«Әскери коммунизм» саясаты (1918–1921 жж.) Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азақ-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азақ-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салығы енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.
70.ЖЭС жылдарындағы Қазақстан. ЖЭС нәтижелері. 1921 жылғы наурыздағы партияның Х съезі жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылдады.
Жаңа экономикалық саясаттың қиыншылықтары мен табыстары:
уақыты
Жаңа экономикалық саясаттың барысы
1926-27 ж.
Көшпенді және жартылай көшпенді аудандарда бай қожалықтардың 8%-ы салықтың 54,8% төледі. Көшпенді халыққа жеңілдікті шарттармен 3-5 жылға несие берді.
1925-27 ж.
«Қосшы» одағы, ұжымдық басқару нысандарымен кооперацияның бастапқы нысанын құрды. Серіктестіктер тек колхоздар құруға бастама жасады.
1924-28 ж.
Риддер полиметалл кәсіпорны, Екібастұз көмір кен орындары,Жезқазған мыс кеніштері, Қарағанды және Байқоңыр көмір кен орындары, Қарсақпай мыс балқыту заводтары енді.
Қорытынды: Жаңа экономикалық саясат кезеңінде товар айырбасы мен товар айналымының маңызы артты.. Сонымен бірге жеке саудаға рұқсат етілді. Жәрмеңке саудасы күшейтілді. 1927 жылы 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеді.
Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері:
Күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді.