3. 1992 жылы қыркүйек-қазан айларында Алматыда дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы
өтті. Əлемнің 13 елінен келген отандастарымыз қатарында үлкен қазақ диаспорасы бар Өзбекстан (870
мың) мен Ресейден (660 мың) келушілер көп болды. Барлық қатысушылар саны 800 адам болды.
Құрылтайда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 26 маусымда қабылданған «Көшіп келу туралы»
Заң негізінде қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды. Дүниежүзі қазақтарының
құрылтайына қатысушылардың Қазақ халқына Үндеуі жарияланды. Онда: 30 қыркүйек – Ұлттық бірлік
күні деп аталды. Бүкіл əлемдегі отандастарымызды Қазақстанның экономикалық-əлеуметтік, мəдени-
интеллектуалдық мүмкіншілігін молайтуға, бар қабілеті мен еңбегін туған ел игілігіне жұмсауға шақырды.
1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының тұсаукесер салтанаты
болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан жəне ТМД елдерінен 7,5
мың қазақ отбасы көшіп келді.
1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда
негізінен мынадай мəселелер қаралды:
1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды.
2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке,
халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды.
Қазақстанның егемендік алуы, КСРО диктатурасының құлауы қоғамдық дамудың табиғи атрибуты
боп саналатын көппартиялықтың өрістеуіне жол ашты.
1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия,
Қазақстанның республикалық партиясы, «Қазақстанның халық Конгресі» жəне Коммунистік партия.
Қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы «Невада-Семей», азаматтық «Азат» жəне
78
«Қазақстанның халық бірлігі» одағы, 11 республикалық ұлттық мəдени топтар тіркелді. Сондай-ақ,
республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 əр түрлі қорлар тіркеуге алынды. 1993 жылдың
соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды.
1994 жылғы желтоқсанда «Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы», 1995 жылғы қаңтарда
«Қазақстанның өрлеу партиясы», 1995 жылдың басында «Қазақстанның аграрлық партиясы», 1995 жылғы
жазда «Қазақстанның демократиялық партиясы» құрылды. 1998 жылғы қарашада «Ақ жол» қоғамдық
қозғалысы құрылды. Жетекшісі – Н. Оразалин. Мақсаты: Президент Н.Ə. Назарбаевтың саяси бағытын
қолдау. «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асыру. Зиялы өкілдер мүдделерін қорғау. 1999 жылғы
қаңтарда «Отан» партиясы құрылды. Төрағасы – Т. Терещенко. Бұл партия Н.Ə. Назарбаевтың
Президенттікке кандидатурасын қолдау қоғамдық штабы негізінде құрылды. 1999 жылғы 14 қаңтарда
«Қазақстанның отаншылар» партиясы құрылды. Жалпы 1999 жылы республикада барлығы 14 саяси
партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер құрылды. 2001 жылғы қарашада
«Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық-саяси бірлестік құрылды. 2000 жылы
республикадағы ресми тіркелген партиялар саны – 15. Елімізде саяси партиялардың жəне партиялық
жүйелердің орнығуына, тəуелсіз баспасөздің дамуына көп көңіл бөлінді. Бұл жағдай республиканың
өркендеуіне, қоғамның демократиялануына, реформаның тереңдеуіне, экономиканың жəне халықтың
тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына ықпал етті.
1991 жылдан кейін Қазақстанда тұрғындардың саны күрт төмендей бастады. Бұл жағдай
эмиграциялық қарқынның жоғары болуымен байланысты болды. Мысалы, 1992 жылы Қазақстандықтардың
саны –16 млн. 985 мың адам болса, 1993 жылы – 16 млн. 942 мың, ал 1995 жылы – 16 млн. 590 мың адам
болды. 1999 жылғы халық санағы Қазақстан тұрғындарының саны азайып, 15 млн.-ға жетер-жетпес адам
қалғанын көрсетті. 1995 жылдың тек 9 айдың ішінде республикадан басқа жаққа 198,6 мың адам көшіп
кетті. Табиғи өсім азайып, тұрғындардың арасында өлім өсіп кетті. Дегенмен де, 1991-1997 жылдар
аралығында Қазақстанға шетелден 164 мыңдай адам көшіп келді.
Белгілі дəрежеде республиканың ұлттық құрамы өзгеріп, кейбір облыстар негізінен қазақтар тұратын
өлкеге айналды. Мысалы, Қызылорда облысында қазақтар - 93%-ы, Атырауда - 88%-ы, Маңғыстауда - 74%-
ы, Ақтөбеде - 69%-ы, Оңтүстік Қазақстанда жəне Батыс Қазақстанда - 66%-ы қазақтар болды.
Осы жылдары ауыл тұрғындарының қалаға кету үрдісі (урбанизация) күшейді. 1995 жылдары
халықтың 56%-ы қалаларда тұрды, ал қазіргі кезде бұл үрдіс бұрынғыдан да өсуде. Тұтастай алғанда,
қоғамда болып жатқан өзгерістер (процестер) өтпелі кезеңге тəн процестер деп қарауға болады.
1991 жылдан кейін оқу жүйесі белгілі мөлшерде дағдарысқа ұшырады. 1993 жылдың басында (1
қаңтар) Қазақстанда 154 мыңдық орны бар 303 бала бақшасы жабылды, орта мектептер саны азайды.
Екінші жағынан мемлекеттік емес мекемелерінің, мектептер жəне жоғары оқу орындарының пайда болу
процесі басталды.
1989 жылғы Тіл туралы Заңның жəне Конституция негізінде ұлттық білімнің жандануына мүмкіндік
туды. Еліміздің көп ұлтты мəдениетін дамытуда 40 ұлттық мəдени орталықтар мен Қазақстан
халықтарының біріккен Ассамблеясы жұмыстар атқаруда.
1997 жылы Қазақстанда 53 мемлекеттік, 40-тан астам коммерциялық жоғары оқу орындары болған
болса, 2000 жылдың басында 51 мемлекеттік, 100-ден астам коммерциялық жоғары оқу орындар болды.
Қазақстанның барлық жоғары жəне арнаулы орта оқу орындарында қазақ тілінде оқу бөлімдері ашылды.
Соңғы жылдары 300-ден астам жалпы орта білім беретін қазақ мектептері ашылып, олардың саны– 3,3
мыңға жетті. Республикада 17 ұлт тілінде жүздеген мектеп бар. 12 тілде газеттер мен журналдар шығып
тұрады, 11 жəне 6 тілде хабар жүргізетін теле-радио қызмет етеді.
1999 жылғы 11 маусымда – Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы жарияланды. 2006
жылдың басында республика бойынша 252800 ұстаз еңбек етуде.
Қазақстан тəуелсіздік алуымен байланысты халыққа білім беру жүйесінің халықаралық байланысы
кеңейді. Білімді мамандарды көбейту мақсатында жастарды шетелдердің беделді оқу орындарына жіберу
өзекті сипат ала бастады. 1993 жылғы 5 қарашада Президенттің «Болашақ» атты 250 халықаралық
стипендиясы белгіленді. Қазақстан халықтарының мəдениетін бүкіл əлемге таныту мақсатында ЮНЕСКО
ауқымында Қазақстан Республикасының мерекелері аталып өтуде. 1997 жылы ұлттық татулық жəне саяси
қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы. 1930-1932 жылдардағы ұлы қасіреттің 65 жылдығы жəне
сталиндік қуғын-сүргінге түскен ұлттық зиялылар қасіретінің 60 жылдығы атап өтілді. 1997 жылы 13
желтоқсанда Ақмолада саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық кешен ашылды.
1998 жыл - халық билігі мен ұлттық тарих жылы. Бұл жылы 23 ірі Ғылыми форумдар өткізіледі.
Республиканың барлық облыстарына 24 ғылыми экспедициялар аттандырылып, 74 ауданды аралады. Тараз
қаласына таяу жерде архитектуралық ғимарат-Ақыртас кешені ашылып зерттелді. Мантуя (Италия)
қаласында «Алтын адам. Қазақстан далалары - қола дəуірінен халықтардың ұлы қоныс аударуына дейін»
атты көрме өткізілді.
1999 жыл – Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып табылады. Осыған орай атқарылған
жұмыстар: 6 томдық «Қазақстан ұлттық энциклопедиясының» І-ші томы, М. Шоқай шығармаларының екі
79
томдығы шықты. Қытай мұрағаттары негізінде Қазақ тарихына арналған 5 кітап жарық көрді. «Алпамыс
батыр» жырының 100 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция өтті.
М. Хайдар Дулатидің 500 жылдығына арналған мерейтой өткізіліп, «Тарих-и-Рашиди» еңбегі қазақ
тілінде шығарылды. Сонымен қатар, бұл жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары
жалғасты. Нəтижесінде 19144 адам толықтай ақталды.
2001 жылы 18 маусымда Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астанаға əкелінді. 2001 жылы 5 маусымда
Қазақстанда Ресей Федерациясы мəдениетінің күндері басталды. 2003 жылы Астанада дүниежүзілік жəне
дəстүрлі діндер лидерлерінің съезі болып өтті.
Осындай мəдени іс-шаралардың өткізілуімен қоса, əлеуметтік қайшылықтардың артуына,
экономикалық жағдайдың нашарлауына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне байланысты халықтың рухани
жағдайы өте күрделі болды.
1999 жылы Н.Ə. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі жарыққа шықты. Бұл еңбектің
«Тарихтың шеңберлі жəне ұлттық зерде» бөлімінде ел тарихын автор 12 кезеңге бөледі. Еңбектің маңызы:
Тарих қойнауын зерделей отырып, ұлттық қасиетті сақтауға тəрбиелеу қажеттігі баса айтылды.
15-тақырып. ҚР сыртқы саясаты (1 сағат)
1. Қазақстанның əлемдік қауымдастыққа енуі. Қазақстан жəне халықаралық ұйымдар. (ООН, ОБСЕ,
НАТО, ШОС, ОДКБ т.б.).
2. Жаңа уақыттағы Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қарым қатынастары.
3. ҚР мəдени қарым-қатынасы.
СӨЖ
тапсырмалары:
1. Дүниежүзі кауымдастығының толық құқықты мүшесі ретінде Қазақстанның рөлін айқындаңыз.
2. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттағы бағытының ерекшеліктерін
көрсету.
1. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тəуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп
дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен
дипломатиялық қатынас орнатты. Тəуелсіз Қазақстанды əлем мемлекеттерінің арасында бірінші болып
бауырлас Түрік Республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай Республика тəуелсіздігін жер
шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.
Қазахстан өзінің тəуелсіздігін алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде халықаралық байланыс
жасауға, өзінің сыртқы саясатына айрықша көңіл бөледі, əсіресе, басты үш мəселеге ерекше назар
аударады. Біріншіден, басқа елдермен, соның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия,
Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері жəне Америка Құрама Штаттармен халықаралық
байланыста өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай,
сонымен қатар олармен мəдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы
өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік
соғысты болғызбау, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.
Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударып отыратын мəселе, ол - өзінің ең жақын жəне
ірі көрші мемлекеттерімен, соның ішінде солтүстікте Ресейдей, ал шығыста Қытай Халық
Республикасымен ойдағыдай қарым- қатынас орнату. Осы саясаттың нəтижесінде Қазақстан
Республикасының егемен ел ретіндегі алдағы болашағы да байланысты. Сондықтан қалай дегенде де
солтүстігімізді жайлаған ұлы елмен əрқашан жақын болу керек.
Қазақстан мен Ресей 1991 ж. КСРО тарап, тəуелсіздікке қол жеткеннен кейін өздерінің сыртқы
саясатында халықаралық құқық принциптері негізінде бір-бірімен стратегиялық байланыс, достық, тату-
тəтті көршілік жəне өзара тиімді ынтымақтастық қатынастарды дамытуға айрықша көңіл аударды.
Бауырлас халықтардың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сəуірде
Федерацияның Президенті Б. Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ə. Назарбаев Алматыда кездесіп,
Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы оте зор болды. Онда Қазақстан мен
Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси - экономикалық реформалардың екі ел
халықтарының болашағы үшін үлкен мəні бар екендігі атап көрсетілді. Мемлекеттің басшылары бұдан
былайда екі ел арасындағы егемендікті, тəуелсіздікті құрметтеу, аумақтық тұтастық пен бір - бірінің ішкі
істеріне араласпау принциптерін сақтау негізінде дами беретінін қуаттады.
Ал 2002 ж. желтоқсан айында Қазақстан Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Мəскеуге ресми сапары
барысында Қазақстан мен Ресей арасында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш
салынатыны баса айтылды. Олардың ішінде Байқоңыр Ғарыш кешенін одан əрі бірлесіп пайдалану мəселесі
тағыда сөз болды. Сондай - ақ, аймақтар жəне халықаралық көкейкесті проблемалар төңірегінде жан-жақты
пікір алмасылды. Екі жақты деңгейдегі ТМД, ЕурАзƏҚ, ұжымдық қауіпсіздік, ШЫҰ шеңберіндегі
80
ынтымақтастық қарым-қатынастар аймақтағы елдер қауіпсіздігінің, интеграциялануының басты кепілі
болып табылатыны атап көрсетілді.
Қазақстан үшін оңтүстік – шығыстағы үлкен көрші - Қытайсыз əлдебір үлкен саясат жүргізу қиын
екенін ерекше атап айту керек. Сондықтан тəуелсіздік тізгіні қолға тигеннен бері Республиканың сыртқы
саясатында темірқазыққа айналған бағдарлама – Қытай Халық Республикасымен қарым – қатынастарды
айқындау. Міне, осы бағытта Қазақстан бірқатар шараларды іске асырып, Қытаймен достық байланысты
орнатуда едəуір табыстарға қол жетті. Алғашқы кездегі басты міндет – жан-жақты экономикалық
байланыстарды дамытып, шекарадағы шиеленістерді тоқтату еді. Оның үстіне, Қазақстанның
стратегиялық мақсаты – Қытай арқылы дүниежүзіне шығудың жəне бір жаңа жолын ашу. Өйткені
Қазақстан өзінің тəуелсіздігін алғанға дейін, шет елдермен экономикалық жəне саяси байланыстарды тек
Орталық, яғни Ресей арқылы жасап келген болатын. Енді Қытаймен қарым - қатынасты қалыпты жағдайға
келтірумен байланысты елімізге сыртқы рынокқа шығудың қосымша жолдарына түсу мүмкіндігі туды.
1999 жылдың басына қарай дүниежүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық
қатынас орнатылды. Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам дипломатиялық жəне консулдық
өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік жəне халықаралық, ұлтаралық
ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен
жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.
1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі
болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ
сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ə. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның
бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда
сенім əрекеттестік шаралары туралы саммит өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты.
Оның ішінде 7 ірі державалар - Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия болды. Маңызы: Бұл елдердің
экономикалық потенциалы өте зор, олардың территориясының жалпы көлемі 38,8 млн.кв.км., немесе
Евразия материгінің 89%-ын құрайды. Бұл елдердің территориясында 2.8 млрд. адам тұрады, яғни жер
шары тұрғындарының 45%-ын құрайды.
2. Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мəселеге ерекше назар аударады:
1. ТМД, Азия, Еуропа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық
байланысты өркендету.
2. Мəдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің
қатарына қосылу.
3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мəселе – ең жақын жəне ірі көрші
мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-
қатынас орнату.
1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық жəне өзара көмек
туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы
Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сəуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол
қойылды. Декларацияның маңызы:
1. Екі ел арасындағы егемендікті, тəуелсіздікті құрметтеу.
2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.
1998 жылғы 6 шілдеде Мəскеуде ІІІ ғасырға бағдарланған «Мəңгі достық пен ынтымақтастық
туралы» Декларация жарияланды. Нəтижелері:
1. Каспий теңізінің құқықтық мəртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты.
2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті.
3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мəселесі қарастырылды.
1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай Халық Республикасына алғаш сапары болды,
нəтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сəуір айында Қазақстан мен Қытай арасында
шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718
шақырымдық).
1996 жылғы сəуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай,
Қазақстан, Тəжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда негізінен - шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық
қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мəселелер қаралды. 1997 жылғы 25 қыркүйекте
Алматыда болған келіссөздің нəтижесінде – Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай
құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9,5 млрд. доллар жұмсауға
келісті.
1998-1999 жылдары Қазақстан-Қытай арасында келісімдер нəтижесінде, шекараны нақтылау
негізінен аяқталды. Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991
жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде
АҚШ - Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында
экономикалық əріптестік бағдарламасы жасалды.
81
Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде жəне Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге
қол қойылды. 1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы
серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау
көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін
барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мəселелер қаралды.
АҚШ Қазақстанға мəдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде «Болашақ»
бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.
Қазақстан жəне ТМД елдерімен тығыз өзара байланыста болу – біздің ел үшін өте қажет. 1994 жылы
– Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, кейін
Тəжікстан).
Қоғамдық жəне əлеуметтік-экономикалық өмірдің барлық саласындағы дағдарыс ТМД басшыларын
интеграциялық жаңа жолдарын іздеуге итермеледі.
КСРО тарағаннан кейін ядролық қару негізінен Ресей жерінде шоғырланды. Қазір жер жүзінде 5
ядролық держава бар. АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция.
1993 жылы Президент Н.Ə. Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан ядролық қарудан
еркін аймақ болып жарияланды. Соғыс өнімдерін шығаратын кəсіпорындарды бейбіт заттар өнімдеріне
айналдыру – (конверсия) жүзеге асырыла бастады.
1996 жылғы 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау
жөнінде шартқа қол қойды.
Қазақстан басшылығы əскери-саяси одақ НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл
ынтымақтастық «Бейбітшілік үшін əріптестік» бағдарламасы негізінде жүзеге асуда. 1997 жылғы 15-21
қыркүйекте Шымкент (Қазақстан) жəне Шыршық (Өзбекстан) жерінде НАТО əскери бөлімдерінің
қатысуымен əскери жаттығу өткізілді.
2001 жылғы 29 тамызда Алматыда «ІІІ ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды» атты
халықаралық конференция ашылды.
Тəуелсіздік алғаннан бері халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге республикаға жол ашылды.
1997 жылдың басына қарай Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып кірді. Соның бірі
ЮНЕСКО
– ірі халықаралық ұйым. Ол – Білім, Ғылым жəне Мəдениет, «Адам жəне биосфера», «Адам
табиғи ортада» жəне басқада бағдарламалар негізінде жұмыс жасайды.
ЮНЕСКО – Қазақстанда биологиялық əртүрлілікті сақтау мақсатында елдің ерекше қорғалатын
табиғи аймақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи жəне мəдени мұрасы жəне «Адам мен биосфера»
бағдарламасы шеңберіндегі аймақтар тізіміне кіргізу туралы шараларды іске асыруда, бірлесіп жұмыс
атқаруда.
Мұнымен қатар, Қазақстан халықаралық ұйым ЮНИСЕФ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар
Қоры. ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасындағы өзінің жұмысын 1992 жылы бастады, негізінен, денсаулық
сақтау саласында шұғыл жəрдем көрсетуді насихаттайды.
ЮНИСЕФ-тің Арал аймағының халқын сауықтыру жөніндегі бағдарламасы - əйелдер мен
балалардың денсаулығын қорғау, білім беру, балалардың тамағын жақсарту, сумен қамтамасыз ету,
санитарлық қызметті жақсарту жөніндегі нақты шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен бірге,
Қазақстан 800-ге жуық мемлекетаралық жəне үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойды.
Достарыңызбен бөлісу: |