Қазақстан тарихы Сессия билеттері Қазақстан аумағындағытасғасырынақатыстыархеологиялықескерткіштердіңашылуы. Қазақстан там дәуірініңзерттелутарихын археолог Ж.Қ. Таймағамбетов «Палеолит Казахстана


жылы шілдедегі Жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім. Бірінші жалпықазақ съезі



бет12/20
Дата04.01.2023
өлшемі213,34 Kb.
#60359
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
Қазақстан тарихы Сессия билеттері

74. 1917 жылы шілдедегі Жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім.


Бірінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлының төрағалығымен, А.Байтұрсынұлының, Ә.Көтібаровтың, М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті. Бірінші жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне Қатысты төмендегідей 14 мәселе қойылды:



  • Мемлекеттік құрылыс.

Қазақ автономиясы.
Жер мәселесі.
Халық милициясы.
Земство.
Оқу мәселесі.
Сот мәселесі.
Дін мәселесі.
Әйел мәселесі.
Бүкілресейлік құрылтай жиналысы.
Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі.Қазақ саяси партиясы.
Жетісу оқиғасы.



  • Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне және Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу.

1917 жылы шілде-тамыз айларының өліарасында жалпықазақтық І құрылтай шақырылып, Алаш партиясы тарих сахнасына шықты.
Алаш партиясының ұлттық ұстанымы бес түрлі тұжырымға негізделді. Тұрсын Жұртбай съезде көтерілген қазақ мәселелерін жіпке тізгендей былайша баяндайды:
Бірінші ұстаным: жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: Қазақтың байыр¬ғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді!

Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек!


Үшінші ұстаным: Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, Қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек, яғни, толықтай экономикалық тәуелсіздік пен бірлікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс!
Төртінші нысана: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстем¬дігі болуы керек, яғни, Х.Дос¬мұ¬хамедовтің пайымдауына жүгінсек, ұлт¬тық мәдениет үстемдігі сақталуы тиіс!Бесінші, түпкі мақсат: тәуелсіз ғы¬лым¬ға, ұлттық салт, дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді.
Алаш партиясын тарих сахнасына шығарған тұңғыш жалпықазақ съезін қазақ зиялыларының мемлекет болу жолында жасаған маңызды қадамы деп айтуға болады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет