Қазақстан тарихы пәнінен студенттердің өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар


-сұрақ.Қазақстан астанасының көшірілуі, оның маңызы



бет43/52
Дата02.12.2023
өлшемі165,98 Kb.
#132761
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   52
Байланысты:
?àçà?ñòàí òàðèõû ï?í³íåí ñòóäåíòòåðä³? ?ç³í-?ç³ òåêñåðó ?ø³í ñ?ð

80-сұрақ.Қазақстан астанасының көшірілуі, оның маңызы.
Қазақстан астанасы – Қазақстанның саяси-әкімшілік орталығы, ұлттық бірлік пен тәуелсіздіктің символы. 1920 жылы 26 тамызда Бүкілресейлік ОАК мен РКФСР ХКК “Қырғыз (қазақ) автономиялы социалистік кеңес республикасын құру туралы” Декрет қабылдады. РКФСР БРОАК-тің 1920 жылы 22 қыркүйектегі жаңа Декретімен Орынбор губернаторлығы мен Орынбор қаласы ҚазАКСР құрамына қосылды. 1920 – 25 жылдары Орынбор қаласы Қазақстан астанасы болды. 1925 жылы Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеуден соң, Түркістан АКСР-нің құрамында болып келген Сырдария және Жетісу облыстары, сондай-ақ Қарақалпақ автономиялық облысы Қазақ автономиялық республикасы құрамына енді, сөйтіп, ел астанасын шалғайда орналасқан Орынбор қаласынан қазақтың қалың ортасына көшіру мәселесі қайта көтерілді. Қазатком сессиясы (қыркүйек, 1924) ел астанасын Ташкентке ауыстыру, оған рұқсат етілмеген жағдайда Шымкентке көшіру жайында қаулы алды. Алайда, Мәскеудің араласуымен, республика астанасы Ақмешітке ауыстырылады деп шешілді. 1925 жылы 9 ақпанда Қазақ АКСР-і ОАК төралқасы О.Исаевтің баяндамасы бойынша мемлекет астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру туралы шешім шығарды. Сол жылғы 15 – 19 сәуірде Ақмешітте өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық V-съезі халқымыздың орысша “киргиз” деп аталуын “қазақ”, “Киргиз АКСР-і” атауын “Қазақ АКСР-і” деп өзгерту, ал республика астанасы Ақмешіт қаласының атауын Қызылорда деп атау туралы қаулы қабылдады.
81-сұрақ. Егемендік жолындағы қиындықтар: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік қиындықтар, өмір сүру деңгейінің төмендеуі.
Ресейдің отары болған қазақтардың жағдайы Ресей империясының қазақ жеріне шаруаларды жаппай қоныстандыруы қазақ халқының ежелден қалыптасқан салт - дәстүрін, шаруашылық жүйесін үлкен өзгеріске ұшыратты. Патша үкіметінің орталық саясатының барлық кезеңдерінде қазақ жері талан - таражға түсті. Жергілікті тұрғындар жайлы мекендерін тастап, амалсыз ішкері қарай қоныс аударуға мәжбүр болды. Ал олардың шұрайлы жайылымдары мен құнарлы егістік алқаптары қоныс аударған орыстар мен казактарға бөлініп берілген. Отарлау саясатының салдарынан қазақ халқы материалдық жағынан ғана емес, рухани жағынан да зардап шекті. Патша үкіметінің орыстандыру саясаты қоныстандыру саясатынан асып түспесе, кем болмады. Отарлаушылар қазақты оқытуға құмар болған жоқ. Мақсаты жергілікті халықтың сауатын ашу емес орыс тілін насихаттау, Ресей империясын, тарихын құрметтеп үлгі тұту, салт - дәстүрімен әдет - ғұрыптарын насихаттау болды. Оқу - ағарту жүйесінің барлығы қазақты тәуелді етуге және діні мен тілін өзгертуге бағытталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет