Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары


Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс



бет31/60
Дата28.11.2023
өлшемі127,9 Kb.
#131083
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   60
Байланысты:
stud.kz-94406

55.Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс.
Көтерілістің алғышарттары: Ұлт-азаттық қозғалысының тарихында XIX ғасырдағы ең ірі 1837-1847 жылдардағы көтеріліс ерекше орын алады. Қөқан бектері мен Хиуа хандары Қазақстанның оңтустігіндеғі қазақтарды билігінде ұстап, оларды алым-салықпен және тонаумен қинады. 1836 жылы Қоқан ханы оңтустікке қөныс аударған Саржан Касымұлын өлтірді.
Көтерілістің мақсаты:

  1. Россияның отарлау саясатына шек қою. Патша үкіметінің құрамына кірмеген өнірлердің дербестігін сақтау. Қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салуын тоқтату.

  2. Қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандығының езгісінен азат ету.

Көтерілістің қозғаушы күштері:
Негізгі қозғаушы күштері қарапайым қазақ шаруалары болды. Жалпы, көтеріліске үш жүздің қазақтары, сонымен қатар ақсүйектер, сұлтандар, үстем тап өкілдері де қатысты.
Көтерілістің барысы.
1837-1847 жылдардағы көтеріліс бүкіл Қазақстан жерін қамтыды. Көтеріліске Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары (1802-1847 жж.) сұлтан басшылық жасайды.
1838 жылы 26 мамыр күні Кенесары бастаған көтерілісшілер Ақмола бекінісін шабуылмен басып алып, өртеп жіберді. Көтерілістің кеңеюінен сескенген патша үкіметі көтерілісті тезірек басуға тырысады. 1843 жылы 27 маусымда старшын Лебедев басқарған, 300 адамнан тұратын казак отрядтары көтерілісшілерге қарсы аттанады.
Кенесарының ақырғы жорығы.
Кенесарының және оның соңынан ерген сарбаздардың тағдырын шешкен ақырғы қанды шайқас Кекілік-Сеңгір тауының маңайындағы Майтөбе деген жерде болды. 1847 жылы Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты.
Жеңілу себептері:

  1. Көптеген қазақ феодалдары Кенесарыны қолдамады.

  2. Қазақ халқы арасында рулық алауыздықтар басым болды.

Көтерілістің тарихи маңызы:

  1. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс - XIX ғ. барлық Қазақстан жерін қамтыған аса ірі отаршылдыққа қарсы бағытталған азаттық көтеріліс.

  2. Патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстік өңірінің отарлауын біраз уақытқа кешеуілдете түсті. Халықтың ұлттық сана-сезімінің өскендігін дәлелдеді.

  3. Патша үкіметінің Қазақстан жерінде отарлау саясатың жүргізіп отырғының көрсетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет