Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) Қасым хан тұсында хандық аумағының ұлғаюы



Pdf көрінісі
бет20/66
Дата14.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#107515
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66
32) Қасым хан тұсында хандық аумағының ұлғаюы. 
XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының өрлеуін тарихшылар Қасым хан есімімен 
байланыстырады. Қасым хан Дешті Қыпшақты түгелдей өз билігіне алғаны соншалық, Жошы 
ханнан соң ешкім де ол сияқты (мұнда) жоғары билікке кол жеткізе алған жоқ, — деп көрсетеді 
Мұхаммед Хайдар Дулати. 
Халық "Кіші Жәнібек" атаған ханның (Қадырғали би Қосымұлы) ұлы Қасым хан (1511—1518/1523 
жылдары) елді басқаруда қазақ жұрты арасында орныққан іргелі ата салт-дәстүрді, жол-жобаны 
берік ұстанды. Оның тұсында ішкі қоғамдық қатынастарды қатаң белгілі бір жүйеге түсірген Қасым 
ханның қасқа жолы атты қалың бұқара мойындаған заңдар жинағы өмірге келді. Ханның 
мемлекеттікті нығайтуға бағытталған бұл шаралары түрлі әлеуметтік топтардың қолдауын тапты, 
халықтың күнделікті тіршілігіне тұрақтылық берді. Өз ретінде ішкі тұрақтылық мал басының өсуіне, 
қолөнер және егіншілік аудандары мен көшпелі мал шаруашылығындағы елдің арасында табиғи 
өнім алмасуы мен саудаға жол ашты. 
Қазақ хандығының нығаюына алып келген Қасым ханның бұл шаралары көрші елдер арасында да 
кеңінен мәлім болды. Моғол хандары Қазақ хандығымен тату болуға ұмтылды. Жоңғарлар Қасым 
хан тұсында қазақ жеріне жорыққа аттануға жүрексінді. Батыстағы Ноғай ордасының біраз бөлігі ел 
ішіндегі берекесіздіктен қашып, Қазақ хандығына келіп паналады. 
XVI ғасырдың екінші онжылдығында Қасым хан өз билігін кең-байтақ қазақ даласының басым 
бөлігіне орнатты. Бұл кезде хандықтың шекарасы оңтүстікте Сырдарияның оң жағасына жетіп,
Түркістан аймағындағы қалалардың біразын қамтыды, оңтүстік-шығыста Жетісудың тау етектері 
мен жазықтары, солтүстік және солтүстік-шығыста Ұлытау және Балқаш көлі арқылы өтіп, 
Қарқаралы тауларының сілемдеріне жетіп, солтүстік-батыста Жайық өзенінің аңғарына дейін 
созылды. Міне, осы аумақ көлемінде тұтас бір халыққа үю және мемлекетке бірігу қарқынды жүрді, 
мемлекет 
халқы 1 млн-нан асып, 
атты әскері 300 мыңға дейін жетті. 
Қасым хан тұсында Қазақ хандығы дербес мемлекет ретінде халықаралық қатынасқа араласа 
бастайды. Онымен алғашқылардың бірі болып дипломатиялық қатынас жасаған — Мәскеу 
мемлекеті. Қарқынды даму жолына түскен Қазақ елі туралы мәлімет Батыс Еуропаға да жетті, 
Мәскеуде бірнеше мәрте болған (1517 және 1526 жылдары) австралиялық дипломат Сигизмунд 
Герберштейн өз жазбаларында қазақтар жөнінде мәлімет берді. 
Қасым ханның қызметі мен өлімі жөнінде Қадырғали би: Жәнібек ханның ұлдарының арасында 
аса белгілі болғаны Қасым хан еді. Ол Жаған бикеден туған еді. Ұзақ уақыт атасының ұлысында 
патшалық етті. Төңірегіндегі уәлаяттарды өзіне қаратты... Ақыры Сарайшықта өлім тапты. Бүгін 
оның қабірі Сарайшықта. Оның ұлы Хақназар хан Ханық сұлтан-ханымнан туған, ал ханның бауыры 
Қанбар сұлтан барлық жағдайда Қасым ханның жанында болды. Әскерінің қолбасшысы. Оның 
ұрпағына патшалық тимеді, — деп жазды. 
Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқықтық нормаларды реттеу 
мақсатымен алғашқы қазақ заңы «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында 
бұрыннан қалыптасқан әдеп-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман 
елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам діні (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ 
өмірімен үйлесімді заң болды. Қасым хан Билер кеңесінде көппен ақылдасып, Жарғы ережелеріне 


(«ақсақалдар ережесі», «ата-баба жолы», «жөн-жосықтар») мәнді өзгерістер енгізеді. Халық Қасым 
ханның ежелден қалыптасқан билер заңы болған жарғыны қайтадан жаңғыртқанын ұнатып, оны 
«Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткен. Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген 
алғашқы заң жинағын дүниеге әкелді. 
Ханның бұрынғы заң-қағидаларға енгізген ережелері: 
1. 
Мүлік заңы (мал-мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері). 
2. 
Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. үшін қолданылатын жазалар). 
3. 
Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.). 
4. 
Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу 
мәнері). 
5. 
Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар 
т.б.). 
Қасым ханның қазақ хандығын күшейту, қазақ тайпаларын және қазақтардың этникалық 
территориясын біріктіру жолындағы жеңістері елдің ішкі және сыртқы беделін арттырып, оның 
атақ-даңқын асыра түсті. Әйгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи-Рашиди» атты 
еңбегінде: «Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес. 
Бұрындықты тіпті ешкім де елең қылған жоқ» дейді. 
Сонымен Қасым хан тұсында қазақ хандығының саяси-экономикалық жағдайы нығайды. Оның 
тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Батыс Еуропаға, Ресейге мәлім болды. Ресеймен 
дипломатиялық байланыс жасалды. Мұхаммед Хайдар Дулатидың жазбалары бойынша Қасым хан 
1518 жылы қайтыс болған. Ал Тахир Мұхаммед өзінің «Раузат-ат Тарихирин» атты еңбегінде Қасым 
ханның қайтыс болған уақыты 1523-24 жылдар деп көрсетеді. Қадырғали Жалайыридың мәліметі 
бойынша Қасым хан Сарайшық қаласында дүние салған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет