«Қазақстан тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік аттестация сұрақтарының тізімі 2 денгей


Қазақстанда ХХ ғасырдың басында жер пайдалану жүйесі және аграрлық мәселенің шиеленнісуі. Столыпин аграрлық реформаларының зардаптары



бет6/28
Дата26.12.2023
өлшемі89,96 Kb.
#143850
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
60. Қазақстанда ХХ ғасырдың басында жер пайдалану жүйесі және аграрлық мәселенің шиеленнісуі. Столыпин аграрлық реформаларының зардаптары.
Столыпиннің аграрлық реформасы – патшалық Ресейдегі шаруалар үлесіндегі жер иелігіне жасалған реформа. 1906 жылы 9 қарашада патша жарлығымен басталып, Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен жойылды. Осы реформаны жүргізуге ұсыныс жасаған Министірлі Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпиннің есімімен аталды. 1906 – 15 жылдары аралығында Қазақстанда қо-ныс аударушылардың пайдасына қазақтардың иеліктеріндегі 21 млн. десятинадан астам шұрайлы жер бөлініп, қазақтар шөлейт, тастақты жерге қоныстана бастады. Стольпиннің аграрлық реформасы негізінде Қазақстанға 700 мыңнан астам орыс және украин шаруалар қоныс тепті.1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер тартып алынса, ал 1906-1912 жылдары 17 млн десятинаға, 1916 жылы 40 млн десятинаға, 1917 жылы 45 млн десятинаға жетті. Тартып алынған жерлер непзінен Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстарында болды. Бүл облыстардан 40,5 млн десятина, Жетісудан 4 млн десятина, Сырдария облысынан 500 мың десятина ең құнарлы жер алынды.Зардаптары XX ғасыр басындаға Патшалық Ресейдегі, Қазақ даласындағы халықтың, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы өте ауыр еді. Әсіресе қазақ жұмысшыларының әлеуметтік жағдайы ешбір сын кетірмейтін, тым нашар дәрежеде болды. Тұрғылықты халықты жұмыстың ең ауыр түрлеріне және жалақысы аз төленетін бөліктеріне жіберіп отырды. Себебі қазақ жұмысшыларының кәсіби мамандықтары болмағандықтан, көпшілігін маусымдық жүмыстарға жіберді. Өндіріс басшылары мен жергілікті патша адамдары қазақ жұмысшыларының орыс тілінде еркін сөйлей алмайтындықтарын пайдаланып, үнемі олардың азаматтық әрі әлеуметтік қүқықтарына қол сұғылды. Кәсіпорындар техникалық қауіпсіздік талаптарын орындамағандықтан, құрал-жабдықтармен қамтылмаған күйде жұмыс істеп, адам шығына да болды. Оның үстіне еңбекші халыққа шетелдік мамандары да үстемшілік көрсетіп отырды. Мұның бәрі жұмысшылардың ашуына тиіп, тұрмыстарын жақсарту үшін күреске шығуға итермеледі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет