Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстауқазақтары



Pdf көрінісі
бет35/66
Дата14.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#107515
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   66
Байланысты:
Тарих ответы(Админ-11)

51) 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстауқазақтары 
көтерілістері. 
Патша үкіметі 1867-68 жылдардағы реформаны күшіне енгізе бастады. Реформа отарлық езгі мен 
патша чиновниктерінің үстемдігін күшейтті. Алым-салық көбейіп, қанаудың одан әрі күшейе түсуі 
бұқара халықтың жаппай наразылығын тудырды. 19 ғасырдың 60 жылдарында әр түтінге 
салынатын салықтың жалпы мөлшері 10-12 сомға жетіп, ол кедейлерден байлармен бірдей 
өндірілді. Заттай төлемдер тұрақты алымға айналды. Кіші жүз қазақтары мемлекет кіресін тегін 
тарту үшін (Наурызым орманынан Сырдария бойындағы қалаларға ағаш тасу және т.б.) 
түйешілермен (5 түйеге бір адамнан) қоса 4 мың түйе беруге, Орта Азия хандарына жорық жасап 
жатқан патша әскерлерін азық-түлікпен, баспанамен, жылы киімдермен және т.б. жабдықтауға 
міндетті болды. Тек 1839-40 жылдары ғана 14 мың түйе, 15 мың пұт ет, 15 мың саржан киіз, 10 мың 
бас киім, қолғап алынды. Жергілікті әкімдер халық есебінен көлікпен, қаражатпен қамтамасыз 
етілді. Күйзеліске ұшыраған кедейлер топ-тобымен казак-орыс шептеріне, ірі қалаларға жалдануға 
кете бастады. 50 жылдары Орал казак-орыс шептерінде 20 мыңнан астам қазақ кедейлері 
жалданды.Шаруалардың бұл көтерілісі нашар ұйымдастырылды, стихиялық түрде өтті, сондықтан 
жеңіліске ұшырады. Солай бола тұрса да, Орал мен Торғай облыстарындағы көтеріліс қазақ 
шаруаларының отарлау саясатына, қанаушыларға қарсы қозғалысының ерекше бір көрінісі болды. 
52) Әскери-казактық отарлауы: Орал, Орынбор, Сібір казак әскерлері. 
Орынбор казак әскерлері 1748-1755 жылдар аралығында құрылды. Олардың Жайық казактарынан 
айырмашылығы — өз беттерімен келіп, стихиялық түрде құрылған жоқ, патша үкіметінің бастама 
көтеруі бойынша арнайы мақсатпен құрылды. Орынбор казактарының негізгі ұйытқысы Самара, 
Уфа, Алексеев және Есет казактары болды. Олар шекараны қорғау күзетінде қызмет етті. Казактар 
негізінен селолық жерлерде қоныстанды. Қалаларда казактардың небары 2%-ы тұрды. Орынбор 
казактары негізінен егіншілікпен, мал өсірумен, балық аулаумен айналысты. Казак әйелдері ешкінің 
түбітінен түрлі орамал тоқыды. Сібір казак әскерлерінің негізін полиция қызметіндегілер құрады. 
Олар XVI ғасырдың аяқ кезінен бастап Сібір әскери бекіністерінде күзет қызметін атқарды. 
Казактардың қатары солдаттардың ер жеткен балаларының, саяси жер аударылып келгендер мен 
башқұрт, мещеряктар және Дон казактарының есебінен де толықтырылды. Олардың әскери 
атаманы Батыс Сібір генералгубернаторына, ал кейінірек - Дала өлкесінің генерал-губернаторына 
тікелей бағынды. Сібір казактарының негізгі кәсібі егіншілікпен айналысу болды. Бірақ далалық ауа 
райының құбылмалылығы, құрғақшылықтың жиілігі, қақаған күшті аязды күндердің көптігі егін 
егуде қыруар қиыншылықтар туғызды. Казактар негізінен күздік және жаздық қара би дай егумен 
шұғылданды. Сұлы, арпа, тары, сондай-ақ картоп екті. Казактардың арасында бау-бақша, темекі 
өсіру де жақсы дамыды. Петропавл маңында бау-бақша өсірумен айналысатын тұтас казак 
поселкелері құрылды. Шекара шебінің темекісі «махорка» бүкіл Сібірге кеңінен тарады. Казактар 
сонымен қатар кендір өндірумен де айналысты, сора өсірді. Казак әскерлері мал да ұстады. Мұның 
өзі егін шаруашылығына және жорыққа да қажет еді. Өзендер мен көлдердің көптігі балық аулау 
ісін де дамытты. Олар Ертіс өзені мен Зайсан көлінде балық аулауды өздерінің монополиясына 
айналдырып алды. Казактар сонымен қатар жүк тасымалымен, тері илеу және тоң май дайындау 
кәсіпшіліктерімен де айналысты. Сауда-саттықпен де күшті шұғылданды, жергілікті қазақтармен 
сауда жасасты. Жол жөндеу жұмыстары үшін алынатын баж салығы да казактардың пайдасына 
түсетін. Жайық (Орал) казактарының ең алғашқы елді мекендері XVI ғасырда қазіргі Қазақстан 
аумағының солтүстік-батыс бөлігінде (Жайық (Орал) өзенінің бойында) пайда болды. Патша үкіметі 
казактардың еркіндігін шектеу саясатын ұстанды. Олардың тұрмысына бірте-бірте қатаң әскери 
тәртіп енгізіле бастады. Мәскеу мемлекеті Жайық казактарына оңтүстікшығыс шекараны қорғау 
және әскери отарлау міндеттерін жүктеді. Жайық казактары ауқатты тұрды. Әрбір казактың 80 


десятинадан жер телімі болды. Жайық казактары егіншілік пен балық аулау, түз өндіру және 
аңшылықпен айналысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет