9-тақырып. 1917 ж. Қазан төңкерісі, оның алғышарттары. Азамат соғысы (1918-1920 жж.) -
халық
трагедиясы. Қазақ кенестік мемлекеттілігінің құрылуы (1 сағат)
1. Қазақстандағы «Соғыс коммунизм» саясаты (1918-1921 ж. наурыз).
2. Қазақстандағы ЖЭС, оның əлеуметтік-экономикалық нəтижесі.
43
СӨЖ
тапсырмалары:
1. Азамат соғысы тарихындағы Алаш Орда үкіметінің рөлін белгілеңіз.
2. Азамат соғысы жылдарындағы соғыс қимылдары тараған аймақтарды сипаттаңыз.
3. Кеңес үкіметінің мəдениет пен ғылым саласындағы негізгі жетістіктерін ашыңыз.
1. 1917 жылдың басында Россияда революциялық жаңа толқын көтерілді. Империалистік соғысты
азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан
қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстың пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында
оның ішінде Қазақстанда да сезіне басталды.
1917 жылы 27 ақпанда Ресейде Ақпан буржуазиялық – демократиялық революция жеңіске жетті.
Монархия құлатылып, Романовтар əулеті биліктен кетті. Бұл жағдайды Қазақстан халқы қуанышпен
қабылдады. «Қанқұйлы Николай тақтан құлатылғанын білгеніміздегі біздің қуанышымызды айтып жеткізу
қиын», - деп көрнекті мемлекет қайраткері Б.Алманов өз естелігінде жазды. Ə. Бөкейханов бастаған ұлттық
демократия өкілдері буржуазиялық – демократиялық революцияны ұлттық қазақ автономиясын құратын
сəт туды деп қуанышпен қарсы алды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты
Қазақстанда да қос (екі) үкімет орнады: уақытша үкімет (буржуазия үкіметі) жəне жұмысшы шаруа, солдат
депутаттарының Кеңесі (советтер) құрылды.
Уақытша үкіметтің ұстаған бағыты-капитализмді дамыту еді. Жұмысшы, шаруа жəне солдат
депутаттары Кеңесі, социализм құру бағытын ұстанды. Буржуазиялық – демократиялық Ақпан
революциясының жеңіске жетуі өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін өсірді. Қазақстанда Кеңестер
1917 жылы наурыз – мамыр айларында Семейде, Əулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада,
Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде жəне тағы басқа жерлерде құрыла
бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының ізінше сəуір – мамыр айларында шаруа
депутаттарының Кеңестері өз одақтарын құрды. Оларда көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды.
Уақытша үкіметтің қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз – сəуірде құрылды. Уақытша
үкімет облыстарды басқаруға бұрынғы патша чиновниктерін жəне қазақтың ұлттық зиялыларын сайлады.
Ə. Бөкейханов Торғайдағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М. Тынышбаев Жетісудағы
Уақытша үкімет органдарының комиссары, М. Шоқай Түркістанның Уақытша үкіметінің комиссары болып
қызмет атқарды. Ақпан революциясынан кейін ұлттық-либералдық қозғалыстың басшылары (Ə.
Бөкейханов, М. Тынышбаев, М. Шоқай жəне т.б.) қоғамдық – саяси дамудың маңызды мəселелері бойынша
Уақытша үкімет жағына шықты.
Уақытша үкімет органдары өзінің əлеуметтік құрамы, басқару əдістері жағынан революцияға дейінгі
патша əкімшілігі жергілікті халыққа қалай қараса, бұл да солай қарады. Дегенмен де, Уақытша үкімет біраз
шараларды жүзеге асырды:
1. 1917 жылы 14 наурызда – «Бұратаналарды» тыл жұмысына алу тоқтатылды.
2. 1917 жылы 20 наурызда «Азаматтардың дін ұстауына, дінге сенуіне, ұлтқа байланысты құқықтарды
шектеудің күшін жою туралы» қаулы қабылданды.
3. 1917 жылы 5 мамырда – «Қара жұмысқа алғандарды еліне қайтару туралы», 1917 жылы 8
қыркүйекте – «Жетісу облысының 1916 жылғы көтеріліс кезінде зардап шеккен халқына қазынадан 11 млн.
150000 сом бөлу туралы» қаулылар қабылданды. (5 млн. сомы – жергілікті халыққа, 6 млн. 150000 сомы –
орыс халқына).
Кеңес үкіметінің көтерген мəселелері:
1. Шаруаларға жер беру.
2. Жұмысшыларға – 8 сағаттық жұмыс күні.
3. Соғысты тоқтату.
4. Халыққа бейбітшілік беру.
Алайда, уақытша үкімет большевиктердің (Кеңестердің) көтерген мəселелерінің бірде біреуін
орындамады. Сөйтіп, уақытша үкімет самодержавиенің аграрлық жəне ұлттық саясатын жалғастыра берді.
1917 жылы қазақ өлкесінде əртүрлі саяси партиялар мен ағымдар (қозғалыстар) құрылды. Тыл
жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым-қатынаста болуы олардың саяси
санасының өсуіне ықпал етті. Верныйда – «Қара жұмысшылар одағы» (жетекшесі Жүсіп Бабаев),
Сергиопольде (Аягөз) – «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы», Петропавлда – «Жас арбакештер одағы»
құрылды.
Осы жылдары жастар ұйымдары құрылып, белсенді жұмыс жүргізді: Əулиеата мен Меркеде «Қазақ
жастарының революцияшыл одағы», Ақмолада - «Жас қазақ» ұйымы, Петропавлда - «Талап» ұйымы,
Спасск заводында - «Жас жүрек» ұйымдары құрылды.
Отаршылдыққа, империализмге қарсы күресті басқарушы, ұлт-азаттық қозғалыстардың идеологтары
ұлттық зиялылар болды. Олардың басшысы Ə. Бөкейханов болды. Қозғалыстың белсенді мүшелері:
А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Досмұхамедов, Х. Досмұхамедов, Ə. Ермеков, М. Шоқай, Ж. Ақбаев,
Ш. Құдайбердиев, Х. Ғаббасов, М. Тынышбаев. Олардың мақсаты қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, өз
алдына ұлттық автономия құру болды. «Алаш» партиясы 1905 жылы пайда болған алаш қозғалысы
44
негізінде 1917 жылы шілдеде құрылды. Осы жылдың сəуір айынан бастап Қазақстанда жер-жерде «Алаш»
партиясының съездері өте бастады.
1917 жылы сəуірде Жетісу облыстық съезі өтті. Мұнда əлеуметтік, аграрлық, ағарту мəселелерімен
қатар сырттан қоныс аудартуға жол бермеу, Қытайдағы босқындарды қайтару мəселелері талқыланды. 1917
жылы 27 сəуірде Семейде қазақтардың съезі болды. Онда ұлттық автономия құру мəселесі талқыланды.
1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі өтті. Қаралған мəселелер:
1. Мемлекеттік басқару формасы.
2. Автономия құру мəселесі.
3. Жер мəселесі.
4. Халық милициясын құру.
5. Сот ісі.
6.Дін мəселесі.
7. «Алаш» саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау.
8. Құрылтай жиналысын шақыру.
9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы.
10. Жетісудың ашыққан халқына көмек.
11. Халық ағарту ісі.
12. Земство
Осы съезде «Алаш» партиясын құрып, оның жұмыс істеу бағытын бекітті. 1917 жылы мамырда
Бүкілресейлік мұсылмандар съезі болды. Мұнда соғысты тоқтату, ұлттық – аймақтық – федерациялық
негіздегі демократиялық республика құру, əйелдердің еркектермен тең құқығы (оған 250 молда қарсы
болды), көп əйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, міндетті жəне тегін
жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру мəселелері қаралып бекітілді.
1917 жылы 17 қыркүйекте Түркістан жəне қазақ мұсылмандарының съезінде «Иттифок-и-Муслимин»
(тұңғыш мұсылман) партиясы құрылды. Мұнда «Түркістан Федерациялық Республикасы» парламенттік
республикасының жобасы қаралды. 1917 жылы қарашада қазақ социалистік «Үш жүз» партиясы құрылды.
Алғашқы төрағасы М. Əйткенов болды. Кейіннен партия төрағасы қызметін Көлбай Төгісов атқарды.
Партия орталығы Омбы қаласында орналасты. «Үш жүз» партиясы 1917 жылы екіге бөлінді, «Үш жүз»
партиясының солшыл қанатын К.Төгісов басқарды. «Үш жүз» партия мүшелері Кеңестерді қолдап,
қазақтардың жеке мемлекет құру идеясын ұсынды: «Үш жүз» партиясы Көлбай Төгісовтың
редакторлығымен «Үш жүз» газетін шығарды. 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін Семейде,
Петропавлда,
Қостанайда,
Оралда,
Өскеменде
кадеттер
(конституцияшыл
демократтар) ұйымы құрылды, мақсаты:
1. Бөлінбес, біртұтас Ресей, конституциялық монархия құру.
2. Қоныстандыру саясатын қолдау.
1917 жылы көктемде - өлкеде эсерлер (социал-революционерлер) партиясы құрылды, мақсаты:
1. Жерді шаруаларға беру, «Жер бүкіл халықтың меншігі» ұранын көтерді.
2. Патша үкіметінің отарлау саясатын айыптау.
1917 жылы Ақпан революциясының тарихи маңызы :
1. Патша үкіметінің геноцид саясатын тежеді.
2. Ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мəлімдеді.
3. Халықтың кейбір демократиялық бостандықтарға қолы жетті.
4. Буржуазиялық–демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы үшін алғы
шарттар дайындады.
Кемшіліктері:
1. Ұлттық – аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды.
2. Отаршылдық басқару органдарын жоймады7
3. Шаруаларға жер бермеді.
4. Империалистік соғысты жалғастырды.
1917 жылы қазан айында елде жалпы ұлттық дағдарыс қалыптасты. Оның себептері:
1. Монархияның ауыр мұрасы.
2. Уақытша үкімет бітімі, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мəселелерін шешпеді.
3. Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс.
Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық күштердің жеңіске жетіп,
уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Кеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Ресейді
ғана емес, дүниежүзін, бүкіл əлемді дүр сілкіндірген оқиға болды.
1917 жылы 25 қазанның кешінде Кеңестердің Бүкілресейлік II съезі ашылды. Онда В.И. Ленин жазған
«Жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға!» деген үндеуі қабылданды, бұл үндеуде бүкіл үкімет
билігінің Кеңестердің (Советтердің) қолына көшетіндігін жариялады. Кеңестер съезі өзінің екінші
мəжілісінде Бітім туралы жəне Жер туралы декреттер қабылдады. Бітім туралы декретте барлық соғысушы
45
елдерді соғысты тоқтатып, əділетті бітім жасауға шақырса, Жер туралы декретте помещиктердің барлық
жерлері конфискацияланып (тəркіленіп), барлық жер халықтың қолына көшетіндігін жариялады. Жер
жалпы мемлекеттік меншікке айналды.
Қазан революциясының жеңісімен байланысты ұлттық проблемалар, бірінші кезекте ұлттық –
мемлекеттік құрылыс мəселелері өткір талқылана бастады. Кеңес үкіметі ұлт саясатының негізгі
принциптері Кеңес үкіметінің маңызды екі құжатында – Ресей халықтары құқықтары Декларациясы (1917
жылы 2 қараша) мен «Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне» үндеуінде (1917 жылы 20
қараша) жариялаған болатыны туралы айтылған.
Ұлт мəселесін шешудің əскери – коммунистік əдістері, большевиктердің унитарлы мемлекет құруға,
тек Кеңестер негізінде ғана автономия беруге ұмтылуы ресейлік этностардың қайта өрлеуі үшін ұлттық
факторды пайдалануға мүмкіндік бермеді.
1917 жылы қарашада Орынбор контрреволюциялық төңкеріс нəтижесінде атаман Дутов басқарған
«Əскери үкімет» билікті қолына алды. 1917 жылы 15-22 қарашада Ташкентте болған мұсылман
депутаттары Кеңестерінің өлкелік съезінде жаңа үкімет «Түркістан Халық Комиссар Кеңесі» орнады.
Кеңестің 14 адамдық құрамында мұсылман өкілі болмады. Кеңестің төрағасы Ф. Колесов:
«Мұсылмандарды жоғарғы өкімет органдарына өткізу мүмкін емес, өйткені жергілікті халықтың бізге көз –
қарасы белгісіз жəне олардың ешқандай пролетарлық ұйымы жоқ»,- деп мəлімдеді.
1917 жылы 22 қарашада Қоқанд қаласында болған Бүкіл Түркістандық IV съезінде Түркістан
автономиясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны туралы жарияланды. Бұл үкімет кейбір деректерде
«Қоқанд автономиясы» деп аталды. Алғашқы басшысы М. Тынышбаев, одан кейін басты қызметін
Мұстафа Шоқай атқарды (1881-1941жж.).
1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші бүкілқазақтық съезі болды. Съезді
М. Шоқай басқарды. Съезде Алаш (Алашорда) автономиясын құру туралы қаулы қабылданды.
Алашорданың 25 мүшеден тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрылды. Автономия орталығы Семей
қаласында орналасатын болды. Алашорда үкіметінің төрағасы болып Ə. Бөкейханов сайланды.
«Қазақ» газетінде «Алаш партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды. «Алаш»
партиясының бағдарламасы:
- басқару түрі;
- автономия;
- азаматтың негізгі құқықтары;
- дін ұстану туралы мəселе;
- соттар туралы;
- қорғаныс;
- салық;
- жұмысшы мəселесі;
- халық ағарту;
- жер мəселесі.
Бағдарлама жобасының маңызы:
1. Сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды.
2. Буржуазиялық – демократиялық, ұлт – азаттық революцияны аяқтауға бағытталған жолды көрсетті.
Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға болады деп санамады. Əр түрлі
саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды. Өлкеде Кеңес үкіметі орнатылды. Кеңес өкіметі
орнауының екі түрлі жолы болды:
1. Өнеркəсіп
орталықтары
мен
темір
жолға
жақын,
жұмысшылар
басым
оңтүстік жəне солтүстік аймақтарда – бейбіт жолмен.
2. Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер
басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.
Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары үкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда (29
қараша) өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен əскери гарнизон орналасқан ірі темір жол станциясы болатын.
Бұл жерде Совет үкіметі бейбіт жолмен орнады.
Сырдария облысында Кеңес үкіметінің орнауы оның саяси – экономикалық жəне əкімшілік орталығы
Ташкент қаласында 1917 жылғы 31 қазанда қарулы күреспен орнады. 1917 жылы қараша айының орта
кезінде Кеңес үкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес үкіметі
Əулиеата, Түркістанда, Қазалы, Арал поселкесінде жəне облыстың басқа да ірі елді-мекендерінде қан
төгіссіз бейбіт жолмен орнады.
Кеңес үкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен Ертіс бойында табан тірескен шайқастар жүргізілді.
1917 жылы 12 қарашада Уақытша революциялық комитет құрылды. Төрағасы И.Д. Дубинин болды,
құрамына Ғ. Ыдырысов, Я. Побелянский, К. Сүтішов, К. Рыжков жəне тағы басқалар кірді. Дегенмен,
Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен өлкелерінде казак – орыс жəне офицер – старшина билеуші
топтардың ықпалы басым болғандықтан Кеңес үкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті.
46
Семейде үкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның 16 – нан 17 – не қараған
түнде көшті. 1917 жылғы желтоқсан – 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай облысының
орталығы Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді-мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес
үкіметінің орнауына А. Иманов, Қ. Қойдосов, В. Чеклиров, В. Зинченко жəне басқада күрескерлер елеулі
үлес қосты.
1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, үкімет билігі
казактардың «Əскери үкіметі» қолына көшті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі,
меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл əскери көмек
көрсетілді. Нəтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен Кеңес үкіметі орнады.
Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып, 1918 жылы 15 қаңтарда жеңіп шықты. Жетісуда Кеңес
үкіметін орнату жолындағы күрес, контрреволюциялық күштерінің басым болуына байланысты 1918
жылдың көктеміне дейін созылды. Мұнда революцияны қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды.
Олардың арасында Т. Бокин, Т. Өтенов, Ж. Бабаев, А. Розыбакиев сияқты жергілікті халық өкілдері бар
еді. Верный жұмысшылары Қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды, əскери төңкеріс комитетін құрды.
Сөйтіп, наурыздың 2-нен 3-не қараған түні Верныйда əскери – революциялық (төңкеріс) комитеті
басқарған күштер қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп «əскери үкіметтің» тірегі болған қамалды, қару-
жарақ қоймаларын, почта-телеграфты жəне маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес
үкіметін орнатты. Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, көкектің
бас кезінде Лепсіде орнады. Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін
Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.
Кеңес үкіметі жеңгеннен кейін Қазақстанда да ескі мекемелер, оның ішінде уақытша үкіметтің
комиссарлары, отарлау чиновниктік - əкімшілік, қоныстандыру басқармасы, сот жүйесі жойылып,
Қазақстанда жаңа үкіметтің басқару жүйелері құрыла бастады. Жергілікті жерлерде шаруа Кеңестері,
халық шаруашылығы Кеңестері құрылды. Кеңестердің атқару комитеттері жанынан денсаулық сақтау,
əділет, қаржы, ағарту, жер, өнеркəсіп бөлімдері ұйымдастырылды. Бұл шаралар Кеңес үкіметі жауларының
қарсылығын туғызды. Сондықтан ішкі контрреволюцияға қарсы күресу үшін қазақ жерінде Бүкілресейлік
төтенше комиссиясының (Б.Т.К) органдары құрылып, қызыл террор енгізілді.
1918 жылы 21 наурызда Орынборда Кеңестердің бірінші Торғай облыстық съезі басталды. Съезде
жергілікті басқару жүйесі, əлеуметтік мəселелер жайында қаулы қабылданды. Бұл съездің қаулысы
бойынша Алаш қозғалысының үнқағазы «Қазақ» газеті жабылды. 1918 жылы 20 сəуірде Ташкентте
Түркістан Кеңестерінің V съезі болды. Бұл съезде құрамында Жетісу облысы бар Түркістан автономиялы
Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды.
Ұлтаралық қайшылықтар саясатын жоюда шұғыл шаралар белгіленді. Верныйда орыс – қазақ
қатынастарын реттеу жөніндегі комитет құрылды. (Комиссардың орынбасары Т. Бокин) қазақ, ұйғыр, орыс
қатынастарын реттеу жөніндегі комитет жұмыс істеді (Комиссардың орынбасары А. Розыбакиев.)
Кеңес үкіметі өлкедегі ірі өнеркəсіпті, банктерді, тасымал жолдарын мемлекет қарамағына алды.
Кəсіпорындарда 8 сағаттық, шахталар мен кеніштерде 6 сағаттық жұмыс күні енгізілді. Капиталистер мен
патша чиновниктерінің иелігіндегі 3,5 млн десятина жер кедей шаруаларға бөлініп берілді. Большевиктер
«жоғарыдан» коммуналар мен ауылдарды көбейтуді жүзеге асырып, орташаларды социализмге күштеп
енгізбек болды. 1918 жылы сəуірде Петроградта Семей облысына 200 отбасы орыс жұмысшылары көшіп
келіп, ауылшаруашылық коммуналарын ұйымдастырды.
1918 жылы 17 мамырда «Суландыру жұмыстарына 50 млн. сом қаржы бөлу туралы» декрет
қабылданды. Қазақстанда осы жылдары мəдени құрылыс бағдарламасы жүзеге асырылды:
- Мектептерде ана тілінде тегін оқыту енгізілді.
- Ақмола халыққа білім беру бөлімінің бастығы С. Сейфуллин болды.
- Бөкей облысының халыққа білім беру комиссары С. Мендешев болды.
Қазақ АКСР – ін құруға əзірлік жұмыстары жүргізіліп, Ə. Жангелдин Қазақстан Кеңестері құрылтай
съезін шақыруды əзірледі. Алайда, қазақ АКСР – ін құру дайындықтары шетелдік интервенция мен азамат
соғысының басталып кетуінен тоқтап қалды. Елде азық – түлік дағдарысы тереңдеп, азық – түлік
диктатурасы енгізілді. Сібірге, Ақмолаға, Семейге, Қостанай уезіне азық – түлік отрядтары атандырылды.
Олар Петроград жəне басқа орталық аудандарға 6 млн. пұт астық жіберді. Түркістан Республикасының
ашыққан халқына 200 вагон астық көмек берілді.
Экономикалық саясатта ақшасыз тауар айырбасы басты орын алды: көтерме – бөлшек сауда
жойылып, азық – түлік комитеттері 1918 жылы көктемде Семейде, Ақмола облыстарында құрылды.
1918 жылы наурызда Торғай облыстық Кеңестер съезі болды. Онда: базарларда, көшелерде,
пəтерлерде жеке саудаға тыйым салу қарастырылды. Саудагерлер тауарлары тəркіленіп, өздері ауыр
жұмыстарға жіберілді. Халық шаруашылығының негізіне теңдей бөлу ұстанымын алған əскери –
коммунистік саясат белгілері пайда болып, қанаушыларды байлығынан айыру, жеке меншікті жою əдісі
енгізілді. Пролетариат диктатурасы жəне революциялық күштеу арқылы социализм орнату мүмкіндігі
туралы бұрмаланған түсінік орнықты.
47
Жер мəселесін шешудегі жергілікті Кеңес органдарының қызметі бірнеше кезеңнен тұрды. Оның
1917 жылғы қарашадан 1918 жылғы жазға дейінгі кезеңінде жергілікті Кеңестер, жер комитеттері мен
комиссарлары бос жерлерді, тəркіленген помещик иеліктері есепке алып, шаруалардың жағдайын анықтап,
жерсіз, жері аз шаруаларды жермен қамтамасыз ету мəселесімен шұғылданды. Шаруалар қоныс аудару
қорынан алынған жерлерді пайдалану ережелерін жасады.
Екінші кезең 1918 жылдың жазынан 1920 жылдың аяғына дейінгі уақытты қамтыды. Бұл тұста жерді
социализациялау жөніндегі шараларды іске асыруға əзірлік жұмыстары жүргізілді. Теңгермешілік негізінде
жерді шаруалардың пайдалануына беру шаралары жүргізілді.
1921-1922 жылдарды қамтитын үшінші кезеңде жер – су реформасы іске асырылса, 1924 – 1927
жылдарды қамтитын төртінші кезеңде жерге орналастыру, шабындық, егістік жерлерді қайта бөлу
жұмыстары жүргізілді. Мұндай шараларды іске асыруда жеткілікті тəжірибенің жоқтығы, жергілікті
кадрлардың түсінігінің кемдігі, сауатының жоқтығы себептері негізінде бұл революциялық шараларды іске
асыру барысында асыра сілтеушіліктің, солақайлықтың, теріс əрекеттердің орын алғанын Кеңес үкіметіне
сенімді азайтатын жайлардың болғанын да айтуымыз керек.
Қазан төңкерісінің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды. Буржуазия мен
помещиктер казак – орыс офицерлерінің жоғарғы топтарымен, кулактармен жəне феодал байлармен бірігіп,
елімізде орнаған пролетариат диктатурасына қарсы көтерілді, контрреволюциялық заговорлар мен бүліктер
ұйымдастырылды. Еліміздің бірқатар аудандарында, əсіресе казак – орыс аудандарында Дон, Кубань,
Орынбор, Жетісу жəне басқаларында, еліміздің шығыс, солтүстік жəне оңтүстік шеткері аймақтарында
контрреволюция күштері Совет еліне қарсы жау ошақтарын құрып, Совет үкіметіне қарулы қарсылық
көрсетті. Азамат соғысы ұзаққа созылып, шиеленісіп кетті, оның себебі Кеңес үкіметіне қарсы күресіне шет
елдер көмектесті (АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Германия).
Интервенттердің негізгі мақсаты:
1. Большевизмді қоршауға алып, жою.
2. Антанта жəне АҚШ Бірінші дүниежүзілік соғысты соза түсіп, Ресейді əлсіретуді көздеді.
3. Кеңес
үкіметінен
монополистердің
патша
үкіметіне
жəне
уақытша
үкіметке берген қарыздарын қайтаруды мақсат етті.
4. Кеңес үкіметі тəркілеген шетел капиталистерінің фабрика- заводтарын қайтаруды ойластырды.
5. Шетел империалистік мемлекеттер Орта Азия мен Қазақстанда экспансия жасау əрекетін де
көздеді.
Сөйтіп, шетел мемлекеттер елдің ішіндегі төңкеріске қарсы күштерге дем берді. Осы мақсаттарына
жету үшін, 1918 жылғы наурызда ағылшын, француз, американ əскерлері Мурманскіге, Архангельскіге
енгізілді. 1918 жылы сəуір айында Қиыр Шығыста Жапон интервенциясы басталды. Нəтижесінде осы
жылдың күзінде жапондықтар бүкіл Қиыр Шығысты жаулап алды. 1918 жылы герман империалистері
Украинаны оккупациялады, Дондағы Ростовты, Таганрогты жаулап, Қырым мен Грузияға енді. Түркия
Арменияны, Əзербайжанның көп бөлігін басып алды, ал ағылшындар Орта Азияны жаулауға əрекеттенді.
Интервенттер Ресейге басып кіргеннен бастап ішкі контрреволюция күштерімен одақтасты. Ақ
гвардияшыларды қару-жарақпен, қаржымен жабдықтады. Біріккен соғыс операцияларын жоспарлады.
1918 жылы мамырдың аяғында (25) Антанта елдерінің көмегімен Сібірдегі чехословак корпусының
(30 мыңдай соғыс тұтқындары мен эмигранттар) офицерлері бүлік шығарды. Олар іштегі төңкеріске қарсы
күштермен бірігіп, Новосибирск, Челябинск, Томск, Пенза жəне Солтүстік Қазақстанның Петропавл,
Ақмола, Омбы, Атбасар, Павлодар, Қостанай, Семей қалаларын басып алды. К. Сүтішов, И. Дубинин, П.
Калюжная, Ғ. Ыдырысов, К. Шугаев, П. Салов жəне тағы басқаларды азаптап өлтіріп, Өскемен Совдепінің
төрағасы Я. Ушаковты тірідей кеменің оттығына тастап жағып өлтірді.
Оларға ақ гвардияшылармен бірге эсерлер, меньшевиктер жəне алашордашылар дем берді. 1918
жылы 29 наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласын алды. Сəуірде оларға қарсы «ерекше армия» құрылды.
Атаман Дутов 1918 жылы маусымда Орынборды басып алып, Қазақ өлкесін Орталық Ресеймен
байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Алашорда үкіметі Орынбордағы Дутовпен, Омбыдағы
Колчак басқарған Сібір уақытша үкіметімен, Самарадағы Құрылтай жиналысының Комитетімен («Комуч»)
одақтасып, Кеңес үкіметіне қарсы шықты. 1918 жылы тамызда Семей қаласында бірінші Алаш атты əскер
полкі ұйымдастырылды. Дутовқа қарсы барлық əскери қимылдарға жетекшілік еткен төтенше комиссар П.
Кобозов болды.
1918 жылы қарашада генерал Колчак армиясы Жетісу бағытында операция бастап, атаман Анненков
дивизиясы Жетісуды шабуылдады. Бұл кезде немістер Донбассқа қауіп төндірді. Краснов пен Деникин
(генералдар) соғыс қимылдарын күшейте түсті.
1918 жылдың жазында Кеңес елі үшін ең басты Майдан – Шығыс майданы болды. Шығыс
майданының жағдайы қиындауына байланысты 1918 жылы 2 маусымда Орынбор қаласынан Қызыл
Армия бөлімдері кейін шегінуге мəжбүр болды. Осыған байланысты Ақтөбе майданы құрылды (1918 ж.
шілде). Ондағы Қызыл əскерлерге Ташкент, Шалқар, Қазалы, Перовск (Қызылорда), Черняевск (Шымкент),
48
Əулиеата жəне тағы басқа қалаларда құрылған шоғырлар келді. 1918 жылы шілде айында Жетісу майданы
құрылды.
1918 жылы 29 мамырда «Міндетті əскери міндеткерлік негізінде еңбекшілерді мобилизациялау»
туралы декрет жарияланды. Осы декреттен кейін əскери міндетті өтеуге еңбекшілердің белгілі жас
мөлшеріндегілер шақырылатын болды. Сөйтіп, 1918 жылдың жазында ұлттық əскери бөлімдер ұйымдаса
бастады. Алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларында, Батыс Қазақстанда құрылды.
Қызыл армияның құрамдас бөлігі ретінде 1918 жылдың күзінде Бөкей ордасында құрылған қазақ атты
əскер полкінде Хамит Чурин, Ж. Сəрсеков, Х. Иманов, В. Жəнекешевтер болды. 1918 жылдың аяғы мен
1919 жылдың басында Ə. Жангелдин мен А. Иманов Торғайда екі атты əскер эскадронын кіші командирлер
даярлайтын оқу тобын, пулеметшілер тобын, Ырғыз қаласында тағы бір атты əскер эскадронын құрды.
1920 жылы Түркістанда байырғы халықты əскерге тұңғыш рет күштеп жинау жарияланды. 1920
жылы наурызда Торғай облысында 6 мыңнан астам адам мобилизацияланды. 1920 жылдың басында Жетісу
облысында 5,5 мың адамдық полктер құрылды. 1920 жылы мамырда 19 – 35 жастағы орыс емес ұлттардың
25 мың өкілі армияға шақырылды. Ə. Жангелдиннің экспедициясы Ақтөбе майданына қару – жарақ пен оқ
– дəрі жеткізуде маңызды роль атқарды. 1919 жылы 22 қаңтарда Орынбор азат етілді, ал 1919 жылы 26
қаңтарда Орал қаласы жау шебінен босатылды. Бұл Кеңестік Ресейдің Қазақ өлкесі жəне Орта Азиямен
тікелей байланысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
1919 жылы көктемде Антантаның Кеңес еліне қарсы біріккен жорығы басталды. 1918 жылдың
аяғында Дутов, Анненков, Колчак топтарына қарсы партизан соғысы өрістеді. Партизандық астыртын
жұмысты ұйымдастырушылар: Ə. Əйтиев, С. Арғыншиев, Ə. Майкөтов, М. Жəнібеков, А.К. Вайцеховский,
А.В. Азаданов, К.М. Михалкович, В.В. Мей. Солтүстік Жетісуда партизан соғысы кең өріс алды. Мұндағы
қорғаныс орталығы Черкасское селосы болды. Черкасск қорғанысы 1918 жылдың маусымынан 1919
жылдың қазаң айына дейін созылды, яғни партизандар атаман Анненков тобына 13 ай бойы тойтарыс
берді. 1919 жылғы тамызда Жетісу майданының қолбасшысы Л.П. Емелев əскерлері көмекке келуге əрекет
жасап, сəтсіздікке ұшырады. Шайқас барысында Л.П. Емелев ерлікпен қаза тапты, ақыры 1919 жылы қазан
айында анненковшылар Черкасскіні алып, 1800 адамды қырып тастады.
Черкаск қорғасының тарихи маңызы:
- Колчакшылардың Жетісуға шабуылы тоқтатылды;
- Сібір контрреволюциясының Орта Азия контрреволюциясымен бірігуіне жол берілмеді.
Партизан қозғалысының ең ірі орталығы Атбасар уезінің Мариновка қонысы болды, командирі Н.М.
Ирченко. 1919 жылы көктемде партизандар колчакшыларға қарсы шабуылдады. Мариновкаға қосымша
жазалау бөлімдері жіберіліп, партизандар шабуылы тоқтатылды.
Семей облысын ақ гвардияшылардан азат етуге құрамында 200 қазақ бар «Алтайдың қызыл тау
қырандары» атты партизан полкі көмектесті. Қазақ өлкесіндегі майдандар жойылды. Қазақ жеріндегі
Колчак əскерін талқандау Шығыс майданының Солтүстік жəне Оңтүстік топтарына жүктелді. 1919 жылы
қолбасшы М.В. Фрунзе бастаған Қызыл əскер топтары Қазақстанның солтүстік аудандарында, ал Чапаев
бастаған топтар оңтүстік – батыс аудандарда соғыс жүргізіп, Колчак əскерлерінің Деникин əскерлерімен
қосылуына жол бермей, оларға күйрете соққы берді. Нəтижесінде Оңтүстік топ əскерлері (қолбасшы М.В.
Фрунзе) Уфаны азат етті, ал Чапаев дивизиясы 1919 жылғы 25 шілдеде Оралды жау қоршауынан босатты,
1919 жылы жазда Қызыл Армия Челябіні азат етті. Осыдан кейінгі міндет – Орал мен Орынбор облыстарын
азат ету Түркістан майданының 1 жəне 4 армияларына жүктелді. Бірінші армия колчакшыларға қарсы
Ақтөбе бағытында шабуылдады. 1919 жылы қыркүйекте бірінші армия Ақтөбе майданымен Мұғалжар
станциясында (Орынбор – Ташкент темір жолы) түйісті. Нəтижесінде Түркістан Орталық Ресеймен қайта
қосылып, Ақтөбе майданы жойылды.
Орал облысын азат етуге төртінші армия мен 25-ші В.И. Чапаев дивизиясы жіберілді Үлбішін
түбіндегі шайқаста В.И. Чапаев жəне бригада басшысы Садық Уəлиев қаза тапты (1919 ж. қыркүйек). Ал
1919 жылы қарашада Қызыл Армия Үлбішін мен Жымпитыны азат етсе, осы жылдың соңында Орал
облысы ақ гвардияшылардан толық азат етілді. Сөйтіп, 1920 жылы қаңтарда Орал майданы жойылды.
1919 жылы күзде Шығыс майданының бесінші армиясы (қолбасшысы М.Н. Тухачевский)
Солтүстік жəне Шығыс Қазақстанды азат етіп, Петропавл, Ақмоланы жаудан босатты. 1919 жылы
қарашада Семейде Колчак үкіметі құлатылып, Кеңес үкіметі қайта орнады, ал 1920 жылы наурызда Семей
облысы түгел азат етіліп, Жетісу майданы жойылды. 1920 жылғы маусымда Верныйда контрреволюциялық
бүлік ұйымдастырылып, Верный бекінісін жаулап алды. Қызыл армияның күшімен бүлік тоқтатылды. 1920
жылы наурызда азамат соғысының қазақ жеріндегі ең соңғы майданы – Солтүстік Жетісу майданы
жойылды. 1920 жылы Қызыл Армия Колчак əскерін талқандап, Колчак Иркутск ревкомының үкімі
бойынша атылды. Азамат соғысының барысында Кеңес үкіметі ұлт аймақтарындағы жаңа үкіметтің
оқшаулануын ескере отырып, Алашордамен келіссөз жүргізді. Ақ гвардияшылар мен интервенттер
тарапынан болған қатыгездік пен зорлық «Алаш» өкілдерін бастапқы бағыттарын өзгертуге итермеледі. А.
Байтұрсынов «Төңкеріс жəне қазақтар» мақаласында «Алаш» зиялыларын Кеңес үкіметі жағына шақырып,
49
ұлттық келісім тактикасына қол жеткізді. 1919 жылы 4 сəуірде Бүкілресейлік Орталық атқару Комитеті
Алашорда мүшелеріне кешірім (амнистия) жариялады.
Азамат соғысының салдарлары:
1. Демографиялық жағдай ауырлап, 8 млн. адам қаза тапты.
2. Мал саны күрт азайды.
3. Қазақ ауылдары мен қыстақтар материалдық жоқшылыққа ұшырады.
4. Қатігездік пен зорлық – зомбылықтың күшейтілуі (ақвардияшылар тарапынан) үрей жəне ертеңгі
күнге сенімсіздік туғызды.
Əскери коммунизм саясаты:
Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру жəне майданды азық-түлікпен қамтамасыз
ету мақсатында тарихта Əскери коммунизмі деген атпен əйгілі жəне уақытша сипаты болған экономикалық
саясат орнады. Бұл саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық орталықтандыру, еліміздің
азық – түлік, шикізат жəне басқа ресурстарын мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін
дұрыстап пайдалану болды.
«Əскери коммунизм саясатының» негізгі белгілері:
1. Азық-түлік салғырты енгізілді.
2. Жеке саудаға тыйым салынды.
3. Азық-түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді.
4. Ірі, орта жəне ұсақ өнеркəсіптер мемлекет меншігіне көшірілді.
5. Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді.
6. Басқару ісі орталықтандырылды.
7. Коммуналдық жол-қатынасы қызметі (услуга) тегін болды.
1919 жылы 11 қаңтарда азық-түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да бетер шиеленісе түсіп,
мемлекеттің қолындағы өнеркəсіп товарларының қоры одан əрі азайған жағдайларда Кеңес үкіметі
əлеуметтік принцип негізінде жүргізілген азық – түлік салғыртын енгізу туралы декрет шығарды. Оның
мəні: ауылшаруашылығы өнімінің артылғанының бəрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі.
Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық жиналды. Қарғалы шуға фабрикасы əскери шинельдер тігу үшін
шұға дайындады. 1920 жылдың басында «Майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық киім – кешек
жиналды. 1920 жылы Атыраудан Орталық Ресейге 600 мың пұт мұнай əкетілді. Майдан қажетіне əр сенбі
сайын жұмыс уақытынан тыс тегін еңбек ету шешіміне сəйкес 1919 жылы сəуірде Ресейде алғашқы
сенбіліктер өткізілді. Семейде 500 жұмысшы сенбіліктер ұйымдастырып, паровоздарды тегін жөндеуден
өткізді. Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер күйзеліске, ашаршылыққа қарамастан жанқиярлықпен еңбек етті.
1919 жылы желтоқсанда Александров – Ғай – Ембі темір жол желісі салынды. Оның маңызы Орал – Ембі
мұнайлы ауданын Орталық Ресеймен жалғастырды. Бұдан басқа Жетісу темір жолы, Петропавл – Көкшетау
темір жол желісі салынды. Маңызы: елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етті.
Сөйтіп, осының бəрі Қызыл Армияны ұйымдастыруға, жау басып алған облыстар мен аудандарда партизан
қозғалысын өрістетуге көмектесті.
1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлар кеңесі «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі
революциялық комитет құру туралы» декрет қабылдады. Ол өлкедегі ең жоғарғы əскери – азаматтық
басқарма болып саналды. Казревком құрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстары, Астрахань
губерниясының шығыс бөлігі кірді. Казревком төрағасы С. Пестковский болды. Мүшелері: А.
Байтұрсынов, Ə. Жангельдин, Ə. Əйтиев, Б. Қаратаев, С. Сейфуллин, С. Мендешов, М. Сералин, В. А.
Радус – Зенькович, А. Авдеев.
Казревком міндеттері:
1. Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу.
2. Өлкеде мемлекеттік, шаруашылық, мəдени құрылыс орнату.
3. Өлке Кеңестерінің құрылтай съезін əзірлеу.
1920
жылы
9
наурызда
Алашорданы
тарату
туралы
Казревком
шешімі
қабылданды. Казревком мəдени құрылыста біршама жұмыстар атқарды:
- «Ұшқын» газетін шығарды.
- Ақтөбе уезінде 300 мектеп ашылды.
- Қалаларда мұғалімдер даярлайтын мектептер жұмыс істеді. Сонымен бірге, Казревком қазақ
жерлерін біріктіру жөнінде жұмыстар атқарды.
1920 жылы 26 тамызда «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру
туралы» декрет жарияланды. Орынбор қаласы – Астана (1920 – 1924 жж.). Территориясы – Семей, Ақмола,
Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір
бөлігі. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының
құрамына енгізілген болатын (1918 ж). Халқы – 5 млн.-ға жуық адам.
1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің съезі өтті. Мұнда жоғарғы үкімет
органдары сайланды: Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешев, ал қазақ АКСР –
50
інің Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.А. Радус-Зенькович болды. Съезде «Қазақ АКСР
еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. Декларацияда Қазақ АКСР-нің мемлекеттік
басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.
Қазақ АКСР – нің құрылуының тарихи маңызы:
1. Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі.
2. Отаршылдыққа қарсы күрес нəтижесі.
3. Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам.
Достарыңызбен бөлісу: |