да құжаттарды ұсынды.
тан тұрды. Архив қызметкерлері бұл кезең-
да шарықтатты. Орынды әзіл-қалжыңға да
күлдіргі қойылым тамаша ланды.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№126 (352) 29.07.2010 жыл, бейсенбі
www.alashainasy.kz
5
e-mail: info@alashainasy.kz
ӨРКЕНИЕТ
? Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Айнұр СЕНБАЕВА
Шадияр МОЛДАБЕК,
Әсіресе, әлеуметтік жағдайы төмен,
көп балалы отбасы мен ата-анасының
қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық
ерекше. Маусым айының соңында 150
балаға арнап Қапшағай көліне бір күндік
саяхат ұйымдастырылған. Қызықты ойын-
дар мен түрлі ойын-сауықтық шара лар-
дың куәсі болып қайтқан балғындардың
тізімі бүгін тағы 150 балаға толықты.
Сәрсенбінің сәтінде орталық алаңнан
аттанған олар бұл жолы Балқаш көліне
жол тартты. Талдықорған жолаушыларды
тасымалдау орталығы балдырғандарға
арнап арнайы алты автобус бөлген.
Сондай-ақ бір Жедел жәрдем көлігі, ІІБ
мен Жол полициясының инспекторлары,
суда құтқару бөлімінің қызметкерлері де
балалармен бірге болып, олардың қауіп-
сіздік шараларын қамтама сыз етті. Қала
мектептерінің асханалары ас қамдау жа-
ғын өз жауапкершіліктеріне ал ған. Бала-
лармен бірге аттанған ұстаздар мен білім
бөлімінің қызметкерлері арнайы бағдар-
ламаларын әзірлеп, демалысының естен
кетпес ерекше болып өтуіне жағдай жа-
сап ты. Түрлі ойындар мен бай қаулар
ұйым дастыруға белсене қатыс қан бал-
ғындарды марапаттау да ұмыт қал ма ды.
Балқаш көлінің жағасында ор налас қан
«Құлагер» демалыс аймағы ның күту ші-
лері де бүлдіршіндердің шат-шадыман
күлкілерінің еселене түсуіне үлестерін
қосты.
Бақыт АЛМАБЕКОВА, Талдықорған
қалалық балаларды қорғау секторының
меңгерушісі:
– Өткен оқу жылында қала
мектеп терінде 1420 жағдайы төмен
отбасы ның балалары анықталған
болатын. Сол балалардың ішінен
жетім балалар мен мүлдем жағдайы
төмен отбасының балаларына
демалыс ұйымдастырып отырмыз.
Оларға тек қала әкімдігі мен білім
бөлімі ғана емес, жеке кәсіпкерлер
де демеушілік танытып, осындай
бейкү нә балалардың көңiлi көтерiңкi
болуына үлес қосып отырады.
Арайлым АЙДАРҚЫЗЫ, Талдықорған
қаласындағы №16 мектептің 5-сынып
оқушысы:
– Аяқталып қалған жазғы
каникулда Балқаш көліне
баратынымды естігенде, қатты
қуандым. Өйткені ол жердің
кереметтігін достарымнан еститінмін.
Шынымен де тамаша орын екен. Оқу
басталғанда достарыма айтар бірінші
жаңалығым да осы болмақ.
Меруерт БӨЛЕК, Талдықорған
Мұсылманның шегіртке мен кесіртке жеуіне болады екен
Мұсылмандарға шошқаның етін жеуге тыйым салынатынын білеміз.
Осы жалғыз ғана жеуге болмайтын жануар ма, әлде тағы да біз білмейтін
жақтары бар ма? Сондай-ақ аң мен құстың қайсысын жеп, қайсысын
жемеу керек?
Марат ӘМІРХАНҰЛЫ, Алматы облысы
Қасиетті Құран-Кәрімде әрбір
мұсылман баласының жеуіне болатын
және болмайтын асы жөнінде, әлбетте,
анық жазылған. Құранның бесінші
тарауы «Әль-Маида» деп аталады, ал
оның мағынасы «тамақ, тамақтану»
дегенді білдіреді. Сол сүреде айтыл ған-
ның мағынасы мынаған саяды, яғни
Алланың аты аталып қолдан бауыздал-
май, өз өлімімен арам өлген малдың
етін жеуге және шошқаның етін де,
қанын да ас ретінде пайдалануға тыйым
салынады. Сондай-ақ ұрып, қуып жүріп
құлатылып, тұншықтырып өлтірілген,
мүйізбен тесілген және де жыртқыштар
жарып кеткен аң етін де жеуге болмай-
ды. Ал егер де жыртқыштар жаралап,
аң әлі кеудесінде жаны болса, оны
Алла ның атымен бауыздап барып жеуге
болады. Әлбетте, азу тісі, тырнағы бар,
аю секілді, қасқыр, барыс секілді жырт-
қыш атаулыны жеу – харам.
МҮСІН
Қазақ мүсіншілері кәріс
әріптестерімен кездесті
ЖО
БА
Шымкент шаһары Шәмші
саябағымен шырайлана түспек
ІЗ.ДЕН.ІС
CЕРПІН
КӨРМЕ
Дүрілдеп
дебат өтті
Журналистің
жеке көрмесі
Балалар
шаттығы –
Балқашта
Шілде айында Екібастұз
қаласында қала кубогына
жастардың І халықаралық
дебат турнирі өтіп, оған
Украина, Белоруссия, Ресей
мен Қазақстанның
командалары қатысты.
Дебатта ТМД елдерінің
интеграциясы, Кедендік
одақ, Қазақстанның өзге
мемлекеттермен қарым-
қатынасы сияқты күрделі
тақырыптар талқыға түсті.
Жуырда журналист Галина
Скрипник Тараз қаласында
өзінің фотокөрмесін
ұйымдастырды. Көрме
залында автордың
адамдарға түрлі көңіл күй
мен сезім сыйлайтын ең үздік
жұмыстары ұсынылды.
Фотожұмыс фототілші әрі
журналист үшін жанына
жақын, көне де жас Тараз
қаласына және осы аймақта
тұратын адамдарға арналған.
Осымен екінші жыл
қатарынан Талдықорған
қалалық әкімдігі мен
қалалық білім бөлімі
оқушылардың жазғы
демалыс уақытын көңілді
өткізуіне барынша жағдай
жасап келеді. Жыл сайын
мектеп жанын дағы
лагерьлермен бір ге түрлі
саяхаттар, демалыстар,
қызықты кештер мен
тартымды іс-шаралар
ұйымдастырып,
бүлдіршіндер қызығушы-
лығын арттыра түсуде.
Біздің елден барған делегаттар өздері-
нің өнерімен кәріс халқына өте жақсы әсер
қалдырса керек, жақында Алматыға
Кореяның Гуанчжоу қаласынан бірнеше
жас мүсінші Қазақстан Суретшілер одағын
арнайы іздеп келіп, еліміздің белгілі сурет-
ші, мүсіншілерімен кездесті. Шығармашы-
лық байланыс орнату, тәжірибе алмасу
мақсатында әлем елдерін аралап жүрген
корейлік мүсіншілермен біз Қазақстанның
еңбек сіңірген мүсіншісі Марат Әйнековтің
шеберханасында кездескен едік. Қонақтар
біздің еліміздегі әріптестерімен қолөнер
тақырыбында әңгіме-дүкен құрды.
«Таңғы шық» аталып кеткен Корея
мемле кетінің соңғы он жылда экономика,
өнер саласында да биік шыңдарды бағын-
дырғаны баршаға аян. Өз жерінде талай
соғысты бастан өткеріп, мәдени құндылық-
тары жойылудың аз алдында қалған кәріс-
тер көрші елдермен соғысып қана қоймай,
мәдениетін де игеруге талпынды. Кореяда
қолөнер біздің заманымызға дейінгі III
ғасырда дами бастаған. Қытайдың әсері
көп тиген Кореядағы көркемөнер өз зама-
нында жапон мәдениетіне ықпал етті.
Чо Чан ХЕН, Кореядан келген мүсінші:
– Кезінде Корея өзге елдерден оқ-
шау ланып, басқа мемлекеттермен шы-
ғар машылық байланысы аздау бола-
тын. Соңғы жылдары осы олқылықтың
орнын толтырып, әлем елдерімен бай-
ла ныс орнатуға тырысып жатырмыз.
Қазақстанға да жергілікті халықтың
тұр мыс-тіршілігімен, өнерімен, салт-
дәстүрімен танысуға келдік. Біз қазақ
жерінде небір шебер мүсіншілердің,
суретшілердің бар екенінен хабардар-
мыз. Осы сапарымызда әріптестеріміз-
бен кездесіп, пікір алмасуды жөн көр дік.
Қазіргі таңда бұрынғымен салыс тыр-
ғанда Кореяда өнерге мемлекет тара-
пынан орасан зор қолдау көрсетіледі.
Халықтың дәстүрлі өнерін тамырынан
ажыратпай, сонымен қатар жаһандану
заманында да көштен қалмай, өркениет-
ті елдердің қатарында көшбасшылар-
дың бірі болу – бүгінгі мемлекеттік сая-
саттың басты қағидаларының бірі.
Сон дықтан біздегі өнер адамдарына
мемлекеттің жасап отырған жағдайына
кез келген адам қызығарлықтай деп
мақтанышпен айта аламыз. Өнер иеле-
рі нің басын қосатын одақтар бізде өте
көп. Ал шығармашылыққа келер бол-
сақ, меніңше, қазақстандық әріптес те-
рі мізден біздің үйренеріміз мол. Бола-
шақта түрлі мәдени жобаларды бірлесіп
жасауда әріптес боламыз деп сенеміз.
Қазақстанда кәсіби мүсін өнерінің қа-
нат жайғанына көп болмағанымен, өнері-
мен әлемді таңғалдырып жүрген шебер-
леріміз аз емес. Жылда әлем бойынша тас
мүсіндер, керамикадан жасалған бұйым-
дардың симпозиумы өтіп тұрады. Осындай
жиындардың, көрмелердің барлығына
Осыдан бірнеше жыл бұрын «Көлде»
Шәмші Қалдаяқов атындағы дәстүрлі
фестивальдың гала концерті ұйымдасты-
рылып, көңілге ерекше сезім сыйлағанын
көрермен қауым әлі күнге ұмыта қойған
жоқ. Осы сезімнің әсері болар, облыс әкімі
Асқар Мырзахметовтің бастамасымен
«Көлді» алдағы уақытта «Шәмші әлемі»
саябағына айналдыру ісі жоспарланып
отыр. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі
шеңберінде жүзеге асырылатын бұл
жобаға 135 миллион теңге жұмсалады де-
ген жорамал бар.
Ең бірінші, саябаққа қазақ вальсінің
королі – Шәмші Қалдаяқовтың еңселі
ескерткіші орнатылып, оңтүстіктен түлеп
ұшқан өнер майталмандарының есімдері
жазылатын «жұлдыздар саяжолы» ұйым-
дас тырылатынын айтқанымыз орынды.
Өйткені саябақтың бүкіл мазмұндық көр-
кем ділігін арттыратын осы көрініс болғалы
тұр. Ескерткішті сомдауды мүсінші Әбді-
кәрім Ахметов аяқтап қойды. Қоладан құ-
йы лып, тұғыры граниттен қашалған ес-
керт кіштің биіктігі – 5,7 метр.
13 раундты құраған турнирде 30
команда – 65 дарынды бала бақ сынады.
Мәреге екі команда – Петропавлдың «Хип-
пи» командасы мен Ресейдің «Да, детка!»
командасы жетіп, «Хиппи» 1-оры н ды же-
ңіп алып, турнирдің абсо лют тік чем пионы
болып танылды. Бұл турнирде «Екі-
бастұз-1» командасы да намысты бер меу
үшін барын салып, 3-орынды қан жығасына
байлады.
Турнирдің ұйымдастырушылары: «Нұр
Отан» ХДП жанындағы Руслан Сейітқазин
бастаған «Жас Отан» жастар қанаты және
Арман Жанбосынов бастаған «Креатив»
жастардың дебат орталығы. Негізгі
демеуші – «Промсервис Отан» ЖШС.
Жанаргүл ҚАДЫРОВА
Экспозицияға Тараз тұрғындарының,
қала пейзажының фотосуреттері кіреді.
Жұмыс жан жылулығы мен жайлылық,
жарық пен шуақ әлеміне толы. Ол шынайы
оқиғаны, бақытты сәттер мен адамның
эмоциясын бейнелей отырып, өзінің
эстетикалық және этикалық идеалындағы
үйлесімді әрі жаңа кейіптегі әлемді жа-
сайды. Журналистің сюжеттік кейіпкерлері
әртүрлі әлеуметтік және жас ерекшелік
категориясындағы адамдар: қаланың
құрметті қонақтары, жергілікті билік және
шығармашылық өкілдері, кәсіпкерлер,
мұғалімдер, құрылысшылар, діни қызмет-
керлер, журналистер, балалар, ардагер-
лер және жұмысшылар. Олардың барлығы
журналист Галина Скрипниктің бірнеше
жылдан бергі газеттегі және электрондық
БАҚ-тағы жариялым кейіпкерлері болып
келеді.
– Бұл тұлғалар, оқиғалар мен тағ дыр-
лар калейдоскобының бір ғана мақсаты
– Тараз тұрғындарының қаншалықты
керемет, парасатты және талантты, соны-
мен қатар көне қаламыздың шығарма-
шылық деңгейінің қаншалықты жоғары
екендігін көрсету, – дейді автор.
Көрерменге ұсынылған 90 суреттің
әр қайсысында Галина Всеволодовнаның
туған қаласы – Таразға деген шексіз
махаб баты, тұрғындарын мақтан тұтуы
толық деңгейде сезіліп-ақ тұр. Бұл – қо-
йы лымдық фотосуреттер емес, өмір сәт-
терінің түсірілімдері. Көрменің демеу ші-
лері Тұрар Рысқұлов атындағы қалалық
саябақ, «Галеника» ЖШС. Әрбір көрер-
мен бұл суреттерден бізді қоршаған әлем-
нің теңдессіз керемет көрінісі мен жылу-
лығы байқалатыны жайлы ой-пі кір лерін
білдірді.
Гүлжан КӨШЕРОВА,
Тараз
Ақ тамыр – барлық ауруға ем
Ең пайдалы әрі кез келген ауруға ем, қолдануға ыңғайлы
медициналық шөп тамыры туралы білгім келеді.
Айша БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, Астана
Сіздің сұрап отырғаныңыз –
қазірде қолданысқа енгізіліп жүр-
ген имбирь тамыры. Имбирь тамы-
рының ғылыми атауы – мүйізді
тамыр. Біздегі халықтық атауы – ақ
тамыр. Имбирь, негі зінен, Оңтүстік
Азияда көп таралған өсімдік тамы-
ры. Қазіргі уақытта Қытайда, Үндіс-
танда, Индонезияда, Австралияда,
Батыс Африкада, Ямайка мен Бар-
ба досте өсіріледі.
Орта ғасырда Еуропаға тағамға
қоспа және емдік дәрі ретінде әке-
лінген. Алайда имбирь ол кезде тек
чума ауруының алдын алу үшін
ғана қолданылған. Сол заманның
көпестері бұл ғажап әсерлі тамыр-
ды жер түбінде өсетіндіктен өте
қымбат бағаға сататын-ды.
Медицинада асқазан жарасын
емдеуге ұнтақ түрінде қолданса,
оған қоса тәбет ті арттырып, ас
қоры туды жа қ сартады. Май мен
холестериннің зат алмасуын қал-
пына келтіріп, қанның айналуын
жақсартады. Та мырын джем, шәр-
бәт ретінде қол данасыз. «Имбирь
шәйін» (қайна ған) бал және ли-
Жоба авторы, сәулетші А.Әзімбаев
жоба сының тағы бір ерекшелігі – саябақта
арнайы концерттік алаң болады. Енді бұл
саябақ Шәмші ағаның 80 жылдық мерей-
тойы қарсаңында, яғни тамыз айында
пайдалануға берілмек. Ол өнерсүйер кө-
рер мендердің ғана емес, жұптары жарас-
қан жастардың да жиі жұптасып жүретін,
бас қосатын сүйікті орнына айналмақ. Өйт-
кені жоғарыда айтқан неке сарайына неке
қидыруға келген жас жұбайлар мен олар-
дың жора-жолдастары Шәмші ескерт кі ші-
не гүл шоқтарын қойып, «Шәмші кө лін де»
«Қайықта» әнін әуелетіп, қайықпен қыды-
руларына да болады.
Елбасының өзі лентасын қиған Орда-
басы алаңындағы Тәуелсіздік монументін
теледидар арқылы бүкіл қазақстандықтар
көрді. Алаңның жоғарғы жағы, яғни бұрын
ұшақтың ескерткіші орналасқандықтан,
«Самолет» аталған, қазір алыстан менмұн-
далайтын алып көкбайрағымыз желбіреп
тұруына байланысты «Ту төбе» аталатын
орын нан Тәуелсіздік монументіне дейін
аспа
лы көпір құрылысы жүргізілуде.
Қаланы қырық айналып ағатын Қошқарата
өзенiн бойлай орналасатын бұл көпiрдiң
бiр шеті Ескi қалашыққа дейiн созылмақ.
Себебi – онда Тәуелсiздiк алаңын салу
Кезінде бір ғұлама «Адам
бойындағы алпыс екі тамыр-
ды бойлай аққан қан секілді
өнер де әлемді солай аралай-
ды» деген екен. Рас, әсіресе
көркемсурет, кескіндеме,
мү сін секілді тілді қажет
етпей тін, тек көзбен көріп,
жүрекпен сезінетін өнер
салалары тілі, діні, ділі басқа
халықтардың басын біріктіре
алады. Таяуда Оңтүстік
Кореяның астанасы Сеулде
көркемсурет, мүсін, кескінде-
ме өнерін дамыту мақсатында
әлем бойынша білімді терең-
де ту мәселесіне арналған
халықаралық симпозиум
өткен болатын. Аталған
жиын ға Қазақстаннан бір топ
жас суретшілер, қолөнер
шеберлері, мүсіншілер қаты-
сып қайтты. Еуропа мен
Азия ның, Араб елдерінің
көптеген мемлекеттері
қатыс қан симпозиумда
алғашқы халықаралық
көркемсурет обсерваториясын
Қазақстанда қалыптастыру
туралы ұсыныстар айтылды.
Бір кездері жергілікті билік Шымкенттің қақ ортасынан орын тепкен
«Көл» базарын қаланың сыртына көшіргенде, әртүрлі алыпқашпа
әңгімелер көбейіп кеткен еді. Базарлаушылар «үйренген жеріміз еді»
десе, саудагерлер «жылы орнымыздан жылжытты» деп ренішін
білдірді. Алайда аталған екі топ та қазір қаланың шеті деген «Бекжан»
базарына «бауыр басып» қалды. Қиналмай-ақ қатынайтын болды.
Қайта «қаланың қос өкпесі ашылғандай болды» деп қуанып
жүргендер көп. Енді сол «Көл» базарының орнына бүгінде субұрқағы
сарқыраған саябақ жасақталып, қалалықтар мен қонақтар
тынығатын, неке сарайы бой көтеріп, жас жұбайлардың алғашқы
қуаныштарының куәсі болатын орынға айналып келеді. Көріктендіру
ісі әлі де жалғасын табатын болады.
жоспарланып отыр. Бұл жобаның іске
асырылуы жыл соңына дейін аяқталуы
тиіс. Көпірдің авторы – сәулетші Бақыт
Әшірбаев.
Нұралы ӘБІШЕВ, «Комби-строй» ЖШС
директоры, облыстық мәслихаттың
депутаты, жобаның басты мердігері:
– Қазір атқарылуы тиіс жұмыстардың
90 пайызы орындалды десе де болады.
Шәмші ағаның туған күніне, яғни та-
мыз дың 15-іне дейін толық аяқтап,
ашы луына дайын етеміз деген сенімде-
мін. Жоба жүз пайыз көңілімнен шықты,
өте сәтті жасалған. Қоладан құйылған
ескерткіш те тамаша орындалыпты.
Теңіз толқынының төбесінде тұрған
композитор бейнесі көңілге әдемі әсер
береді. Әні Әнұранға айналған ағамыз-
дың атындағы саябақтың сән-салтанаты
ерекше болғалы тұр. Қазақта «жүз рет
естігеннен бір рет көрген артық» деген
сөз бар ғой, саябақтың сәнін сөзбен
айтқанша, ашылу салтанатын көзбен
көрген жақсы. Ол күні үлкен концерттік
бағдарлама ұйымдастырылады.
Болашақта бұл саябақ көпшілік жаппай
серуендейтін жақсы орынға айналаты-
нына сенімдімін. Әрине, Шәмшідей
ағамызға қандай құрмет көрсетсек те
жарасады. Менің ендігі ойым – алдағы
уақытта саябақтың сақталуына, ондағы
дүниелердің бүлінбеуіне, ұрланбауына
қатаң қадағалау болса екен.
Жобаны іске асыруға шамамен 130-
150 миллион теңгенің аралығында қаржы
жұмсалды. Басты мердігер «Комби-строй»
ЖШС болса, одан басқа тағы да 30 шақты
компания аталмыш жобаның жүзеге
асуына өз үлестерін қосыпты.
Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазақстанның өкілдері қалмай қатысып
тұрады. Айталық, ұлы Абай, Мағжан, Ке-
нен, Қаныш секілді тұлғалардың бейнесін
жасаған белгілі мүсінші Марат Әйнеков –
Германияда, Польшада, Түркияда өткен
симпозиумдардың лауреаты.
Марат ӘЙНЕКОВ, Қазақстанның еңбек
сіңірген мүсіншісі:
– Кәріс бауырларымызбен біздің
тамырымыз, тарихымыз бір. Сондықтан
халықтарымыздың, соның ішінде өнер
адамдарының бір-бірімен жиі арала-
сып, байланыста болғаны – құптарлық
жайт. Ең алдымен, өнер адамы нарық
үшін емес, рух үшін жұмыс істеуі керек.
Өмір өтеді, бәрі қирайды, бірақ өнер-
ден туған мүсіндер тарихтың айғағы
болып қалады. Өнер иелерінің ұлты
басқа, тілі басқа болса да, оларды
табыстыратын ортақ тақырып ешқашан
таусылмайды. Нарықта, кәсіпте адам-
дар бірін-бірі алдауы мүмкін, бірақ
өнерде ешкімді алдай алмайсың. Мы-
са лы, ұнамаған қойылымға ешқашан
қайта бармайсың ғой, ал әдемі затты
ылғи көргің келіп тұрады. Сондықтан
халық өзінің өнер адамдарын еркеле-
теді. Мен Мәскеуде, Тегеранда орна-
тыл
ған Абайдың мүсінін жасадым.
Талай елді араладым. Сондағы көзім
жеткені – бірінші орында мәдениеті
мен өркениетіне көңіл бөлген елдің
хал-ахуалының да мықты болатыны.
Болашақта Корея мемлекетімен тығыз
байланыс орнатамыз деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: