Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) XVIII-XIX ғғ. қазақ қоғамындағы батырлар мен билер ықпалының өсуі



Pdf көрінісі
бет22/66
Дата14.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#107515
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   66
Байланысты:
Тарих ответы(Админ-11)

35) XVIII-XIX ғғ. қазақ қоғамындағы батырлар мен билер ықпалының өсуі. 
Қазақ даласына сыртқы жаулар жиі – жиі шабуыл жасап келді. Кіндік кесіп, кір жуған қасиетті туған 
елдің, Қазақ хандығының шекарасын қорғау үшін халық жасақтары құрылды. Ол жасақтардың 
жаумен шайқастарда ерекше көзге түскен қолбасылары, сондай – ақ қатардағы қарапайым 
қазақтар да батыр деген атаққа ие болды. Жекпе – жекте жауын жеңіп шыққан сарбаздарға да 
батыр атағы берілді. Кейінірек батыр деп руаралық көзге түскендерді де, барымтаға 
қатысқандарды да, патшалық Ресейдің әкімшілік өктем билігіне және Орта Азия хандықтарының 
зорлық – зомбылығына қарсы көтеріліске қол бастап шыққандарды да атай беретін дәстүр 
қалыптасты. Бұл атаққа әркім өзінің жеке басының ерлігімен ғана ие болатын. 18 – 19 ғасырларда 
қазақ хандары Тәуке, Қайып, Әбілқайыр, Абылай және Кенесары батыр атанды. 18 ғасырда қазақ 
қоғамында халық арасында шексіз сүйіспеншілікке бөленген батырлардың тұтас бір тамаша тобы 
пайда болды. Мұның өзі, ең алдымен, қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне 
тікелей байланысты еді. Ол батырлар Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Олжабай, Наурызбай және 
басқалар. 19 ғасырда Ресей империясының отаршылдық экспансиясына, сондай – ақ Орта Азия 
хандықтарының зорлық – зомбылықтарына қарсы қазақтардың ұлт – азаттық қозғалысы кезінде 
ерекше көзге түскен Наурызбай, Ағыбай, Бұқарбай, Иман, Жанқожа, Есет сияқты тағы басқа да 
батырлардың есімдері мәңгі бақи халықтың есінде қалды 
Би — дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі.ежелгі 
дәуірлерден 19 ғасырдың басына дейін қазақ қоғамы саяси потестарлы билік жүйесінің негізінде 
дамығаны белгілі. Ең төменгі (бұқаралық) билікті ауыл-аймаққа, ру-тайпа ішіне сыйлы, өмірлік 
тәжірибесі мол ақсақалдар атқарса, орта буындағы, яки, потестарлы билік тізгінін ру-тайпа 
басылары — билер уысына ұстады. Ал мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейдегі мәселелерді 
қамтитын жоғары билікті төре тұқымы —хандар мен сұлтандар иеленген.би мемлекет басқару 
жүйесінде кейбір айрықша құқылар иеленді: “Жеті Жарғы” қағидаларына сай ол өзіне бағынышты 
ру-тайпа шегінде сот және әкімшілік билік (ханмен қатар) жүргізді. Сот төрелігін жүзеге асыратын. 
Сонымен қатар би ру-тайпаның басшысы ретінде әкімшілік қызметті де қоса атқарып, өз 
қауымының тұрмыс-тіршілігін қадағалап, тәртіп-талабына жауапты болды. ел тағдыры сынға түскен 
жаугершілік замандарда билер батыр-баһадүрлермен қатар атқа қонып, қарамағындағы 
тайпаластарынан жасақ құрып, мемлекет тұтастығын, ұрпақтар азаттығын қорғауға ұйытқы болған, 
қолбасшылық қызмет атқарған. би — дипломат, елші. Ел бірлігіне, ұлт тұтастығына нұқсан келтірер 
ағайын араздығын басып, руаралық дау-жанжалдарды бітістірумен шектелмей, қазақ ұлысының 
көрші мемлекеттермен қарым-қатынас жасап, әр түрлі байланыс орнату ісінде де ханға көмекші әрі 
кеңесші қызмет атқарғаны белгілі.би атағы мұрагерлік заңымен берілетін лауазым емес. 
Көшпелілер мәдениетінің ерекше қыры — шешендік өнерді меңгермейінше, тек әдет жосындарын 
жетік біліп, әділет принципін ұстану арқылы ғана би атану, ел сенімін иелену мүмкін болмаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет