Қазақстан тарихы «Өзгеріс пен сабақтастық» концептісінің негізінде құрастырылған қысқа мерзімді жоспарлар жинағы Негізгі мектеп Назарбаев Зияткерлік мектептері Нұр-Сұлтан, 2019 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет103/123
Дата13.07.2022
өлшемі1,57 Mb.
#37636
түріСабақ
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   123
Байланысты:
аза стан тарихы « згеріс пен саба тасты » концептісіні негізін

АКТ қолдану 
дағдылары 
Бейнефильм, интерактивті тақтамен жұмыс. 
Бастапқы білім
 
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси-экономикалық 
жағдайды, ұлт зиялыларының рөлі туралы біледі. 1916 жылғы 
ұлт-азаттық көтерілісі мен наразылықтың нәтижесі Ақпан 
төңкерісі 
барысындағы 
саяси 
құбылыстар 
арасындағы 
байланысқа көз жеткізеді. 
Сабақ барысы
Сабақтың 
жоспарланған 
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет 
 
Ресурстар 
Сабақтың басы
1-сабақ 
Б Ұйымдастыру сәті. 
Ой шақыру. Тақырыпқа шығу. 
Интерактивті тақтада 1917 жылғы Ақпан революциясы 
туралы суреттер топтамасы мен «Нан, бейбітшілік
бостандық!», «Патша билігі жойылсын!», «Соғыс 
тоқтатылсын!», «Республика жасасын!» ұрандары 
слайд арқылы көрсетіледі. Оқушыларға төмендегі 
сұрақтар қойылады:

Халықтың наразылығы неден туындады? 

Қандай мәселелер көтерді? 

Бұл наразылықтар қандай оқиғамен аяқталуы 
мүмкін? 
Оқушылардың болжам жауаптарын негізге ала отырып, 
сабақтың тақырыбы анықталады. 
М Оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен 
таныстырамыз/ 
немесе 
бағалау 
критерийлерін 
оқушылармен бірге анықтаймыз.
Бұл тақырыптың тарихи концепті «өзгеріс пен 
сабақтастық» екенін айтып,

Тарихи оқиғалардағы өзгеріс пен сабақтастықты 
қалай анықтаймыз
деген сұрақ арқылы өзгеріс пен сабақтастық қалай 
анықталатынын еске түсіреміз.
Сабақтың зерттеу сұрағына назар аударамыз: 
«Қазақстанда 1917 жылы саяси белсенділіктің артуы 
қандай оқиғалардан көрініс тапты?». Яғни сабақ 
барысында оқушылар Қазақстанда 1917 жылғы ақпан 
Сабақ 
презентациясы 
Қазақстан 
тарихы (көне 
заманнан 
бүгінге дейін). 
Бес томдық. 4-
том. – Алматы, 
2010 


буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін 
қоғамдық саяси өмірде қандай өзгерістер болды, бұған 
дейінгі кезеңдермен сабақтастығы бар ма, болашақта не 
өзгеруі мүмкін, осыларға көңіл аудару керек екенін 
айтамыз. Оқушылар бұған дейінгі өткен білімдерін 
қолданып жауап беруі мүмкін, мысалы 1905-07 
жылдардағы 1 орыс революциясы, «Алаш» қозғалысы, І, 
ІІ Мемлекеттік Думадағы қазақ зиялылары, 1 
дүниежүзілік соғыс, 1916 ұлт-азаттық көтеріліс т.б.).  
Сабақтың 
ортасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет