Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары



бет16/60
Дата28.11.2023
өлшемі127,9 Kb.
#131083
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60
Байланысты:
stud.kz-94406

28. Ноғай Ордасы.
Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған мемлекеттік бірлестіктің бірі – Ноғай Ордасы. Ол ХІҮ-ХҮ ғасырларда Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты. Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орданың беклербегі, әскерінің қолбасшысы, Жошы ханның немересі (1260-1306) Ноғай есімімен байланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамындағы рулар Каспий маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанды.
Ноғай Ордасының негізін салушы - әмір Едіге (1395-1419). Ол 15 жылдай Алтын Орданы билеп (1396-1411), «ұлы әмір» атанған. Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едігенің қолында болған. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде бөлектене бастады. Бұл процесс Едігенің ұлы Нұраддин (1426-1440) тұсында аяқталып, Ноғай Ордасы Алтын Ордадан ХҮ ғ. ортасында бөлініп, дербес мемлекет болды. Территориясы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы – Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Халқы – маңғыт, қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлұқ, алшын, тама және т.б. сияқты түрік тайпалары. Ноғай Ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар ХҮ ғ. аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін құрады.
ХҮІ ғасырда Ноғай Ордасының Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық, саяси байланысы дамыды. ХҮІ ғ. 2-ші жартысында Ноғай Ордасы ыдырап, екіге: Үлкен Ноғайлы (Еділдің шығысы) және Кіші Ноғайлыға (Еділдің батысы) бөлінді. Осы тұста ноғайлардың көпшілігі Қазақ хандығына, соның ішінде Кіші жүз құрамына енді. Осылайша Ноғай Ордасын мекендеген тайпалар қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарды.


29. Ақсақ Темір мемлекеті және оның жорықтары.
Әмір Темір 1336-1405 жылдар аралығында өмір сүрді. Түркіленген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы. 35 жыл жеке – дара билік жүргізген.
Жорықтары:
1370 жылы – Мәуереннахрды басып алды.
1374-1377 жылдары – Тоқтамыстың Ақ Ордаға жорықтары.
1380 жылдан бастан Темірдің көмегіне сүйенген Тоқтамыс Алтын Орданың көптеген жерлерін – Сарайды, Қажы – Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алды. Осыдан кейін Темірге тәуелділіктен бас тартты.
1391 жылы 21 қаңтарда Құндызша деген жерде Әмір Темір Тоқтамыстың әскерін жеңді.
1395 жылы - Әмір Темір Тоқтамысқа қарсы Терек өзеніндегі шайқасқа аттанды. Тоқтамыс күйрей жеңілді.
1371-1372 жылдары Әмір Темір Моғолстанға әскер аттандырды.
1371-1380 жылдар аралығында Моғолстан он шақты рет жорық жасады.
1376 жылы көктемде Моғолстанның атақты қолбасшысы Қамар ад – динді Атбасы (Қырғыз жері) жанында талқандайды.
1377 жылы Қаратау етегінде Бұрым шатқалында Моғолстан әскерлері күйрей жеңілді.
1384-1391 жылдары Алтын Орда мен Моғолстан жеріне бірнеше рет жорық жасады.
1390 жылы Моғолстан Темірге толық тәуелді болды.
XIV ғасырдың 90-жылдары Темір Иран мен Ауғанстанға атанды, Кіші Азияны, Еділ бойын, Кавказды, Қазақстан мен Орта Азияны қамтитын үлкен мемлекет құрды. Темір өз өкіметінің тірегі ретінде ісләм дінін барынша қолдады. Түркістанда Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салдырды.
Еуразияны аяғынан тік тұрғызған ғаламат қалбасшы көреген Темір Қытайға жорыққа даярланып жатқанда 1405 жылы қаңтардың 25-жұлдызында Отырарда қайтыс болды. Қылыштың жүзімен найзаның ұшымен құрылған мемлекет кейіннен ыдырап кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет