«Қазақстан тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік аттестация сұрақтарының тізімі 2 денгей


Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1837-1847жж.)



бет4/28
Дата26.12.2023
өлшемі89,96 Kb.
#143850
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
тарих 2 денгей

55.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1837-1847жж.)
1837-1847 жылдардағы көтеріліс бүкіл Қазақстан жерін қамтыды. Көтеріліске Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары сұлтан (1802-1847 жж.) басшылық жасайды.1838 жылы 26 мамыр күні Кенесары бастаған көтерілісшілер Ақмола бекінісін шабуылмен басып алып, өртеп жіберді. 1844 жылғы Кенесарының жеңістері Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбүр етті. 1838 жылғы желтоқсанда Батыс Сібір генерал-губернаторы князь Горчаков пен I Николайға арналған хатты тапсыруға жіберген елшілігінде Кенесарының қойған алғашқы талаптары мынандай болды:
Қазақ жеріндегі округтік бұйрықтарды жою;
Абылай хан кезіндегі қазақ жерінің дербестігін қалпына келтіру;
Салық жинауды тоқтату.
Бірақ Кенесары жіберген елшіліктің бес өкілі тұтқынға алынып, жазаға тартылады.
Кенесарының қойған екінші талабы әскери бекіністер салынбаған Ақтау, Есіл және Нұра мен Жайық өзендеріне дейінгі өңірлерді Ресей билігінен босату болды.
Кенесары ханның соңғы шайқасы қырғыздардың Кекілік-Сеңгір деген жерінде болады.Жеңілу себептері: 1. Қазақ феодалдарының біразы Кенесарыны қолдамады. 2. Қазақ халқы арасында рулық алауыздықтар мен руға бөліну болды. 3. Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігі орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмады. 4. Көтерілісті қолдамаған ауылдарға Кенесары аса қатты жаза қолданды. 5. Қазақтар қырғыздармен, қоқандықтармен болған шайқастарда Кенесарыны қолдамады. 6. Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кенесары қолы Ресейге қарсы тұра алмады


56.Қазақ халқының көрнекті ағартушылары – Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин.
1856 жылы Ш. Уәлиханов екі экспедицияға қатысады. Біреуі Орталық Тянь-Шань арқылы Алакөлден Ыстықкөлге дейінгі, екіншісі дипломатиялық тапсырма бойынша Құлжаға сапар болды. 1857 жылы Шоқан Уәлиханұлы Алатау қырғыздарына тағы да сапар шегіп, қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» көшіріп алды. Ыстықкөлге экспедиция кезінде Ш. Уәлиханов тарихи деректермен қатар көненің көзі болып саналатын ерте заман бұйымдарының құнды үлгілерін жинады. Оның «Ыстықкөлге барған сапардың күнделігі», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» деген тарихи-этнографиялық туындылары жоғарыда аталған сапарларының нәтижесі болды.
Шығыс Түркістандағы Қашғария еуропалықтарды өз еліне кіргізбеді. Шоқан бұл сапарға Ресей империясы тарапынан жіберіліп, аса қиын жағдайда өз өмірін қатерге тіге жүріп Қашғарияны жан-жақты зерттеп қайтты.Ыбырай – жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қоса білді. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, техниканы игеруге шақырады.
Тек қана оқу-ағарту жұмыстары емес, Ыбырай сонымен бірге сол кездегі қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, ғылым-білімге, еңбек пен өнерге, дінге, этнографияға қатысты мақалалар жазды. Оның, әсіресе, көркем еңбектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті.Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы 23 тамызда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Абай ауданының Шыңғыстау баурайында дүниеге келеді.
Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақты адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтаны етіп бекітеді. Шешесі Ұлжанның шешендігімен, тапқырлығымен аты шыққан. «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған.
Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан-ақ ерекше қабілетімен, ақылымен көзге түседі. Әкесі Құнанбай осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Абай ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады.Абайдың «Ескендір» мен «Масғұт» дастан-поэмалары дәуір шындығын дәл бейнелеуге талпынған шығармалар болды. Абайдың қара сөздерінде адамгершілік мәселелері көтеріледі.


57. Құрманғазы Сағырбаев (1818-1889), Дәулеткерей Шығаев (1829-1882), Біржан-сала Қожағұлов (1832-1895), Ақан-сері Қорамсин (1843-1913), Жаяу-Мұса (1843-1913), Жаяу-Мұса (1829-1882) Дәулеткерейдің музыкалық шығармашылығы.
19 ғасырдың екінші жартысы – халық сазгерлері мен классикалық сипатта қалыптаса бастаған музыка өнерінің негізі қаланған кез.Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) –Алғашқы күйлерінің бірі – “Кішкентай” Исатайға арналды. Би күйлері – “Қызыл қайың”, “Балбырауын”, Ал “Ақбай”, “Ақсақ киік”, “Көбік шашқан”, “Түрмеден қашқан”, “Кісен ашқан”, “Адай” күйлерінде азаттықты аңсаған халықтың үміті, езушілерге қарсы өшпенділігі суреттелген. “Сарыарқа” туындысы арқылы туған жерді, кең даланы, еркіндікті аңсаған халықтың кейпін сипаттады. Дəулеткерей Шығайұлы (1820-1887) – Орыс музыкасының əскери марш əсерімен шығарған күйлері: “Ващенко”, “Қос ішек”, “Топан”, “Қоңыр”. Тұрмыстық саланы бейнелейтін күйлері: “Желдірме”, “Қосалқа”, “Ақбала қыз”, “Тартыс”, “Ысқырма”, “Құдаша”, “Жұмабике”. Сазгердің 40-қа жуық күйлері сақталған.Біржан Қожағұлұлы (1834-1897) – Біржанның Сарамен айтысы оның суырып салма ақындық талантын елге танытты. Шоқтығы биік туындылары – “Ғашығым”, “Біржан сал”, “Айтбай”. 40-қа жуық əндері бізге жетті. Біржан мектебінен тəлім алған дарындылар – Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ.Жаяу Мұса-Ақсиса”, “Хаулау”, “Шорманұлына”, “Толғау”, “Баянауыл”, “Сұршақыз” осы кезде туған. Жаяу Мұса – ақын-публицист. Өзі шығарған 70-ке жуық əннің сөздерін өзі жазған.Ақан Сері-Ақан сері 1905-1907 жылдардағы Ресей революциясының лебімен сықақ өлеңдер шығарды: “Шоғырмаққа”, “Сұрағанға”, “Смағұлға”. Сазгердің “Маң-маң кер”, “Сырымбет”, “Балқадиша” əндері халықтық музыка мəдениетінде ерекше орын алады. “Құлагер” өлеңінде ақынның көңіл- күйі, ашу-ызасы, үміт-сезімі жырланады. Ақан серінің жақын серіктері – Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет