Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары



бет42/60
Дата28.11.2023
өлшемі127,9 Kb.
#131083
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60
Байланысты:
stud.kz-94406

Қорытынды
Соғыс жылдарында Қазақстанда халық бой көрсетулерінің кең таралған нысаны «әйелдер бүліктері» дейтіндер болды, оларды өкімет орындары үкіметке қарсы бой көрсету деп қарады. Жетісу облысының әскери губернаторы Фольбаум өзінің Түркістан генерал –губернаторына телеграммасында былайдеп жазған: «…Лепсі уезінің Андреев, Осинов және Николаев селоларындағы, Верный уезінің Михайлов селосындағы қақтығыстар мануфактуралық тауарлардың қымбатшылығы негізінде болды. Көпшілігі мұсылман саудагерлерден зардап шеккендер, әскери қызметтен босатылған олардың айуандығы тобырды ерекше ызаландырды».
Шаруалар көтерілістері Казақстанның солтүстік аудандарын да қамтыды. Мөселен, 1916 жылғы 21 наурызда Торғай облысы Ақтөбе уезінің Ақбұлақ редосында 30 адам болатын солдат әйелдерініңтобыры көпестер Незванов-тың, Прияткиннің дүкендерін қиратты. 1916 жылғы 23 наурызда Сазды поселқесінде нақ осындай тәртіпсіздік туды. Тәртіпсіздіктердің себебі экономикалық және өлеуметгік жайсыздықтар деп саналды.
Халық бұкарасы бой көрсетулерінің толқыны Қазақстанның басқа облы-старына да жайылды. Солдат өйелдерінің ең ірі бой көрсетулері Семейде бо-лып, оньі таяудағы Семенов, Грачев, Маловладимировск, Большевладимировск, Георгиевск селоларының, Долинская станицасыныңтүрғындары қолдады. Бұл селолардьщ бәрівде көпестердің дүкендері қиратылды.


69.Қазақстан азамат соғысы жылдарында. «Әскери коммунизм» саясаты.
Азамат соғысы жылдарында (1918-1920жж.) – мемлекет ішінде билік үшін ел азаматтарының соғысы. Большевиктік билеушілер өздерінің демократияға қарсы саясатымен жағдайды шиеленістіріп жіберді. “Ақтар” деп аталған күштер бірігіп большевиктерге қарсы азамат соғысын бастады. Атаман А.Дутов 1918 жылғы маусымда Орынборды алды. Алашорда үкіметі атаман Дутовпен бірігіп, Кеңес үкіметіне қарсы шықты. Қазақстан аумағында өріс алған соғыс қимылдарының дамуы алғашқы кезекте Шығыс майданындағы соғыс операцияларының барысымен байланысты болды. 1919 жылы қаңтарда Қызыл Армия Орынбор мен Оралды алды. Мұның өзі Кеңестік Ресейдің Қазақстанмен және Орта Азиямен тікелей байланысты қалпына келтіруіне мүмкіндік берді. Ақ гвардияшылдарға қарсы партизан қозғалысы өрістеді. Партизан қозғалысына әскерден қайтқан солдаттар, Ақпан революциясы мен Қазан төңкерістеріне, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына қатысқандар басшылық етті. Солтүстік Жетісуда Кеңес өкіметін орнатуда Черкасск қорғанысы үлкен рөл атқарды. Қазақстандағы Колчак әскерлерін талқандау үшін Шығыс майданының Солт. және Оңт топтарына жүктелді. 1920 жылы 5 қаңтарда Түркістан майданының әскерлері Атырауды алды. Орал майданы жойылды. 1919 жылы Шығыс майданының 5 армиясы Солтүстік, содон соң Шығыс Қазақстанды азат етті. 1920 жылдың наурызында Семей облысы азат етіліп, Жетісу майданы жойылды.
Соғыс қорытындылары: Азамат соғысында 8 млн адам қаза тапты. Қарапайым халық қатты жапа шекті. Азамат соғысындағы жеңіс халыққа тым қымбатқа түсті. Контрреволюцияның күші басым болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет