2. Сословиелік жеңілдіктер алынғаннан кейін қоғамдық қызмет бойынша жоғарлатылу құқығын тек
байлық ғана кепілдендіретін. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап ақсүйектің орнына бай болу үстем
топтың негізі болды. Сондай-ақ, орташа топтың ыдырау процесі күшейіп, кедейлердің пайда болу процесі
орын алады. Дəстүрлі шаруашылықтардың ыдырауы қауымның кедейленуін тездетті. Оған келесі
факторлар себеп болды: біріншіден, тепе-теңді емес сауда айырбасы, екіншіден, жерлердің минимумге
дейін қысқартылуы.
Тауарлық нарықтар таралған сайын барлық халық бірте-бірте тауар-ақша қатынастарына тартылды.
Сауда дамуының ерекшелігі - өсімқорлық сипатта болды. Тауарлық өндіріс дəстүрлі қатынастарды бұзды:
қайыршылануға, кедейліктің көбеюіне. Сауда капиталы дамымаған капиталистік нарықта қалыптасудың
əсерінен ауыл саудагері мен өсімқор байдың монополиялық жағдайын жасады, ол болса дəулеттілер мен
кедейлер категориясының пайда болуына əкелді. Сауда қатынастарына қатысу дəрежесі бойынша ХІХ
ғасырда үш категориялы құрылым құрылды: делдалдар (маклер), алып-сатарлар (агенттер) жəне дербес
саудагерлер.
Жерлерді тартып алу нəтижесінде кəсіпшілікке кету процестері күшейді: балық, тұз, мұнай, тас
көмір жəне мыс қорғасын кеніштеріне, кəсіпшілікке кету, көлікпен тасушылықпен айналысады. Əлеуметтік
дамудың нəтижелерінің бірі жатақтар санының өсуі болып табылады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан Ресей империясының отарына айналады. Дамудың
іргелмелі-табиғи барысы үзілді. Өмір салты өтпелі сипаттармен сипатталды, кешенді шаруашылық
қызметіне өту оның негізі болады.
3. Қазақстандағы ағарту ісін жəне мектеп білімін дамытуда ХІХ ғасырдың екінші жартысының
маңызы орасан зор болды. Егер 60-шы жылдарға дейін Қазақстан аймағында негізінен дəстүрлі мектептер
пен медреселер басым болса, ал осыдан кейінгі кезеңде еуропалық кейіпте орыс-қазақ мектептері құрылып,
дами бастайды.
«Араб» мектебі деп аталған қазақ балалары қабылданған алғашқы мектеп Омск қаласында ХVІІІ
ғасырдың басында-ақ ашылған (1779ж.). Ішкі Ордада орыс-қазақ мектептерінің ұйымдастырылуы Бөкей
Ордасында тұңғыш қазақ балаларына арналған училище ашылуымен 1841 жылы басталған. Қазақ
балаларына арналған алғашқы зайырлық мектеп жеті жылдық оқыту мерзімімен 1850 жылы Орынборда
ашылды. Ол қазақ мектептеріне арналған мұғалімдерді дайындайтын, 19 жыл ішінде мектеп мұғалім
мамандығын алған 48 адамды дайындады. Олардың кейбіреулері аудармашылар болып жұмыс істеді. 1866
жылы үкімет қаулысымен 7 орыс-қазақ учаскелік мектеп ашылуына рұқсат берілді, ал 1896 жəне 1897
жылдары осындай 14 мектеп ашылды. 1868 жылғы «Ережемен» қазақ балаларына арналған орыс мектептер
желісінің кеңейтілуі қарастырылды. Сондықтан бір қатар уезд қалалары мен ауылдарында ауылдық бір
класты училищелер типті орыс-қазақ мектептері ашылды. Көп мектептер жанында интернаттар болды.
Бастауыш мектептер мұғалімдерін дайындау мақсатымен 1883 жылы Орскте қазақ мұғалімдер мектебі
ашылды. 1887 жылы Ырғызда, ал 1891-1893 жылдары Торғай мен Қостанайда қазақ əйелдер училищелері
ашылды. Қазақстанда əйелдердің білім алуының басталуы осы жылдармен байланыстырылады. 1916 жылы
Ішкі Ордада 78 мектеп жұмыс істеп, онда 1942 оқушы білім алды, оның ішінде 1224 оқушы қазақ болды.
ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы халық ағарту ісі өте төмен деңгейде болды. Мемлекеттің халық
ағарту ісіне жұмсаған шығындары өте төмен болды. Орыс балаларының 1/3 бөлігі ғана бастауыш оқытумен
қамтылды, мектептер мен медреселерде оқытылған қазақ балаларының саны туралы анық мəліметтер жоқ.
Бұлардың көпшілігі дəулетті отбасыларының балалары болды. Ауылдағы қазақ мектептері қазақтардың
көшпелі өмір салтына ыңғайланған болатын. Мектептегі сабақтар жазғы жайылымнан келгеннен кейін
басталып, жазғы жайылымға көшкенде тоқтатылатын. Қазақстанның кейбір аудандарында балалар жаз
39
кезінде де оқытылды: мектептер ауылмен бірге жайлауға көшіп баратын. Сондықтан, Қазақстанның əр
түрлі жерлерінде оқу жылы əр түрлі болды. Мектеп жұмысындағы ең үлкен қиындық мұғалімдердің
жетіспеушілігі болатын. Ауылдарда балаларды моллалар оқытқан. Мектептердің ең көбірек таралған
типтері мектептер жəне медреселер - өлкенің ежелгі оқу орындары болған.
Түркістан өлкесінде қыздарға арналған мектептердің саны көп болатын. Əйел мектептерінде діни
мəтіндерді оқудан басқа поэзия зерделенді. Мектептер мен жаңа медреселерді ашуға тек генерал-
губернаторлар санкциясымен (көңіл аударыңыз!) «сенімді орыс азаматтарына» рұқсат берілетін. Мектептер
мен медреселерде орыс цензурасымен рұқсат берілген баспа кітаптарын қолдануға рұқсат берілетін.
Оқушылармен ұлты бірдей тұлғалар ғана мұғалім бола алатын. Оқу əкімшілігіне мектептегі сабақтар
барысын жəне орнатылған ережелердің сақталуын бақылау жүктелетін. 1916 жылғы көтерілістен кейін
барлық типті конфессионалды (діни) мектептер бақылануы күшейе түсті.
Дəстүрлі əлеуметтік-мəдени өмірдің күрт өзгеруі əр қырлы поэзияның туындауына мүмкіндік
жасады, мұнда жоққа кеткен рухани бағалықтар жан жақты бейнеленді. М. Əуезов сол кезеңнің поэзиясын
«қайғы дəуірінің поэзиясы» - «Зар-Заман» деп атады. «Зар-Зман поэзиясының» жарқын өкілдері Дулат
Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Əбубəкір Кердері Шоқанұлы жəне т.б.
Дулат Бабатайұлы (1802-1871жж.) қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданының аймағында
туып өскен. Ол патша самодержавиесі басып алып, мемлекеттік аппарат құрылғаннан кейін, Қазақстанда
отаршылдық езгіден кейін елді басқару жүйесінде орын алған ірі өзгерістердің (1822 жəне 1868 жж.) куəсі
болды.
Осының барлығы ақынның көз алдында өтіп жатты. Сондықтан да ол осы жылдарда тек халық
өмірінде ғана емес, елді басқарған тұлғалар психологиясында да орын алған өзгерістерді терең түсінді.
Дулат өлеңдерінде ежелгі жерлері мен жайылымдарынан ажырап, толық кедейленуге ұшыраған елдің ауыр
жағдайы нақты бейнеленеді, сонымен қатар, жаңа билік өкілдерінің халыққа жат теріс қылықтары батыл
сыналады. Ақын Қазақстанға бұрынғы хан биліктің қайтып оралғанын армандайды, сол кезде халық
мүдделері мен ел тəуелсіздігі үшін аянбай күрескен Еспембет биді көкке көтеріп мадақтайды.
Мұрат Мөңкеұлының (1843 – 1906 жж.) шығармашылығы негізінен Батыс Қазақстанда орын алған
оқиғалармен тығыз байланысты. Патша хан ұрпақтарына сыйға тартқан жерлерден басқа жердің барлығы
Ресей мемлекетінің меншігіне өткенін, салықтардың көлемі өскенін, жаңа ережелерге қарсы көтерілісті
бейнеледі. «Жиделі Байсын» жəне «Тескен тау» - арман еткен өлкеге көшу идеясы тарала бастады. Ол
халықтың өз тəуелсіздігі үшін, арман еткен өлкеге көшу үшін күресінде күшті жаршысына айналады. «Үш
қиян» өлеңінде Мұрат қазақтардың Қазақстанды басып алу жəне отарлау жағдайындағы ащы өмірінің
суретін бейнелейді. Бұл өлеңінде ол Асан Қайғы, Қазтуған, Орақ, Мамай, Телағыс, Шора жəне Исатай
сияқты туған өлкесінде бақытты өмір сүре алмай, бұл өмірден бастарынан бақыт кешірмей өтіп кеткен
қаһармандар туралы жазады.
Əбубəкір Кердері Шоқанұлы (1858 – 1903 жж.) өлеңдері де осындай тақырыпқа жазылған. Бұл
өлеңдерде зар заман дəуірі келгеннен өзгерген адамдардың мінез-құлқындағы, өміріндегі жағымсыз
құбылыстар – ежелгі дəстүрлерді сақтамауы, оларға немқұрайлы қарауы, жастардың үлкендерді сыйламауы
жəне тағы басқалары соққыланады. Ақын адамдардың білім алуын жəне үйлесімді дамуын насихаттайды.
Қазақ халқының тарихында Шоқан Уəлихановтың (Мұхамед Қанапия) алатын орны ерекше. Шоқан
дарыны тек ағартушылық майданда ғана емес, ғылым саласында да ашылды десе болады.
Ш. Уəлиханов өзінің ғылыми қызметін кадет корпусының тəрбиеленушісі бола тұрып бастаған.
Ш.Уəлиханов Жалайырдың «Жамиғат тауарихынан» көлемді үзінділер алып, оның негізгі бөлімдерін алғаш
рет орыс тіліне аударды, шығыс терминдерінің сөздігіне түсінік беріп, оны аудармаға қосымша берді. Ол
Əбілғазының «Шейбани-намасынан», «Түркі шежіресінен» (И.Н. Березин басылымы бойынша) көлемді
үзінділер жасап, осылардың негізінде кейіннен теориялық жағынан маңызды «Қырғыз шежіресін» жасады.
1856-1858 жж. Уəлиханов үшін ғылыми тұрғыда өсу жемісті болды. Бұл кезеңге оның Ыстық Көлге,
Құлжаға, Қашғарға жасаған сапарлары туралы тамаша күнделіктері, «Құқотай-ханның өлімі», «Оңтүстік
Сібір тайпаларының тарихы жөнінде естеліктер» жатады.
Шоқанның ғылыми еңбектері арасында оның Жетісуды, Ыстық Көлді, Тянь-Шаньді жəне Шығыс
Түркістанды тарихи-географиялық шолуға арналған зерттеулері үлкен қызығушылық туындатады
(«Жоңғар очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар» жəне т.б.).
Ш.Уəлихановтың қазақ халқының тарихы мен этнографиясы бойынша зерттеулерінің, сонымен
қатар, қазақ даласындағы əлеуметтік-саяси қатынастарға тиісті мақалаларының маңызды ғылыми бағалығы
бар. Бұл – «Абылай», «Қырғыз шежіресі», «Ежелгі замандағы қырғыздардың қарулануы жəне олардың
əскери қару-жарақтары», «Шұна-батыр», «Сот реформасы туралы жазбалар», «Даладағы мұсылмандық
туралы», «Қырғыздардағы бақсылық туралы», «Қырғыздардың көшуі туралы». Ш. Уəлиханов бірқатар
жұмыстарында тек тарихшы жəне этнограф қана емес, əдебиетші, публицист, тамаша сөз шебері ретінде
көрінді. Оның қазақ халық поэзиясы жəне «Манас» қырғыз эпосы бойынша жасаған аяқталмаған
зерттеулері өте қызықты. Ш. Уəлихановтың күнделіктері кейде үлкен лирикалық шегіністермен
əдеби очерктер стилінде жазылған («Құлжаға сапарындағы күнделігі», «Қашқарияға сапарындағы
40
күнделігі»). Бұл күнделіктерге табиғаттың бейнелі жəне көз тартатын сипатталуының халық өмірі туралы
терең біліммен үйлесуі тəн. Құлжа күнделігінде Батыс Қытай халықтарының тарихының негізгі кезеңдері,
мəдениеті, тұрмысы, олардың ежелгі заманнан ХІХ ғасырға дейінгі мəдени өзара қатынастары көрсетілген.
Ш. Уəлиханов сонымен қатар, Қазақстанды жəне Орта Азияны мекендеген халықтардың ауызша
аңыздарын, сирек жазбаларын, нумизматика, сфрагистика ескерткіштерін, қолданбалы өнер үлгілерін
қажымас жинаушы ретінде белгілі. Уəлихановтың Орта Азия жəне Шығыс Түркістан зерттеушісі ретінде
ғылыми еңбектерін əлемдік ғылым мойындаған. Оның еңбектері орыс, ағылшын, неміс жəне француз
тілдерінде басылып шығарылған. Бұл еңбектерді көптеген ғалымдар жəне олардың ішінде ең алдымен П.
Семенов-ТяньШанский, И. Мушкетов, М. Венюков, Н. Аристов лайықты бағалады. И. Мушкетовтың
белгілеуінше Уəлихановтың Тянь-Шань жəне Жетісу географиясы бойынша еңбектері «маңызды ғылыми
қызығушылық туындатады жəне автор бойындағы кең білім мен сирек байқағыштықты аңғартады».
«Шоқан Шыңғысұлы Уəлиханов шығыстану майданында жарқын метеор тəрізді жылт етіп өтті, - деп
жазды белгілі ғалым Н. Веселовский. Орыс ориенталисттері оның тұлғасында феноменалды құбылысты
мойындап, одан түркі халықтарының тағдыры туралы ұлы жəне маңызды жаңалықтар күтті». Ресейдің ірі
ғалым-шығыстанушыларының бірімен айтылған осы толқытатын сөздер Уəлихановтың еңбегіне деген
көпшілікпен мойындалған баға болды.
Қазақтың ірі ағартушысы Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының мəдениеті мен əдебиетінің қоғамдық
ой тарихында көрнекті педагог-ағартушы жəне қазақи мектептер ұйымдастырушысы, этнограф,
фольклорист, ақын, прозашы жəне орыс классиктерінің шығармаларының, атап айтқанда, Крылов
мысалдарының аудармашысы ретінде кең танымал. 1860 жылы облыстық басқарма оған Орынбор
бекінісінде (Торғай) қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп ашуды тапсырды жəне өзін орыс тіл
мұғалімі ретінде тағайындады. Ағартушылық идеялармен жігерленіп, ол ауылдарды аралап, халыққа
əлемдік білімнің мағынасын түсіндірді, оларды қаржы бөлуге насихаттады. Қазақ халқынан қаржы жинап,
ол мектеп құрылысына кірісті. 1864 жылдың 8 қаңтарында мектептің салтанатты ашылуы өтті. Оқуға 16 ер
бала жазылды. Мектеп жанында интернат ашылды. 1869 жылы Алтынсарин Торғай уезінің басқармасына іс
жүргізуші ретінде қызметке тұрып, осыдан кейін уезд бастығының аға көмекшісі міндеттерін атқарды жəне
уезд сотының міндеттерін уақытша орындады. 1879 жылы Торғай облысы бойынша мектептер инспекторы
қызметіне тағайындалды.
Ы. Алтынсарин Қазақстанда əйелдердің білім алуының ұйымдастырылуының бастамасына көп еңбек
сіңірді, оның қолдауымен осындай мектеп Ырғызда ашылды. Кейін интернаты бар əйелдер училищелері
Торғайда 1891ж., Қостанайда 1893 ж., Ақтөбеде 1896 ж. ашылды. Жалпы ол төрт екі класты орталық
«орыс-қазақ» училищесін, бір қолөнерлік училище, бір əйелдер училищесін, бес болыс училищелерін, екі
орыс балаларға арналған училищелер ашты. Оқу-қосалқы құралдар ретінде Ы. Алтынсарин орыс-қазақ
мектептерінің мұғалімдеріне орыс педагогтары мен жазушыларының еңбектері мен оқулықтарын ұсынды.
Орыс-қазақ мектептерінің оқушылары үшін оның өзі екі оқу құралын жазды: «Қазақ хрестоматиясы» жəне
«Қазақтарды орыс тіліне үйретуде бастауыш нұсқаулық».
Ы. Алтынсарин жан-жақты білім алған тұлға болған. Оның ғылыми қызығушылықтарына
этнографиямен айналысуда кірген. 1868 жылдың наурыз айында ол Орыс Географиялық Қоғамның
Орынбор бөлімінің отырысында өзінің «Орынбор ведомствосындағы қырғыздардың құда түсу жəне той
жасау салттарының очеркісін» оқып сөз сөйледі. Мақала көпшілікпен мақұлданып, көп ұзамай жарыққа
шықты. Ыбырай Алтынсаринның қазақ халқының көрнекті ағартушысы ретіндегі еңбегін асыра бағалау
мүмкін емес. Дəл осы тұлға əлемдік білім беру кеңістігіне бірігу негіздерін салып, көшпелі дəстүрлердің
күйреп жатқан жағдайында өзінің халқына жаңа тарихи болмысқа бейімделуде көмек көрсетті.
Абай Құнанбаев Семей облысының Шыңғыс тауларында дүниеге келген. 1886 жылы 40 жасқа
толғанда Абай тамаша «Жаз» өлеңін жазады, өмірінің қалған жиырма жылы мазмұнды шығармашылық,
ақындық қызметте өтеді. Абай өлеңдер, прозалы қара сөздер, «Ескендір», «Масғұд», «Əзім туралы аңыз»
жазды.
Абайдың барлық шығармашылығы жалқаулық пен жалған ұятқа келіспеушілік идеяларына толы.
Оның ойынша адамның мінез-құлқы тек қиындықтармен күресуде, сол қиындықтарды жеңе білуде
шынығады.
ХІХ ғасырдың қазақ əдебиетінде көптеген ақындардың аттары белгілі. Олардың ішінде Жанақ,
Шөже, Шортанбай, Орынбай, Түбек, Сүйінбай, Шернияз, Біржансал, Бақтыбай, Əсет сияқты белгілі
ақындармен қатар Сара, Рысжан, Ұлбике, Тəбия, Ақбала деген ақын қыздардың аттарын атауға болады.
Музыкалық өнер. ХІХ ғасырдың екінші жартысы Қазақстанда музыкалық өнердің өркендеу кезеңі
болды.
Құрманғазы Сағырбаев (1806 – 1879 жж.) Бөкей Ордасының Жиделі шатқалында дүниеге келген.
Оның 60-тан астам күйлері сақталған (кейбіреулері əр түрлі нұсқада). «Балбырауын» күйінде халық
мерекесі беріледі; «Сарыарқа» музыкалық суреттемесі тындаушыларды туған даланың кең байтағына
апарады. Басқа күйлері халықтың ащы тағдыры туралы толғандырады. Өзінің бірінші шығармаларының
бірі «Кішкентай» күйін ол Исатай Таймановтың көтерілісіне арнады. Көтеріліс қатысушысы бола тұра, ол
41
осы күйде халықтың феодал-байлардың езгісінен жəне отаршылдық кісенінен азаттану ынтасын нақтылы
түрде көрсетеді. Байлар мен патша шенеуніктері Құрманғазының əрекеттері мен шығармаларын қарсылық
көрсетуге үндеу деп көріп, оның ізіне түсіп, түрмелерде қамады.
Дəулеткерей Шиғаев та (1820 – 1887 жж.) көрнекті композитор болған. Оның қырыққа жуық күйлері
сақталған. Олардың барлығы лирикалық мазмұнды, көрнекті жəне мəнерлі. Оларға форма қисындылығы,
стиль тұтастығы тəн. Патетикалық толықсу Дəулеткерейдің «Жігер» күйінде беріледі, «Бұлбұл», «Керілме»
күйлері терең жүрек сезімдерін туындатады. «Желдірме» күйінен нағыз халықтық рухы сезіледі. Бұл
халықтық дəстүрлі ат жарысын бейнелейтін əсерлі, ритмі бойынша шапшаң пьеса.
Тəттімбет Қазанғаповтың (1817 – 1860 жж.) шығармашылығы ХІХ ғ. аспаптық музыкасына қосылған
ірі үлес болып табылады. Оның домбыраға арналған «шертпе» стиліндегі шығармалардың авторы жəне
орындаушысы ретінде атағы шықты. Оның күйлерінің көпшілігі жалынды, лирикалық-көтеріңкі сипатта.
Мұнда Тəттімбет туған өлкесінің сұлулығын дəріптеген – «Саржайлау», «Сары өзен», жануарлардың
мінездері мен қылықтарының əдеби көркемделуін берді – «Ерке атан», «Бозайғыр» жəне т.б.
Ықылас Дүкеновтың (1843 – 1916 жж.) композиторлық дарыны мен орындаушылық шеберлігі қобыз
классикасының қалыптасуына үлкен ықпал етті. Эпостық аңыздар мазмұнының негізінде ол əдеби
тұтастығы бойынша бірқатар көрнекті программалық күйлер жасады. Бұл «Қорқыт күй», «Қамбар күй»,
«Қазан күй» жəне т.б. Ықылас тəкаппар патша шенеуніктері мен байлар туралы сатиралық күйлер де
жазған – «Жарым-патша», «Бес-төре». Ықылас күйлерінде өмір туралы, халықтың қайғы-қасіреті туралы
толғаулар бейнеленген – «Жалғыз аяқ», «Жез киік».
Бүгінгі күнде қазақтардың рухани мұрасы, ең бірінші кезекте, оның дүниетанымдық мазмұны əлемдік
тарих пен мəдениет контексінде қарастырылады. Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысында қоғамдық
пікір өз дамуында аяқталған формаға жетпесе де, қазақтың халықтық шығармашылығының озат өкілдерінің
ғылыми жəне əдеби шығармашылығы терең философиялық идеяларға толы жəне сол замандағы қоғамның
рухани ізденістердің бейнеленуі болып табылады.
4. ХХ ғасырдың басына қарай дала өлкесі отарланған шет аймақ құқығымен ресейлік мемлекеттің
экономикалық жəне саяси қатынастар жүйесіне нық енді. XVIII ғасырдың бірінші жартысында басталған
құқықтық жағдайын рəсімдеу процесі аяқталды десе де болады. Сондықтан Ресей империясындағы кез
келген саяси жəне тағы да басқа оқиғалар далалық түкпірлеріне бірден жететін.
Қазақстанда ақпан революциясының қарсаңында қазақ өмірінің жеке салаларында, оның
құрылымында болып жатқан терең ішкі өзгерістерді дəлелдейтін жаңа құбылыстар туындай бастады.
Əсіресе бұл өзгерістер, экономикалық өмірге қарағанда, жаңа қалыптасып жатқан қатынастарға қатты əсер
ететін көшпелі қоғамның рухани өміріне тиісті болды.
ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басы Ресей империясының қазақ жəне басқа да түркі
халықтарының ұлттық санасының күрт өсуінің уақыты болды, бұл қоғамдық-саяси өмірдің
белсендірілуінен, мəдени прогрестен, ұлттық тілдердің, əдебиет пен баспасөздің орнығуы мен дамуынан,
реформалық қозғалыстардың (джадиды), жаңа идеологиялық тұжырымдамаларының (пантюркизм,
панисламизм, пантуранизм) таралуынан көрінді. ХХ ғасырдың басына қарай қазақтардың мəдени жəне
əлеуметтік-саяси шоғырлануы мен ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына шешуші ықпал еткен
факторлар: жалпыресейлік сұлба бойынша басқару жүйесін бір ізге келтіру; орталықтандыру
процестерін күшейту; сауатты жəне қазақ элитасының білімді топтарының қалыптасуы; қарқынды
қоныс аудару саясатының нəтижесінде халық жағдайының нашарлауы; жер пайдаланудың дəстүрлі
жүйесінің бұзылуы; жерлердің тартып алынуы. Бұл қоғамның ойшыл бөлігінің экономикалық, саяси,
мəдени, оның ішінде діни құқықтары саласындағы төзуге болмайтын жағдайларды ұғынуын тездетті.
Патша өкіметі өзінің жоспарлары мен мəселелерін шешу үшін Дала өлкесінде білім мен мəдениет
саласын кеңейтуге мəжбүр болды. Өйткені оған білімді мамандар, сауатты қосалқы шенеуніктер аппараты
жергілікті тұрғындар санынан жəне арзан жалдамалы жұмысшылардан қажет болды. Қазақтың ұлттық
зиялы қауымы сыртқы жəне ішкі факторлардың өзара ықпалдасуында өзінің орнығуын осылайша бастаған.
Құрамы мен бағыты бойынша, қоғамдық-саяси қызметінің сипаты бойынша зиялы қауым əр түрлі
топтарды біріктірді, оның негізгі бөлігін əкімшілік өкілдері, дəрігерлер, мұғалімдер, адвокаттар құрды.
Зиялы қауымның қатарлары көзқарастары мен əрекеттері бойынша айрықшаланатын. Олардың
кейбіреулері социалистік идеяларды ұстанып социал-демократтар мен эсерлер қатарына қосылды немесе
солармен бірігіп қызмет етті. Қазақтың зиялы қауымының ықпалы жағынан маңызды бөлігі либерал-
демократиялық жолын ұстанды. Бұл негізінен даланың дербестігін айрықша түсінген өкілдері болды: Ə.
Бөкейханов, Б. Қаратаев, Ж. Ақпаев, А. Байтұрсынов жəне тағы басқалары.
Панисламизм мен пантюркизм теориялық негіздерін идеялық қаруы ретінде ұстанған ұлттық зиялы
қауым да қалыптасты.
Панисламизм – діни-саяси идеология, оның негізінде төмендегі түсініктер жатыр:
-
əлеуметтік, ұлттық жəне мемлекеттік тиістілігіне қарамастан, бүкіл əлем мұсылмандарының рухани
бірлігі туралы;
-
олардың жоғары дін басшысының (халифтің) қоластында саяси бірігу қажеттілігі туралы.
42
Олардың санасындағы жəне ұлт-азаттық қозғалыстағы мұсылмандық ынтымақтастық, «діндегі
бірлік» идеясы түркі халықтарының туыстығы, тағдырларының тарихи ортақтығы туралы түсініктер
кешенімен тығыз шиеленіседі.
Еуразиялық кеңістіктік тұтастығы теориясы суперэтникалық «тұрандық» ортақтастыққа
келтірілетін «тұраншылдық» идеяларында бейнеленген. «Тұран» түсінігі орал-алтай тілдік əулетінің
барлық этностары жатқызылған «тұрандық» халықтардың арғы отаны ретінде қарастырылған. Түркі
əлемі осы ауқымды «Тұранның» осі ретінде шамаланды – осыған сəйкес түркішілдік пен тұраншылдық
шоғырланған көрінісі ретінде бейнеленді. Пантюркизм түрік тілінің парсы жəне араб тілдерінен келген
сөздерден тазарту арқылы бір ізге келтіру бағытында алғашқы қадамдар жасады жəне пантюркизм
идеологиясы Орталық Азиядағы патша өкіметіне қарсы көтерілістердің маңызды негізі болды.
Осы идеяларға негізделе отырып, ұлттық зиялы қауым өкілдері 1905 ж. желтоқсан айында Оралда бес
облыстан сайланған делегаттарының съезін өткізді. Ресейдің конституциялық-демократиялық
партиясының мүшелері бола отырып жергілікті бөлімшесін құрды. Өйткені кадет партиясының
бағдарламасы қазақи сана-сезімінің көзқарасына үндесіп сəйкес келді. Ұлттық мүддені қорғау қарқыны
саяси түрде басталды деп айтуға болды.
1906 ж. ақпан айында Семейде қазақтардың екінші съезі өтті, ол кадеттерге жақын бағдарламаны
мақұлдады, бірақ оған өлкеге крестьяндардың қоныс аударуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерлерін
жергілікті халықтың меншігі деп мойындау, ұлттық мектептер ашу туралы жəне т.б. талаптар енгізді. Бұл
саяси ағым Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, М.Дулатов, Б.Қаратаев сияқты жəне
басқа да қазақтың зиялы қауымының көрнекті қайраткерлерімен басқарылды. Олар дін тұту еркіндігі үшін,
əсіресе үкімет пен жергілікті органдардың мұсылмандарға қарсы істеріне, ұлттық мəдениеттің дамуы,
сонымен қатар, қазақ тілінің Қазақстанда басқа тілдермен бірдей таралуы үшін шықты.
Қазақстан халқының саяси санасын көтеруде саяси партиялардың сайлаушылар дауыстары үшін
күресі өрістеген Мемлекеттік Думаға сайлау өткізілуі белгілі рөл атқарды. Ұлттық зиялы қауымның түрлі
идеялық-саяси ағымдарының пікірін толық бейнелейтін «Айқап» журналы жəне «Қазақ» газеті болды.
1911 – 1915 жж. шыққан «Айқап» журналы (баспагері мен редакторы – Мұхамеджан Сералин (1871 –
1929 жж.) Қазақстандағы идеялық-саяси ойдың аграрлық-демократиялық бағыттарын көрсетті. Бұл
журналда Ж.Сейдалин, Б. Қаратаев, С. Торайғыров, С. Сейфуллин, Б. Майлин жəне басқада қызметтестер
болды. Журнал беттерінде қазақ ауылындағы аграрлық қатынастар, ағарту жəне білім беру, ақша-тауарлық
қатынастарының даму мəселелері ашылып, патша үкіметінің отаршылдық саясаты əшкереленді. «Айқап»
журналындағы басты мəселе аграрлық мəселе болды. «Айқап» беттерінде ақша-тауарлық қатынастардың
даму мəселелеріне, мал шаруашылығының қарқындылық мəселелеріне, қазақ шаруашылығының нарықпен
тығыз байланыстар орнатуына, кооперациялар ұйымдастыру қажеттілігіне ерекше орын бөлінетін.
1912 - 1918 жылдар аралығында жарық көрген «Қазақ» газеті либерал-демократиялық бағыттағы
идеяларды бейнеледі. Бұл газетте Ə. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов қызметтес болған. Басты
аграрлық мəселеде олар жерге мемлекеттік меншікті (Ресей империясының) жою, оны қазақтар меншігіне
беру, жерді сатуға тыйым салу талаптарын қойды. «Қазақ» газетінде экономикалық кеңістікте мал
шаруашылығының рөлі туралы, мал шаруашылығын қарқындату туралы, кооперативтік қозғалыс туралы
мақалалар жазылды.
Жалпы, өлкенің əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық-саяси өмірінің дамуы туралы
көзқарастарының əр түрлімгіне қарамастан, «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті өз беттерінде қазақ
халқының жалпы ұлттық идеялары мен мүдделерін көрсете білді.
Революциялық өрлеу жағдайында Қазақстандағы социал-демократиялық ұйымдар мен топтар халық
арасында саяси үгіт-насихатты белсендендірді. Азаттық қозғалыстың түрлі формаларының дамуына
Бірінші дүниежүзілік соғыс кедергі келтірді.
Ресейдің бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы, халықтың жұтауы мен саяси тұрақсыздықты
туындатқан соғыс заманының қиыншылықтары Ресейді 1917 жылдың ақпан айында революциялық
жарылысқа əкелді.
Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы Қазақстанда үлкен шаттықпен қарсы алынды.
Бүкіл Қазақстанда митинг, жиын, жиналыстар толқыны өтті. Патшаның биліктен бас тартуын жəне Ақпан
буржуазиялық-демократиялық революция жеңісін қазақ қоғамының көсемдері жігерлікпен қарсы алды,
өйткені олар тəуелсіздік алуға деген үміттерін байланыстырды. Ресейдегі ақпан революциясының басты
өзгешілегі қос билік орнауы болып табылады: 1) жұмысшы, шаруа жəне солдат депутаттарының Кеңесі; 2)
Уақытша үкімет.
Достарыңызбен бөлісу: |