай жағдай 
Түркістан олкесінде де орын алды. 
Мүнда патша окіметі қүлаған соң биліктің үш түрі орнады: олар 
- Кеңестер, Уақытша үкіметтің 
атқару комитеттері жоне 
мүсылмандар үйымы. 
Егер алғашқы екі билік сырт жағынан 
қарағанда, жергілікті халықтың мүддесіне онша жаны ашымай, 
бүрынғы саясатты жүргізсе, ал үлттық зиялылар басқарған оның 
соңғысы жергілікті түрғындарды алаңдатқан мәселелерді шешуге 
асықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет