58. Жәдидшілдіктің ағартушылық идеяларының әсері және қазақ даладағы мектептердің ашылуы Жәдидшілдік (араб.: طريقة جديدة— жаңа әдіс) — 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтары арасында өріс алған қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық қозғалыс.[1] Алғаш 19 ғасырдың 80-жылдарында Қырым, Еділ бойы татарларының арасында қалыптасты. Кейіннен Жәдидшілдік Орталық Азиядағы барлық дерлік түркі халықтары (қазақ, қырғыз, өзбек, т.б.) арасында жалғасын тауып, өрістей түсті. Ағартушылық сипатта жүрген Жәдидшілдік қозғалыс қоғамдық өмірдегі рухани тоқыраушылықты сынға алып, оны жаңғыртуды көздеді. Жәдидшілдік патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы бағытталды. Түркі халықтарының ерікті әрі өркениетті болуын қалады. Мұсылмандық хадими (ескіше) мектептердегі ғасырлар бойы өзгеріссіз сақталып келген оқу-тәрбие жұмыстарының жүйесін жаңа заман талабына сәйкестендіріп, қайта құруды ұсынған ілгерішіл бағыт ұстанды. Мектеп-медреселердегі өз беделдерінен айырылып қалғысы келмеген кейбір дін иелері Жәдидшілдікті шариғатқа қарсы әрекет ретінде бағалады. Жәдидшілдікке патша өкіметі тарапынан да қысым көрсетілді. Жәдид мектептері оқушыларының басым көпшілігі Қазан, Орынбор, Уфа қалаларында білім-тәрбие алған татар, башқұрт және қазақ жастары болды. Мұндай кедергілерге қарамастан, Жәдидшілдік қозғалысы екпін алып, жер-жерлерде аталмыш бағыттағы мектеп-медреселер ашыла бастады. Мұндай оқу орындарында жаратылыстану пәндеріне, түркі халықтарының төл тарихы мен әдебиетіне ерекше көңіл бөлінді. Уфадағы “Ғалия”, Орынбордағы “Хусайния”, Қазандағы “Мұхаммедия”, Қырғызстандағы “Шабдания” секілді мектеп-медреселер Жәдидшілдіктің ірі ошақтарына айналды. 1913 жылы бүкіл Түркістан өлкесінде Жәдидшілдік бағыттағы 92 мектеп-медреселер қызмет етті. Қазақстандағы Жәдидшілдік бағыттағы мектептердің ең ірілерінің бірі — “Мамания” мектебі болды.
59.1905-1907 жылдардағы Ресейдегі бірінші орыс революциясының Қазақстанның қоғамдық-саяси қозғалысына әсері.Қарқаралы петициясы. Қазақ ауылы орталықта болып жатқан оқиғалардан тікелей тысқары тұрса да, қалаларда революция қарсаңындағы жасырын ұйымдар қалыптасқанын біліп отырды. 1902 жылы Орынборда тұңғыш маркстік құпия ұйымның бірі құрылды. М.В.Фрунзенің, В.В.Куйбышевтің революциялық қызметі Қазақстанда жалғасты.
Отарлық ұлт аудандарының “ұйқыдан оянуына” негіз болған оқиға – “Қанды жексенбі” Петербургте 1905 жылы 9 қаңтарда болды. 1905 жылы ақпанда Түркістанда, Перовскіде, Жосалыда, Шалқарда ұйымдасқан қарсылықтар болып өтті. Торғай, Семей, Орал облыстарындағы қазақ шаруаларының бой көтеруі-патша үкіметінің қоныстандыру саясатына қарсылығының көрінісі болды. Семей, Ақмолада құрылған социал-демократиялық ұйымдар, Орал мен Торғайдағы астыртын топтар еңбекшілердің әлеуметтік құрамын кеңейтті. 1905 жылғы мамырда Верныйда, Перовскіде, Қостанайда еңбекшілердің бірлігін қуаттайтын саяси ереуілдер өткізілді. Қарқаралыда өткен осындай халықтық жиынға Міржақып Дулатұлы белсене қатысты.1905 жылы 17 қазандағы патша манифесінің халықты алдау екенін “Алаш” қозғалысы өкілдері əшкерелеп, сынады. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатұлы, М.Тынышпайұлы сияқты демократиялық жолды ұстаған зиялылыр ұлт мерейі үшін күресті.Орынбордағы 18-19 қазанда өткен шеру “Демократиялық республика жасасын”, “Самодержавие жойылсын” деген саяси ұрандармен өтті.
Перовскідегі саяси шеру қазақ-орыс жұмысшыларының бірлесуімен өткізілді. Жұмысшы өкілдерінен құралған комитет Петербург темір жол жұмысшыларымен байланыс орнатты. 1905 жылы 25 қазанда Омбыдағы ұйымшылдықпен өткен саяси бой көрсету Батыс Сібір əкімшілігін қатты сескендірді.1905-1907 жылдардағы революцияның жеңілу себептері – қазақ жұмысшыларының аздығы, қазақ ауылдарының басты оқиға орталықтарынан алыста болуы, революциялық күресті ұйымдастыруда ұлттық демократиялық топтардың тəжірибесінің жеткіліксіздігі.
Бұл революцияның Қазақстанның кейінгі саяси қоғамдық дамуына әссері терең болды. Отаршыл саясатқа қарсы тəжірибе жинақталды, ереуілдерді ұйымдастырудағы кемшіліктер кейін ескерілді. Күрес барысында революционерлердің Бәкен Серікбайұлы, Әлімжан Байшағырұлы, Жүсіп Бабайұлы, Мақсұт Бекметұлы, Тәшен Өтепұлы, Ысқақ Қосқабайұлы секілді белсенді ұрпақтары тəрбиеленді.Отаршыл өкімет билігінің атынан ірі көлемді мазмұнды петициялардың бірі. Петицияның мәтіні:
-Қырғыз халқының аты мұсылман қырғыз деп аталып әскери міндеттен босатылсын.
- Қырғыздарды Орынбордың рухани жиналысына бағындырып, 1868 жылға дейінгі ережелерді қолданып, қазан мұсылмандарының тәртібіне сәйкестендіру керек.
-Қырғыздарға мешіт, медресе салуға рұқсат керек. Құдайға құлшылық етуге еркіндік болсын. Ол жерлерде арабша, парсы және түрік тілінде сабақ беруге, газет және кітаптар шығаруға баспахана салуға рұқсат берілсін.