Қазақстан тарихы


“Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi”



Pdf көрінісі
бет41/42
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#14567
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
“Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi” атты заң қабылданды. Осы 
құжат  бойынша  қазақ  елi  аумағында  халық  бүкiл  билiкке  ие  болып  iшкi және сыртқы 
саясатын  дербес  белгiледi,  республикамыз  әлемдiк  деңгейде  тәуелсiз,  демократиялық 
және  құқықтық  мемлекет  тұрпатында  бүкіл  әлемге  таныла  бастады.  Сондай-ақ  бұл 
құжат  тәуелсiз  мемлекеттiң  болашақ  Конституциясының  iргетасына  айналды.  Cол 
сәттен  бастап  Қазақстан  Республикасы  барлық  мемлекеттермен  өзара  қатынасын 
халықаралық принциптерiне  ыңғайлып  құрып келедi. 
Қазақстан  егеменденуi  барысында  Республиканың  жаңа  елтаңбасын  әзiрлеу 
мәселесi  туындады.  Ашық  конкурс  нәтижесiнде  оған  245  үлгi  түстi.  Ұзақ  және  өткір 
пiкiрталастардан  кейiн  Ж.Мәлiбеков  пен  Ш.Уәлиханов  сияқты  белгілі  сәулетшілер 
дайындаған  көгiлдiр  аспанда  шаңырає  бейнеленген,  онан  күн  сәулесi  секiлдi  уықтар 
жан-жаққа  тарап,  ол  санатты  тұлпармен  кәмкерiлген  Мемлекеттiк  елтаңбасы 
қабылданды. 
Егемендi мемлекеттiң тағы бiр рәмiзi-әнұран (гимн). Мемлекеттiк әнұран - ресми 
салтанатты  поэтикалық-сазгерлік  шығарма,  ол  мемлекеттiк  елтаңба  және  тумен  бiрге 
егемен  мелекеттi  бейнелейдi.  Мемлекет  дербестiгiнiң  атрибуты  ретiнде  әнұран  ресми 
                                                                 
 


 
192 
рәсiмдер  кезiнде,  мереке  күндерiнде  және  заң  актiлермен  белгiленген  салтанатты 
жағдайларда орындалады. 
Қазақстан  әнұранының  сазына  жарияланған  конкурсқа  51  жұмыс  және  өлең 
мәтiнiнiң  132  нұсқасы  түстi.  Алайда  олардың  ешқайсысы  1944  жылы  М.Төлебаев, 
Е.Брусиловский  және Л.Хамиди жазған Мемлекеттiк әнұран сазынан асып түсе алмады. 
¤лең мәтiнi бойынша жарыста ақындар Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев және Ж.Дәрiбаев 
жазған мәтiн озып шығып, бұрынғы әуенге лайықталды.  
Мемлекет  егемендiгiнiң  тағы  бiр  рәмiзi-оның  туы  (байрағы).  Ту  түсi  ұлттық 
ерекшелiгiмен  айқындалады.  Мемлекеттiк  тудың  баяны,  оны  iлудiң  тәртiбi, орны және 
басқа  шарттары  арнайы  шектiлi-құқықтық  актiмен,  көбiнесе  заңмен  белгiленедi. 
Өркениеттi  елдерде  мемлекеттiк  туды  заңсыз  пайдалану  немесе  оны  қорлау  заң 
жолымен жазаланады. 
Республиканың  Мемлекеттiк  туы  тiк  бұрышты  көгiлдiр  түстi  мата,  оның 
ортасында  сәулесi  шашыраған  күн,  оның  астында  қалықтай  ұшқан  бүркiт.  Ту  сабына 
таяу  төмен  қарай  тiк  түскен  ұлттық  нақыш  салынған.  Күн,  cәуле, бүркiт және нақыш 
алтын түстес. Мемлекеттiк тудың авторы суретшi Ш.Ниязбеков болды. 
1992  жылы  4-шi  маусымда  “Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттiк  туы 
туралы”,  “Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттiк  елтаңбасы  туралы”  ҚР-ның 
заңдары қабылданды. 
Мемлекет егемендiгiнiң тағы бiр көрсеткiшi – тәуелсiз ақша жүйесi. Ақша-тарихи 
даму жемiсi екенi аян, оның рөлiн әртүрлi тауарлар атқарған замандарда да қазақ халқы 
басынан  өткен.  җµєыєтыє  тәуелсiздiкке  ие  болғаннан  кейiн  қазақ  ақшасын  енгiзу 
мiндетi  туындады.  1993  жылғы  қарашадан  берi  Қазақстанның  өз  валютасы  -  теңге 
айналымға  ендi.  1961-1992  жылдар  үлгiсiндегi  500  сом  1  теңгеге  тең  деген  есеппен 
республикада  1  триллион  910  миллиард  сом  алмастырылды.  Алмастыру  кезеңiнде 
АҚШ-тың  бiр  доллары  5  теңге  70  тиынға,  Ресейдiң  1000  рублi  4  теңге  21  тиынға 
баланатын болды. 
1993 жылы 28 қаңтарда Республиканың Жоғарғы Кеңесi тоғызыншы сессиясында 
тәуелсiз  қазақстанның  Конституциясын  қабылдады.  Онда  елдiң  конституциялық 
құрылысының төмендегiдей негiздерi жарияланды: 
- Қазақстан Республикасы (Қазақстан) - демократиялық және бiртұтас мемлекет. 
өзiн-өзi  билейтiн  қазақ  ұлтының  мемлекеттiгiнiң  пошымы  ретiнде  Қазақстан 
Республикасы өзiнiң  барлық азаматтарына тең єқұқықтарды қамтамасыз етедi; 
-  Қазақстан Республикасының аумағы тұтас, бүлiнбейтiн және қол сұғылмайтын 
аумақ; 
-  Қазақстан  Республикасы  адамды,  оның  өмiрiн,  бостандықтарын  және  етене 
құқықтарын  ең  жоғары  құндылық  деп  бiледi  және  өз  қызметiн  азамат  пен  қоғамның 
мүддесiне орай жүзеге асырады; 
-  Қазақстан  Республикасы  өз  Конституциясы  мен  заңдарының  шеңберiнде 
қимылдайтын  қоғамдық  бiрлестiктердiң  тең  құқықтық  мүмкiндiктерi  болуына  кепiлдiк 
бередi. Қоғамдық бiрлестiктердiң идеологиясы мемлекеттiк идеология ретiнде орнатыла 
алмайды; 
- Қазақстан Республикасында мемлекеттiк Үкiмет оны заң шығарушы, атқарушы 
және сот құрушы билiктерге бөлу принципiне  негiзделедi; 
- Қазақстан Республикасы Конституциясының ең жоғарғы заңдық күшi бар, оның 
нормалары  тiкелей  iске  қосылады.  Коституция  ережелерiне  келмейтiн заңдар мен өзге 
актiлердiң заңдық күшi болмайды; 
- Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiл  - қазақ тiлi. Орыс тiлi - ұлтаралық 
қатынас  тiлi.  Мемлекет-ұлтаралық  қатынас  тiлiнiң  және  басқа  тiлдердiң  қолданылу 
аясының  сақталуына  кепiлдiк  бередi,  олардың  еркiн  дамуына  қамқорлық  жасайды. 
Азаматтардың  мемлекеттiк  тiлдi  немесе  ұлтаралық  қатынас  тiлiн  бiлмеуiне  қарап 
олардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге тиым салынады. 
Ел  басқару  құрылымы  радикалды  түрде  өзгертiлдi.  Бұдан  былай  республикада 
өкiмдер  институты  енгiзiлдi,  яғни  Президент  өзiнiң  өкiмiмен  республика  атқару 
орындарының  жетекшiлерi  мен  облыс  өкiмдерiн  тағайындайтын  болды.  Жергiлiктi 
жерлердегi  атқарушы  үкiметте  реформаланды:  атқару  комитеттер  жабылып,  олардың 
орнына  жергiлiктi  әкiмшiлiктердiң  жүйесi  қалыптасты. Жергiлiктi өкiмдердi тағайындау 


 
193 
және  қызметiнен  босату  қатаң  түрде  жоғарыдан төмен: Президенттiң және өкiмдердiң 
шешiмiмен iске асырылатын болды.  
1993  жылдың  желтоқсанынан  бастап  “Қазақстан  Республикасының  жергiлiктi 
өкiлдiктi және атқарушы органдары туралы” заң күшiне ендi. Осы заңға сәйкес өкiлдiктi 
және  атқарушы  органдар  тиiстi  аумақтың  әлеуметтiк  және  экономикалық  даму 
бағдарламасының  орындалуын,  жергiлiктi  жерлерде  Конституцияның,  заңдардың, 
Республика  Президентi  мен  Министрлер  Кабинетi  актiлерiнiң,  жоғары  тұрған 
маслихаттар  мен  әкiмшiлiк  басшылары  шешiмдерiнiң  орындалуын  қамтамасыз  етедi. 
Мәслихаттар өз құзыры шеңберiнде қызметiн дербес атқарады және жоғарыдан төменге 
дейiнгi  бағыну қатынастарына тәуелдi емес. 
Жаңа Конституция шын мәнiнде қаракетке қабiлеттi сот билiгi негiздерiн қалады. 
құқықтар  сот  көмегiмен  қаншалықты  қорғаса  ғана  соншалықты  дәрежеде  қалтқысыз 
жүзеге  асады.  Тұңғыш  рет  дүние  жүзiлiк  практикада  қалыптасқан  Конституция,  оның 
баптарын  сот  арқылы  қорғау  тәртiбiне  ыңғай  бiлдiрiлдi.  Ол  үшiн  Қазақстан 
Республикасының  Конституциялық  сот  құрамы  қалыптастырылды.  Бұл  жаңа  органға 
заңдар  мен  өзге  актiлердi, халықаралық шарттар мен өзге мiндеттердiң Конституцияға 
сәйкестiгiне байланысты түскен талаптарды қарау жүктелдi.  
Қазақстан  Республикасының  жаңа  Конституциясын  қабылдаудың  орасан  зор 
сыртқы саяси маңызы болды. Ол қазақ елiнiң халықаралық көлемдегi беделiн нығайтты. 
Ата Заңын қабылдап - Қазақстан тұрақты болашаққа сенiммен қарайтын мемлекет екенi 
туралы дүниежүзiлiк қауымдастыққа паш еттi. 
Қазақстан  Республикасының  экономикасындағы  құрылымдық  өзгерiстер. 
Қазақстандағы  жүргiзiлген  экономикалық  реформа елдегi органдарының экономикалық 
басқарудағы рөлi, орны мен функциясын  түбегейлi өзгерту жолдарын қарастырды. Жаңа 
жағдайда  министрлiктер  де  өз  функциясын  өзгерттi.  Олардың  ендiгi  мiндеттерi 
өнеркәсiптердi  басқару  емес,  өндiрiстiң  техникалық  жағынан  дамуына,  салааралық 
өркендеуге дұрыс бағдар таңдау жұмыстарымен айналысатын болды.  
Екi  жақты  тиiмдi  ынтымақтастық  мақсатында  икемдi өндiрiстiк құрылым жасау 
үшiн  экономикалық  реформаны  дамыту  жағдайында  35  стационарлық  қоғам,  75 
салааралық  сыртқы  экономикалық  ассоциациялар,  30-ға  жуық  концерндер  мен 
консорциумдер,  30-дан астам коммерциялық банктер құрылды. 
Нарықтық құрылымның дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншiгiнен алу 
және  жекешелендiру  жоспары  жасалды.  Ең  бiрiншi  кезекте  нәтижесiздiк  танытқан 
мемлекеттiк секторларды жекешелендiру қажет болды. Қазақстандағы жекешелендiру, 
салық салу реформасы, бағаны қалыптастыру, еңбектi өтеу және бөлектену саясатымен 
қатар жүзеге асырыла бастады. 
Нарықтық экономикаға көшудiң құқылық негiздерiн құру мақсатында Республика 
Парламентiнде  көптеген  заңдар  мен  нормативтiк  актiлер  жасалды.  Оған:  “Қазақстан 
Республикасындағы  меншiк  туралы”,  “Қазақстан  Республикасындағы  кәсiпкершiлiктi 
дамыту  және  шаруашылықтағы қызмет бостандығы”, “Қазақстан Республикасындағы 
шетел инвесторлары”, “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктiк қызметтер” 
т.б. заңдар.  
Монополиялық  қызметтiң  шектелуi  туралы  заңның  мақсаты  -  нарықты  басқару 
механизмiн 
енгiзу, 
ерiктi 
бәсекелестiк 
пен 
кәсiпкерлiктi, 
республикадағы 
сұранымдылықты қорғауды қамтамасыз ету. Онда монополиялық басқару құрылымын 
тарату,  олардың  тууына  жол  бермеу,  тауар  нарқында  сапасыз  бақталастықты  жою 
шаралары  белгiленген.  Сонымен  қатар,  мемлекеттiк  монополия  электрқуат,  құрылыс, 
темiржолды  пайдалану,  қорғаныс  қажеттерiн  қамтамасыз  етуде,  ғарышты  зерттеу 
жұмыстары  және  магистральдi  құбыр  жүйелерiнде,  коммуникация  және  байланыс 
құбырларында таралды.  
Iскерлiк белсендiлiктiң өсуi жаңа банктiк құрылымның жасалуына өсер еттi, бiрақ 
құрылымдық өзгерiстер республикада материалдық әл-ауқатты жақсартпады. өндiрiстiк 
тұтыну  тауарлары  мен  қызмет  көрсету  қысқартылды.  Кейбiр  жағдайларда  халық 
сұранымына  сәйкес  мемлекеттiк  өндiрiс  орындарының  тоқтатылуы,  сұраным 
секторлары бағасының күрт жоғарылауына әкелiп соқты.  
1991  жылғы  қаңтар  айындағ  бағаны  босату  алғашқы  сатысында-ақ  ол 186,4 есе 
өссе,  1992  жылғы  сәуiр  реформасынан  кейiн  554,5  есеге  жеттi.  Осы  жүргiзiлген 


 
194 
шаралардың  нәтижесiнде  ақшаның  құны  түсiп  кеттi.  Ресей  ақшасының  ауысуы 
Қазақстандағы  ақша  айналымына  керi  өсер  еттi.  Халықтың  тапқан  айлық  жалақысы 
тамағынан  аспады.  Ауылдар  арасындағы  қатынас  мүлдем  қиындап  кеттi.  Күрделi 
тұрмыстық  техникалар,  мәдени  шаруашылық  тауарларының  да  бағасы  өсуiне 
байланысты 
тұтынушылар 
оларды 
еркiн 
пайдалана 
алмады. 
Мысалы, 
радиоқабылдағыштар  орта  бағасы  тамыз айының соңында 330 мыңға жетсе, шетелдiк 
теледидарлар  1  миллионнан  асты.  Ал  бiр  камералы  тоңазытқыштар  бағасы  600  мың 
сомға жеттi. Қаңтар айынан тамызға дейiн өндiрiстiк тауарлардың бағасы бiрнеше есеге 
өстi.   
Мемлекеттiк  көмектесу,  қарайласу  саясатына  қарамастан  нан  өнiмдерiне  баға 
мейлiнше  жоғарылады,  тамыз  айының  соңында  1  килограмм  тоқаш  нанның  бағасы 60 
сомға  барды.  Ендi  түсiрген  пайдасына,  тұрмысына  қарай  адамдар  бөлiне  бастады. 
Нарыққа көшу саясатының бұрмалануынан өз жағдайын алыпсатарлық, делдалдық, пара 
алумен  түзеген  адамдар  тобы  пайда  болды.  Жәбiр-жапа  көрушiлiк  орын  алды.  Бар 
байлықты  өндiретiн  жалақыдан  жалақыға  дейiн  өмiр  сүретiн  халық  екенiн  ескерсек, 
мұндай қателiктiң алысқа бармауы заңды да едi. Осы кезеңде көп балалы отбасы мен 
зейнеткерлер  қиындықта  қалды.  Нәтижесiнде  елде  тiптi  XX-шы  ғасырда  кезiкпеген 
қайыр сұраған адамдар тобы пайда болды. 
Қабылданған  шаралардың  нәтижесiздiгiнен  1993  және  1994  жылдары  Қазақстан 
Республикасындағы  әлеуметтiк-экономикалық  ахуалға  материалдық  өрiстiң  барлық 
салаларында  өндiрiстiң  одан  әрi  құлдырауы,  еңбекшiлердiң  тұрмыс  деңгейiнiң 
төмендеуi  тән  болды.  Инвестициялық  қызмет күрт төмендедi. Күрделi қаржы жұмсау 
көлемi  төмендеуiнiң  үштен  екiсiнiң  астамы  өндiрiстiк  салаға  тиесiлi  болды.  Барлық 
қаржыландыру  көздерi  есебiнен  құрылыс-монтаж  жұмыстарын  жүргiзу  көлемi  69 
процентке қысқарды. 1994 жылы экономика салаларындағы дағдарыс ушыға түстi. Ақы 
төлемеу  экономиканың  барлық  салаларын  дәрменсiздендiрдi,  бюджеттiң  тапшылығы 
арта  түстi.  1994  жылы  жалпы  өнiмнiң  көлемi  1993  жылмен  салыстырғанда  25  пункт 
қысқарды.  өнеркәсiпте  өндiрiс  көлемi 1994 жылдың қаңтар мен желтоқсан аралығында 
1993 жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 71,5 процент ғана болды. 
Қазақстан  экономикасындағы  қиын  жағдай  халықтың  еңбекпен  қамтылу 
проблемасын шиеленiстiрiп жiбердi. 1994 жылдың 1 қаңтары на 346 мың адамы бар 728 
кәсiпорын  өндiрiстi  толық  яқи  iшiнара  тоқтатты  немесе  толық  емес  жұмыс  аптасына 
көштi;  1994  жылы  дабырланбаған  жұмыссыздық көбейдi. Республика бойынша жалпы 
алғанда  160  мыңдай  адам  жалақысы  сақталмаған  немесе  iшiнара  сақталған  амалсыз 
демалыста болды. 
 1994 жылдың аяғында еңбекпен қамту қызметтерiне жұмысқа орналасу мәселесi 
бойынша  19,5  мың  адам  өтiнiш  жасап,  олардың  шамамен  әрбiр  екiншiсi  (43,8%) 
орналастырылды. Республика бойынша 1994 жылы ресми тiркелген жұмыссыздар саны 
113  мың адам болды, бұл 1993 жылғы деңгейден 45% жоғары едi. 1994 жылғы ұлттық 
табыс  өндiру  деңгейi  жағынан  Қазақстан  Республикасы  1976  жылғы  деңгейге 
құлдырады. 
1995  жылы  үкiметтiң  реформаларды  тереңдету және экономикалық дағдарыстан 
шығу жөнiндегi  бағдарламасы мен жоспарына сәйкес бiршама қатаң бюджет және ақша-
қаражат  саясатын  жүргiзу,  сыртқы  экономикалық  саясатты  ырқына  жiберу,  меншiк 
қатынастарын  реформалау  және  нарықтық  инфрақұрылымды  қалыптастыру  бағыты 
сақталды,  қаражаттық  және  валюталық  бақылау  күшейтiлдi,  нарықтық  өзгерiстердiң 
құқықтық базасы жасалып, жетiлдiрiп отырды.  
Cайып келгенде егемендiлiк сапарындағы 90-шы жылдарда ұстанған стратегиялық 
бағыттың негiзi төмендегiдей. Cаясат саласында: 
-жас егемен мемлекеттi күштi президенттiк республика қалыптастыру бағытында 
дамыту; 
-демократиялық  өзгерiстердi  тереңдете  түсiп, көпұлтты қоғамның қалыптасуына 
жәрдемдесетiн,  жаңа  саяси  қайраткерлер  мен  әлеуметтiк  топ  жетекшiлердi  өсiрiп 
шығаратын көп партиялы жүйе жасау; 
-басты саяси мақсат ретiнде, экономикалық реформаларды, әсiресе өтпелi кезеңде, 
ойдағыдай жүзеге асырудың қажеттi шарты ретiнде тұрақтылықты қамтамасыз ету; 


 
195 
-геосаяси  тұрғыдан  өз  орнын  табу  мақсатын  ескере  отырып  Қазақстанның 
қауiпсiздiгi мен егемендiгiн қамтамасыз ететiн көп жақты және әртүрлi нұсқалы әскери-
саяси және экономикалық теңестiктi сақтау; 
-демократиялық бостандықтар мен адам құқықтарын бұзбау, әлемдiк экономикада 
өзiнiң  салмақты  орнын  табу  есебiнен  Қазақстанның  әлемдiк  қоғамдастықтағы  саяси 
салмағын арттыру; 
-әлемдiк  шаруашылық  байланыстарға  кiру  технологиясында  Қазақстанның 
оңтайлы геосаяси жағдайын пайдалану. 
Экономика саласында: 
-меншiктiң  негiзгi  (жекеше  және  мемлекеттiк)  пошымдарымен,  экономикалық 
және  әлеуметтiк  өзара  байланыстардың  жалпы  жүйесiнде  әрқайсысы  өз  қызметтерiн 
атқаратын  пошымдармен  ұштастыру  және  өзара  iс-әрекет  жасаттыра  отырып 
бәсекелестiк биiктiгiне негiзделген әлеуметтiк нарықтық экономиканы қалыптастыру; 
-адамның  экономикалық  тұрғыда  өз  орнын  өзi  анықтауы  принципiн  iске  асыру 
үшiн құқықты және басқа жағдайлар жасау; 
-Қазақстанның табиғи қорларының және оның экономикасын ұқсатушы, ғылымды 
көп  қажетсiтетiн  салаларды,  осы  заманғы  шетелдiк  және  отандық  техника  мен 
технологияларды  қатыстырып,  шет  елге  және  ел  iшiнiң  сұранысын  қамтушы 
өндiрiстердi  оздыра  дамыту  есебiнен  қайта  құру  негiзiнде  әлемдiк  тауар  алмасушы 
орындарында өзiнiң  нақты орнын жеңiп  алу немесе басқа елдермен ортақ орын алу; 
-тұтыну базарын молықтыру; 
-Қазақстанды дамыту үшiн шетелдiк инвестициялар тартып, тиiмдi пайдалану. 
әлеуметтiк саласында: 
-барлық адамның әл-ауқаты iс жүзiнде қамтамасыз етiлетiн қоғам құру; 
-ықыласы  бар  әрбiр  адамға  кәсiпкерлiк  еркiндiктi  және  кез-келген  қызмет 
саласында күш-жiгер жұмсау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету; 
-этностың  өзiндiк  ерекшiлiктердi  дамыту  және  Қазақстанның  ұлттық-мәдени 
алуандығын  сақтау,  сол  негiзде  қоғамдық-саяси  ауаны  тұрақты  аймақ  ретiнде  оның 
әлемдегi беделiн нығайту; 
-экономиканың  тұрақтануына,  оның  әлемдiк  шаруашылық  байланыстарына 
кiрiгуiне  қарай  еңбекпен  табылған  табысты,  зейнетақы мен жәрдемақыларды көбейту, 
бiрақ заңсыз баюға жол бермеу. 
Республикада жүргiзiлген реформаларды құқық негізінде қамтамасыз етiлуiн 1991 
жылдың 1-шi қаңтарынан 1996 жылғы 31-шi мамырға дейiн қабылданған заңдар мен заң 
күшi  бар  жарлықтар санын мына мәлiметтерден көруге болады: мемлекеттiк құрылыс 
бойынша-37  заң  және  20  жарлық;  шаруашылық  заңдары  бойынша-55  заң  және  60 
жарлық;  қылмыстық  құқық,  сот  және  қауiпсiздiк  бойынша-6  заң  және  11  жарлық; 
әлеуметтiк  сала-24  заң  және  17  жарлық;  қорғаныс-7  заң  және  1  жарлық;  ағымдағы 
заңдарды  жетiлдiру  мәселелерi бойынша-132 заң және 76 жарлық. Көрсетiлген кезеңде 
барлығы 261 заң және 185 Президент жарлығы қабылданды. 
Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. Қазақстанның көп этностылығы факторы 
ұлт  проблематикасына  ұдайы  назар  аударып  отыруды  талап  етедi,  өйткенi  елде 
тыныштық  пен  ұлтаралық  татулықты  сақтау  осыған  тәуелдi.  Сарапшылар  берген 
тұжырымы бойынша 1917 жылғы җазан оқиғасына дейiнгi кезеңдегi шаруалар отарлауы 
кезiнде  Қазақстанға  Ресейден,  Украинадан,  Белоруссиядан  1,2  миллион  адам  көшiп 
келдi.  Ұжымдастыру  кезiнде  КСРО-ның  кiндiк  аудандарынан  Қазақстанға  кулак  деп 
танылған  250  мың  шаруа  жер  аударылды.  Cоғыс  алдындағы  жылдарда  Кеңес 
мемлекетiнiң  еуропалық  бөлiгiнен  өнеркәсiптiк  құрылыс салуға деп 1 миллион 200 мың 
адам көшiрiлдi. 
Әр  жылдары  Қазақстанға  800  мың  немiс,  18,5  мың  кәрiс  отбасылары,  102  мың 
поляк,  Солтүстiк  Кавказ  халықтарының  507  мың  өкiлi,  сондай-ақ  қырым  татарлары, 
түрiктер, гректер, қалмақтар және басқалары күштеп көшiрiлдi. 
Халықтарды  күштеп  көшiру  салдарынан  Республика  халқы  1,5  миллионға 
көбейдi. Соғыс кезiнде Қазақстанға 350 мың адам эвакуацияланды. Тың игеру жылдары 
1,5 миллион адам келдi, ал жабық әскери объектiлер тағы 150 мың адамды қабылдады. 
Нәтижесiнде  Қазақстанға  тек ХХ ғасырда 5,6 миллион адам, соның iшiнде 3,5 миллион 


 
196 
адам  соңғы  40-50  жылда  көшiрiлдi,  бұған  жер  аударылғандар мен эвакуацияланғандар 
қосылмаған. 
Сонымен  бiр  мезгiлде  ауылды  ұжымдастыру  жылдарында 1,5 миллиондай қазақ 
апат  болды.  1930-1932  жылдары  1,3  миллион  қазақ  КСРО  шегiнен  бiржолата  көшiп 
кеттi.  Жазалаушы  саясаттың  Қазақстан  халықтары  үшiн  алапат  сипаты  болғанын 
көрсететiн  екi  цифрдi  келтiруге  болады:  1930  жылы  Республикада  5  миллион  873  мың 
адам  тұратын.  Сол  жылдары  Қазақстанға  соншама адам көшiрiл дi. Бiрақ 1933 жылға 
қарай  сол  көшiп  келген  халықтың  небәрi  2  миллион  493  мың  адамы  ғана  жерiмiзде 
қалды
245

КСРО ыдыраған сәттен едәуiр шиеленiсiп кеткен проблемалардың бiрi көшi-қоны 
жәйi  болды.  Мысалы,  1992  жылы  Қазақстаннан  Ресейге  149,2  мың  адам,  1993  жылы-
151,2  мың,  1994  жылы-255,5  мың,  1995  жылы-144,3  мың  адам  көшiп  кеткен.  Cонымен 
бiрге  Ресейден  Қазақстанға  1992  жылы-71,8 мың, 1993 жылы-49,1мың, 1994 жылы-32,9 
мың,  1995  жылы-35,7  мың  адам  көшiп  келген.  Көшiп  кеткендер  мен  көшiп  келгендер 
арасында орыстар да, қазақтар да бар. 
Кету себептерiнiң iшiнде  ең алдымен әлеуметтiк-экономикалық мәселелер аталды. 
җойылған  сауалдарға  жауаптардың  үлес-салмағы  төмендегiдей  болған:  өкiметтiң 
болашақта  қалыпты  тұрмыс  орната  алатынына  сенбеушiлiк  -  14,6%,  барғысы  келетiн 
елiндегi  неғұрлым  жоғары  тұрмыс  деңгейi-14%,  тарихи  отанына  оралу  және 
туыстарымен  қосылу-11%,  ұлтаралық  ахуалдың  нашарлап  бара  жатуын-7%,  тiл 
проблемасы-5,5%,  ұлтына  қарап алалау-3%. Тұтас алғанда, сауал салынғандарды¦ 23% 
тiл  проблемасы  бойынша  алалау  бар  екенiн  (соның  iшiнде  ұйғырлардың  35%, 
белорустардың  28%,  орыстардың  28%,  қазақтардың  21%,  кәрiстердiң 20%, өзбектердiң 
18%,  украиндардың 16%, татарлардың 14%) атаса, сауал салынғандардың 47%, мұндай 
алалау жоқ деп айтқан.
246
  
Тәуелсiздiкке  қадам  жасаған  сәттен  бастап  Қазақстандағы  билеушi  органдар 
азаматтық  тыныштықты  қамтамасыз  ететiн  ұлтаралық  татулықтың  ықтимал 
пошымдарын  iздестiру  мен  ұдайы  айналысып  отырды.  Қазақстан  қоғамының 
дамуындағы көпұлттық факторын есепке алу, саяси, экономикалық салаларда жүргiзiлiп 
жатқан реформалар тұсында нақты ахуалды талдау Қазақстан халықтарының форумын 
шақырудағы  iргелi  факторлар  болып,  ол  1992  жылы  желтоқсанда,  Тәуелсiздiк  күнi, 
елiмiздiң  егемендiлiгiнiң  бiр  жылдығын  мерекелеу  қарсаңында  Алматыда  өттi.  Оған 
Республикада тұратын барлық ұлттардың өкiлдерi қатысты. 
Форум  көрсеткендей  оған  қатысушыларды,  қай  ұлтқа  жатпасын,  бiр  идея,  яғни-
халықаралық  асқақ  өлшемдерге  сай  дүниежүзiлiк  қоғамдастықтың  толық  құқықты 
мүшесi  болатын  тәуелсiз  демократиялық  мемлекет  құру  ұмтылысы  бiрiктiрдi.  Кейiн 
халықтар  татулығы  мен  бiрлiгi  Ассамблеясы-Президент  жанындағы  кең  қоғамдық 
кеңесшi-ақылдасушы  органы  болып  қалыптасып  қайта  құрылды.  Қазақстанда  әртүрлi 
ұлт  өкiлдерiнiң  бiрлестiктерi  белсендi  түрде  құрыла  бастады.  1995  жылдың  аяғына 
қарай  Республикада  40  шақты  ұлттық-мәдени  орталықтар  жұмыс  iстеп,  ұлттық 
дәстүрлер мен мәдениеттердiң дамуына, ана тiлiн  оқып үйренуге,  басқа да ұлттық талап-
тiлектердi қанағаттандыруға жәрдемдесiп отырды. 
Олардың арасында: халықаралық “Қазақ тiлi” қоғамы, Бүкiлдүниежүзiлiк қазақтар 
құрылтайы,  Орыс  қауымдастығы,  Орыс  одағы,  орыс  ұлттық-мәдени  “Татулық” 
орталығы, Славян ұлттық-мәдени орталығы, Славян мәдениетi қоғамы, Славян мәдени-
ағартушылық  “Бастау”  қоғамы,  Республикалық  татар  мәдени  орталығы,  ұйғырлар 
мәдениетi  қоғамы,  Қазақстан  немiстерiнiң  кеңесi,  азербайжан,  башқұрт, чуваш, чечен-
ингуш,  белорус,  өзбек,  қырғыз,  украин,  армян,  грек,  поляк,  чех,  еврей,  дүнген,  түрiк, 
мадияр,  ассирия,  күрд,  қытай,  болғар  ұлттық-мәдени  орталықтары,  Республикалық 
кәрестер  ассоциациясы  және  басқалар  бар.  Кейбiр  қоғамдық-саяси  бiрлестiктердiң, 
мысалы  “Лад”  сияқты  ұйымдардың  жетекшiлерi  біршама  кезең  сындарлы 
ынтымақтастықтан  гөрi  қарсы  әрекет  жасауды  жөн  көрiп  iрi-ұсақты  проблемалар 
туғызуға ұмтылды. 
Қазақстандағы  ұлтарасындағы  татуластық  пен  түсiнушiлiктi сақтау мақсатында 
Қазақстан  халықтарының  Ассамблеясы  дүниеге  келдi.  Осыған  орай  республикада 
                                                                 
 
 


 
197 
бiрқалыпты  ұйымдастырушылық  жұмыс  жүргiзiлдi.  Жергiлiктi  жерлерде  кiшi 
ассамблеялар  құрылып,  оған  облыста тұратын ұлттардың лайықты өкiлдерi сайланды. 
1995 жылғы 1-шi наурызда Президент Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы 
жарлыққа  қол  қойып,  ол  туралы  ереженi  бекiттi.  Барлық  облыстарда  Қазақстан 
халықтарының  кiшi  ассамблеясы  өттi.  Оларда  республикалық  ассамблеяның  260 
делегаты сайланды. 
Ассамблеяның қызметi мынадай проблемаларға қамтиды: 
-Республикадағы  саяси  ахуалдың  дамуы  жөнiндегi  болжамдар  мен  қоғамның 
топтасуын  қамтамасыз  ететiн  практикалық  ұсыныстар  әзiрлеу,  сондай-ақ  нәсiлдiк, 
ұлттық, әлеуметтiк тегiне, дiни  сенiмдерi мен көзқарастарына қарамастан азаматтардың 
құқықтары  мен  бостандықтарының  сақталу  кепiлi  ретiнде  Президенттiң  қызметiне 
жәрдемдесу;  
-Қазақстан 
Республикасында  тұратын  ұлттар  арасындағы  түсiнушiлiк 
қатынастарды дамытуға жәрдемдесетiн мемлекеттiк саясат жүргiзу жөнiнде ұсыныстар 
әзiрлеу,  ұлттың теңдiгiн сақтау негiзiнде олардың рухани, мәдени жағынан қайта өрлеп, 
дамуына жәрдемдесу;  
-азаматтардың  өркениятты,  демократиялық  ережелерге  сүйенетiн  саяси 
мәдениетiн қалыптастыру; 
-қоғамда туындайтын әлеуметтiк қайшылықтарды шешу үшiн мәмiлелер iздестiру. 
Сонымен 
қатар 
Ассамблея 

диаспоралар 
арасындағы 
әр-түрлi 
ұйымдастырушылық  жµмыстың  орталығы.  Оның  органдарына  мемлекеттiк  статус 
берiлуiне  орай  ұлттық-мәдени  бiрлестiктердiң  мәселелерi  жедел  қаралады,  олардың 
бiрқатары  бойынша  үкiмет  деңгейiнде  шешiмдер  қабылданады.  Алматыда  Қазақстан 
халықтары Ассамблеясының Үйiн ашу туралы мәселе талқыланды.    
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет