2008 жылғы 6 мамырда ҚР Президенті «Қазақстан Республикасы астанасы 10-жылдығын атап өтуінің мерейтойлық медалі туралы» № 581 Жарлыққа қол қойды
2008 жылғы 5 маусымда Астана қаласы мәслихаты депутаттарының 16-шы кезектен тыс сессиясында Қазақстанның жаңа туы мен елтаңбасы бекітілді
2008 жылғы 25 маусымда «ҚР мейрамдары туралы ҚР Заңына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес елдің жаңа мемлекеттік мейрамы – 6 шілде – Астана күні мейрамы бекітілді
2008 жылғы 5 шілде – ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Астананы көшірудің 10-жылдығына орай өткізілген салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
2008 жылғы 5 тамызда «ҚР астанасы – Астана қаласында «Есіл» ауданын құру туралы» ҚР Президентінің № 637 Жарлығы шықты
2009 жылғы 1-2 шілдеде Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ Съезі өтті.
2010 жылғы 20 қазанда «Қазақ елі» сәулет-мүсін кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті
2010 жылғы 28 маусымда ҚР Президенті халықаралық дәрежедегі жаңа университет – «Назарбаев Университеті» ашты
2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Астана қаласында ЕҚҰЫ Саммиті өткізілді
2011 жылғы 19 қаңтарда «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Интеллектуалды мектептері» және «Назарбаев Қоры» ҚР заңдарына қол қойылды
2011 жылғы 30 қаңтарда Астанада VІІ Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді
2011 жылы Астана қаласы «ТМД жән ЕурАзЭҚ үздік қаласы» конкурсының жеңімпазы атанды
2012 жылы Астана ТМД және түркі әлемінің мәдени астанасы атанды
2012 жылғы 22 қарашада Астана «EXPO - 2017» Халықаралық арнаулы көрмені өткізудің орны етіп таңдап алынды
2012 жылғы 14 желтоқсан – «Қазақстан-2050» Стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
2012 жылғы 3 мамырда ҚР Президенті Жарлығымен «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының жер көлемі 7562,3 га-ға дейін кеңейтілді
2012 жылғы 30-31 мамырда Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІV Съезі өтті.