Қазақстан тарихы пəні бойынша тақырыптар тізімі



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата30.12.2016
өлшемі1,15 Mb.
#747
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

 

 

34

7-тақырып.  ХVІІІ  ғ.  бірінші  ширегіндегі  Қазақстан.  Қазақстан  жəне  Ресей  жаңа  заман 



жағдайында

. Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы (1 сағат)   

 

1. Қазақстанның саяси жағдайы. Жоңғар агрессиясы. 

2. І Петр патшаның  «Шығыс саясаты» жүйесіндегі Қазақстан.  

3. Қазақстанның Ресейге бодандыққа өтуінің басталуы. 



 

СӨЖ

 тапсырмалары: 

1. XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың І жартысында патша үкіметінің Қазақстанды отарлау саясатының 

мəнін анықтаңыз. 

2. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Кіші жүздің хан өкіметінің дағдарысқа ұшырау себептерін 

ашыңыз. 

1. XVIII  ғ.  Қазақ  хандығы  үшін  ауыр  дəуірдің  бірі  болды.  Себебі  неде?  Қасым,  Есім  жəне  Тəукенің 

еркімен  жəне  ерлігімен  құрылған  Қазақ  хандығының  тұтастығына  ешкім  күмəн  келтірген  жоқ  еді.  Бірақ 

өмірде жетекші орын ертеңгі күнді ойлай алмайтын жəне ойлағысы келмейтін тұтынушылық психологиялы 

адамдарға  тигенде  жəне  екінші  жағынан  –  арыстандай  көршілері  аңдып,  кім-кімді  жеңгенін  күтіп,  бір-

бірлеріне  айдап,  тұтас  жатқан  елдің  көркін  бұзды,  келбетін  өзгертті.  Қазақ  пен  жоңғар  арасындағы  соғыс 

екеуіне  де  ешқандай  пайда  əкелген  жоқ.  Бір-бірін  құртып,  біреудің  жойылуына,  біреудің  өзгеге  бодан 

болуына ғана жағдай жасады.  

ХVІІІ  ғасырдың  20-шы  жылдарынан  кейін  Қазақ  хандығында  тарихындағы  ең  қиын  саяси  жағдай 

орнайды.  Тəуке  ханның  өлімінен  кейін  оның  еріксіз,  əрекетсіз  баласы  Болат  хандыққа  сайланды.  Əрине, 

Болат  ханның  əлсіз  еркі  мемлекеттің  ыдырауына  əкеледі.  Болат  ханның  мұндай  қылығы  нəтижесіз 

қалмады:  солтүстіктен  бір  уақытта  сібір  казактары,  Еділ  қалмақтары  жəне  башқұрттар  шабуыл  жасады; 

елдің  оңтүстік-батысында  орта  азиялық  хандықтардан    да  тыныштық  болған  жоқ.  Бұл  жағдайды  Жоңғар 

хандығы  пайдаланып  кетеді.  Жоңғарлар  (қалмықтар,  ойраттар)  –  батыс  моңғол  тайпалары  (чоросстар, 

дербенттер,  хошоуттар,  торғауыттар)  ХVІ  ғасырдың  екінші  жартысында  өз  одақтарын  құрса,  1635  жылы 

Жоңғар хандығын құрады. Шығыстағы қалыптасқан күштер қатынасы Қазақстан пайдасына шешілген жоқ. 

Өйткені Қазақстан тарихындағы қайғылы оқиғалар осылармен байланысты. Əсіресе билікке Цеван-Рабтан 

келгеннен  кейін  жоңғарлар  мен  қазақтар  арасындағы  тайталастар  үздіксіз  жаулап  алу  соғыстарына 

айналды. Осы жыл «Ақтабан шұбырынды, Алқа-көл сұлама» атымен мəлім болды (1723-1727). 

Бір жағынан қаһарлы көршілермен қоршалуы, екінші жағынан ішкі келіспеушіліктер – Қазақстанның 

қоғамдық  жəне  саяси  өмірінің  ережелерінің  бұзылуына  əкелді.  «Ақтабан  шұбырынды,  Алқа-көл  сұлама» 

уақытын бастан кешірген  халық басына төнген ауыртпалықты батырлар мен билер шешпекші болды.  

Ескерту

.  Тарихтың  қиын-қыстау  кезеңдерінде  көшпелі  халықтардың  этникалық  жүйесінің  ішкі 

құрылымы  əр  қашан  маңызды  өзгерістерге  ұшырайтын.  Бірақ  осындай  бұзылулар  кезінде  ерекше 

əлеуметтік-саяси байланыстар түрі ретінде туыстықтың құрылымдық бірлігі өзгеріссіз қалады. Мұндай 

жағдайда  ру  басшылары  кепілдік  ретінде  шығатын.  Рулық  құрылымның  қызмет  ету  механизмінің 

мағынасы да қиын-қыстау кезеңдерде балама үлгі көрсететіндігінде: көшу, шапшаңдық жəне тойтарыс. 

Бұл  жоңғарлармен  қақтығысу  кезінде  де  көрініп  тұр,  мұнда  рух  басшылары  жəне  көрсетушілері  билер 

жəне батырлар болған.  

Алғашқы  жеңістер  Бұланты  өзенінің  етегінде  (Торғайдың  оңтүстік-шығысы)  жəне  «Қалмақ-

қырылған»  атымен  белгілі  Қара-Сиыр  жерінде  болды. Шабуылдап  келе жатқан  үш жүздің  лектері  «Орда-

басы»  тауының  етегінде  бірікті  (Шымкенттің  батысына  қарай).  Дəл  осы  жерде  терең  күйзелістен  кейін 

ерекше  «талап  қойған»  (көшпелі  өркениет)  иелері  ретінде    Ұлы  Дала  мүддесін  қолдайтын  басты  саяси 

субъекті  ретінде  бірігу  қажеттілігін  түсінді.  Сондықтан  «Ортақ  іс  бір-біріне  деген  адалдық  антымен 

дəріптелді»  жəне  бұл  жерде  «əскер  басы  ретінде  Əбілхайыр  таңдалды.  Дəстүр  бойынша  құрбандыққа 

шалынған  ақ  боз  ат  болашақ  табыс  кепілі  ретінде  қабылданды».  Қазақтардың  осыдан  кейінгі  жеңімпаз 

шеруін  Боролдай  жəне  Қошқар-Ата  өзендерінің  басында  «Үлкен  Орда  қонған»  жəне  «Кіші  Орда  қонған» 

шатқалдарының  атауларынан;  Əбілхайыр  сайының  атауынан  (Əбілхайыр  ханның  аты  бойынша)  көруге 

болады.  Ақырында  «Аңырақай»  деген  атаумен  белгілі  Балқаш  көлінің  оңтүстік-шығысында  орналасқан 

жерде орасан зор қанды қақтығыс орын алды. Бұл шайқаста қазақтар ең жарқын жеңістеріне қол жеткізді, 

бұл жеңіс əлі де ел есінде.  

1730 жылға дейін үш Жүз қазақтары іргелесіп ортақ жауға қарсы жұмыла күресті. Əбілхайыр əскер 

басы болып қала берді. Дəл осы кезде белгісіз бір оқиға сұлтандар арасына жік келтіріп, бөлінуді өрістей 

түсті.  Əбілхайыр  басшылық  еткен  Кіші  жүздің  бір  ұлысы  жəне  Сəмеке  басқарған  Орта  жүздің  бір  ұлысы 

майданды  тастап,  орыс  шекарасына  кетіп,  сол  жақта  Ресейдің  қоластына  кірді.  Əлі  де  болса  қаһарлы 

Қоңтайшы алдында қазақтың болашақ тағдырын шешуге байлам жасалмаған еді. Бұл міндетті абыроймен 

Абылай  хан  шешеді.  Қайтыс  болған  Болат  ханның  орнына  Хан  сайлануы  көпшіліктің  таңдауы 

Əбілмəмбетке  түседі.  Бəлкім,  сұлтандар  арасындағы  қайшылық  осы  болған  шығар.    Əбілхайыр  жəне 

Сəмеке  «істері  еленбеген»  деп  сезініп,  Ресейге  көшіп  кетіп  қалады.  Қазақтардың  «ортақ  ісі»  осылайша 

бұзылды.  



 

35

Орыс патшасына жүгінуді Əбілхайыр мүмкін əскери-саяси одақтас ретінде бағалады. Мəскеу үкіметі 



мұны өзгеше, жоғары «патша қоластына» қабылдау туралы сұраныс деп түсінді. Келіссөз  барысында орыс 

билеушілері  қазақ  билеушілерінің  (оның  ішінде  Азияда)  Ресей  қоластына  кіру  мəселесіне  деген 

көзқарастары  Еуропаға  қарағанда  басқаша  екендігін  кейін  түсінеді.  ХVІІІ  ғасырда  хан  жалғыз  билік 

иеленуші болған жоқ. Мұндай тəртіп «Жеті Жарғының» тармақтарының бірінде бекітілген, атап айтқанда 

былай делінген: «Хан барлық сұлтандар, ақсақалдар жəне ру басшыларымен қатар күзде халық жағдайын 

талқылау  үшін  жиналады».  Оның  үстіне  билеуші  ханның  берген  анты  оның  мұрагерлеріне  ешқандай 

міндеттемелер жүктемейді. Патшаға келгенде А.И. Тевкелев «қазақтардың көпшілігі Ресей қоластына кіру 

туралы  естігісі  де  келмеді»  деп  баяндады.  Осыдан  кейін  тағы  да  бірнеше  орыс-қазақ  кездесулері  орын 

алады.  Бірақ  бірқатар  себептермен  Қазақстанның  Ресейге  «қосылу»  процесі  ХІХ  ғасырдың  60-шы 

жылдарына дейін созылады.  

Данышпан  мəмілегер  жəне  көршілермен  қақтығысты  оңтайлы  жүргізген    Абылай  қазақ 

мемлекеттілігін  сақтап  қалу  мен  оны  нығайту  саясатын  жүргізді.  Ол,  1748  жылы  Ресейдің  ұсынысымен 

жарлыққа  қол  қойса  да,  1756  жылы  Қытайдың  да  жарлығында  қол  қойды.  Осыған  қарамастан  Абылай 

тұсында  Қазақ  хандығы  дербестігін  сақтап  қалды.    1755  жылы  Абылай  жоңғарларды  жеңіп  шығады.  Сол 

жылы  Амурсана  хонтайшының  қытайлықтарға  қарсы  көтерілісі  орын  алды.  Көп  ойланбай,  Қытай 

императоры  жоңғар  халқын  жою  бұйрығымен  өз  əскерін  жібереді.  Шынында,  қытайлықтар  жасы  мен 

жынысына  қарамастан  1  миллионға  дейін  жоңғарларды  өлтірді.  Осы  кезде  батыстан  оларға  Абылай 

шабуыл  жасады.  Амурсана  Ресейге  қашып,  сол  жерде  шешектен  қайтыс  болады  (1757).  Жоңғарларды 

жойғаннан  кейін  Абылай  өз  халқын  шығысқа  апарып,  Алтай  тауларына  жəне  Құлжа  қаласының  (қазіргі 

Синь-Цзянь) аймағына дейінгі ауқымды кеңістікті басып алады.  



2. Қазақ Ордасы тұтас қала ма, жоқ əлде ұтыла ма, осы мəселе ғана маңызды болған Мəскеу үшін бұл 

шайқастың  нəтижелерін  қалай  қалтырап  күткендерін  елестетуге  болады.  Өйткені  Петр  І  өзінің  шығыс 

саясатында Қазақстанға үлкен мəн берген: «барлық азиялық елдер мен жерлерге осы орда кілт жəне қақпа; 

жəне  осы  себептен  осы  орда  Ресейдің қоластында  болу  керек,  тек  сол  арқылы  азиялық  елдермен қатынас 

жасау үшін жəне Ресейлік жаққа пайдалы жəне қабілетті өлшемдер алу үшін». Сібірді отарлау тəжірибесі 

жəне  азиялық  доктрина  жасалуы  жалпы  Ресейдің  барлық  кейінгі  шығыс  саясатына  əсерін  тигізді.  Дəл 

Қазақстанға тиісті Ресейдің азиаттық доктринасының мағынасы мынада болды: тек Қазақстан далаларына 

билікті  бекіту  ғана  емес,  орыс  иелігінің  шектерін  Үндістанға  дейін  кеңейту.  Ең  ақырында  осылай  болып 

шықты.  Дегенмен  бұл  саясаттың  жүзеге  асырылуы  өте  көп  уақытты  талап  етті.  Сондықтан  Қазақстанның 

Ресейге «қосылуы» Сібірдің қосылуына қарағанда басқа жолмен жүзеге асырылды. Енді тағдыр еркімен екі 

əлемнің  –  Ресейдің  отырықшы-егіншілік  мəдениетінің  жəне  Қазақстанның  көшпелі  өркениет  əлемінің 

тарихи кездесуі алда тұрған. Біздің кейінгі баяндауымызда келесі мəселе қойылады: «қосылудың» жұмбақ 

мəселесіне объективтілік тұрғыдан қарау.  

Көшпелі  қоғам  сыртқы  əлемге  қатысты  əрқашан  белсенді  əрекеттестік  күшті  білдірген.  Тіпті 

«нефритті  жол  да»  ізсіз  өткен  жоқ.  Сібір  археологтары  оның  да  іздерін  тіркеген.  Алтайдан  Еуропаға 

апаратын  жол  болған  (Саян  тауларының  сілемдерінде  осы  сирек  кездесетін  тастың  бай  кен  орындары 

белгілі. Оның үстіне нефрит минералы түркілерде ерекше құрметке ие болған). Бұл табылғандар өте көне 

заманның  өзінде    Шығыс  пен  Батыс  арасындағы  өзара  қатынасы  мен  өзара  ықпал  етуі  бақыланатын 

маршруттар (нефрит жолы) белгіленгені туралы ойлануға мəжбүр етеді.  

Көшпелі өркениет үшін  ат толығымен номадтың қанына сіңіп, сүйегіне біткен жəне оны кеңістікке 

шығарған. Номадтар өздерінің «ат үсті» өмір салтына арнайы киім жасаған – шарвар жəне етік. Үзеңгілері 

бар  ер-тоқым,  етіктің  өкшесі  жəне  көптеген  басқа  əбзелдер  «атты  ерттеп»  əлемді  игеруге  бой  ұрған 

елдердің бірі. Географиялық ашылулар салт атты халық үшін жаңа мүмкіндіктер мен серпіліс күшін беріп 

отырды. Отырықшы елдердің көшпелі елдермен өзара əрекеттестікке түсуі əрқашан теріс жағынан көрінген 

жоқ. Мұндай жағдайлар екі жаққа да əрқашан белгілі пайда əкелген. 

Дегенмен бұл қатынастар (саяси жоспарда) келесі шараларды да туындатқан, яғни бағыныштылыққа 

жəне  тəуелділіктің  түрлі  формаларына.  Жаңа  заманға  дейін  бұл  келісімдер  (отырықшы  елдердің 

көшпенділерге  тəуелділігі)  негізінен  жанама  басқару  саясатын  қолдаған.  Отырықшы  қоғамдардың 

көшпенділерге  тəуелділігінің  əр  түрлі  формалары  ХV  ғасырдың  соңына  дейін  орын  алды  (1480  жылы 

Сарайдың күйреуіне дейін). Көшпелі өркениет негіздерінің (империялық құрылымның) күйреуі, жаңа заман 

дəуірінде  отырықшы  мемлекеттер  пілтелі  мылтық  пен  зеңбіректі  ойлап  тапқанда  (техникалық  жоспарда) 

жəне  Жібек  жолы  өз  маңыздылығын  жоғалта  бастағанда  ғана  (номадтар  өмірін  қамсыздандыру  көзі 

ретінде)  отырықшы  мемлекеттер  көшпенділерден  «қорғалу»  жағдайын  тапты.  Теңіз  жолдарындағы  Ұлы 

географиялық жаңалықтар жəне сауда жолдарының ауыстырылуы керуендік саудаға соққы жасады (негізгі 

қорлардың  бірінің  жойылуы).  Осы  аталғанның  бəрі  көшпенділерді  жеңуге жəне  бірте-бірте  өзіне  қаратып 

бодандыққа айналдыруға жағдай жасады.  

ХVІ-ХVІІ  ғасырларда  Мəскеу  иелігінде  Қазақ  мемлекетін  Казак  Ордасы  деп  атаған.  ХVІІ  ғасырға 

дейін  Мəскеу  мемлекетінің  Қазақстанмен  ортақ  шекарасы  болған  жоқ,  ол  Ноғай  Ордасымен  Қазан  жəне 

Астрахан  хандықтарымен  бөлінген  болатын.  Алтын  Орда    күресі  басталды.  Ең  бірінші  кезекте  Мəскеу 


 

36

мемлекеті  жəне  Қырым  хандығы  болған  (олар  өз  тағдырын  Осман  империясымен  байланыстырған), 



бұларға  ноғай  жəне  башқұрт  мырзалары,  қазақ  жəне  сібір  хандары  əр  түрлі  дəрежеде  құмар  болды.  ХVІ 

ғасырда Мəскеу Алтын орда мұрасына деген дауды жеңе бастады. Қазан жəне Астрахан əулеті арасындағы 

көпжылдық күрес  Иван Грозныйдың Қазанды (1552) жəне Астраханды (1556) жаулап алуымен аяқталды. 

1598 жылы Сібір хандығы Мəскеу патшалығының құрамына енеді. Осыған ұқсас жағдай Ноғай Ордасында 

да  пайда  болды.    Билікке  үміттенушілердің    ағайынды  Смайыл  жəне  Жүсіп  -  өзара  тартысында  орыс 

ықпалын  қолдаушы  Смайыл  жеңді.  Оның  жеңісінің  нəтижесінде  Жүсіп  қаза  болып,  ноғай  руларының  бір 

бөлігі  Қырым,  Қазақ  жəне  Сібір  хандығының  шегіне  көшіп  кетеді.  ХVІ  ғасырдың  ортасына  қарай  Хакк-

Назар  хан  Ноғай  Ордасының  ыдырауын  пайдаланып,  өз  билігін  ноғайлар  мен  башқұрттарға  таратып, 

«қазақтар,  ноғайлар,  башқұрттар  жəне  қырғыздар»  ханы  атанған.  Бірақ  ХVІІ  ғасырдың  басында  Жайық 

өзенінің құйылысында қазіргі Атырау қаласынан шамамен 60 шақырым жерде ХІІІ ғасыр басында Жошы 

ұрпақтары негізін салған Сарайшық қаласы орталығы болған ноғайлықтардың саяси мағынасы жойылады. 

Қақтығыстармен  ойрандалған  ноғай  жері  ноғайлықтар  топтарының  жəне  княздері  жоқ  орыс 

қаңғыбастарының паналайтын жеріне айналды. Кейін олар патшалы Ресейдің ерекше əскери əулеті ретінде 

казактар жүйесі құрылады. Жоңғар елінен қалмақтар қоныс аударып келгенде, Ресей олармен одақтасып, 

солардың  көмегімен  Қырымды  жаулап  алады.  Қырымда  Жошы  ұлы  Тоқай-Темірдің  ұрпақтары  Керейлер 

əулетінің иелігінің аяқталуы 1783 жылға қарайды. Енді ХVІ ғасырдың екінші жартысынан бастап Еуразия 

кеңістігінде  ресейлік  дəуір  орнайды.  Еуразия  кеңістігінде  түркі-славян  (VI-XV  ғғ.)  орнына  –  орыс-түркі 

(XVI-XX ғғ.) бірігу дəуірі басталады.  

ХVІ  ғасырдың  соңғы  ширегінен  бастап  Ресейдің  шығыс  саясатында  казактар  бағаланбас  рөл 

атқарды.  Тарихнамада  казактардың  шығу  тегі  мен  рөлі  əр  түрлі  бағаланады.  Орыстар  үшін  олар  оның 

көмегімен  Ресей  империясының  кеңістікте  кеңейілуі  заңды  деп  танылған    күш  деп  бағаланды.    Шынайы 

деректерге  сүйене  отырып,  казак  институтының  шығу  тегі  түркі  негізін  растайды.  Əскери  міндеттерді 

атқаратын  «татарлар»  деп  аталған  ресейлік  азаматтар  болып  кеткен  қазандықтар,  астрахандықтар  жəне 

ноғайлықтар Мəскеуге Сібірді жəне Қазақстанды иеленуде көмектесті.  

Ескерту

.  Казактың  өмір  салтын  белгілеу  үшін  арнайы  термин  қолданылған  –  казачество, 

казакование немесе казаклык. Бірақ мұнда ол этникалық емес, əлеуметтік процестер негізі болды. Мұнда 

казактардан  қалыптасқан  «қоғамдар»  ең  бірінші  кезекте  өздерін  еріктілер  деп  санады.  Казак 

қауымдарының  этникалық  құрамында  «түркілер»  басым  болған.  Уақыт  өте  келе  түркілер  орыстанып 

кетеді.  Сонымен,  казактар  –  бұл  өзіндік  түркі-славян-кавказдың  этникалық  симбиозы.  Бұл  тұрғыда 

Ермактың  казактар  тобыры  ерекше  болған  жоқ.  Сонымен,  казактар  қалыптасуына  түрлі  этникалық 

топтар қатысып жəне онда түркі бастамасы салмақты болғанына қарамастан, дегенмен бірте-бірте ол 

орыстана бастайды. Мұның себебі Ресейдің казактарды жиі қызметке шақырғандығында. Казактардың 

орыстануы  олардың  күнделікті  өмірінде  түркі  мəдениетінің  ауқымды  қабатының  сақталуына  кедергі 

келтірген  жоқ.  Көпшілік  казактар  үшін  орыс  тілімен  қатар  «түркі»  тілі  дағдылы  болған.  Тіпті  ХХ 

ғасырдың  басында  казактар  орыс  халқының  бөлінбес  бөлігі  жəне  Ресей  мемлекеттілігінің  берік  тірегі 

болғанның  өзінде  Ресей  империясының  казак  жасақтарындағы  казактардың  көпшілігі  түркі  тілдерімен 

сөйлеген.  Еске  сала  кететіні,  ол  кезде  қазақ  казакка  «тамыр»  деп  айтатын,  бəлкім  басқаша  айтқанда 

«шығу  тектеріміз  жақын»  дегенді  білдірген  шығар.  Бірақ  олар  үшін  ең  бастысы  Ресей  империясының 

ерекше

 сословиесына тиесіліктері маңызды болған.  

Қалай  болғанда  да  «Сібірдің  қосылуы»  айтарлықтай  дəрежеде  түркі  қолдарымен  орындалды  жəне 

біздің  ойымызша  Ермак  оның  көрнекті  дəлелі.  «Əскери  міндеттегі  татарлардың»  еңбектерінің 

нəтижелерінде  Ресей  Азия  түкпірлерін,  яғни  Сібірді  жемісті  бағындырды.  Жаңа  Сібір  елдерін  əр  сəтті 

бағындырудан  кейін  мəскеулік  приказда  істеуші  адамдар  келіп,  жаңа  жердің  орыс  мемлекетіне 

қосылатындығы туралы хабарлайтын. Осылайша Сібірдегі қалалардың негізі салынған: 1587 жылы Тобол, 

1607  жылы  Енисейск,  1628  жылы  Краснояр,  1632  жылы  Якутск,  ХVІІ  ғасырдың  50-шы  жылдары  Амур 

бассейні. 1689 жылы Ресей мен Қытай арасында «Нерчин трактаты» жасалды. Келісім бойынша Солтүстік 

Азия бойынша жер бөлінуі жүзеге асырылды.  

Петр  І  басқаруы  басталысымен-ақ  Ресейдің  шығыс  саясатының  жобасында  айтарлықтай  түзетулер 

жүзеге асырыла бастайды. Бірақ «Азиаттық доктрина» саясатын жүзеге асыру үшін көп уақыт қажет болды. 

Сондықтан Қазақстанның Ресейге қосылуы Сібірдің қосылуына қарағанда басқа жолмен жүргізілді.  



3. ХVІІ-ХІХ  ғасырлар  бойында  Ресей  мен  Қазақстанның  өзара қатынастарында  эволюцияның келесі 

түрлері  орын  алды:  көршілес  қатынастар  мен  əскери-саяси  одақты  іздеуден  Қазақ  жерлерінің  Ресей 

империясына  қосылуына  дейін.  Қысқаша  айтқанда,  ХІХ  ғасырда  екі  дүниенің  бір  державаға  бірігуі  Ресей 

державасының геосаяси бағыттылығын бейнелейді. Ресей Қазақ даласын Шығыста өз сауда-экономикалық 

жəне саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін маңызды стратегиялық плацдарм ретінде көздеді.  

Қазақ  жүздерінің  Ресейдің  қоластына  кіру  уақытын  екі  негізгі  кезеңге  бөлуге  болады:  І  –  жанама 

қосылу кезеңі (1731 – ХІХ ғ. 20-шы ж.); ІІ – нақты қосылу жəне отаршылдық бағыну кезеңі (ХІХ ғ. 30-60-

шы  жылдары).  Бірінші  кезеңде  орыс  үкіметі  протекторат  институтын  қолданды,  яғни  Қазақстан,  əскери 



 

37

бекіністер  желісімен  қоршалғанына  қарамастан,  Ресей  империясының  шегінен  тыс,  тəуелсіз  болып  қала 



берді.  

ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап, Қазақ даласын бағындыру жəне оның Ресейге қосылуына 

бағытталған  белсенді  шаралар  қолданыла  бастады.  Ресейдің  Қазақстанға  тиісті  саясатының  бағдарын 

өзгертуіне  орта  азиялық  фактор  əсер  етті  (Англияның  жəне  Ресейдің  мүдделерінің  қайшылығы).  ХІХ 

ғасырдың  30-60  жылдарында  өткізілген  бірқатар  əкімшілік  реформалар  мен  əскери  акцияларының 

нəтижесінде  Қазақстан  толығымен  ресейлік  басқару  жүйесіне  енгізілді.  Қазақстанда  саяси  ұйымдастыру 

жүйесі,  яғни  қазақ  мемлекеттілігі  жойылды  жəне  ресейлік  отар  басқару  органдары  енгізілді.  Ұлы  Дала 

Ресей империясының шет аймағына айналды. Енді Ұлы Дала көшпенділеріне өз шаруашылық тұрмыстары 

мен қоғамдық өмірлерін өзгертуге тура келді. 

8-тақырып.  ХІХ  ғ.  жəне  ХХ  ғ.  басындағы  Қазақстанның  əлеуметтік-экономикалық,  саяси 

дамуы

. Қазақстан мəдениеті (XVIII – ХХ ғғ. басы) (1сағат) 

1.  Патша  өкіметінің  отаршылдық  реформалары:  хандық  биліктің  жойылуы,  Отарлық  басқаруды 

орталықтандырудың күшеюі. 

2.  Ресейдің  қазақ  даласын  сауда  айналымына  айналдыруы.  XIX  ғ.  80-90-жж.    реформалар.  Өлке 

өміріндегі əлеуметтік- экономикалық өзгерістер.  

3. XVIII – ХХ ғасырдың басындағы мəдениеттің дамуы.  

4. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар. 1916 жылғы көтеріліс. 

 

СӨЖ



 тапсырмалары: 

1. 1886  жылғы  «Түркістан  өлкесін  басқару  туралы»  Ережеге  сəйкес  Қазақстан  аумағындағы 

əкімшілік-соттық реформаның енуінің шиеленісін ашыңыз. 

2. ХІХ  ғасырдағы  ақындардың  шығармашылықтарындағы  қазақтың  ауызша  традициясын 

пайдаланудағы ерекшеліктерін жазу. 

3. Кіші Жүз аумағындағы 1837-1838 жылдардағы көтерілісті жазу. 

4. Қазақстан аумағындағы сұлтандар қозғалысының себептері мен    сипатын ашыңыз. 

5. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан аумағындағы аграрлық қозғалыстың себептерін ашыңыз. 

6. Қазақстандағы заводтар мен фабрикалардағы жұмысшы қозғалысының себептерін ашыңыз. 

7. Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстан экономикасына əсерін көрсетіңіз. 



1. ХІХ  ғасырдың  30-шы  жылдарынан  бастап,  Қазақ  даласын  бағындыру  жəне  оның  Ресейге 

қосылуына  бағытталған  белсенді  шаралар  қолданыла  бастады.  Ресейдің  Қазақстанға  тиісті  саясатының 

бағдарын өзгертуіне орта азиялық фактор əсер етті (Англияның жəне Ресейдің мүдделерінің қайшылығы). 

ХІХ  ғасырдың  30-60  жылдарында  өткізілген  бірқатар  əкімшілік  реформалар  мен  əскери  акцияларының 

нəтижесінде  Қазақстан  толығымен  ресейлік  басқару  жүйесіне  енгізілді.  Қазақстанда  саяси  ұйымдастыру 

жүйесі,  яғни  қазақ  мемлекеттілігі  жойылды  жəне  ресейлік  отар  басқару  органдары  енгізілді.  Ұлы  Дала 

Ресей империясының шет аймағына айналды. Енді Ұлы Дала көшпенділеріне өз шаруашылық тұрмыстары 

мен қоғамдық өмірлерін өзгертуге тура келді.  

1822-1824  жж.  Жарғысымен  көшпелі  мемлекетті  басқарудың  саяси  институты  жойылды,  1867-1868 

жж.  Уақытша  ережемен  рулық  институттарды  жоюдың  шарттары  жасалды.  Логутов  былай  деп  жазады: 

«Бұл уақытқа қарай (ХХ ғ. басы) кезінде қаһарлы қазақ одағы ыдырап, ал 1822 жəне 1868 ж. орыс заңдары 

қазақтардың  өзін-өзі  басқаруын  толығымен  жойды.  Хандар  билігі  қысқартылды,  қазақтар  енді  рулық 

белгілері  бойынша  емес,  аймақтар  бойынша  бөлінді,  ал  олардың  басқарылуы  «қазақтардан  шыққан 

бастықтарға» берілсе де, олар Ресей үкіметінің қол шоқпарлары болды» (Казактардың рулық тұрмысының 

очеркі  жəне  бұрынғы  Семей  губерниясының  аймағындағы  қазақ  руларының  бөлінуі.  М.,  1929.).  Дəл  осы 

қайғылы кезеңнен қазақ өнегесінің төмендеуі басталады, халық бұл дəуірді Зар Заман  деп атады. Дегенмен 

бұл қоғамның ұйымдастырылуы, қызмет етуі, басқарудың түрі мен мазмұны өзгертілсе де, рулық принцип 

өз  мəнін  сақтап  жойылған  жоқ.  Бұл  феномен  туралы  Гейнс  былай  деп  жазды:  «не  алыс  туыстық,  не 

ұрпақтар  ыдыраңқылығы,  не  ішкі  келіспеушіліктер  еш  нəрсе  ортақ  рулық  шығу  тегі  туралы  естеліктерді 

жоя алмады» (Əдеби еңбектер жинағы. СПб., 1898.).  

Тіпті отарлық шенеуніктердің өздері қазақ қоғамының құрылымдық жүйені жою мақсатында рулық 

принциптеріне  көбірек  көңіл  бөлді:  «1867  ж.  қабылданған  Ережелерде  қазақ  руларын  бөлу  мақсатымен 

көшпелі  халықты  болыстар  мен  ауылдарға  бөлу  қажеттілігі  ұсынылды,  өйткені  рудың  жəне  ру 

басшысының қоластында біріктірілу саяси тұрғыда Ресейге зиянды деп танылды». Қазалы уезінің бастығы 

генерал-губернаторға жіберген есеп хатында жазғаны: «күшті туыстары бар қазақтардың тұрмысы ауқатты 

болады,  өйткені  қиын  сəттерде  байлар  өздерінің  кедей  туыстарына  көмектеседі  жəне  жиі  жағдайда  олар 

үшін салықтарды төлейді, ал кедейлер өз кезегінде оны еңбекпен қайтарады. Бұл рулық басқару əлі де өз 

мəнін  жоғалтпағандығымен  жəне  қазақтардың  арасындағы  ру  басының  ықпалы  орыс  əкімшілігінен  де 

жоғары болғандығымен түсіндіріледі» (Гродеков Сырдария облысының қырғыздары. Ташкент 1889.). «Бұл 

ру  маңында  халықтың  барлық  экономикалық  жəне  əлеуметтік  өмірі  шоғырланған  уақыт  болды,  өйткені 



 

38

қазақ одағында тек ру ғана дербес құқықтық бірлік ретінде танылған жəне тек соның құрамына кіргендер 



ғана қажетті ұжымдық қолдауға ие болған» - деп жазады Логутов. 

ХІХ  ғасыр  бойы  жүргізілген  бірқатар  отарлық  реформалардан  кейін  жəне  ХХ  ғасырдың  басында 

рулық  құрылымдарды  жоюға  бағытталған  күшейтіліп  өткізілген  қоныс  аудару  саясатынан  кейін  орыс 

үкіметі  қазақ  өркениетінің  дəстүрлі  институтының  жасытылуына  қол  жеткізді.  Жер  мен  кеңістікті  еркін 

иеленіп,  мүдделерін  табысты  қорғаған  Қазақ  қоғамы  бірте-бірте  субъективті  психологиялық  күйзелу 

дерегіне  айналды.  Бұл  құбылысты  Румянцев  былай  деп  жазған  еді:  «Қазіргі  бейбіт  қазақты  көріп,  кезінде 

қаһарман жауынгер жəне дамылсыз ата-бабалар ұрпағы деп елестету қиын» (Румянцев. Өткен жəне қазіргі 

замандағы Қырғыз халқы. СПб., 1910ж.). 

«Ережелер»  аумақтық  ұйымдарды енгізді, əрбір құрылымға белгілі аумақтарды бекітті,  осы  арқылы 

құрылымдық  байланыстың  екі  əр  түрлі  жəне  қарама-қайшы  түрлерінің  енгізілуіне  негіз  салынды.  Патша 

үкіметінің  жерді  өз  қажетіне  пайдалану  мен  иелену  жүйесін  жаңадан  енгізуі  дəстүрлі  жерді  пайдалану 

жүйесінің бұзылуына  əкелді.  Ол,  өз  кезегінде қазақ  қоғамының шаруашылық  жəне  əлеуметтік жүйесін  де 

бұза бастады.  

Қазақ  жері  Ресейдің  мемлекеттік  меншігі  деп  жарияланды,  енді  орыс  өкіметі  оны  жаттандыруға  

заңды  құқық  алды.  Дəстүрлі  билік  құқықтары  жойылды,  барлық  ресми  билік  орыстың  шенеунік 

аппаратының қолында шоғырланды.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет