22. VI-XII ғғ. ғылым мен мәдениеттің дамуы. Жазу мен ғылымның дамуы. VI- VIII ғасырларда түрік қағанатына бағынған Орталық және Орта Азияның түркі тілдес халықтары, сондай-ақ Хазар қағанатын құрған төменгі Еділ бойының, Дон жағалауы мен Солтүстік Кавказдың түрік тайпалары өздерінің жеке жазуларын қолданды. Жазу негізінен әкімшілік және елшілік тәжірибелеріне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік актілерді бекіту қажеттілігінен туындаған тәрізді. Діни қатынастардың да белгілі бір рөл атқарғаны анық.Жаңа жазба - көне түрік әліппесі - түріктердің арасында VII ғ. бірінші жартысында пайда болған. Әліппе алғашында бір-бірінен бөлек жазылатын геометриялық белгілерден құрылып, 37 немесе 38 әріптен тұрған, оның соғды әліппесінен айырмашылығы ағаш пен тасқа жазуға қолайлылығымен ерекшелінеді.
Дамыған орта ғасырлар кезеңіндегі тағы бір ірі әдеби поэтикалық шығарма “Құтатғу білік” немесе “Қайырымды білім” поэмасы болып табылады.Түрік тайпаларының тілі, фольклоры, этнографиясы туралы шығарма авторы Махмуд Қашқари (1029-1101) еді, оның халиф әл-Мухтадиге арнап 1072-1074 жж. жазған "Түркі тілдерінің сөздігі" («Диуани лұғат ат-түрк») атты атақты шығармасы бар.
Осылайша VI-XII ғасырларда кең толғамды, парасатты пайымдаулары мол ғылыми мұралардың, ақындық өнердің үздік дара туындыларының дүниеге келуіне белгілі бір өркениетті ахуалдың құнарлы топырағы, тарихи-әлеуметтік орта тынысы мен қоғамдық-саяси жағдайлардың заңдылықтары, алғышарттары болғаны күмәнсіз.
Сөйтіп, VI-XII ғасырларда тарихи қалыптасқан жағдай ғылымның дамуына, феодалдық негіздің нығайып, мемлекеттік құрылымдардың шығуына, отырықшы-егіншілік мәдениет пен қалалардың өсуіне, этникалық шоғырланушылық процестердің күшеюіне әкелді.
23.Монғол мемлекетінің құрылуы. Шыңғысханның жорықтары.Ұлыстардың құрылуы. XIII ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстан территориясы Шыңғыс-хан бастаған соғыс–құмар татар-монғол тайпаларының шапқыншылығына ұшырады. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан – байтақ жерін иеленген еді.
Моңғол тайпалары әлеуметтік–экономикалық дамудың түрлі сатысында болатын, «орман халқы» және көшпелі қыр халқы деп аталатындарға бөлініп өмір сүрді. «Орман» тайпалары негізінен аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі мал шаруашылығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол қоғамының саяси өмірінде жетекші роль атқарды.
1206 жылдың көктемде Орхон өзенінің сағасында Темучинді жақтаушылардың–моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысыболып, онда ол Шыңғыс-хан деген атпен моңғолдардыңәміршісіболып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан деген сөз моңғолша «көктен жаралған» деген ұғымды білдіреді. Сөйтіп, Орталық Азияда құдіретті күштіШыңғыс-хан империясы құрылды .
Шынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді.
Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді. Жетісуді Шыңғыс-хан аса көп қарсылықсыз – ақ басып алды.Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды.Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа – Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа – Хаджиб өлтірілді. Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді.Сөйтіп, Отырар қамалын жермен – жексен етіп, Шағатай мен Үгідей бастаған моңғол отрядтары Шыңғыс-ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс-хан Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын.