Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары


-30-шы жж. қоғамдық- саяси жағдай. Жаппай репрессиялар



бет47/60
Дата28.11.2023
өлшемі127,9 Kb.
#131083
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60
Байланысты:
stud.kz-94406

75.20-30-шы жж. қоғамдық- саяси жағдай. Жаппай репрессиялар.
Сталинизм жазалау шаралары.
30 – жылдары КСРО – да социалистік қатынастар орнығып болды. 1936 жылы КСРО конституциясы қабылданды. Бұл конституция әміршіл - әкімшіл жүйені нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе, казармалық социализм орнады. Жеке адамның құқығы ескерілмеді. Қазақстанда жазалау шаралары (репрессия) басталды. КСРО – дан тыс жерлерге қудалау үшін ерекше комиссия құрылды. Қазақстанда ең алдымен жазаға ұлттық демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысының қайраткерлері, қазақ елінің біртуар ұлдары: Ә. Ермеков, Ә. Бөкейханов, Ж. Аймауытов, т. б. ұшырады. 1937 – 1938 жылдары террор жаппай сипат алды. Осы жылдары репрессияға ұшырағандар:. Кеңес үкіметін орнатуға ат салысқандар: Т. Рысқұлов, С. Шәріпов, Ә. Әйтиев т. б. Қазақ әдебиеті мен ғылымының белгілі өкілдері: Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Аспандиаров, К. Жұбанов, М. Төлепов т. б.Бұлардың барлығы «халық жауы» ретінде жендеттердің қолынан жазықсыз қаза тапты. Қазақстан жерінде жазықсыз жазаға ұшырағандарға арналған лагерьлер пайда болды. Олар: Карлаг (Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг, ЧСИР – отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь. Кейінннен ол «Алжир» - халық жаулары әйелдерінің Ақмола лагері.


76.XX ғ. 20-30-шы жылдарындағы мәдени құрылыс.
Бейбiт өмiрге көшу жағдайында сауатсыздықты жою , кадрларды даярлау, мәдени денгейдi арттыру, мектептер мен жоғары оқу орындарын ашу қажет болды. Ол үшiн мынандай шаралар iстелдi:
1.1924 жылы ”Сауатсыздық жойылсын” деген қоғам ұйымдастырылды.
2.1931 жылы Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетiнiң Төралқасы мен Халық Комиссарлары Кеңесі 15 жастан 50 жасқа дейінгі сауатсыз еңбекші халқына жалпыға бірдей міндетті білім беруді енгізді.
3. Комсомолдар сауатсыздықты жою жорығына шығып, қызыл мүйістер, клубтар, оқу үйлерін ұйымдастырды.
Сауатсыздықты толық жою міндеті 50-ші жылдардың ортасында толық аяқталды. Мынандай жұмыстар жүргізілді:
1.1926 жылғы мамыр айында «Қазақ АКСР бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. «Үшжылдық», «төртжылдық» мектептерге көше бастады.
2.Қазақ мектептеріне арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдар жасалына бастады. Қазақстанның кеңестiк өнерi қалыптасты.
1. 1926 жылы қаңтарда Қызылордада республикадағы тұңғыш ұлттық қазақ театры ашылды.
2. Сахнада тұңғыш рет “Еңлiк-Кебек” пьесасы қойылды.
3. 1937 жылы Қызылорда театрына қазақ Академиялық драма театры атағы берiлдi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет