Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары


-1838 жж. Бөкей Ордасындағы көтеріліс



бет30/60
Дата28.11.2023
өлшемі127,9 Kb.
#131083
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   60
Байланысты:
stud.kz-94406

54.1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы көтеріліс.
Көтерілістің себептері:
- Ақшалай салықтың өсуі; Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы.
- Көшіп-қонғаны, шөп жинағаны , орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеуі;
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші:шаруалар,старшындар, билер.
Көтеріліс басшылары: Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы.
Көтерілістің басты мақсаты:

  1. Хан озбырлығына шек қою. Шаруалар жағдайын жақсарту.

  2. Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту.



Көтерілістің барысы. Көтерілістің кезеңдері- үш кезеңге бөлінді.
Бірінші кезең: 1833-1836 жылдырға келеді және қарулы көтеріліске әзірлік кезеңі ретіңде сипатталады.
Екінші кезең: көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап олардың жеңіліске ұшырауына дейінгі-1837 ж. қарашаның орта шеніне дейінгі кезең.
Үшінші кезең: 1837 жылдын желтоқсанынан 1838 жылдың шілдесіне дейін көтерілістің жеңілуі.
1837 жылы 15 қарашада Исатай бастаған көтерілісшілер Тастөбе деген жерде күші басым, зеңбірекпен қаруланған Гекке, Меркулов басқарған қазак отрядтарымен шайқасты. Бұл шайқаста көтерілісшілер жеңіледі.
1837 жылы 13 желтоқсанда көтерілісшілер Жайықтың шығысына қарай өтеді. Кіші жүзге өткенде Исатайдың жанында 40 адам болды. Сұлтан Айшуақұлының жазалаушы тобы Исатайдан ажыраған 12 адамдық топты (ұлы Досмұхамбет, әйелі Дінбаян) ұстайды.
Көтерілістің жеңілуі:
Исатай басқарған көтерілісті тез талқандау үшін, Орынбор губернаторы В.А.Перовский барлық күштерді жұмылдыра бастады. 1838 жылы шілденің 12-сінде Ақбұлақ деген жерде көтерілісшілер Гекке мен Айшуақұлы басқарған отрядтан жеңілді. Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен шауып, атып өлтіреді. Махамбет 1846 жылы қазанда хан жендеттерінің қолынан қаза болды.
Көтерілістің жеңілу себептері.

  • Қару – жарақтың теңсіздігі. Стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі.

  • Патша үкіметінің жазалау отрядтарының күші басым болуы.

Нәтижесі:

  • Салық мөлшеріне шек қойылды.

  • Әртүрлі халықтардың қанаушыларға қарсы бірігіп күресуінің негізі қаланды.

Көтерілістің тарихи маңызы.
1. Жәңгір хан және оның маңайындағылрдың озбырлығына белгілі дәрежеде шек қойылды.
2. Патша үкіметі аз болса да, көтеріліске қатысқан қазақ ауылдарының мүдделерімен санаса бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет