Қазақстан тарихы пәнінен студенттердің өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар


-сұрақ. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдері



бет44/52
Дата02.12.2023
өлшемі165,98 Kb.
#132761
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   52
Байланысты:
?àçà?ñòàí òàðèõû ï?í³íåí ñòóäåíòòåðä³? ?ç³í-?ç³ òåêñåðó ?ø³í ñ?ð

82-сұрақ. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдері.
Қазақстан экономикасында, басқа одақтас республикалардағы сияқты, нарықтық қатынастар орнай бастады, әр түрлi кооперативтер, жеке меншiк фирмалар мен шағын кәсіпорындар пайда болды. 80-жылдардың аяғына қарай орталықтың республиканы бақылауының әлсiреуi салдарынан, шет елдермен тiкелей экономика және сауда байланыстарын орнатуға мүмкiндiк туды. Қазақстан бұрын да өз өнiмдерiн шетке шығарып отырған, оның 97%-ы шикізаттар, материалдар мен жартылай шикiзаттар болатын.
Экономикаға түбiрлi реформа жасау және меншiктiң көп түрлiлiгi негiзiнде нарықтық қатынастар орнату үшiн бiрқатар заңдар қабылдау керек болды. Орталыққа бағынған кезiнде Қазақстанда “Қазақ КСР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы”, “Қазақ КСР-iндегi шет ел инвестициялар туралы”, т.б. заңдар қабылданды. Республикада Сыртқы экономика министрлігі құрылды, Сыртқы экономика банкi ашылды. Әр түрлi экономикалық қауымдастықтардың, корпорациялардың дүниеге келуi өзара әрiптестiк сауданың дамуына жағдай туғызды, оның көлемі 1990 ж. 1,5 есе өстi.
83-сұрақ. Ұлттық валютаның енгізілуі. Ұлттық қордың құрылуы.
Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді.
Ақша белгілері - теңге мен тиынды Қазақстанның озық суретшілерінің қатысуымен Ұлттық банк әзірленді. Теңге Қазақстанның алғашқы ақшасы емес. Ежелгі Қазақстан аумағында ақша бұдан көптеген ғаырлар бұрын пайдаланылған. Сырдарияда, Отырар алқабында түркі билеушілері, ал Жетісуда түргештер 7-8 ғасырларда өз ақшаларын шығарған. Отырар мен Исфиджабта монет сарайлары жұмыс істеген. Оныншы ғасырлардың ортасы мен сегізінші ғасырларда қалалар тез өсіп, тауар өндірісі мен сауда көлемі ұлғая түсті. Ұсақ бөлшек саудада көбіне мыс фельстер қолданылды. Алтын монеталар да айналымға түсті, бірақ ол саудада дара түрінде ғана емес салмағына қарай пайдаланылды
1993 жылы алғашқы тиындар қағазбен басылып шыққан болатын. Аз уақыттан кейін осы қағаз тиындар айналымнан алынып тасталынып, олардың орнына монета нысанындағы тиындар айналымға жіберілді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет