Қазақстан тарихы пәнінен студенттердің өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар


-сұрақ. Қазақстанда ұлттық компаниялардың құрылуы. Экономиканың өнеркәсіп, аграрлық және қаржы-банк секторларын басымдықпен дамытудың келешегі



бет45/52
Дата02.12.2023
өлшемі165,98 Kb.
#132761
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52
Байланысты:
?àçà?ñòàí òàðèõû ï?í³íåí ñòóäåíòòåðä³? ?ç³í-?ç³ òåêñåðó ?ø³í ñ?ð

84-сұрақ. Қазақстанда ұлттық компаниялардың құрылуы. Экономиканың өнеркәсіп, аграрлық және қаржы-банк секторларын басымдықпен дамытудың келешегі.
Елдің қаржы секторын дамыту қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін ескере отырып, ел экономикасындағы оның орны мен рөлін айқындауға байланысты. Бұл ретте түрлі пікірлердің болуына орай әрбір жеке экономикалық агенттің қаржы секторы алдындағы мақсатты бағыттары басқалардан басым болмауы тиіс. Әйтпесе, жүйе тиімсіздігінің өсуі мен жүйелік тәуекелдердің ұлғаюы үшін жағдайлар туындайды.Мәселен, мемлекет қаржы секторы экономикалық даму бағдарламаларының шеңберінде экономиканың басым салаларын қаржыландыру үшін тиімді бағамен жеткілікті ресурстар көлемін беруге қабілетті болады деп күтеді.
Экономикалық циклдің сатыларына қарамастан, қаржы жүйесі көрсетіп отырған қызметтер сапасына, көлеміне, құнына және тізбесіне қанағаттану тұтынушылар (заңды және жеке тұлғалар) үшін маңызды болып табылады.
Қаржы ұйымдарының өздерінің алдында бизнестің ағымдағы құнын ұлғайту, басқарылатын тәуекелдер мен шығындар құрылымы жағдайында оның негізгі қызметтен түсетін кірістілігін барынша, ең алдымен, көрсетілетін қызметтер көлемін өсіру есебінен ұлғайту мақсаты тұр.
85-сұрақ. Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасын реформалау бағыттары.
Қазіргі уақытта Қазақстан Бүкіл әлемдік банктің жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен 5 есе өсті; орташа айлық жалақы 6 есеге жуық өсті; ең төменгі жалақы 25 есе өсті; ең төмен жалақы мөлшері 25 есе; зейнетақының орташа айлық мөлшері 4,6 есе артты.
2006 жылғы мамырдағы жұмыссыздық деңгейі 7,7 % мөлшерінде қалыптасты (2005 жылғы мамырда – 8,2 %). Мемлекеттің 2005 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне бөлінген шығыстары 2003 жылмен салыстырғанда 1,7 еседен астам өсті.
86-сұрақ. Қазақстан Республикасының АҚШ, Батыс Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия, Таяу Шығыс елдерінің ірі компанияларымен сыртқы экономикалық ынтымақтастығы.
Оған қоса Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен байланысы жылдан жылға нығая түсуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылы АҚШ-қа ресми сапары қазақстандық-американдық ара-қатынастың дамуына және нығая түсуіне септік еткен маңызды шара болды. Сапар барысында екі ел арасында болған сындарлы сұхбаттар кезінде қауіпсіздік, терроризммен күрес, энергетикалық саладағы байланыстың дамуы және Қазақстан Республикасындағы жоғарғы технологиялық, инновациялық өндірістерді дамыту процесіне американдық компаниялардың ат салысуы талқыланды.Біздің мемлекетіміздің тағы да бір көршілес елмен қарым-қатынасы серпінді даму үстінде. Бұл - Қытай Халық Республикасы. Жыл сайын екі ел арасындағы тауар айналымы өсіп, экономика, мәдени-гуманитарлық ынтымактастық салаларында көптеген ipi жобалар жүзеге асырылып отыр. Ұдайы қарым-қатынас арқасында екі ел басшылылығының арасындағы байланыс нығайып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет