Қазақстан тарихы пәнінен студенттердің өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар


-сұрақ. Экономиканы дамытудағы «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» бағдарламаларының жүзеге асырылуы



бет46/52
Дата02.12.2023
өлшемі165,98 Kb.
#132761
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52
Байланысты:
?àçà?ñòàí òàðèõû ï?í³íåí ñòóäåíòòåðä³? ?ç³í-?ç³ òåêñåðó ?ø³í ñ?ð

87-сұрақ. Экономиканы дамытудағы «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» бағдарламаларының жүзеге асырылуы.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы: міндеттері, қорытындысы, келешегі
2014 жылғы 11 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында алғаш рет «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасымен таныстырды, ол бүгінде ел экономикасы өсімінің негізгі қозғаушы күші саналады.
Мемлекеттік бағдарлама іске асырылып жатқан үш жыл ішінде оның еліміздің ЖІӨ өсіміне елеулі ықпал тигізіп жатқаны, жаңа жұмыс орындарын ашуға, транзиттік жүк ағындарын ұлғайтуға, заманауи және сапалы автокөлік жолдарының пайда болуына, сондай-ақ, жалпы әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға септігі тиіп жатқаны айғақталды.
Барлығы қалай басталды?
2014 жылғы 11 қарашада Мемлекет басшысы алдағы жылға арналған кезекті Жолдауын халыққа таныстыру кезінде Жаңа экономикалық саясат – «Нұрлы жол» туралы мәлімдеді. Ол алдағы жылдары Қазақстан экономикасы өсімінің негізгі қозғаушысы болуды, сондай-ақ, әлемдегі ең озық дамыған 30 елдің қатарына қосылудың маңызды қадамына айналуды көздейді.
Жолдаудың негізгі арқауы әлемдік экономиканың жаңа сын-тегеуріндері мен қауіптері тұрғысынан Қазақстанның экономикалық саясатын қайта бағдарлау болды.
Осыған байланысты экономикалық өсуді қалыптастыруға қатысты кейбір тәсілдер қайта қаралып, алдағы кезеңге арналған даму жоспарларына түзетулер енгізілді.
Бағдарламаның негізгі мақсаттары ретінде мыналар анықталды: Астанадан барлық аймақтарға сәуле қағидаты бойынша тиімді көлік-логистикалық инфрақұрылымды құру, индустриялық, туристік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ энергетикалық секторды нығайту.
Іске асыру барысында бағдарламаға бірқатар өзгерістер енгізілді: 2017 жылы тұрғын үй құрылысы бағыты «Нұрлы жер» жаңа мемлекеттік бағдарламасына ауыстырылды, геологиялық барлау басқа нормативтік-құқықтық актілерде де көрініс тапты. Осылайша «Нұрлы жол» көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудың бірыңғай бағдарламасы болып қалды.
Бірінші кезең қорытындылары (2015–2016 жж.)
Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметтері бойынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын орындап бастағаннан бері 2015–2016 жылдары республикалық маңыздағы 2 мың шақырым автокөлік жолдарында құрылыс және реконструкция жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 1,3 мың шақырымы І және ІІ техникалық санаттар бойынша пайдалануға берілді. Сонымен қатар құрылыс жұмыстарына 75 мың адам тартылды. Отандық өндірістің 93% жол-құрылыс материалдары пайдаланылды.
Жолдар құрылысы басты назарда
2017 жылғы қаңтар айында Мемлекет басшысы «Үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында өткен екі жылда «Нұрлы жол» бағдарламасы өзін толықтай ақтағанын айтып, оны экономиканың басты қозғаушысы ретінде одан әрі іске асыруды жалғастыру міндетін қойды.
Жолдар құрылысы басты назарда
2017 жылғы қаңтар айында Мемлекет басшысы «Үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында өткен екі жылда «Нұрлы жол» бағдарламасы өзін толықтай ақтағанын айтып, оны экономиканың басты қозғаушысы ретінде одан әрі іске асыруды жалғастыру міндетін қойды.
«Биыл республикалық маңызы бар 4 400 шақырым автожол құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Жыл соңына дейін соның кем дегенде 600 шақырымы пайдалануға беріліп, кезең-кезеңімен ақылы жүйе енгізіледі.
Еліміздің көлік және транзит әлеуетін толық ашу үшін көрші елдермен үйлесімді іс-қимыл қажет. Жүктердің еркін транзитін, көлік дәліздерін құру мен оларды жаңғырту ісін қамтамасыз ету керек. Көлік инфрақұрылымын басқаруға, қызмет көрсету деңгейін арттыруға және әкімшілік кедергілерді жоюға ерекше көңіл аудару қажет
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен және ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның селекторлық отырысында «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» ұлт жоспарын орындау бойынша 2020 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылды.
Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, қаржы министрі Е. Жамаубаев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова, білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, денсаулық сақтау министрі А. Цой, ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаева және басқа да жауапты тұлғалар баяндады.
Бүгінгі таңда Ұлт жоспарының 100 қадамының 71 қадамы, оның ішінде биыл 9 қадамы іске асырылды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында Ұлт жоспары мен Бес институционалдық реформа аясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың реформаларына елеулі серпін беру қажеттігін атап өтті. Биыл айтарлықтай жұмыс жүргізіліп, жақсы нәтижелерге қол жеткізілді», — деді А. Мамин.
Премьер-Министр Ұлт жоспарын толық әрі сапалы жүзеге асыру бойынша белсенді жұмысты одан әрі жүзеге асыруды тапсырды. Инвестициялар тарту көлемін, бірінші кезекте, жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ететін экономиканың басым секторларындағы жаңа ірі жобаларға арттыру бойынша тармақтарға ерекше назар аударылды.
Отырыста Ұлттық комиссияның келесі жылы «Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» мен «Индустрияландыру және экономикалық өсім» бағыттары бойынша Ұлт жоспарының 10 қадамын іске асыруды көздейтін 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет