тұрады. Ал балықты жеуге болады. Бір
ріл мейді. Ең жақсы тағам – сүт пен бал.
қарсы ішуге болады. Бас ауруы мен
асырады. Ол «доктор Мом», «фито-
лор» т.б. түріндегі дәрі ретін де жөтел
енгізілген.
лайлы. Тіпті күнделікті лимон мен им-
дан арылтады. Сондай-ақ тісі ңіз ауыр-
тын дәрі.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№126 (352) 29.07.2010 жыл, бейсенбі
www.alashainasy.kz
6
e-mail: info@alashainasy.kz
АЛАШ АЗАМАТЫ
? Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Әулиеағаш – халық қадір тұтатын киелі ағаш.
Әулиеағаштың өмір жасы VII ғасырдан бастау
алады деген дерек бар. Жергілікті тұрғындар
ағаштың саясына тыныққан адамдар жағымсыз
энергиядан арылып, ауруларынан жазылады деп
сенеді. Бұл ағашты тамашалау мақсатымен
Америка, Австралия, Германия және басқа да
елдерден туристер жиi келiп тұрады. Тамырының
диаметрi 11 метрдi құрайтын ағаштың бұтақтары
иiрленiп, жер сүзiп тұр. Айналасы қалың орманға
айналған. Үлкенағаш ауылының тұрғындары
қуаңшылық болғанда, осы ағаштың басына келiп
тасаттық бередi. Киелi ағаштың қасында бiр
тамырдан нәр алып тұрған жетi жас ағаш бар.
Жұрт оларды «жетi ағайынды» деп атайды. Және
«Бозбала мен бойжеткен» аталған қос шынар да
осы киелi ағаштың ұрпағы саналады. «Бозбала
мен бойжеткеннiң» арасынан өткен әйелдер жүктi
болады-мыс. Киелi ағашты қаумалай, қоршай
өскен жас өскiн ағаштардың барлығы бастарын
сол ағашқа қарай иiп, тағзым етiп тұр. Бұл да
жаратылыстың бір кереметі болса керек.
Алматы облысының аумағында «Әулиеағаш» аталып кеткен тал бар екенін білеміз. Жұрт
оның қасиетін аңыз қылып айтады. Жалпы, бұл ағаш қай уақыттан бері өсіп келеді, оның
қандай қасиеттері бар?
Алма ТӨЛЕНҚЫЗЫ, Қызылорда облысы, оқушы
Кейде адам жұмыстан қатты шаршаса немесе жүдесе, терісі боса ң-
сып, созылып кетеді. Әйелдер үшін әсіресе беттің терісін сақтау ма-
ңыз ды. Сұрайын дегенім – беттің терісі солып, босаңси бастаған жағ-
да й да не істеу керек?
Әсем ТҰРЛЫБЕКҚЫЗЫ, Алматы қаласы
Мұндай жағдайда тұзды және
қышқылды сумен жуып, күніне 1–2
рет майлы крем жағу керек. Ал жы-
лы на кем дегенде 2-3 рет космети-
калық массаж жасаған жақсы. Әсіре-
се тиімділері – шөп маскалары. Оны
былай жасайды: бір-бір қасық хош
иісті шөптерді (жиек жалбыз, жөке
гүлі, аскөк, түймедақ, шалфей, рау-
шан желектері) араластырып, 1,5
стақан суға қайнатады. Суығаннан
кейін шөпті бетке қойып, үстінен осы
ерітінділермен суланған салфетканы
жабады. 20–30 минуттан соң мас-
каны алып, бетті опамен опалайды.
Сондай-ақ жеміс-жидек және көкөніс
маскалары да өте пайдалы. Мұндай
масканы тек бетке емес, сонымен қа-
тар мойынға, ерінге, қолға да жа сау-
ға болады.
Әулиеағаштың қасиеті көп
Бет күтіміне шөп маскалары пайдалы
ДАТ!
АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ...
Еліміз аграрлық мемлекет болғанына қарамастан, ауыл
шаруашылығына көңіл бөлмей отырғаны жаныма батады.
Ауыл шаруашылығы саласына қатысты мамандардың
тапшылығы, осынша кең-байтақ жеріміз бола тұра, сыртқа
қол жайып, азық-түлік тасып отырғанымыз, сырттан
маман сұратуымыз – намысқа тиерліктей жайт. Сондықтан
мемлекетіміз ауыл шаруашылығын дамытуға көп көңіл
бөлсе екен.
Гүлфаридат АМАНҚЫЗЫ, ауыл шаруашылығы
ғылымының кандидаты, доцент:
– Халқымыздың саны аз, жеріміз
мол, табиғи жағдайымыз қолайлы
болса да, халықты түгелімен
отандық жеміс-жидекпен
қамтамасыз ете алмай отырмыз.
Жалпы, елімізде жылыжайлар саны
жеткілікті ме?
– Жылыжайлар саны жеткіліксіз. Жыл
он екі ай халқымызды толығымен жеміс-
жидек, көкөністермен қамтамасыз ету үшін
бізге әлі 201 гектардай жылыжай жетіс-
пейді. 1 миллиард 300 миллион халқы бар
Қытай өз елін де, бізді де жеміс-жидекпен
қамтамасыз етіп отыр. Ал біз ұлан-ғайыр,
кең-байтақ жеріміз бола тұра, 16 миллион
халқымызды асырауға шамамыз жетпеуде.
Біздегі ауыл шаруашылығын дамыту жүйе-
сінің мәз емес екенін осыдан-ақ бай қау ға
болады. Дүниежүзі бойынша жылыжайлар
аумағының көптігінен Испания бірінші
орын алады. Испанияның ауыл шаруашы-
лығы жылыжайлары арқылы қарқынды
дамып келеді. Шыны керек, біздің қазіргі
таңда қолымызда бар жылыжайлардың
өзінің жағдайы мәз емес. Жылыжайларды
салғанда, оны әрбір өсімдікке арнап салу
керек. Өйткені олардың биологиялық
ерекшеліктері ескерілуі қажет. Бізде осы
жағы мүлдем қарастырылмаған. Сондай-
ақ біздегі жылыжайлардың көпшілігі гүл
шаруашылығына арналған. Өйткені гүлді
өсіру оңай. Ал жеміс-жидек, көкөністердің
бабын табу оңай емес. Яғни сол талапқа
сай жылыжайлар жоқ болғандықтан,
жеміс-жидектерді жылыжайларда өсіре
алмай отырмыз. Жақында жылыжайлардың
өніміне қатысты көрмеде оған қойылған
өнімдердің 70 пайызын гүлдер құрады.
Шындығында, жылыжайлар ең алдымен
азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуі
керек.
– Азық-түлік қауіпсіздігі
демекші, сырттан әкелінетін өнімнің
қауіпсіздігі қаншалықты?
– Өзге ел сыртқа шығаратын өніміне тез
арада пісіп, жолда бұзылмай жетуі үшін
көптеген химиялық қоспалар қосады. Мұ-
ның бәрі адам ағзасына зиянды. Жеміс-
жидектерді парафиндеп тастағандықтан,
ол ұзақ уақыт сақталады. Тіпті Қытайдан
әкелінетін алманы құрт та жемейді. Ал оны
жеген адам өз ағзасына ешқандай пайдалы
дәрумендер ала алмайды. Тіпті ағзасына
қажетті дәрумендер алмақ түгіл, керісінше,
адам ағзасындағы зат алмасу процесі
бұзылады. Былайша айтқанда, адам бойы-
на кесел жабысады. Яғни біз сол кеселді
өзі міз аттай қалап, көрші елден әкеліп
отыр мыз. Қазір елімізде ісік аурулары
көбейіп кетті. Мұның бәрі «ауру – астан»
дегендей, адамның жеп отырған азық-
түлігіне байланысты. Сондықтан мемлеке-
тіміз азаматтарының денсаулығы үшін
халықты отандық азық-түлікпен қамтама-
сыз етіп, азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға
мұқият көңіл бөлгені жөн.
– «Жылыжайлардың саны
жеткіліксіз» дедіңіз. Ал жылыжай
мамандарын дайындау ісі қалай
болып жатыр?
– Елімізде жылыжай мамандары жетіс-
пейді. Жылыжай технологиясының дамы-
май отырғанының ең бірінші себебі – ма-
ман тапшылығы. Республика бойынша
жылыжай мамандарын дайындайтын
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің
агрономия, агрохимия және өсімдік қорғау
факультеті ғана. Оның өзіне жылына жылы-
жай мамандығы бойынша мемлекеттен 30
грант бөлінеді. Есесіне мемлекетіміз жы лы-
на Голландиядан жүздеген маман әкеліп,
оларға 4-5 мың еуродан жалақы
тағайындап, жатын орын, тамағы, елімізге
келуі мен қайтуына шейін мойнына алып
отыр. Шетелдің маманының астына құс
жастық қойып, жыл сайын аттай қалап әке л-
генше, неге өзімізде мамандарды көптеп
дайындауға күш салмасқа?! Неге мемле-
кеттік грантты көбейтпеске? Бұл – біздің
өзегімізді өртейтін ең өзекті мәселелердің
бірі. Мемлекетіміз маман тапшылығын сез-
се де, елімізде мамандар даярлауға жет-
кілікті көңіл бөлмей отыр.
– Күзде жиналған өнімді
сақтауды дұрыс жолға қоя
алмауымыздың салдарынан, қыс,
көктем айларында жеміс-жидек
бағасы өте қымбаттап кетеді.
Жиналған өнімді сақтайтын
қоймалар мәселесі қалай шешілген?
– Алынған өнімді сақтайтын қоймалар
жеткіліксіз. Тіпті мүлдем жоқ деуге болады.
Өндірушілер амалсыз өздері қойма салуға
ұмтылуда. Бірақ мұның өзі жыртыққа жа-
мау болмай отыр. Сондықтан мемлекетіміз
жыл он екі ай халқымызды жақсы сақталған
жеміс-жидек, көкөніспен қамтамасыз еткісі
келсе, өзімізде өндірілген әрі шетелден
жеткізілетін өнімге арнап арнайы қоймалар
салуға үлкен көңіл бөлуі тиіс. Қоймалардың
жоқтығынан талай дүние іріп-шіріп жатады.
Бұл өз кезегінде жеміс-жидек бағасының
қымбаттауына әсерін тигізеді. Мәселен,
Алматы қаласының айналасында жеке
азаматтардың меншігі болып есептелетін
шаруашылықтарда алма, өрік төгіліп жата-
ды. Егер қоймалар болса, қожайын дары
өздерінен ауысқанын мемлекетке өткізер
еді. Бұрын колхоз, совхоздарда 500 гектар
алқапқа дейін бақтар болатын болса, бүгін-
гі күні 50 гектардай ғана қалған. Соның өзі
өндірістегі бақ болып есептеледі. Айта
кетерлігі – бұрын сол 500 гектар аумақтағы
жеміс-жидектерді сақтайтын қоймалар бар
болатын. Бірақ жекешелендірудің кезінде
бәрі тістегеннің аузында, ұстағанның қо-
лын да кетті. Мемлекетіміздің ауыл шаруа-
шылығы саласына біраз уақыт немқұрайды
қарауы салдарынан бұл саланың дамуы
біраз уақыт бәсеңдеп қалды. Ауыл шаруа-
шылығы техникалары, қоймалары шашы-
рап кетті. Енді бүгінгі күні осыны қайтадан
қалыпқа келтіретін кез жетті.
– «Дипломмен – ауылға» жобасы
қолға алына бастаған кезде жас
мамандарды ауылға тартудың тетігі
табылды деп, бөркімізді аспанға
атып қуанғанбыз. Алайда аталмыш
жобаның қорытындысы шыққанда,
көңіліміз су сепкендей басылды.
Ауылға аттанған маманның көбі –
дәрігерлер мен мұғалімдер. Ауылда
онсыз да бұл мамандар жеткілікті.
Ал аграрлық саланың мамандары
мүлдем жоқ деуге болады. Соған
қарамастан, ауылға жастар
беттемепті. Ауыл ауыл
шаруашылығы мамандарын
қажетсінбей отыр ма, әлде жастар
ауылға бармай отыр ма?
– Жастар ауылға бармай отыр. Өйткені
ауылда аграрлық саланың мамандарына
сұраныс жоқ. Зейнетке шыққанына бірнеше
жыл болған мамандар орнын босатқысы
келмейді. Ауыл шаруашылығы министрлігі
ЖОО-ға гранттар бөлер алдында, ауылдық
жердегі әкімдіктерге сұрау салып, «жеміс,
көкөніс шаруашылығы бойынша мамандар
қажет пе?» деп сұрау салады. Сонда әкім-
діктер «ешқандай маман керек емес» деп,
өтірік статистика береді. Осыдан кейін Білім
және ғылым министрлігі ауыл шаруашы-
лығы саласының мамандарын дайындауға
жеткілікті гранттар бөлмейді. Ал жекелеген
шаруашылықтар ЖОО-ға «бізге маман
керек» деп сұрау салады. Сонда кімнің
сөзіне сенуге болады? Сондай-ақ маман-
дарымыз ауылға барғанмен, оларға қолдау
жоқ. Оларды ауылға тарту үшін, ең алды-
мен, ауылдағы құрылымды жөндеуіміз ке-
рек. Ауылдағы жүйе сырттан барған
маман ды қабылдап, өздеріне маман етуге
дайын емес. Агрономияны бітірген маман
ауылға барғанымен, ауылда оны қажет етіп
отырған ешкім жоқ. Сонда ол кімге агроном
болып баруы керек? Мұғалім ауылға
барады, өйткені ауылда мектеп бар; дәрігер
ауылға барады, себебі ауылда аурухана, ең
болмағанда, медпункт бар. Ал агроном-
дықты бітірген балаға ауылда техника түгіл,
шаруашылықпен айналысуға арналған жер
де жоқ. Кеңес Одағы кезінде біз ауылға
маман болып барған кезде, олар бізді
маман ретінде қарсы алуға толықтай дайын
болып тұратын. Ал қазіргі құрылым мүлдем
ондай емес. Осыдан кейін ауыл шаруашы-
лы ғын бітірген мамандарды ауылға бар-
майсың деп қалай кінәлауға болады?!
– Қырғызстан мен Өзбекстаннан
жеткізілетін жеміс-жидек бағасы
елімізге келіп, сатылымға түскенше
шарықтап кетеді. Сырттан
әкелінетін өнімнің бағасын
ауыздықтау мүмкін бе?
– Бұл – қолдан жасалынып отырған
қымба тшылық. Сырттан әкелінетін өнімнің
бағасы шекарадан бері өте салысымен,
адам сенгісіз мөлшерде шарықтап өсіп
шыға келеді. Тіпті жеміс-жидек тиелген жүк
көлігін МАИ қызметкерлерінің көмегімен
жеткізу шарасы да қолға алынды. Бірақ
сырттан әкелінетін жеміс-жидек бағасының
мұнымен тұрақтала қоймағанын байқап
отырмыз. Сондықтан бұған басқаша іс-
шаралар қолданған жөн. Мәселен, сырттан
әкелінетін тауар бағасына мемлекет тара-
пынан шектік баға енгізілсе, бағаны ауыз-
дықтауға көмек болар еді. Сонда сауда гер-
лер көп табыс тапқан сайын құн салығын
көп төлейтіндіктен, өз бетімен бағаны өсі-
ру ге тырыспас еді. Сондай-ақ саудагерлер-
ден фискалдық чек талап ететін жүйені де
қатаң қолға алу керек.
– Көп жағдайда жеміс-жидек
өндірісін дамытуға су тапшылығы
себеп деп жатады. Осы пікірмен
келісесіз бе?
– Бұл пікірмен келісе алмаймын. Бүгінгі
күні су тапшылығын білдіртпейтін суды
тиімді пайдаланудың сан түрлі әдістері бар.
Мәселен, су тапшылығы бізден де жоғары
талай ел тамшылап суару әдісі арқылы-ақ
қыруар пайда тауып отыр. Тамшылып суару
технологиясының көп артықшылықтары
бар. Мәселен, тамшылап суару арқылы
сапалы өнім алып, жұмсалатын қол күшін
азайтып, өнімділікті арттыруға болады.
Тіпті су тапшылығы бар деген – бос сөз. Та-
лай су көктемгі мезгілде арнасынан тасып,
ен далаға жайылып жатыр. Суқоймаларды
салу арқылы суларды тиімді пайдаланып,
биылғы жылғыдай құрғақшылық болған
кезде тиімді пайдалануға болады ғой. Су
тапшылығы емес, бізде су ресурстарын
жол ға қоятын маман жоқ, жүйе жоқ. Ше-
шіл мейтін мәселе жоқ, шешетін маман
болса. Бізде таза шөлейтті аймақ мүлдем
жоқ деуге болады. Өйткені құмның өзінде
қауын өсіруге болады. Мәселен, Израил
елінің 80 пайыз жері қызыл топырақты.
Алайда жыл он екі ай сол елден дәнді да-
қыл дардың сан түрін жеткіземіз. Той-тома-
лақта дастарқанға қоятын құрма мен дән-
дер дің сан түрімен Израил бізді қамтамасыз
етіп отыр. Израил жерінің қызыл топырақты
болғанына қарамастан, дәндер өсіруде
дүниежүзі бойынша бірінші орын алады.
Аталмыш елмен салыстырғанда, біздің
жерімізде өте көп артықшылықтар бар.
Бірақ сол жерді тиімді пайдалануға құлық
жоқ.
– Жалпы, осы орайда айта кетер
жайт – қазақ жермен жұмыс істеуді
игере алып отыр ма?
– Жоқ. Тіпті жердің берген ырысын дұ-
рыс сақтай алмай отырмыз. Оған былтырғы
жылы солтүстік облыстардан алынған
рекордтық межелі астықты дұрыс баптай
алмай, көгертіп, қардың астында қалдыр-
ғанымыз – дәлел. Астықтың түсімі жақсы
болатынын жазда-ақ байқадық, күзге ше-
йін қоймаларды неге дайындап үлгерме-
дік?! Шетелде бір дән артық егілмейді, бір
мал артық өсірілмейді. Аз шығын шығарып,
көп пайда табады. Еккен әр дәннен арты-
ғымен пайда тауып, өсірген әр малдан түр-
лі өнім алуды көздейді. Халықтың санына
байланысты өсіріп, экспортқа шығараты-
нына шейін есептейді. Ал бізде биыл
сарымсаққа сұраныс жоғары болса, бәрі
жап пай сарымсақ егіп кетеді. Оның сұра-
ныс қа сай болуын қаперге де алмайды.
Қайталап айтайын, бізде ауыл шаруашы-
лығы саласының дамуына жұмыс істейтін
жүйе жоқ. Ал жүйені реттейтін маман жоқ.
Елімізде тропикалық және субтропикалық
көкөністер мен жеміс-жидектердің барлы-
ғын дерлік өсіруге табиғи жағдай жеткілік-
ті. Өкінішке орай, біз табиғат жағдайымыз
бен құнарлы топырақты әлі күнге пайдалана
алмай келеміз. Өзімізде адам ағзасына
пайдасы мол жеміс-жидектер өсіруге
жағдайымыз бола тұра, өзгенің су татыған
өніміне қол жаямыз. Мәселен, бір кездері
жүзімдіктердің бәрін шауып тастадық. Кол-
хоз, совхоздардың шаруашылығы құл-
дыраған кезде жердің бәрін жекемен шікке
беріп тастадық. Ал ол жерлер жермен
айна лысатын, жердің қадірін білетін ма-
ман дардың қолына емес, қалталылардың
қолына өтіп кетті. Бүгінгі күні осының
барлығы ауыл шаруашылығын дамытуға
кедергі болуда. Рас, қазір мемлекет тара-
пынан ауыл шаруашылығын дамытуға
субсидиялар бөлініп жатыр. Алайда оны
ауыл шаруашылығына қатысы жоқ маман-
дар иеленіп кетуде. Олар осы саланың
қаза нында қайнамаған маман бол ған дық-
тан, бөлінген қаржыны өз мақсатына тиімді
жұмсай алмауда. Бізде ғылым мен өндіріс-
тің ұштасуы да мәз емес. Мәселен, шетелде
қандай жаңалық болмасын өндіріске
енгізіледі. Егер жақсы нәтиже берілсе, одан
әрі жетілдіріледі. Ал біз жаңалыққа шоши
қарап, заманға сай бейімделуге шорқақ-
пыз. Осыдан келіп ауыл шаруашылығы
дамымай жатыр. Бізде алдын ала ештеңе
ойластырылмайды, аяқ астынан іске қосы-
лады. Мәселен, өткенде шетелдіктерді ал-
дыр тып, Шымкент өңіріне 300 гектар жерге
жүзімдік егіп, француз технологиясымен
өндіреміз деп жатыр. Оны еккен соң қойма,
сосын шарап зауытын салмақшы. Жүзімдікті
екпес бұрын алдын ала ойластыру керек.
Мәселен, Франция түгіл, өзіміздің оңтүстік
өңірде күннің түсуі әрқилы. Сондықтан
діттеген өніміміз ойдағыдай болмауы
әбден мүмкін. Сондай-ақ француз техноло-
гиясымен шарап зауытын салмақшы. Ал
шарап зауытын салмай тұрып, халқымыз-
дың менталитеті ескерілуі керек. Ұлтымыз-
дың менталитетіне қарай халқымыз шарап-
ты көп ішпейді. Шетелдіктердей шай
ор ны на шарап ішу – мүлдем жат. Яғни
сұраныс жоқ. Ендеше, сонша ақшаны төгіп,
шарап зауытын салғанда, ол өзін-өзі ақтай
ала ма?! Міне, мәселе – осында. Сондықтан
алдын ала экспортқа шығаруды да ойлас-
тыру керек. Ал экспортқа шығару үшін ол
шараптың сапасы өте жоғары болуы ке рек.
– Мезгілінен ерте піскен жеміс-
жидектердің құрамында адам
ағзасына зиянды нитраттар көп деп
жатады. Көкөністерді бұлай «улап»
пісіру қаншалықты дұрыс? Ғылыми
тұрғыдан қандай анықтама берер
едіңіз?
– Жеміс-жидек, көкөністерді бұлай
мезгілінен бұрын пісіру дұрыс емес. Өнімін
уақытынан бұрын халыққа ұсынып, қыруар
пайда тапқысы келгендер осындай ашкөз-
дікке барып отыр. Әрине, нитраттарды
мүлдем қолданбауға болмайды. Қолдану
керек, алайда өнімді мезгілінен бұрын зор-
лап пісіруге, химиялық қоспаны мөлше рі-
нен көп қосуға болмайды.
Сұхбаттасқан Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ
АЛАШ-АҚПАРАТ
Көлікжайларды
көшіріп жатыр
e-mail: info@alashainasy.kz
Облыс орталығының
тазалығын қамтамасыз ету,
көріктендіру мақсатында
жасалып жатқан жұмыс
шеңберінде Атырау қаласында
темір көлікжайларды алып
тастау жұмыстары қарқын алды.
Агрономияны
бітірген маманды
ауылда қажет етіп
отырған ешкім жоқ
Облыс орталығында маңызды әлеумет-
тік нысандар мен балалар ойнайтын алаң-
дар салуда жер тапшылығы проблемасы
туындап отыр. Соған орай, қала әкімдігі
темір көлікжайлардың дені орналасқан
қала ықшамаудандарындағы заңсыз
орналасқан көлікжайларды анықтап,
олардың иелеріне ескерту жасау мақсатын-
да арнайы жұмыс тобын құрып, тексеру
жүргізуді қолға алды. Таяуда Вокзал маңы
ықшамауданын тексеріп шыққан жұмыс
тобы осы аумақтан 137 темір көлікжайды
анықтап, көлікжайдың қақпаларына қағаз
түрінде «алып тастау туралы» ескертулерді
желімдеп кетті.
Атырау қалалық әкімдігінен алынған
мәліметке сүйенсек, анықталған көлікжай-
лардың орналасқан жері бойынша топог-
рафиялық түсірілімдері дайындалып,
олар дың заңды құжаттары бары, не жоғын
анықтап беру үшін қалалық жер қатынас-
тары бөліміне сұраныс жіберілген. Құжат-
тары реттелмеген көлікжайларды қолда-
ныс тағы заңға сәйкес, өңіраралық жер
инс пекциясы арқылы алып тастауға шешім
шығарылыпты.
Атырау қалалық сәулет және қала құ-
ры лы сы бөлімі басшыларының айтуын ша,
бұл көлікжайлар сонау 90-жылдары
орналастырылған. Күні бүгінде облыс
орталығында демалыс алаңдарын, бала-
бақ шалар, емхана, әлеуметтік маңызы жо-
ға ры өзге де нысандарды салу үшін жер
тапшы.
Қалалық әкімдік жанынан құрылған
штаб бұл жұмысты маусым айында бас-
тады. Күні бүгінде Авангард ықшамау да-
нынан 96 көлікжай алынып тасталған.
Оның отызы иелерінің келісімі бойынша
жеке аулаларына апарылса, ескертулерге
құлақ аспай, иесі жария етілмеген 36 темір
көлікжайлар «Арнаулы көлік базасы» КМК
ауласынан орын тепті. Олардың бәрін де
кейін иелері алып кетуге құқығы бар. Тағы
31 көлікжайды қожайындары әу баста өз
күштерімен алып кеткен.
Мұнайлы өлкенің әлеуметтік-экономи-
калық қарыштап дамуы есебінен халыққа
аса маңызды әлеуметтік нысандар көптеп
салына бастады. Елбасымыздың бұқаралық
спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына
сай биыл қалада 50 ойын және спорт
алаң дарының құрылысы қарқын алды.
Атырау қалалық әкімдігі мен сәулет және
қала құрылысы бөлімінің басшылығы жыл
аяғына дейін тапсырылуы тиіс маңызды
нысандардың жұмысы дер кезінде бітуі
үшін қаладағы темір көлікжайларға «қыр-
ғидай» тиіп, оларды спорт және ойын
алаң дары салынуы тиіс жерлерден әкету
мақсатында көлікжай иелеріне, алдымен,
ескерту беруде. Қала әкімдігінен алынған
мәліметке сүйенсек, жалпы, алдағы уақыт-
та құжаттары рәсімдел
меген, заңсыз
орналастырылған темір көлік жайлардан
облыс орталығын тазарту жұмыстары ке-
шен ді жалғаса береді.
Нарғыз ҒАБДУЛЛИНА,
Атырау облысы
Достарыңызбен бөлісу: