Қазақстан тарихы «Өзгеріс пен сабақтастық» концептісінің негізінде құрастырылған қысқа мерзімді жоспарлар жинағы Негізгі мектеп Назарбаев Зияткерлік мектептері Нұр-Сұлтан, 2019 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет58/123
Дата13.07.2022
өлшемі1,57 Mb.
#37636
түріСабақ
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   123
Байланысты:
аза стан тарихы « згеріс пен саба тасты » концептісіні негізін

 
Тілдік мақсаттар 
 
Тілдік дағдыларды дамыту: 
Оқылым – тақырыптың тарихи тұжырымын талдау барысында 
берілетін деректі топта қарастырып, қажет тарихи мәліметтерді 
белгілеп алады; 
Жазылым – дерек негізінде қазақ халқы қалыптасуының тарихи
кезеңдерін кестеге толтырады. Қазақ жүздері мен өз руын картада 
белгілейді.
Айтылым – «Ұлы Дала елі», «Жүздер» туралы білетін 
ақпараттарымен бөліседі. Мұғалім мен оқушылар тарапынан 
қойылатын сұрақтарға жауап береді.
Пәнге қатысты 
лексика мен 
терминология 
Халық, «Ұлы Дала елі», қазақ жүздері, этносаяси бірлестік, этнос, 
этноним, ұлт, миграция, ассимиляция, Алаш, ру, ата-аймақ. 
Менің ойымша, «Ұлы Дала елі» .... 
Халықтың халық болып қалыптасуының негізгі кезеңдері........ 
Жүздердің пайда болу себептері ... 
Құндылықтарды 
дарыту
 
 
Оқушылардың бойында ынтымақтастықты жетілдіру мақсатымен 
жеке және жұптық жұмыстар ұйымдастыру, тақырып негізінде 
өзге ұлттың жеріне, халқына құрметпен қарап, адамгершілік, 
рухани жағынан даму.
 
Пәнаралық 
байланыстар 
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен алған білімдерін жаңа білімді 
бекітуде қолданады. «Қазақ тілі» пәнінен алған білімдерін 
жетелеуші сұрақтарға ғылыми тілде жауап беруде пайдаланады.
 
АКТ қолдану 
дағдылары
Берілген сабақ бойынша интерактивті тақта мен презентация 
пайдаланылады, бейнематериал көрсетіледі, оқушыларға қолдау 
көрсету негізінде тапсырмалардың ережелері көрсетіледі. 
Бастапқы білім
 
Қазақстан жерінде моңғол экспансиясына дейін түркі тілдес 
тайпалардың этносаяси бірлестігі қалыптасқанын және олардың 
әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени жағдайын біледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет