Қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет40/42
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#14567
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
СӨЖ сұрақтары : 
 
 
1.  Тамыз төңкерісі қай жылы болды ? 
2.  ҚР-ның тіл туралы Заңы қай жылы қабылданды ? 
3.  ҚР-ның егеменділігі туралы Декларация қай жылы қабылданды ? 
4.  Нарықтық экономика дегеніміз не? 
5.  ҚР-ның Конститутциясы қай жылы қабылданды ? 
6.  Қазақстан қай жылы БҰҰ-ның мүшесі болды? 
7.  Қазақстан ұлттық мәдени орталықтары жөнінде не білесіз ? 
8.  Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы не білесіз ? 
9.  Қазақстан Компартиясының таратылу себебі неде ? 
10.  Қайта оралған атаулардан не білесіз ? 
11.  ҚР-ның Президентінің  сайлаулары қай жылдары өтті ? 
12.  ҚР-ның мемлекеттік өкіметінің орындаушы жүйесі туралы не білесіз ? 
13.  ҚР-ның  Президентінің  ел  халқына  «Қазақстан  2030»  деп  аталатын  Үндеуі  қай 
жылы дүние көрді  
14.  ҚР-сы азаматтарының конститутциялық міндеттері жөнінде айтып беріңіз ? 
15.  Бүкіл  дүниежүзілік  қазақтарының  І-ІІ  құрылтайлары  қай  жылы  және  қай 
қалаларда өтті? 
 
90-шы  жылдардағы  қоғамдық-саяси  процестер  ерекшеліктері.  Демократиялық 
процестердi тереңдетудiң, қоғамдық-саяси ұйымдармен және қозғалыстармен сындарлы 
ынтымақтастық  маңызды  факторы  ретiнде саяси көппiкiрлiктi орнықтыру тенденциясы 


 
191 
1991  жылдың  көктемiнде  анық  байқалды.  Бұл  кезде  Қазақстанда  дербес  саяси  және 
қоғамдық бiрлестiктер саны 120-дан асқан едi.
243
  
Қазақстанның  мемлекеттiк  тәуелсiздiк бағытында қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң 
кезектен тыс XIV сессиясының шешiмдерi ерекше орын алады. Бұл сессияда төрт заң 
жобасы,  яғни:  ”Қазақ  КСР  Конституциясына  (Негiзгi  Заңына)  өзгерiстер  мен 
толықтырулар енгiзу туралы”, “Қазақ КСР-iндегi тiлдер туралы”, “Қазақ КСР-нiң халық 
депутаттарын  сайлау  туралы”  және  “Қазақ  КСР-iнде  халық  депутаттары  жергiлiктi 
кеңестерiнiң  депутаттарын сайлау туралы” шешiмдер қабылданды.  
Жаңару  кезеңi  Қазақстанда  тек  жасампаздық  ғана  емес,  көптеген  қиындықтың 
жойылуына  да  жол  бердi.  Әлеуметтi  реттеудiң  жаңа  механизмiн  жасау экономикалық, 
саяси  және  өзге  қоғамдық  байланыстардың  дамуынан  едәуiр  артта  қалып  қойған 
жағдайда  қалыптасты.  Әкiмшiлiк-әмiршiлдiк  жүйенi  ыдырату  қоғамдық  басқарудың 
оған сай келетiн жаңа құрылымдарын дер кезiнде єµру iсiмен алмастырылмады. Өкiмет 
дағдарысының  белгiлерi  анық  байқала  бастады:  партиялық-авторитарлық  қатынастар 
кәдеге  жараудан  қалды,  ал  Кеңестердiң  саяси  беделi  қоғамдық  қатынастарды  реттей 
алмады.  
Қазақстанның саяси және заңды тәуелсiздiк алуында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi 
1990  жылы  25  қазанда  қабылдаған  Қазақстанның  мемлекеттiк  егемендiгi  туралы 
Декларация  маңызды  рөл  атқарды.  Көлемi  жағынан  шағын,  бiрақ мазмұны бай құжат 
Қазақстанның егемендiгiнiң  нығаю процесiнде  темiр қазыққа айналды. 
Бұл  оқиғаның  алдында  бұқаралық  демократиялық  қозғалыстар,  экологиялық, 
жұмысшылар,  әйелдер  мен  жастар  қозғалыстары  қоғамдық  өмiрде  нық  орын  алып, 
бұқаралық сана саясатқа бой ұра бастаған болатын. Бұл процесте қазақ КСР-iң он екiншi 
сайланған  (1990  жылдың  сәуiрiнде)  Жоғарғы  Кеңесi  сындарлы  да  белсендi  позиция 
ұстанды. 1990-1991 жылдары қабылданған республика заңдары негiзiнде әрбiр адамның 
бостандығы  мен  ар-намысын  бiлдiруi  үшiн  қажеттi  жағдайларды  қамтамасыз  етуге 
елеулі көңіл  бөліне бастады 
Қазақ  тарихында  тұңғыш  Республика  Президентiнiң  сайлауы  1991  жылы  1 
желтоқсанда  өттті.  Халықтың  демократия  үрдісінде  өз  еркiн  бiлдiруi  нәтижесiнде  ел 
Президентi  болып  Н.Ә.Назарбаев  сайланды.  Осы  жылдары  прокуратура,  мемлекеттiк 
қауiпсiздiк,  iшкi  iстер,  юстиция  орындары  партиялық  бақылаудан  арылып,  Қазақстан 
қорғанысы  комитетi  құрылды,  мемлекеттiк  кәсiпорындары  мен  ұйымдар  одақтық 
биліктен  босатылып,  қазақ  КСР  Үкiметiнiң  құзырына  берiлдi,  Республиканың  сыртқы 
экономикалық  қатынастары  егемендік  алып,  мемлекеттің  алтын қоры мен алмас қоры 
құрылды.  
1991  жылы  10  желтоқсанда  Республиканың  Жоғарғы  Кеңесi  Қазақ  КСР-ын 
Қазақстан  Республикасы  деп  атау  туралы  шешiм  қабылдады,  ал  1991  жылы  16-шы 
желтоқсанда  Жоғарғы  Кеңес  еліміздің  мемлекеттiк  тәуелсiздiгiн  жариялады.  Cол  күнi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет