71.Қазақ АССР-нің құрылуы. XX ғ. 20-шы жылдарындағы қоғамдық-саяси процестер. 1920 жылы 26 тамызда «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет жарияланды . Орынбор қаласы – астана (1920 – 1924 жж.). Территориясы – Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасының құрамына енгізілген болатын (1918 ж). Халқы – 5 млн.-ға жуық адам.
1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің съезі өтті. Мұнда жоғарғы өкімет органдары сайланды: Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешев, ал қазақ АКСР – інің Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В. А. Радус – Зенькович болды. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. Декларацияда Қазақ АКСР – нің мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.
72.Қазақстандағы индустрияландыру. 1925 жылы желтоқсан айында БК(б) Партиясының XIV съезі өтті. Онда елді социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды.Индустрияландыру:
1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру
2) инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы.
Индустрияландыруды жүзеге асыру. Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден басталды. КСРО Ғылым академиясы 20 – жылдардың аяғы 30 – жылдардың басында көптеген көрнекті ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырған кешенді экспедициялар іс жүзінде республиканың бүкіл аумағын қамтыды. 1931 жылғы – қаңтарда Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді. Соғысқа дейінгі бесжылдар кезінде салынған құрылыстар: Қарағанды шахталары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері, Шымкент қорғасын заводы, Жезқазған кен – металлургия комбинаттары, Ащысай полиметалл кәсіпорындары, Шымкент химия – фармацевтік заводы, Арал сульфат комбинаты іске қосылды.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары бой көтере бастады. Олардың ішінде қуаты жағынан елде үшінші орын алатын Семей ет, Алматы жеміс – консерві комбинаттары, Талдықорғандағы қант заводтары сияқты кәсіпорындар іске қосылды.