Қазақстан тарихы Сессия билеттері Қазақстан аумағындағытасғасырынақатыстыархеологиялықескерткіштердіңашылуы. Қазақстан там дәуірініңзерттелутарихын археолог Ж.Қ. Таймағамбетов «Палеолит Казахстана


-сұрақ Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы



бет19/20
Дата04.01.2023
өлшемі213,34 Kb.
#60359
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Қазақстан тарихы Сессия билеттері

95-сұрақ Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы
Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. "Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы" Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда республиканың тең қүқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынынан басқа, алғаш рет Қаз КСР-нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті мемлекеттік-құқықтық ережелер: Одақтың шешуіне берген мәселелерді қоспағанда, Қаз КСР аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы, Одақтық Жоғарғы органдардың Қаз КСР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілерінің өз аумағында күшін жою құқы, Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар - экономикалық және ғылыми-техникалық әлеует туралы, республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне тыйым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды.
96-сұрақ 1991ж тамыз төңкерісі.КСРО ыдырауы және ТМД құрылуы
1991 ж. 19-21 тамыз аралығындағы «Тамыз бүлігі» бұл жұмысты үзіп
жіберді. КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, КСРО премьер-министрі В.С.
Павлов, КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы В.А. Крючков,
КСРО Ішкі істер министрі Б.К. Пуго, КСРО Қорғаныс министрі Д.Т. Язов,
КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы А.Лукьянов, т.б. 19 тамыз күні Төтенше
жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрып, елдегі барлық
билік осы ұйымның қолына өтетіндігін мәлімдеді. Бұл іс жүзінде Кеңес
Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу
мақсатында Мәскеуде ұйымдастырылған төңкеріс еді. Осы кезде Қырымда
(Фороста) болған КСРО президенті М.С.Горбачевтың сыртқы әлеммен
байланысын үзіп тастаған ТЖМК мүшелері оны өз қызметін атқаруға
денсаулығы жарамайды деп хабарлады. Бұл төңкеріс 20 тамызда қол
қойылуға тиіс «Егеменді мемлекеттер одағы туралы шартқа» қарсы
бағытталды. Ол шарт Кеңестер Одағына кіретін республикаларға
бұрынғыдан әлдеқайда көп дербестік беретін. Тамыз бүлігінде елде
қалыптасып келе жатқан демократия нышандарын тұншықтыру және
нарықтық қатынастардың орнығуына жол бермеу арқылы елдегі әкімшіл-
әміршіл жүйені сақтап қалу көзделді. Төтенше жагдайлар жөніндегі
Мемлекеттік комитеттің №1 қаулысына сай саяси партиялардың, қоғамдық
ұйымдар мен Бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқтатылатын болды және
митингілер мен демонстрациялар өткізуге, көше шерулеріне, ереуілдерге
шығуға тыйым салынды. Тамыз бүлігіне қарсы күресті Ресей президенті Б.Н.
Ельцин басқарды. Оны Мәскеу қаласының мэрі Г.Попов, Ленинград облысы
мен қаласының басшысы А.Собчак, КОКП басшыларының бірі А.Яковлев, Э.
Шеварднадзе және т.б. қолдады. Төңкерісшілерді жоғары шенді әскерилер
мен партиялық номенклатураның шағын бөлігі ғана қолдады. Бұл өз
кезегінде тамыз бүлігінің көп ұзамай басылуына алып келді. Мәскеудегі
жұртшылық шеруге шығып, тамыз бүлігін айыптады. 21 тамыз күні Ресей
үкіметі жіберген ұшақпен Горбачев Мәскеуге жетті. Ол елдегі басшылықты
қайтадан қолына алды. ТЖМК мүшелері тұтқынға алынып, үстерінен
қылмыстық іс қозғалды.
Тамыздағы мемлекеттік төңкерістің болуымен және орталықтың
ешқандай ымыраға келмеуімен байланысты одақтас республикалардың
жетекшілері бұған дейін жүргізіп келген келіссөз талаптарынан бас тартты.
Ол КСРО-ның күйреуін және бұрынғы одақтас республикалардың, оның
ішінде Қазақстанның егемендік алуын шапшаңдатты. КОКП, оның бір бөлігі
Қазақстан Компартиясы тарихи аренадан кетті.
1991 ж. 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР және Украина республи-
каларының басшылары Минск қаласында (Беловеж нуы) кездесіп, мәлімдеме
қабылдады. Онда саяси одақ тұйыққа тірелді, сондықтан республикалардың
Одақтан шығуы объективтік процесс және тәуелсіз жеке мемлекет құру
шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі, орталықтың жүргізіп
отырган тоғышар саясаты елді терең экономикалық және саяси дағдарысқа
алып келді, халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік
шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар
күшейді деп атап өтілді. Мұның өзі бұрынғы Одаққа кірген мемлекеттердің
жаңа одағын - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құруға жол ашты.
Бұл құрылым бұрынғы Одақ бойынша осы кезге дейін алынған халықаралық
міндеттердің орындалуына кепілдеме береді, ядролық қарудың таралуына
жол бермейді және оған бірыңғай бақылау орнатуды қамтамасыз етеді,-деп
атап көрсетілді.
Алайда, бұл шешім әуелгі кезде басқа республикалар тарапынан қарсы
көзқарастар туғызды. Өйткені, заң бойынша Одаққа кірген Қазақстан, Орта
Азия, Закавказье республикаларының келісімінсіз бұл үш республика
егемендік туралы күрделі мәселені жеке дара шешуге тиіс емес еді. Міне,
осыған байланысты 1991 ж. 12 желтоқсанында Ашхабад қаласында Орта
Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті.
Онда ТМД-ға тек барлық республикалардың тең құқықтық негізінде
құрылушылық жағдайын мойындағанда ғана қосылуға болатындығы ерекше
атап көрсетілді.
1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан
кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығы құрылғандығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алматыда
қабылданған декларацияда Минскідегі айтылған жалпы принциптік
мәселелердің барлығы мақұлданды. Жаңадан құрылған Достастық мемлекет
басшылары және үкімет басшыларының Кеңесі деген жетекші органдар
құрды. Онда жалпы бағыттағы көкейтесті саяси және әлеуметтік- 
экономикалық мәселелерді шешу көзделді. Достық Одаққа кірген мемлекет
басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымы алдында бұл тәуелсіз мемлекеттердің
барлығын осы халықаралық ұйымға толыққанды мүше етіп алу туралы
өтініш жасады. Сонымен қатар бұрынғы КСРО-да жасалған ядролық қаруды
және оған әскери басшылық жасауды бірігіп іске асырып отыру жөніндегі
келісімге қол қойылды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы осы кезге дейін
Кеңестер Одағы қол қойып, халықаралық дәрежедегі жасаған келісімдердің
орындалуын өз мойындарына алады деп көрсетті. Сөйтіп, 1991 жылғы
желтоқсандағы Алматы қаласында бас қосқан тәуелсіз елдер басшыларының
келісімі КСРО-ның өмір сүруін тоқтатумен аяқталды. 
100. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылуы.
1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлығына сәйкес тәуелсіз армиямыз құрылды. Тоқсаныншы жылдардың аяғында ТМД елдерінде тарихи оқиғалар орын алғаны тарихтан белгілі. Бұрынғы мызғымас Кеңес Одағы ыдырап, оның құрамындағы елдер азат болды. Солардың бірі Қазақстан 1990 жылы 25 қазанда ел егемендігі туралы Декларациясын халыққа жариялады. Сол кезде Кеңес Армиясының әскери әлеуетін сақтау мәселесі көтерілді. Бұрынғы КСРО республикаларының басшылары бас қосып, Тәуелсіз Республикалар Одағының Біріккен Қарулы Күштерін құру туралы шешім қабылдады. Алайда 1991 жылы Ресей, Украина және Беларусь басшыларының Беловежадағы кездесуінің қорытындысы бұрынғы Кеңес Одағы республикалары мен оның біртұтас қарулы күштерінің ыдырауын тездетті. Жағдай мен елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын ескере отырып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тарихи шешім қабылдады. Сонымен, 1991 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаев Республиканың тәуелсіздігін, аймақтық тұтастығын, қорғанысын және басқа да өмірлік маңызды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында «Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетін құру туралы» Жарлығын жариялады. Министрлер Кабинетінің қаулысымен Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті республиканың әскери инфрақұрылымын мемлекеттік басқару органы болып танылсын, оған әскери комиссариат пен Азаматтық қорғаныс штабы ведомстволық бағынысты ведомстволарымен және мекемелерімен кіреді. . Осыған байланысты Мемлекеттік қорғаныс комитетінде екі айдың ішінде жобаны әзірлеу ұсынылды. Оның міндетіне республика аумағында орналасқан КСРО Қорғаныс министрлігінің бөлімшелерімен және бөлімшелерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, азаматтық қорғаныс мәселелерін жұмылдыру және шешу кірді. Екі айдың ішінде мамандар көптеген жауапты құжаттарды жүзеге асырды. Осылайша, желтоқсан айының ортасына қарай негізгі шенеуніктер тағайындалды. Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы болып Сағадат Қазақметұлы Нұрмағамбетов тағайындалды.
101. Ұлттық валютаны енгізу және оның маңызы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын белгілеу.
Тоқсаныншы жылдардың басындағы қиын кезеңде саяси егемендікке қол жеткізген қазақ елі дербес қаржы-экономикалық саясатты қалыптастыруға тәуекел етті. Осылайша тәуелсіз елдің ұлттық валютасы теңге дүниеге келді. Кеңестік кезеңдегі біртұтас қаржы-экономикалық байланыстар ыдырағаннан кейін инфляция жүріп, ел қымбатшылықтың торына түскені белгілі. Шайқалған экономиканы қалпына келтіру үшін «рубль аймағынан» шығып, дербес қаржы-экономикалық жүйе құру әрекеті жасалды. Осының барлығымен танысқан Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Ұлттық банкке ұлттық валютаны өте құпия түрде игеруді қолға алуды тапсырды. Ұлттық қор, валюта әлі қалыптаса қоймағанын ескере отсақ, бұны үлкен ерік-жігерді қажет ететін батыл қадам деп бағалаған жөн. Бірнеше айлық дайындық жұмыстарынан кейін 1992 жылдың тамыз айында Ұлттық банкте теңгелік банкнот үлгісін бекіткен дизайнерлер тобы Тұманды альбионына табан тіреді. Банкнот шығаратын зауыт жоқ, бағалы қағаздарға ақша талап етілмейтін шақта Англиядағы «Харрисон және ұлдары» атты тарихы терең, тәжірибесі мол компанияның қызметіне жүгіндік. Әл-Фараби, Абылай хан, Шоқан, Сүйінбай сияқты тарихи тұлғалардың бейнелері бар банкноттар шығарылды. Және олар туралы Мемлекет басшысы Н.Назарбаев: – Біз 7 миллион доллар тауып, қалған ақшаны шығаруға қажетті шығындарды төледік. Біз төрт Ил-76 ұшағын жалға алып, ақшамыздың 60 пайызын алдық. Бұл өте құпия операция болды. Құжаттарда «салынып жатқан мемлекет басшысының резиденциясына қажетті мүлік» делінген. Оған дейін аймақтарда жерасты қоймаларын салдық. Төрт ұшақ Лондон-Орал бағыты бойынша және аймақтарға аптасына он сегіз рейс жасады. Операцияның сәтті өтуіне ҰҚК-нің барлық басшыларын жұмылдырдық. Ең қиыны ақшаны барлық банктерге, аймақтарға жеткізу болды. Сегіз күнде орындалды. Бәлкім, әлемде жаңа ақшаны енгізу әлі соншалықты тез және сәтті жүзеге асырылмаған шығар... – деп еске алады ол.
...Мемлекеттік шекараны анықтау шаралары 1992 жылы басталып, 2005 жылға дейін негізгі үш бағытта жүргізілді. Қытаймен шекара мәселесін реттеу 1992 жылы қолға алынды. Екі ел арасындағы шекараны делимитациялау жөніндегі келіссөздер нәтижесінде бес халықаралық келісім жасалды. Онда Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара сызығы нақтыланып, арнайы сипаттама жасалды. Жұмыстар аяқталған соң тараптар шекараны демаркациялауға кірісті. 2002 жылы мамырда қол қойылған Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы хаттамада оның ұзындығы 1782 шақырым деп көрсетілген. Осылайша, шығыстағы көршіміз жүздеген жылдар бойы мойындалмай келген аумақтық тұтастығымызды мойындап, келісімін берді. Қазақстан Қытаймен шекаралас он бес елдің ішінде Қытай үкіметінің келісімімен шекара мәселесін толығымен реттеген жалғыз мемлекет.Кеңес Одағы кезінде одақтық республикалар арасындағы шекара ішкі әкімшілік-территориялық шекара ретінде белгіленіп, тек картада ғана көрсетілді. Шекарада бөлу сызығы болған жоқ. 1999 жылы қыркүйекте Қырғыз Республикасымен, Ресеймен, Түркіменстанмен және Өзбекстанмен мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды. Комиссия жұмысының нәтижесінде бұл мәселелер толығымен реттеліп, шешімін тапты. Қырғызстанмен – 1242 шақырым, Түркіменстанмен – 426 шақырым, Өзбекстанмен – 2351 шақырым шекара болды. Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара әлемдегі ең ұзын үздіксіз құрлық шекарасы болып табылады. Оның жалпы ұзындығы 7591 шақырымды құрайды. Шекараны делимитациялау Каспий теңізінің жағалауынан басталып, Еділ өзенінің шығыс жағалауымен өтеді, Сарыарқа мен Сібір жазығын кесіп өтеді, Қазақстан, Ресей және Қытайдың түйіскен жерінде аяқталып, ең биік нүктесіне жетеді. . Таулы Алтай жоталары. Екі ел арасындағы мемлекеттік шекара туралы алғашқы хаттама 1998 жылы жасалған.
102. Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы.


Жолдауда Президент жуық арада жүзеге асырылатын ауқымды саяси реформалар мен бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды жариялады.Мемлекет басшысы қайғылы қаңтар оқиғасына баға берді. Оның пікірінше, осы ауқымды әрі жан-жақты жоспарланған операцияның мақсаты жоғары басшылықты биліктен тайдырып, халық пен әлемдік қоғамдастық алдындағы оның беделін түсіру болды.Қасым-Жомарт Тоқаев Күштік құрылымдар мен олардың сыбайластарының өзара ымыраласуына қатысты іс бойынша тергеу құпия жағдайда қарқынды жүргізіліп жатқанын айтты. Бұған кінәлілер лауазымдары мен қоғамдағы орындарына қарамастан, лайықты жазасын алады.Саяси реформаларды жүзеге асыру аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің өкілеттігін қайта қараудың маңызды екеніне тоқталды. Бұл ретте суперпрезиденттік жүйеден мықты Парламенті бар президенттік республикаға көшу мәселесіне назар аударды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының өз өкілеттігі кезінде партияға мүше болуын тоқтату міндетін заңнамалық тұрғыдан ресімдеуді, әкімдер мен олардың орынбасарларының партия филиалдарындағы қызметіне тыйым салуды ұсынды.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің жақын туыстарына қатысты норманы конституциялық тұрғыдан бекіту қажеттігін айтты. Олардың мемлекеттік саяси қызметші және квазимемлекеттік секторда басшы лауазымдарын иеленуіне заңнамалық тұрғыдан тыйым салынады.Бұдан бөлек саяси реформаларда биліктің заң шығарушы саласына да қатысты мәселе қамтылады. Сенатты жасақтау тәртібі мен оның бірқатар қызметі қайта қаралады. Мемлекет басшысы Парламенттің жоғарғы палатасындағы президенттік квотаны 15-тен 10 депутатқа дейін қысқартуды ұсынды. Сондай-ақ Мәжілістегі Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы алынып, Сенатқа беріледі. Осы ретте олардың саны 9-дан 5 депутатқа қысқарады.Саяси реформалар бағдарламасында сайлау жүйесін жетілдіру, сайлау үдерісін жаңғырту, партия жүйесін дамыту мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері қарастырылған. Мәжілістің депутаттық корпусы аралас негізде құрылады. Яғни, парламентарийлердің 70 пайызы пропорционалды, 30 пайызы мажоритарлы тәртіппен сайланады. Партияларды тіркеу рәсімі айтарлықтай жеңілдетіледі. Оларды тіркеу шегін төрт есе, яғни 20 мыңнан 5 мыңға дейін төмендету ұсынылды.Мемлекет басшысы құқық қорғау институттарын күшейтуге, бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайтуға баса мән берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Негізгі Заңның ережелерін мүлтіксіз орындауды қамтамасыз ету мақсатында Конституциялық сот құруды тапсырды. Сондай-ақ табысты қызмет атқарған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына Ұлттық Құрылтай құруды ұсынды.Ауқымды саяси реформалар еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіруге де қатысты болмақ. Президент Абай және Ұлытау облыстарын құруды ұсынды. Бұл облыстардың орталықтары Семей және Жезқазған қалалары болады. Мемлекет басшысы Алматы облысын екіге бөлу жөніндегі шешімін айтты. Алматы облысының орталығы Қапшағай және Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласы болмақ. Егер жұртшылық Қапшағай қаласына Қонаевтың есімін беру туралы ұсыныс айтса, Президент бұл пікірді қолдайтынын жеткізді.Президент Жолдауда әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мән бере отырып, дағдарысқа қарсы жедел жүзеге асырылатын шараларға арнайы тоқталды. Соның ішінде ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге, мемлекеттің үлесі бар компаниялардың валюталық табысының экспорттық сатылымын ұлғайтуға, мемлекеттік аппараттың қызметіндегі бюрократияны жоюға да баса мән берілді.Жалпы, Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған бастамалар еліміздің саяси жүйесін және әкімшілік-аумақтық құрылымын барынша өзгертуге бағытталған. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, аталған бастамаларды іске асыру үшін Конституцияға 30-дан астам өзгертулер енгізіледі.
103. Білім және ғылым жүйелеріндегі реформалар. «Болашақ» бағдарламасы
1991 жылдан бері Қазақстанның білім беру саласында болған өзгерістерге тоқталайық. Басты мәселе – білім саласы. 22 жылда білім саласы қалай өзгерді. Білім саласы қоғам тарапынан көп сынға ұшырайтын саланың бірі екені рас. Халық білім беру жүйесіндегі реформалар мен өзгерістерді қызу талқылауда. ҰБТ, жоғары білім, балабақшадағы жағдай, оқулықтардың сапасы, мектеп мәселесі, мұғалім мамандығының рөлі. Мұның бәрі бір ғана Білім және ғылым министрлігіне қатысты болғандықтан, таяқтың басы осы ведомствоға түседі. Тәуелсіздік алғаннан бері білім саласында көптеген өзгерістер болды. 22 жыл ішінде 12 білім министрі ауысып, әрқайсысы өзімен бірге жаңа «қызық» алып келді. Жаңа бағыт, жаңа технологиялар, жаңа әзірлемелер. Әр министр ұсынған жаңа технология мен жаңа бағыт білім саласын әлемдік стандарттарға жеткізуге, білім беру жүйесін нарықтық экономикаға бейімдеуге бағытталған болатын. «Болашақ» бағдарламасына тоқталайық.Еліміздің дарынды жастарына ширек ғасыр бойы қолдау көрсетіп келе жатқан «Болашақ» стипендиясы халықаралық деңгейде танылған қазақстандық брендке айналды. 1993 жылдан бері 13 мың жастың шетелде білім алуына жағдай жасап, заман талабына сай білікті маман болып шығуына жол аштық. Бүгінде «Болашақ» стипендиясы бойынша білім алған түлектер білім, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және технология салаларында жүздеген ғылыми жобалар мен ірі жобаларды жүзеге асырып, үлкен жетістіктерге жетті. Сонымен, «Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы жарлығымен ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандарды даярлау мақсатында құрылды. Бағдарлама академиялық зерттеулерді (магистратура, докторантура), сондай-ақ әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми және өндірістік тағылымдамадан өтуді қамтиды. Осы уақыт ішінде «Болашақ» бағдарламасы еліміздің стратегиялық басымдықтары негізінде дамудың бірнеше кезеңінен өтті. 1994-2004 жылдары «Болашақ» халықаралық стипендиясы әлемнің 13 елінде білім алу үшін 785 қазақстандық студентке берілді. 2005-2007 жылдары жыл сайын тағайындалатын шәкіртақылар саны 3000-ға дейін өсті.2008-2010 жылдары ауыл жастарына, бюджеттік қызметкерлерге, ғылыми және педагогикалық қызметкерлерге жеңілдетілген санаттар, ғылыми және педагогикалық қызметкерлерге 12 айға дейін шетелде ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламалары енгізілді. . Ал 2011-2013 жылдары бакалавриат бағдарламасы жойылып, кадрларды іріктеу мен оқытудың бағдарламалық-мақсаттық әдісі, сондай-ақ медицина және инженерлік-техникалық қызметкерлердің тағылымдамадан өту бағдарламасы енгізілді. 2005-2013 жылдар аралығында 10117 қазақстандық әлемнің 30 еліндегі үздік 200 университетте білім алу үшін «Болашақ» стипендиясына ие болды. 2014-2016 жылдары әлем университеттері ТОП-200-ден ТОП-100-ге дейін төмендесе, мамандықтар бойынша әлем университеттері ТОП-30-ға көтерілді. 2017-2018 жылдары ғалымдарды даярлайтын жоғары оқу орындарының тізімі оңтайландырылды. Тізім әлемдік білім беру индустриясының көшбасшыларының университеттерімен толықты. Болашақтардың бастамасымен «Қазақстан-2050», «Болашақ» қауымдастығы, «ҚазАльянс» сияқты қоғамдық және студенттік қозғалыстар құрылды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет