Қазақстан тарихы Сессия билеттері Қазақстан аумағындағытасғасырынақатыстыархеологиялықескерткіштердіңашылуы. Қазақстан там дәуірініңзерттелутарихын археолог Ж.Қ. Таймағамбетов «Палеолит Казахстана


жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс



бет11/20
Дата04.01.2023
өлшемі213,34 Kb.
#60359
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
Қазақстан тарихы Сессия билеттері

67. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс


  • Қазақстан мен Орта Азиядағы он алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтеріліс патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс болды.

  • 1914 жылы басталған І дүниежүзілік соғыс Ресей империясында пісіп-жетіліп келе жатқан жалпы дағдарысты шырқау шегіне жеткізді.

  • Көтерілістің басты себептері: отаршылдық езгінің күшеюінен, Қазақстан мен Орта Азияның жергілікті халқының жерін тартып алудың жалғасуынан, салықтар мен басқа да алымдар көлемінің шамадан тыс ұлғаюынан, патша өкіметі жүргізген орыстандыру саясатының кең өріс алуы мен қалың бұқараның әлеуметтік жағдайының күрт төмендеуінен көрініс тапты.

  • Көтерілістің басталуына ІІ Николай патшаның 1916 жылы 25 маусымдағы «Реквизициялау туралы» жарлығы тікелей себеп болды.

  • Жарлық бойынша Қазақстан, Орта Азия мен ішінара Сібірдің «бұратана халқының» ер-азаматтарынан (19 бен 43 жастың аралығында) майданның тыл жұмыстарына (қорғаныс құрылыстары мен жолдар салу, окоп қазу, т.б.) 400 мың адам (оның ішінде қазақтан 240 мыңға жуық) алу белгіленді.

  • Қазақстандағы көтерілістің алғашқы ошақтары 1916 жылы шілде айының бас кезінде пайда болды.

  • Халықтың ашу-ызасына жұмысқа алынатындардың тізімдерін жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшындары және жергілікті әкімшіліктердің басқа да қызметкерлері ұшырады.

  • Көтерілісшілер болыстық кеңселерді, болыстар мен ауыл старшындарының үйлерін, жасалған тізімдерді өртеді, жекелеген болыс бастықтарын өлтірді.

  • Стихиялы қозғалыс біртіндеп ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласты.

  • Көтерілістің негізгі қозғаушы күштері отарлық езгіден күрт кедейленген шаруалардың қалың тобы мен сол кезде қалыптаса бастаған жергілікті жұмысшылар болды.

  • Көтеріліске сондай-ақ қазақ халқының басқа әлеуметтік топтарының (байлар, болыстар мен билер, интеллигенция) өкілдері де қатысты. Соңғылары кейбір аймақтарда жетекші рөл атқарды.

  • Қазақ зиялыларының кейбір өкілдері (Т. Бокин, Ж. Ниязбеков, Ә. Жүнісов, Т. Рысқұлов, С. Меңдешев, Б. Алманов, Ә. Жангелдин, т.б.) патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қарулы қарсылыққа шақырды.

  • Ал «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан либерал-демократияшыл зиялылардың жетекшілері (А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, т.б.) патша әкімшілігінен тыл жұмысына адам алуда асықпауды өтініп, керісінше дайындық шараларын жүргізу жөнінде ұсыныстар жасады, көтеріліске шыққан халық патша өкіметі тарапынан аяусыз жазалауға ұшырайтынын ескертіп, көпшілікті жарлықты орындауға қарсылық көрсетпеуге шақырды.

  • Жетісу облысындағы ірі көтерілістің бірі Қарқара жайлауында болды.

  • 1916 жылы шілдеде Қарқаралы (Семей облысы) мен Өскемен уезінің, Көкпекті мен Зайсанның көтерілісшілері майданға жіберілетін адамдардың тізімін тартып алып, болыстарға күш қолданды.

  • Әбдіғапар Жанбосынұлы пен Амангелді Иманов басқарған Торғай көтеріліс ошағы ең табанды және ұзаққа созылған азаттық үшін күрес аймағына айналды.

  • Он алтыншы жылғы көтеріліс Қазақстанның барлық аймақтарында қатаң басып-жанышталды.

  • Бұл көтеріліс Ресейдегі әскери-әкімшіл және отаршыл басқару жүйесінің іргесін шайқалтты және шығыстағы отар елдердің ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстарының құрамдас бір бөлігі болды.

68. ХХ ғасырдың басы Ресей үшін үлкен саяси өзгерістердің бастауына айналды. 1905-1907 жылдарғы тұңғыш буржуазиялық-демократиялық революция қазақ халқының саяси санасының оянуына, ұлт-азаттық қозғалыстың дами түсуіне, қазақ қауымында да отарлық езгіге қарсы бағытталған әлеуметтік-саяси күштің қалыптасуына жол ашты. Ондай күш Алаш қозғалысы еді. Оның басында бірсыпырасы Ресейдің Санкт-Петербург, Мәскеу сияқты қалаларында оқыған, өз заманына сәйкес жоғары білім алған, озық ойлы Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұстафа Шоқай және т.б. сол кездегі қазақтың алдыңғы қатарлы зиялылары болды. Олар Қазақстанда кеңес өкіметін құрғандардан қай жағынан болсын биік-тұғын.
10 баптан тұратын қысқа ғана бағдарламада қазақ даласының өзекті мәселелері:

  • сөз бен баспасөз бостандығы,

  • жиналыс еркіндігі,

  • тең құқықтық негізде білім беру,

  • оқу орындарында ана тілінде оқыту,

  • дін ісінің мемлекет ісінен бөлектігі,

  • билік пен сот,

  • ел қорғау,

  • салық,

  • жерді сатпау т.б. идея-лар бар еді. 

«Алаш» партиясының бағдар­ламасында ұлттық мемлекет туралы тікелей сөздер жоқ. Алайда, онда ұлттық мемлекетті басқарудың құрылымы мен сипатына байла­нысты бірнеше принципті қағи­далар бар. Оны«Мемлекет қалпы» (мемлекеттік құрылым-Ә.Б.), «Жергілікті бостандық» және «Билік һәм сот» деп аталатын бірінші, екінші және бесінші тарау-лардан байқау қиын емес. Алаш көсемдерінің қазақтың егеменді, тәуелсіз, «іргесі бө­лек» ұлттық мемлекетін құру турасындағы негізгі идеясы 1917 жылдың желтоқсанында Орынборда өткен Бірінші Бүкілқазақтардың съезінде жүзеге асты. Тоғыз күнге созылған съезд Автономия құру туралы шешімге келді. Оның атын «Алашорда» болсын деген қаулы қабылданды.
73. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері.
Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды.1917 жылғы Ақпан төңкерісінің тарихи маңызы: патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді, ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мəлімдеді. Кемшіліктері: ұлттық-аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды, отаршылдық басқару органдарын жоймады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет