1-тапсырма Цитаталарды авторлармен сәйкестендіріңіз және талдау жасаңыз
Цитата авторы
Цитата мазмұны
Оқушы талдауы
1
Т.Рысқұлов
«Егер мемлекет (қазақтарды) құрбан етуді талап етсе, әрине, бұған қарсы шығудың жоқ...»
2
П. Столыпин
«1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар
арасындағы этностық жанжалдар
даладағы өмірдің сипатына айналды»;
3
А.Байтұрсынов
«Бұл соғыстан жалпақ жұртқа пайда жоқ.
Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып,
қанын төгетін-сорлы
Жиырмасыншы ғасырда
патшалықтарының қылған
алдында ақталмақ?»
4
Ә.Бөкейханов
«Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі
проблемаға айналды»
1
2
3
4
2 -тапсырма
1916 ж көтеріліс туралы кестені толтырыңыз
Жетекшілері мен зиялылар
Тұлғалар
Тұлғалар рөліне баға беріңіздер
Либерал –демократ зиялылар
Радикалды қазақ зиялылары
Көтерілістің жетекшілері
Көтерілістің маңызы
Дескриптор 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын ашады
С.Сейфуллин, Т.Бокин сияқты зиялылылардың көзқарастарын бағалайды
Көтерілістің тарихи маңызын ашып, талдау жасады.
Бөлім
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
Тақырып
1917 ж. ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері
Зерттеу сұрағы: Қазақстанда 1917 жылы саяси белсенділіктің артуы қандай оқиғалардан көрініс тапты ?
Оқу мақсаты
8.3.1.2 XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру
1-тапсырма Алаш партиясының съездеріндегі қаралған мәселелерді маңыздылығына қарай орналастырыңыздар
Территориялық ұлттық автономия құру
Қазақ облыстарының автономиясына Алаш атауын беру.
Автономиялы алаш облыстарының аумағын Алаштың мемлекеттік меншігі деп жариялау. Алаш автономиясының Конституциясын Бүкілресейлк құрылтай жиналысында жариялау.
Алашордада Уақытша Халық кеңесін 25 мүшеден құрып ,оның 10 мүшесін орыс және басқа халық өкілдерінен сайлау.
Алаш орданың орталығы Семей қаласы Кеңестің төрағасы Ә.Бөкейханов.
Дерек көзі: http://e-history.kz/media/upload/ckimages/1(26).JPG
2- тапсырма . Алаш партиясының халықтың қолдауына ие болу себебі неде? жауап беріңіздер
« Алаш » партиясының халықтың қолдауына ие болуының үш себебін анықтаңыз
«Алаш» партиясының саясаты бойынша нақты мысал келтіріңіз
«Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын талдау жасаңыз
Дескриптор
Білім алушы:
Алаш партиясының съездеріндегі қаралған басты мәселелерді маңыздылығына қарай орналастырады
Алаш партиясының халықтың қолдауына ие болу себептерін анықтайды .
«Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын талдау жасайды
Бөлім
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
Тақырып
XX ғ. басындағы қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдері
Зерттеу сұрағы: Қазақ интеллигенция өкілдері ұлттық мүдделерді қалайша қорғады?
Оқу мақсаты
8.3.1.5 Әлихан Бөкейханның саяси көшбасшылық қызметіне баға беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Әлихан Бөкейханның саяси көшбасшылық қызметіне мінездеме және эссе жазу арқылы баға береді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
1- тапсырма Ә.Бөкейхановтың тұлғалық қасиеті мен қызметіне мінездеме беріңіз
кейіпкердің өмір сүріп отырған дәуіріне толық сипатама беріңіздер ?
кейіпкердің өмір сүрген ортасы қандай ?
тарихи орны, іс–әрекеті, тұлға ретіндегі қызметі қандай?
кейіпкерге тарихи баға беріңіздер
кейіпкер туралы көзқарасыңыз қандай?
Дерек көзі : https://www.google.ru/url
2- тапсырма Деректі пайдаланып «Әлихан Бөкейхановтың - ұлы реформатор » екенін дәлелдеңіздер
Жазушы, тарихшы Тұрсын Жұртбаев: Әлихан Бөкейхановтың бес ұстанымы болды.
1
Алаш ұлттық демократиялық мемлекет болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен «жер, жер және жер» болуы тиіс. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша, қазақтың байырғы жерін қашан қазақтың өзі ғылым мен техникаға сүйеніп, толық игермейінше, жер жекеменшікке, қоныс аударушыларға берілмеуі тиіс. Жер - Отан. Жерді сатқан Отанды сатқан мен бірдей.
2
Алаш жерінің астындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық байлық қазақтың өзіне қызмет етуі тиіс.
3
«Бөкейхановтың сөзімен айтсақ, «қазақтың әрбір тасы қазақтың өңіріне түйме болып тағылуы тиіс» Бөкейхановтың жобасы бойынша, қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып тоқылып киілуі керек. Яғни мемлекет толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге тиіс болған.
4
Қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тілі, діні, менталитеті өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек дегенге сайды. Яғни бұл идеологиялық ұстаным болатын.
5
Ғылымға, соның ішінде тәуелсіз ғылымға, ұлттық дәстүрге негізделген, заңға сүйене отырып, Жапония үлгісіндегі ұлттық демократиялық мемлекет құрылуы керек еді. Алаш қайраткерлерінің бұл ұстанымының дұрыстығына самурайлық дәстүрге негізделген жапон ұлтының бар-жоғы 20 жылдың ішінде біртұтас империяға айналып шыға келуі дәлел болса керек».
Дескриптор
Білім алушы:
Ә.Бөкейхановтың тұлғалық қасиеті мен қызметіне мінездеме береді
Деректі пайдаланып «Әлихан Бөкейхановтың - ұлы реформатор » екенін дәлелдейді
Ә.Бөкейхановтың ұлы реформаторлығына нақты мысал келтіреді
Ә.Бөкейхановтың көшбасшылық қасиеттерін талдау жасайды